Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » History of the Homeland. New research methods

History of the Homeland. New research methods

Аңдатпа. Қазіргі таңда елімізде қолға алынып отырған рухани жаңғыру аясында, сол руханиаттың негізі болып табылатын дін мәселесін қайта қарау, діннің дұрыс түсінігін жалған діншілдіктен ажыратып, діндегі радикализм, экстремизм, ланкестік сияқты келеңсіз құбылыстардың тарихи, объективті себептері мен салдарларын анықтаудың маңызы зор. Ислам дінінің әлемдік дамудағы, соның ішінде, модернизациялық үдерістер тарихындағы орны мен рөлін анықтау да аса өзекті болып табылады. Мақалада исламның бастау көздерін, алғаш қалыптасқан уақытынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихының белесті кезеңдерін талдау негізінде, оның дін ретіндегі басты ерекшеліктері, рухани әлеуеті зерделенеді. Мақала жазудағы басты мақсатымыз – мұсылман халықтарының тарихи дамуындағы ислам дінінің орны мен рөліне талдау жасай отырып, бұл діннің қазіргі таңдағы жаһандану, интеграция және модернизация жағдайындағы орнын анықтау болып табылады.
Аннотация. Ввиду особой значимости для национальной историографии личности одного из двух основателей Казахского ханства – хана Джанибека (Абу Саида) в статье предпринята попытка сравнительного анализа и корреляции исторических сведений, содержащихся в восточных, персо и тюркоязычных нарративных сочинениях, казахских легендах и генеалогических рассказах, с тем чтобы реконстуировать образ великого хана в коллективной памяти народа. Используя методы сравнения, систематизации и генерализации, авторы стремились обозначить ключевые моменты родословной и биографии хана, подытожить научные оценки и взгляды с учетом имеющихся разногласий и дискуссий. В ряде вопросов, в том числе причин откочевки Керея и Джанибека от правителя «кочевых узбеков» Абулхайра обосновывается важность интеграциии в поле исследования народных легенд, сохранившихся в «шежире» казахов. В вопросе о происхождении великого хана авторы склоняются к версии о принадлежности Джанибек хана к орда-эдженской ветви джучидской династии. Раскрываются причины и обстоятельства роста популярности хана, который получил в казахской традиции почетный эпитет и звался как «Аз-Джанибек». Ключевые слова: казахские ханы, письменные источники, генеалогии кочевников, историческая память, сведения и факты, легенды и мифы, авторитет правителя, основатель ханства, предки и династии, политика, наследие.
Мақала қазақтан шыққан алғашқы қос скрипкашының бірі Әлім Алматтың (Ғалымжан Әбсәламов) музыкант ретінде қалыптасуы мен білім алу жолындағы белестерін көрсетуге арналған. Оқиғалар желісі Алматыдағы Қазақ музыкалық училищесіндегі оқу үдерістеріне сәйкес 1933-1939 жылдар аралығын қамтиды. Скрипкашы Әлім Алмат туралы алғашқы мәліметтер, бізге тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жетті. Алайда, бүгінге дейін оның жеке өмірі мен қызметіне қатысты ресми құжаттар жеткіліксіз, өмірбаяны да айтылған тарих (oral history) ізімен жазылған. Ол туралы жарияланған көлемді мақалалар, очерктер мен кітаптардың барлығы дерлік естеліктер мен сұхбаттарға негізделген. Ал оның студенттік өмірі туралы аздаған мәліметтер, музыкалық училищеде бірге оқыған тағы бір талантты қазақ скрипкашысы Әйткеш Толғанбаевтың естеліктерінде ғана кездеседі. Олар екеуі де 1930-40 жылдары Алматыға уақытша жіберілген бір топ скрипкашы-педагогтардан білім алған, ресейлік скрипкашылар Иосиф Лесман мен Евгений Антопольскийдің мектебінен өткен. Олардың бірі орыс скрипкашылар мектебінің негізін қалаушы Леопольд Ауэрдің шәкірті болса, екіншісі француздық скрипкашы Жак Тибоның шәкірті. Вундеркинд-скрипкашы Е. Антопольский Париж консерваториясын бітірген. Алматы музыкалық училищесі Қазақстандағы екінші деңгейлі кәсіби оқу орны болған. Ресейлік скрипкашылардың елімізге келуі, өнер адамдарына тиімді болды, Қазақстанда скрипкалық педагогиканың негізі қаланды.
Аңдатпа. Мақалада Сәттіғұл ақынның «Досан батыр» жырындағы 1870 жылғы Маңғыстау қазақтары ұлт-азаттық көтерілісінің жалпы сипаттамасы деректік негізде қарастырылып, ішкі себептері мен негізгі мәселелері ашып көрсетіледі. Нақты деректерге құрылып, негізінде тарихи эпос үлгісінде сомдалған жырдағы қарапайым халықтың өкілі саналатын Досан батыр тұлғасы әсерлі шыққан. Досан батыр – Маңғыстау өлкесіндегі әділдік пен азаттық жолында аянбай тер төккен дала батырларының бірі екені жырда толықтай зерделенген. Орын алған оқиғаның ішіне кіре отырып, деректі тұрғыда түсінікті әрі нақты баяндалған, ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы оның тәуелсіздік жолындағы күресінде атқарған қызметінің жалпы бітімін жинақтай алған. Тарихи жыр-дастандарды негізгі дерек көзі ретінде қарастырғандықтан Сәттіғұл Жанғабыловтың «Досан батыр» жырындағы деректер негізінде материалдар жинақталып, сәйкестіктер мен тың мәліметтер зерттелді. Ел арасындағы дау-дамайды шешудегі терең ой толғаулары мен үлкен тебіреністері көрініс берген. Тарихта Досан батыр бастаған ұлт азаттық көтеріліс шын мәнісінде тек Маңғыстау өлкесін емес, бүкіл қазақ қауымының басынан өткерген ең ірі де, ең ақырғы айқасы болатыны анықталған. Сонымен қатар, ғасырдан-ғасырға куә болып бізге жеткен тарихи деректерді негізге ала отырып, жалпы бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеуде Маңғыстау тарихындағы елеулі оқиғалар сипатталған.
Аңдатпа. Мақала отандық ғалым, түркітанушы Тұрсынхан Зәкенұлының (Қайыркен) жетекшілігімен іргелі ғылыми-зерттеу жобасы ретінде баспадан шыққан қытайлық тарихшы Су Бэйхайдың 4 томдық «Қазақтың жалпы тарихы» атты қолжазбасын аудару, зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелерін көрсетуге арналған. Жоба ретінде 2018-2020 жж. баспадан шығару көзделген бұл қолжазбаның, алғашқы жарияланған үш томында Қазақ халқының арғы шығу тегі, этникалық құрамы, ұлт болып қалыптасуы мен дамуы және Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасу тарихына қатысты мәселелер қамтылған. Зерттеу жобасының төртінші томында Шығыс Түркістандағы Синьцзян қазақтарының жаңа және қазіргі замандағы тарихы қарастырылады. Құнды түпнұсқалық деректер мен архивтік құжаттарға негізделген бұл қолжазбадағы мәліметтер мен материалдар, Су Бэйхайдың алдыңғы еңбектері сияқты, қазақтардың мәдениетінің тарихын ғана зерттеумен шектелмейді. Оның бастауы ертедегі ғұндар, сақтар мен үйсіндерден басталады. Сонымен қатар түркі дәуіріндегі қағанаттар арасындағы, Қытайдың бергі тарихындағы Цин империясы мен Қазақ хандығы арасындағы түйінді саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер, соның ішінде екі ел арасындағы жер-су, шекара, сауда-саттық байланыстары, Цин империясының Қазақ хандығы, Орта Азия хандықтарымен және Ресей империясымен мемлекетаралық қарым-қатынастары, сол кездегі дипломатия, елшілік мәселесіндегі қазақ ру басыларының менталитеті көрсетіледі. Сондай-ақ қазақтың Абылай, Кенесары сияқты хандарымыздың тұлғалық сипаттамасы және олардың көршілес елдермен арадағы сыртқы саяси ұстанымдары туралы мәселелер қамтылады. Зерттеуші Тұрсынхан Зәкенұлының (Қайыркен) ғылыми жобасы бойынша қытайлық тарихшы Су Бэйхайдың қолжазбасындағы осы және де өзге де мәселелер мақала мазмұнына арқау болды.
Аңдатпа. Мақала Солтүстік-Шығыс Каспий маңы және оған іргелес аудандардағы сармат мәдениетінің проблемаларына арналған. Солтүстік-шығыс Каспий маңының іргелес аудандары ретінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының территориялары, Оңтүстік Орал маңы, Еділ бойы, Үстірт аумақтары қамтылған. Тақырыпқа қатысты ғылыми әдебиеттердегі маңызды проблемалар, гипотезалар қарастырылады және талдау жасалады. Сармат мәдениетінің дискуссиялық проблемалары көрсетілген. ХХ ғ. бірінші ширегінде М.И. Ростовцевтің еңбектерінен бастау алған сармат мәдениетінің проблемалары күні бүгінге дейін қызу зерттелуде. Бұлар сармат мәдениетінің пайда болуы, кезеңделуі, этникалық тиістілігі және т.б. мәселелер. Зерттеушілер сармат мәдениеті ұзақ тарихи даму жолынан өткендігін дәлелдеді. Оның қалыптасуы мен дамуы б.з.д І мыңжылдықтың бірінші жартысынан бастау алып б.з. І мыңжылдығының І жартысына дейін созылады.
Аңдатпа. Мақала ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Кеңес үкіметінің өнер саласына жүргізген қуғын-сүргін науқанына арналған. Архив құжаттар мен газет материалдарына сүйене, Д. Әділов, М. Әуезов, Т. Жүргенов, Ж. Шанин және тағы басқа қайраткерлердің қазақ өнерін қалыптастырып, дамытуына қосқан үлесін, қызметтерін саралай отырып, олардың жалған айыптармен тұтқындалып, «ұлтшыл-фашист», «халық жауы» ретінде айыпталу барысы айқындалады. Қазақ академиялық театры, облыстық театрлардағы Шара Жандарбекова, Құрманбек Жандарбеков, О. Беков сияқты өнер азаматтарының ұлтшыл бай тап өкілдерінің тұқымы ретінде баспасөз бетінде әшкереленгендігі нақтыланады. Сонымен қатар халық жауы мен алашордашыл-ұлтшыл атанған драматургтардың қойылымдарының сахнадан алынып тасталынуының мәнісі талдана беріледі. Қуғын-сүргін нәубетінің мәдениет, өнер саласына тигізген зияндылығы мен қуғындалғандардың тағдыры зерделенеді.
Аннотация. Конец ХХ и начало ХХІ века для Казахстана характеризуются глубокими социально-экономическими трансформациями. Казахстан проходит сложный путь перехода от рыночных реформ к формированию рыночной экономики, орентированной на инновационное развитие. Историческое прошлое показывает, что в определенной форме он проходил похожий процесс еще в конце ХІХ – начале ХХ века. В данной статье были рассмотрены вопросы становления и развития производства строительных материалов, а также обработки минерального сырья на юге Казахстана во второй половине ХІХ – начале ХХ века, до сих пор недостаточно изученные в казахстанской историографии.
Abstract. The article considers the aspects of relations between the Turkic tribes of Karakhanids with Oghuz tribes in X – XII centuries. The relations among these people varied according to the political situation occurred in Central Asia. This period has a lot of gaps due to lack of sources and necessary information. Accordingly, it is vital to investigate more on this period and let our historical knowledge about Middle Ages develop respectively. The Karakhanid epoch differs from all others by the news in religious, political and ethnic spheres. It gave an impetus to establish new order in the territory mentioned people. These people through the relations with others managed to find and form the ethnicities which we have nowadays. All ethnic processes were conditioned by very closely inter-tribal contacts in the framework of Karakhanids state, which resulted in the formation of central component around which an active ethnogenesis took place, which in turn defined linguistic and cultural specificity of the Turkic protonations. This research gives us an opportunity to understand the role and place of the Karakhanids in that historical period and to realize that relations of tribes were based on the alliance for military purposes and political struggle. Obviously, the features of that time made a contribution to the linguistic and ethnic changes in political entities.
Аңдатпа. Мақала ХҮШ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы Солтүстік Қазақстан облысының тарихына арналып, біртұтас кешенді қарастырылып оқырман назарына ұсынылған. Өлкеміздің тарихына шолу жасай қарасақ, географиялық орны жағынан елдің шетінде, желдің өтінде, жаудың бетінде, табиғаты қатаң өлкеде орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы талай тарихи оқиғаларды бастан өткізді. Өңіріміздің көрсетілген тарихи кезеңдерінен сыр шертетін мақаланың оқырман үшін берері мол. Қазақстан тарихының бедерлі белестерінде солтүстік өлкеде болған тарихи оқиғаларды жаңа көзқарас тұрғысында әділ бағалауға күш салынған. Авторлар бүгінгі күні тарихшылардың деректерді жан-жақты пайдалану барысындағы қолжетімділігін негізге ала отырып, солтүстік өңірдің тарихын жаңа қырынан зерделеуді жөн көріп отыр. Берілген мақаланы зерттеу барысында Солтүстік Қазақстан облысының XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы тарихы туралы бұрыннан белгілі деректер мен архив басылымдары, мерзімдік баспасөз құжаттары қарастырылып, объективті түрде баға беру мақсат етіп қойылған.