Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

Ж. Шалгынбай¹. ¹К.ф.н., ВНС. Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова. Казахстан, г. Алматы.
МРНТИ 17.09; 17.82.09; 60.29.01 КАЗАХСКАЯ ХУДОЖЕСТВЕННАЯ ЛИТЕРАТУРА В ИЗДАНИЯХ ДОСОВЕТСКОГО ПЕРИОДА

Аннотация: Начало ХХ века знаменует собой эпоху становления казахской авторской литературы. Закономерным этапом развития казахской духовной жизни той поры явилось то, что художественная литература стала составной и неотъемлемой частью издательского репертуара казахской книги. Зарождение казахской художественной литературы относится к последней четверти ХІХ в. – это сочинения Шортанбая Канаева и Дулата Бабатаева; к разряду авторской литературы можно отнести также отдельные книги Кашафутдина Шахмарданулы, Акыта Карымсакова и некоторых других авторов. Однако большая часть изданий художественной литературы печатается в начале ХХ в. В общей сложности до революции 1917 г. на казахском языке было выпущено более двухсот изданий сочинений казахских писателей и переводных книг (202 издания), в том числе: казахская авторская книга – 128, переводная литература – 16, детская и назидательно-дидактическая, включая сочинения религиозно-нравственного содержания – 21, учебники и учебные пособия, составленные казахскими писателями и другими авторами – 28, книги исторического содержания – 9. В это число не вошли переводы произведений русских писателей и учебно-педагогические издания, выпущенные под грифом Православного миссионерского общества и Переводческой комиссии при Управлении Казанского учебного округа, предназначенные для казахских читателей и русско-казахских школ.

А.Ғ. Ибраева¹, А.С. Темирханова². Т.ғ.д., профессор. М. Қозыбаев ат. СҚМУ. ² PhD докторант. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ. Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.
ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Аңдатпа. Мақалада XIX ғасырдан бастап Петропавл қаласының дамуы, этникалық құрамы және әлеуметтік құрылымы жан-жақты зерттелген. XIX ғасырдағы Петропавл қаласының этникалық құрамы және құрылымы, әлеуметтік топтары анықталып, тарихи дереккөздермен көрсетілген. Сондай-ақ мақалада ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Солтүстік Қазақстандағы өзге этнос өкілдерінің қоныстану қарқыны мен олардың ұлттық құрамға тигізген әсері жан-жақты қарастырылған. Бұл ретте демографиялық үрдістердің ішінде халықтың көші-қоны маңызды орын алатыны белгілі. Өйткені көші-қон салдарынан қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алады. Осыған орай, көші-қонды тудыратын негізгі факторлар мен көші-қон салдарларын анықтау қажет. Этникалық диаспоралардың қалыптасуы мен орналастырылуы Солтүстік аймақта Кеңес үкіметі тұсында да жалғасын тапқан. Түрлі этникалық топтардың өлкеде кең көлемде пайда болуына көші-қон, депортация сынды факторлар әсер етті.

Б.Ж. Кабдушев¹, Б. Құдайбергенұлы². ¹Т.ғ.к., доцент. Алматы энергетика және байланыс университеті. ²Т.ғ.к., Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТжЭИ.
ҒТАМР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.)

Аңдатпа. Мақалада Нығмет Нұрмақовтың үкімет төрағасы ретінде өнеркәсіпті қалпына келтірудің жұмысын үйлестіру, құлдыраған, қомақты қаржыны қажет ететін ірі және ұсақ өнеркәсіптерді іске қосу мәселелері қаралады. Ол үкімет басшысы ретінде ірі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін жіті бақылап, жан-тәнімен әрбір өзгерісіне дейін елеңдеп отырғаны айтылады. Республикамызда өндірілген шикізаттарды барынша өңдеуге болатын мүмкіндіктердің бар екендігін айтып, шикізат өндіретін ғана аймақ емес, осы шикізатты дайын тауар күйіне жеткізе алатын индустриалды елге айналдыру идеясының жағында болғандығы баяндалады. Қазақ үкіметінің төрағасы ретінде ол жаңа экономикалық саясат жағдайында экономиканы дамытудың негізгі өзегі ретінде сауданы жандандыруға айрықша көңіл бөледі. Ішкі сауданы ұйымдастыруға аймақтық жәрмеңкелердің рөліне басты назар аударса, сыртқы сауда байланысын күшейтуде іргедегі Қытай елімен Қорғас, Бақты кедендері арқылы жүргізілетін сауда қатынасына басымдық берілді. Әсіресе Еуропаны Сібір арқылы Орта Азиямен байланыстыратын Карск экспедициясы деп аталатын сауда жолының Қазақстан үшін қосқан маңызы шексіз болды. Маңызды мәселелердің бірі еркін қаржы саясатын жүргізу үшін Орталық билік органдары алдына талаптар қойып, республика мүддесі үшін күресті.

О. Мұхатова¹. ¹Т.ғ.д., профессор. Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері. Алматы қ., Қазақстан.
ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.)

Аңдатпа. Мақалада Ұлы Дала еліндегі азаттық қозғалыстардың посткеңестік кезеңде зерттелуі талданады. Тарихшылардың жаңа көзқарастары көрсетіледі. Ғалым-тарихшы М.Қ. Қозыбаев көрсеткен азаттық күресінде зерттелуге және қайта зерделенуге тиіс мәселелер анықталады. Ғалымның «Жауды шаптым ту байлап» атты еңбегіндегі тың тұжырымдарға баға беріледі. Азаттық үшін күрес тарихын зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелерін зерделеген С.Ф. Мәжитовтің еңбектері туралы айтылады. Ж. Қасымбаевтың Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс туралы еңбектерінің мазмұны ашылады. Тарихшы Е. Уәлиханов зерттеулерінің маңызы айқындалады. Қазақ даласындағы ұлттық бірегейлікті сақтауға және нығайтуға арналған күрестің өткенін арнайы зерттеген М. Қойгелдиевтің, Ж. Артықбаевтың, О. Қоңыратбаевтың, Х. Әбжановтың, С. Смағұлованың және т.б. тарихшылардың проблеманы зерттеуге қосқан үлестері анықталады. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуге арналған диссертациялар, конференциялар жөнінде айтылады. Шетелдік зерттеушілердің қазақ халқының азаттық күресі туралы көзқарастары көрсетіледі.

С.Қ. Шілдебай¹. ¹Т.ғ.к., ЖҒҚ. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты. Алматы қ., Қазақстан.
ҒТАМР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ АКСР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН

Аңдатпа. Мақала Қазақ АКСР-індегі денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасу тарихына арналды. Зерттеу жұмысында бұрын тарихшылардың зерттеу нысаны болмаған осы тақырыпқа қатысты материалдар мен дерек көздеріне қысқаша талдау жасалды. Қазақ АКСР-нің жариялануымен бірге Денсаулық сақтау халкоматы құрылды және жұмыс аппараты қалыптаса бастады. Халық комиссары М.С. Шамов 1920–1928 жылдары денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру мен қалыптастыруға үлкен еңбек сіңірді. Өршіген жұқпалы ұшпа аурулар мен індеттерге қарсы күресе отырып, ҚАКСР ОАК пен ХКК-і Денсаулық сақтау халкоматымен бірге халық денсаулығын сақтаудың негіздерін қалыптастырды. Денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы барысындағы емдеу желісінің құрылуы; санитарлық бақылау жүйесінің қызметі; ана мен бала денсаулығын қорғау; қараусыз қалған жетім балалармен жұмыс; Орынбор мемлекеттік шешекке қарсы екпе институтын құру; жұқпалы ұшпа ауралар мен індеттерге, жезөкшелікке, безгек пен обаға қарсы күрес; дәріханалар желісінің қалыптасуы; ауыз су жағдайын жақсарту; медицина мамандарын даярлау; курорттар мен демалыс үйлері желісін дамыту; Өлкелік эпидемиология және микробиология институтының құрылуы мен қызметі және т.б. сияқты медицина салаларының қалыптасу тарихына шолу жасалды.