Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

Мурзаходжаев Қ.М.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ

Мақалада автор статистикалық мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасындағы отбасы мәселесін қарастырған. Соның ішінде, некелесу мен ажырасудың көрсеткіштері, өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ көтеру, дүниеге нәресте әкелу мен жасанды түсік жасату, т.б. қазіргі қоғамның өзекті проблемаларын көтерген. Автордың пікірінше дәстүрлі салт-ғұрыптарымыз бен ұлттық құндылықтарымызға негізделген бүгінгі отбасын әлеуметтік институт ретінде қайта жаңғырту қажет. Мемлекеттің тірегі де, болашағы да осы отбасы деген қорытынды жасайды. Елбасының «Мерейлі отбасы» атты ұлттық байқауының өтуі мен ресми мейрам ретінде енгізілуін көтеріліп отырған мәселені шешудегі ілгері жасалған қадам деп бағалайды. Кілт сөздер: отбасы, неке, аралас неке, жасанды түсік, ұлттық тәрбие, ажырасу, демографиялық ахуал.

Г.О. Ниеталиева
Этникалық және діни сәйкестілік: өзара бірлік және қайшылық мәселелері

Бұл мақалада этномәдени сәйкестіліктің маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі діни сәйкестілікті қалыптастырумен байланысты өзекті мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы этникалық пен діни сәйкестіліктің бірлігі мен қайшылықтары талданады. Этногенез тұжырымы тұрғысынан псевдодіни көзқарастар негізінде қазақ халқының ішінде субэтностың пайда болу феноменін сипаттауға бастама жасалған.

Абдимомынов Н.Т., Жұмағұлов Қ.Т.
Моңғолдардың Шығыс және Орталық Еуропаға жорықтары (1241-1242)

Моңғолдардың Шығыс және Орталық Еуропаға жорықтары (1241-1242)
Мақалада Бату қолбасшылығымен моңғолдардың Шығыс және Орталық Еуропаға жасаған жорықтарын (1241-1242 жж.) зерттеу көзделген. Еуропалық тарихнамада моңғолдардың католиктік Еуропаның шығыс аудандарына жасаған жорықтары ретінде кеңінен зерттелген тақырыптардың бірі. Ал отандық тарих ғылымында бұл тақырып аса көп зерттелмеген. Осы жағынан алғанда мақаланың жаңашылдығы моңғолдардың Еуропаға жорықтарының әлемдік тарихнамадағы туындаған дискуссиялық мәселелеріне қатысты батыс зерттеушілерінің ой-пікірлерін жүйелеп талдау арқылы объективті көзқарас қалыптастыруға әрекет жасау болып табылады. Осы мақсатта авторлар моңғолдардың Еуропаға жасаған жорықтарының тарихи алғышарттары мен жоспарын; Венгрия, Польша және тағы басқа еуропалық аймақтарды жаулауға қатынасқан моңғол қолбасшылары мен әскерлерінің әскери тактикасын қарастырған. Жорық барасында болған 1241 жылы 9 сәуірде болған еуропалық біріккен ірі әскери коалиция күштері мен моңғол әскерлері арасындағы Легница шайқасының, 1241 жылы 11 сәуірде болған Шайо өзені бойындағы Венгрия королі IV Беланың әскері мен Бату қолбасшылығымен моңғол әскерлері арасындағы шайқастардың тарихи маңызын талдаған. Сонымен қатар, моңғолдардың Еуропаға жасаған жорықтың аяқталуы мен Батудың тастап шығысқа керу қайтуының себептері жүйелі түрде кеңінен талданған.

Атыгаев Н.А.
ТАРИХ-И АЛФИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА

Мақалада парсы тілінде жазылған ортағасырлық екі тарихи шығармалардың – Тарих-и алфи және Тарих-и Рашидидің – Қазақ хандығының тарихына қатысты мәліметтеріне салыстырмалы-сәйкестік талдау жүргізіледі. Бірінші шығарманы молла Ахмад б. Насраллах Дейлами Татави Ұлы Моғол мемлекетінде XVII ғасырдың басында жазған. Екіншісінің авторы Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлат, оның шығармасы XVI ғасырдың ортасында Ұлы Моғол мемлекетінің құрамындағы Кашмирде жазылған. Зерттеуші шығармалардың мәтіндеріне талдау жасай келе, Тарих-и алфи шығармасындағы Қазақ хандығынның тарихына қатысты мәліметтер толығымен Тарих-и Рашидидің шығармасынан алынғаны туралы, ондағы деректердің Қазақстан тарихына құндылығы төмен деген қорытындыға келеді.

Торланбаева К.У.
События и личности: к истории возрождения каганата восточных тюрков

В представленной публикации речь пойдет о двух выдающихся политических лидерах, стоявших у истоков возрождения каганата восточных тюрков на Орхоне, - Эльтериш-кагане и Тоньюкуке и о тех событиях, которые способствовали консолидации тюркских племен. Основные письменные источники сосредоточены на обследовании параллельных сведений текстов памятников Тоньюкука, Бильге-кагана и Кюль-тегина и содержаний китайских летописей периода династии Тан (618 – 906 гг.).