Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ Н., СЕРИКҚАЛИЕВА А.Е., НӘБИЖАНҚЫЗЫ З.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ МЕН БІРТҰТАСТАНУЫ

Мақалада қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы және оның дамуы барысында қазақтың жеті атадан аспай некеленбеу институтының, қазақ тілінде диалектінің болмауына, тұрмыстық әдет-ғұрыптарда айырмашықтардың сақталмауына, ұлттық бірліктің сақталып, жүздер мен рулар арасында жойқын әскери соғыстың болдырмауына, ауыз әдебиетінің ел ішіне кең тарауына белсенді рөл атқарғаны салыстырмалы түрде талданады. Сондай-ақ, қазақтардың Ресей мен Қытай құрамына кіргеннен кейінгі екі ел қазақтарының өзара байланыстары, мәдени ықпалдары, олардың орыстық және қытайлық мәдени ортаның ықпалына ұшырап, мәдени бөгделенуі – трансформациялануы; Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдегі этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуымен Қазақстанға келген дәстүрлі және заманауи мәдениеттердің отандық әлеуметтік-экономика мен мәдениеттің дамуына белсенді рөл атқарғаны; оралмандармен келген мәдениеттердің қазақстандық мәдениетпен өзара тоғысуы және олардың трансформациялануы арқылы жаңа мәдениеттің қалыптасып келе жатқаны пайымдалады.

Женис Жомарт Женисулы
ИДЕОЛОГИЧЕСКАЯ БОРЬБА В СРЕДНЕВЕКОВЫХ ТЮРКСКИХ ГОСУДАРСТВАХ И ИСЛАМ (VІІ-ХІІІ В.В.)

В данной статье автор рассматривает процесс трансформации традиционного мировоззрения средневековых тюрков, борьбу новых религиозных систем, в результате которой ислам стал господствующей религией среди большинства тюркских государств. По результатам исследования автора, видно, что кроме политических, здесь имелись и духовные причины, а именно мировозренческие факторы. Благодаря суфийским учениям ислам стал более близок к кочевникам. Тюркские суфииские ордены как йассавиийа умело синтезировали ислам с традиционными верованиями кочевников.

Әбжанов Х.М.
ЖАНЫ ЖАЙСАҢ, ҚАСИЕТІ КЕМЕЛ КЕҢЕС АҒА

Автор мақалада әйгілі тарихшы К. Нұрпейістің өмірі мен қызметі, ғылыми мұрасы мен ұстаздық еткен жылдарынан жарқын сәттерді еске алу ретінде баяндай келе, академик К. Нұрпейістің тұлғалық және адами болмысын сипаттайды. Түйін сөздер: К. Нұрпейіс, академик, тарихшы, Ғылым Академиясы, Тарих, археология және этнография институты.

Мурзаходжаев Қ.М.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ

Мақалада автор статистикалық мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасындағы отбасы мәселесін қарастырған. Соның ішінде, некелесу мен ажырасудың көрсеткіштері, өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ көтеру, дүниеге нәресте әкелу мен жасанды түсік жасату, т.б. қазіргі қоғамның өзекті проблемаларын көтерген. Автордың пікірінше дәстүрлі салт-ғұрыптарымыз бен ұлттық құндылықтарымызға негізделген бүгінгі отбасын әлеуметтік институт ретінде қайта жаңғырту қажет. Мемлекеттің тірегі де, болашағы да осы отбасы деген қорытынды жасайды. Елбасының «Мерейлі отбасы» атты ұлттық байқауының өтуі мен ресми мейрам ретінде енгізілуін көтеріліп отырған мәселені шешудегі ілгері жасалған қадам деп бағалайды. Кілт сөздер: отбасы, неке, аралас неке, жасанды түсік, ұлттық тәрбие, ажырасу, демографиялық ахуал.

Г.О. Ниеталиева
Этникалық және діни сәйкестілік: өзара бірлік және қайшылық мәселелері

Бұл мақалада этномәдени сәйкестіліктің маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі діни сәйкестілікті қалыптастырумен байланысты өзекті мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы этникалық пен діни сәйкестіліктің бірлігі мен қайшылықтары талданады. Этногенез тұжырымы тұрғысынан псевдодіни көзқарастар негізінде қазақ халқының ішінде субэтностың пайда болу феноменін сипаттауға бастама жасалған.