Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

ЖЕТПІСБАЙ Н.Ы.
НҰРАЛЫ ХАН БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ КІШІ ЖҮЗДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ (XVIII ғ. 50-70 жж.)

Мақала XVIII ғ. 50-70 жж. Батыс Қазақстанда Нұралы ханның басқаруы кезінде болып өткен әлеуметтік-саяси оқиғаларға арналған. Көрсетілген онжылдықтар аса арынды әлеуметтік-саяси дүрбелеңдер орын алған Отан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірін құрайды. Мақалада олардың негізгі себептері қарастырылады, сонымен қатар аталған өңір қазақ қауымдарының шекаралас ресейлік тұрғындарымен арадағы қарым-қатынастарының кейбір тұстары сипатталады.

Г. КСЕНЖИК
ТОПОНИМИКА КАЗАХСТАНА И ИСТОРИЧЕСКАЯ ГЕОГРАФИЯ XVIII –НАЧ.XX В.

В статье были рассмотрены некоторые аспекты взаимодействия топони-мики и исторической географии. Топонимические данные могут привлека-ются, во первых - для определения этнической принадлежности народов, населявших ту или иную территорию; во вторых – для выявления путей кочеваний казахского населения (их начальных и конечных пунктов, маршрутов движения),а также истории возникновения населенных пунктов и их первоначальных функций и т.д. Топонимические данные могут использоваться при определении территории былого расселения народов, в зависимости от имеющихся сведений о народе и его языка. В зонах смешанного населения, по топонимам, ареал очерчивается недостаточно точно. Возможности применения топонимики возрастают, когда известен язык этноса, ареал которого реконструируется.

Г.К. Муканова
Де-колонизация или ре-колонизация? Экономические взгляды Смагула Садвокасова

В статье рассматриваются особенности экономической культуры Казахской автономии как одного из факторов формирования государственной стратегии. Средства массовой информации (пресса, радио) в период Казахской автономии являлись источником информирования граждан. Автор доказывает, что гражданин интеллектуального общества должен иметь четкое представление о той планово-экономической деятельности 1920-х годов, которая позволила заложить основы будущего Независимого Казахстана, в контексте развития всей Центральной Азии.

С. О. СМАҒҰЛОВА
АҚТӨБЕ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ (1921-1922 жж.)

Мақалада Ақтөбе губерниясындағы 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың барысы, оның себептері мен салдарлары, ашаршылықпен күрес мәселелері қарастырылады. Автор мұрағаттық құжаттарға сүйене отырып, ашаршылық барысындағы губерния халқының әлеуметтік жағдайын нақтылайды. Аштықты ауыздықтауда Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің ашыққандарға көмек көрсету аясында жүргізген азық-түлік даярлау, кооператив құру, басқа көршілес губерниялардан астық, тұқым, жем-шөп алу, жылу жинап, тарату және т.б. іс-шараларды жүзеге асыру барысына тоқталады. Аштықпен күресте Америкалық Көмек көрсету әкімшілігі мен халықаралық ұйымдардың губерниядағы ашаршылықты ауыздықтаудағы үлесі айқындалады.

Г.Ж. ӨСКЕМБАЕВА
ҚОСТАНАЙ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ (1921-1922 жж.)

Мақалада 1921-1922 жылдарда Қостанай губерниясын жайлаған ашаршылықтың себептері мен салдарлары, қуаңшылықпен күрес, оны ауыздықтаудағы Халықтық жер комиссариатының қызметі, сонымен бірге Бас саяси ағарту комиссариаты (главполитпросвет) мен мемлекеттік баспасөз және де басқа үгіт-насихат аппараттарының жұтпен күресу барысында тұрғындар арасында жүргізген жұмыстары нақтыланады. Ашыққан губернияларға қолдан келгенше көмек көрсету мәселесіндегі ұлт зиялыларының қызметі, шетелдік ұйымдар, Қызыл Крест, Балаларға көмектесудің Халықаралық Одағы сияқты халықаралық ұйымдардың ашаршылықпен күреске қосқан үлесі бағамдалады. Губерниядағы ашыққандарға көмек беру комиссиясының қызметі, Ақмола мен Семейден мал, тұқым, астық алу арқылы өзара көмек барысы көрсетілген.