Бұл мақалада статист зерттеуші П.А. Скрыплевтің басшылығымен жүргізілген «Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану материалдары...» Қазақстан тарихының маңызды дерек көзі ретінде қарастырылады.
Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану материалдары...» статистикалық мәліметтерден, ол қазақ халқының этникалық тарихын, дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін зерттеудің маңызды дерек көзі болып табылады. Онда қазақ тарихының маңызды дерек көзі болып табылатын «Қырғыздардың жер пайдалану материалдарын...» зерттеу мен талдау методикалары мен тәсілдері көрсетіліп, деректану ғылымының талаптарына сай зерттеу мен сыннын өткізудің, сыныптау мен талдаудың әдістері мен оны нақты тарихи зерттеулерде пайдалану тәсілдері ұсынылған. Сонымен қатар статистикалық зерттеулерді ұйымдастырған, деректі құрастырған авторлар, олардың көзқарастары талданған.
Түйін сөздер: дерек, деректану, талдау, әдіс, статистика, этнос, құрылым.