Аңдатпа. Мақалада қазақстандық тувалықтардың тарихы мен олардың елімізге қоныс аудару тарихын ғылыми негізде зерделеу нысанаға алынған. Атап айтсақ, тувалықтар мемлекетінің тарихы қысқаша баяндалып, оның негізгі кезеңдері сипатталады және олардың тұрмыс-тіршілігі туралы айтылады. Яғни, тувалықтардың антропологиясы, тілі, наным-сенімі, шаруашылығы, дәстүрлі тағамдары, мәдениеті туралы баяндалады. Елімізде төзімділікті сақтау мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан қолдау танытылуда. Осының нәтижесінде қазақ жеріне жебеу іздеп келген өзге этнос өкілдерінің қатарында тувалықтардың да өзіндік құндылықтарынан ажырап қалмай, дәстүр жалғастығы мен сабақтастық негізде ұстану көрінісі мақалада нақты мысалдар арқылы айшықталады.
Аталған еңбекте, тувалықтардың Қазақстанға қоныс аударуы, демографиялық жағдайы, мысалы 1970, 1979, 1989, 1999, 2009 жылдардағы ұлттық санақ қорытындылары бойынша динамикасы анықталады. Сондай-ақ, елімізде олардың басым бөлігінің қала тұрғындары болып табылатындығынан ақпарат беретін статистикалық мәліметтер ұсынылады.
Мақала «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын «аналитикалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» атты ғылыми жоба шеңберінде дайындалды.