Аталған мақалада архив қорларында сақталған құжаттар негізінде Орыс географиялық қоғамының үлкен күміс медалімен марапатталған тұңғыш қазақ ғалымы Мұхамедсалық Бабажановтың (1835-1871) өмір деректері, әр жылдардағы қызметі, ғылыми-этнографиялық зерттеу жұмыстары туралы қарастырылады.
Сол кезеңде этнографиялық зерттеулерде М-С. Бабажановтың мақалалары елеулі рөл атқарды. Зерттеулердің нысанасы қазақтардың тарихы мен шаруашылығы, кәсіпшілігі болды. Оның этнографиялық еңбектерін алдыңғы қатарлы орыс ғалымдары және өлкетану қоғамдары жоғары бағалады. Сонымен бірге мақалада этнограф М-С. Бабажанов аңшылық, атбегілік туралы, қазақ қоғамындағы ең күрделі мәселелердің бірі – жер мәселесі туралы ой толғамдары қарастырылады.
Зерттеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасы (IRN жобасы: AR08855800) шеңберінде жүргізілді.
Түйін сөздер: М-С. Бабажанов, Россия, кадет корпусы, хорунжий, этнограф, ғалым, тарих, журналдар, газеттер, архив.