Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » ҒТАМР 03.20 «БАЙҒҰСТАР» - XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТОП

НАУРЫЗБАЕВА Э.К., т.ғ.к., Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, ИСЕНОВ О.И., т.ғ.к., Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

ҒТАМР 03.20 «БАЙҒҰСТАР» - XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТОП

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 3(15), 2018

Тегтер: Қазақ қоғамы, жарлық, ереже, салық, алым, байғұс.
Автор:
Мақала XIX ғасырдағы Ресей патша үкіметіне қараған қазақ қоғамындағы әлеуметтік топ ¬«байғұстар» хақында.. Дәстүрлі қазақ қоғамының тарихына арналған арнайы монографиялық зерттеулер мен мұрағаттық құжаттарды талдау арқылы, сол уақыттардағы патша үкіметінің жарлықтары негізінде «байғұстардың» қоғамдағы орны мен әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары талдауға алынған. Сонымен қатар байғұстардың үш тобы туралы деректер берілген. Тарихи деректер бойынша байғұстардың көбінің шаруашылықтарында жылқы болмаған, шамалыларының бір немесе екі сиыры болған байғұстардың арасында ең қайыршылары (мүлде малсыздары) және кедей шаруаларға жақын ауқаттылары болғаны туралы салыстырмалы мәліметтер талдауға алынған. ХІХ ғасырдың басында Орынборға «байғұс» қазақтардың ағылып келуіне байланысты Орынбор әскери губернаторының шешімімен 1817 жылдың 23 сәуірінде қайыр-садақа жинау мен жұмысқа жалданудың тәртібі орнатылады. Бұл жұмысты атқару Орынбор Шекара комиссиясына жүктелді. Мақала авторлары байғұстар ¬ XIX ғасырда патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатының нәтижесінде дәстүрлі шаруашылығын жүргізетін жерден, малдан айырылып әбден кедейленіп, күйзеліске ұшыраған әлеуметтің бір бөлігі пайда болды деп көрсетеді. Олар шеп маңындағы станица казактарына табыс іздеп кеткен жарлы-жақыбайлар тобы. XIX ғасырдың бірінші жартысында олар едәуір топқа айналған. Байғұстар – қайыршыланған нағыз пауперлер «байғұстар» ештеңесі жоқ, жұмыс күшін сатып, күн көруге мәжүбір болған жұмысшы пролетариаттар қатарының негізін құрады деген ой түйіндейді. Кілтті сөздер: Қазақ қоғамы, жарлық, ереже, салық, алым, байғұс
Мазмұны:

 Патша үкіметіне қараған қазақ қоғамында XIX ғасырдағы әлеуметтік топтардың ішіндегі ең қайыршыланған бөлігі байғұстар болды. Кеңестік кезеңге дейінгі тарихнамада байғұстар институты арнайы талданбаған. Дегенмен қазақ даласында болған көптеген саяхатшылар мен патша шенеуіктері, «байгуш» терминін қолданып осы әлеуметтік топтың болғандығы туралы деректер қалдырды. Кеңестік кезеңдегі белгілі тарихшы, профессор Е.Бекмахановтың зерттеуінен байғұстар туралы кездестіреміз. Автор осы әлеуметтік топ туралы былай деп жазды: Байғұстар – қазақтардың кедейленіп, күйзеліске ұшыраған бөлігі, шеп маңындағы станица казактарына табыс іздеп кеткен жарлы-жақыбайлар тобы. XIX ғасырдың бірінші жартысында олар едәуір топ болды. Е.Бекмаханов, тек Кіші жүз бойынша ғана байғұстар еркек, әйелін қоса есептегенде 20 мыңға жуық болғандығын жазды [1, 95-б.]. Автор еңбегінде, шеп маңындағы ауқатты қазақтарға болмашы ақы үшін жалданған байғұстар олардың малын бағып, жерін жыртты, үй іші жұмыстарының алуан түрін атқарды. Байғұстардың бір бөлігі балық аулау кәсіпшілігінде жұмыс істеді. Бұдан басқа кейбір байғұстар бай-феодалдардың қарамағында қалып, үй қолөнершілері ретінде жұмыс істегендігі туралы деректер келтіреді [1, 95-б.].

Өз алдына шаруашылық жүргізуге мүмкіншілігі жоқ қазақтар тобы да болған. «Қоңсылардың» бірталайы осылардың қатарына кіретін болған. Қоңсылар бай ауылдарға қосылып, солардың шаруашылықтарында жұмыс істеп жүрген. Ең ақырында, нағыз пауперлер «байғұстар» болған, бұлар оқта-текте жұмыс істеп немесе қайыр тілеп күндерін көрген. Жыл ауыр тартып, қыс қатты болып, ел жұтқа шалдығып, мал қырылғанда байғұстардың саны тым көбейіп кеткендігі туралы М. Вяткин жазды [2, 123-б.].

Қоңсылар туралы профессор М. Вяткин: «Қоңсы» деп жалпы келімсекті айтады. Бөтен қауымдардың ішінде қазақтарды осылай деп атаған. Бұлардың арасында беделді, ауқатты семьялардың кездесуі де мүмкін. Бірақ қоңсылар көбінесе өз бетімен шаруашылық жүргізуге мүмкіншіліктері болмаған соң амалсыздан басқа ауылдарға келіп қосылған кедей қазақтар екендігінде ешқандай күмән жоқ [2, 123- б.], – деген анықтама берді.

Қоңсылар бай ауылдарға қосылып, солардың шаруашылықтарында жұмыс істеп жүрген. Ең ақырында, нағыз пауперлер «байғұстар» болған, бұлар оқта-текте жұмыс істеп немесе қайыр тілеп күндерін көрген [2, 123-б.].

Шеп маңындағы ауқатты қазақтарға болмашы ақы үшін жалданған байғұстар олардың малын бағып, жерін жыртты, үй іші жұмысының алуан түрін атқарды. Байғұстардың бір бөлігі балық аулау кәсіпшіліктерінде жұмыс істеді. Бұдан басқа кейбір байғұстар бай-феодалдардың карамағында қалып, үй қолөнершілері ретінде жұмыс істеді.

 Байғұстардың жағдайын көзіменен көрген куәгерлердің айтуынша: екінші бір киіз үйде оттан алыс, есікке жақын тақыр жерде малдас құрып отырған егде байғұсты көресіз, ол бір тілім нан мен бір жапырақ ет үшін күні бойы қолындағы бізбен теріні тесіп, тарамыспен дөрекі етік тігіп отырады. Алба-жұлба күпісі мен тозығы жеткен тақиясы оның сіңірі шыққан кедей екенін, ал босағада отырған сиқы оның сорлы жан екенін көрсетеді. Бұл кезде киіз үйдің төрінде үстіне тау болып жүк үйілген әбдірелердің қасында, астына бұқарлық көрпе төсенген, үстіне жібек бешпент киген қожайынның өзі отырады. Бір қолына мүйіз мүштігін сәндене ұстаған ол, екінші қолымен сақалын маңғаздана сипап қояды.

Зар заман ақыны Шортанбай Қанайұлы: кедей байғұстың ауыр да аянышты жағдайын жырмен сипаттады:

Бай кедейді көрмейді,  Байды құдай атқаны –

Кедей байға ермейді,  Жабағы, жүнін сатқаны.

Қызметін бір күн қылмаса   Кедейің қайтып күн көрер,

Майлы сорпа бермейді –  Жаз жатақта жатқаны.

Әне байдың қайыры!  Жаздай арық қазады,

Бұрынғы өткен адамның  Күздей пішен шабады.

Міне, келді тайыры  Оны-мұны жиғанын

Жалғанда қылған ісінің  Шығын деп тілмаш алады.

Алдыңнан шығар ғайыбы [3]. 

Жырда байғұстың дәрменсіз тіршілік жағдайы анық көрініс таптқан. Азық-түлік және жұмыспен өтеу ренталары формасында феодалдық міндеткерліктің болуы Қазақстандағы феодалдық қатынастардың тарихи калыптасу процесін бейнелейді. Феодалдық қатынастар ыдырай бастаған кезде пайда болған ақша рентасы Қазақстанда мүлде дерлік болмады. Тек патша үкіметі ғана қазақтардан ақшамен түтін салығын алды, соның өзінде салық жинаушылар қазақтардан тиісті күміс ақшамен 1 сом 50 тиынның орнына қой алды, сосын оны базарға апарып сатып, едәуір олжа тапты. Бұл факт қазақтарда ақшаның айналыста әлі аз болған және Сібір генерал-губернаторлығының қазақтардан алынатын салық мөлшерінен екі есе баға артық тұратын заттай төлем жинауы сияқты оқиғалардың орын алғандығын дәлелдейді [ 1, 93-б.].

 Феодалдық қоғамда қосымша өнімді иелену экономикадан тыс күштеу негізінде жүзеге асады. Бұл кезде экономикадан тыс күштеу формалары қазақ қоғамында өзгеше түрде көрінді. Бір жағынан, феодалдық міндеткерлікті (ұшыр, зекет және әр түрлі сыйлықтар) өтеу міндеттілігі императивтік сипатта болған әдет нормаларымен анықталды. Екінші жағынан, «туысқандық көмек» көрсету және тағысын тағылар түрінде көрінген жұмыспен өтеу түрлері феодалдық қоғам жағдайында қазақтардың қалың бұқарасын қанау құралына айналдырылды. Қазақтар бұларды ру бойынша да орындауға міндетті еді. Сөйтіп, патриархалдық әдет-ғұрыптар экономикадан тыс күштеу құралы болды.

  Қанау қатынастары тікелей өндірушінің жеткіліксіз өндіріс құралдарымен күш-көлікпен, тұқыммен жабдықталуына немесе феодалдардың кедей қазақтарға малды қарызға беруіне байланысты болған кезде экономикадан тыс күштеу әдістері феодалдың тікелей өндірушіге экономикалық қысым жасауымен ұштасты.

  Қазақ қоғамының бір тарауы ретінде байғұстар қазақ қоғамдастығының ішінде мүліктік айырмашылықтың даму кезінде, бар байлық қоғамның бір бөлігінің қолында шоғырланып, ал екінші бөлігінің кедейлену үрдісіне ықпал жасаған кезде пайда болған. Байғұстар немесе басқаша қоңсы деп  аталған және өндіріс құралдарынан мүлде айрылыған немесе айрылуға жақын адамдар, сондықтан да экономикалық және саяси тұрғыдан қарастырғанда құқықсыз.

Академик С. Зимановтың еңбегінде байғұстардың үш тобы туралы деректер берілген, біріншісі Орта жүздің сүйенішәлі руының құрамындағы көшпелі ұжымдарды қарастыра отырып, шартты топқа жатқызылатын шаруашылықтар көбінесе егіншілердің ең кедейлері – байғұстардың шаруашылықтары екені айтылды. Бірінші көшпелі ұжым бойынша 83 отбасының 35-і осыларға жататын [4, 252-253-бб.].

  1 кесте

 

  Мал басының саны

 Мал басының саны

Шаруа

шылық №

Жылқы

Ірі

қара

Ұсақ

мал

Шаруа

шылық №

Жылқы

Ірі

қара

Ұсақ

мал

1

2

19

1

2

6

20

2

3

2

16

21

2

4

1

15

22

1

6

5

1

10

23

4

5

6

2

24

1

6

7

1

25

1

8

1

26

1

9

1

27

1

1

10

2

28

1

1

11

2

29

1

1

12

1

30

1

1

13

2

31

1

2

14

1

32

1

2

15

2

33

1

2

16

1

34

1

1

17

1

35

1

1

18

4

Дерек көзі: Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой –половины ХІХ века и Букеевское ханство – Алматы. Арыс, 2009. – С. 252-253.

Көптеген шаруашылықтарда мүлде жылқы болмаған, үштен бір шаруашылықтан кемдегенде бір жылқыдан болған. Аталған категориялы шаруашылықтардың барлық сүтті қара малын бір немесе екі сиыр құраған. Малдың аталған саны отбасының қажеттілігін қанағаттандырмақ түгілі, өмір сүру үшін негізгі табыс көзі болып табылмайтыны айқын.

Байғұстардың материалдық құндылықтарының негізгі көздері олардың жеке шаруашылықтарынан тыс жерде орналасқан. Өздерінің негізгі өндірістік еңбегін жеке мал шаруашылығына жұмсайтын кедей-шаруалардан айырмашылықтары осы.

Сүйенішәлі руының екінші көшпенді шаруашылығындағы мал басының шаруашылықтар арасында реттелуі, 2-ші кестеде басқаша. 1-ші кестеге қарағанда бұл көшпенді топ қуаттырақ. Бұлардағы кедей және өте кедей отбасылар саны кемірек, және де олардың ішінде кемінде бір жылқысы бар болған отбасылары көбірек, ал жылқылары жоқтарының бір-екі сиыры болған. Бұл топқа жататын байғұстардың ішінен одан да «байлары» кездеседі, олардың 5-7 қара малы (оның ішінде бір жылқысы) болған және жиырма шақты қойлар ұстаған. Аталған отбасылар, тұтыну деңгейлерін маңызды түрде кеміте отырып, өмір сүрудің негізгі көзі ретінде өз жеке шаруашылығын қолдана алады, немесе өздерінің жағдайларына қарай оларды кедейлер категориясына жатқызуға болады.

  2- кесте

Мал басының саны

Мал басының саны

Шаруа

шылық №

Жылқы

Ірі

қара

Ұсақ мал

Шаруа

шылық №

Жылқы

Ірі

қара

Ұсақ

 мал

1. 

4

15

1

7

2. 

1

16

1

3. 

1

17

1

1

4. 

4

18

1

2

5. 

1

19

1

2

6. 

-

10

20

1

2

7. 

2

21

1

1

8. 

2

22

1

2

9. 

2

23

1

2

10. 

4

24

1

2

4

11. 

1

1

25

1

2

12. 

1

4

17

26

1

4

15

13. 

1

6

27

1

4

16

14. 

1

6

28.

1

2

10

ХІХ ғасырдың ортасында Каспий теңізінің жағалауында, Гурьевтің маңайында байғұстардың көптеген отбасылары мекендеген. Ресми деректер бойынша 107 шаруашылықтан құралған олардың бір бөлігінің мал басы келесі 3- кестеде берілген.

  3- кесте.

Шаруа-

шылық

топтардың

мал саны

Малы бар шаруашылық саны (мал түріне байланысты)

Түйе

Жылқы

Ірі

қара

Қой

Ешкі

Ірі

малдың барлығы

Малдың барлық түрлері

Малы жоқтар

106

103

45

101

62

43

1бас

малы

бары

4

46

1

6

45

47

  2-3

1

  16

4

23

19

45

  4-5

9

8

  6-10

1

6

4

  11-15

1

3

  16-20

  21-25

Мәліметтер аталған отбасылардың шексіз қайыршылығын дәлелдейді.

107 шаруашылықтың 106-сында түйе, ал 103-інде жылқы болмаған. Сонымен, аталған отбасылар тобының көшпенді малшаруашылығында  жүк тасымалдау мен көшіп-қону үшін қажетті негізгі құралдары болмаған. Отбасылардың 40%-дан шамалы артықтары ғана өз шаруашылықтарында бір ғана ірі қара мал ұстаған, ал шамамен сонша отбасында ол да болмаған. 

Байғұстардың үш тобы туралы деректер берілген. Осы деректер бойынша байғұстардың көбінің шаруашылықтарында жылқы болмаған, шамалыларының бір немесе екі сиыры болған байғұстардың арасында ең қайыршылары (мүлде малсыздары) және кедей шаруаларға жақын ауқаттылары кездеседі.

 Өз замандастарының байғұстардың әлеуметтік жағдайлары мен тұрмысы туралы сипаттамалар аса бағалы дерек болып есептеледі. Олардың мәлімдеуінше байғұстардың қайыршылығы сонша: көбінің өз киіз үйлері болмағандықтан олар бір киіз үйде 2-3 отбасы болып өмір сүрген [4, 255-б.].

 Олар киіздері болмағандықтан өз баспаналарын жөкемен, шыммен және қамыспен жапқан. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның солтүстік және орталық аудандарына сапар шеккен Гейнс жатақтар қатарына жатқызылған байғұстардың тұрмысы жайлы: «Менің ештеңем жоқ, жейтін тамақ түгілі төсейтін төсегім де жоқ. Киіз үйдің ішкі көрінісі сол қайыршылықты дәлелдеп тұр. Киіз үйдің ағаш құралдары ескірген. Қабырғаларына жабылған киіздері тесік-тұсық...», – дейді киіз үй иесі. Оларға қой сатып алатын ниеттерін білдірігенде, сол ауылдан сатылатын бір қой табылмаған. Бөлек Сібір корпусының аудармашысы Ф. Назаров 1813 жылы Қоқанда болған және сондағы қазақ байғұстары туралы: «Нұрдан Есілге құятын Қозыкөш өзенінің маңайында Малыкөл көлінің жанында түк малдары жоқ қырғыздарды кездестірдік. Олар жаяу жүріп келеді, киімдері алба-жұлба, балаларын арқалаған». Қазақ халқымен тығыз қарым-қатынаста болған орыс шенеуніктерінің бірінің мәлімдеуінше, орыс мекендеріне жалдануға келген байғұстың түрі «өте нашар – алба-жұлба киінген, жадап-жүдеген, бұл адамға ұқсас бір жан, оған аяушылықсыз қарауың қиын...» [4, 255-256-бб.], – деп жазды.

  Байғұстар туралы М. Иванин, – біздің бекіністер мен станицалардың маңайында өмір сүреді және өз киіз үйі мен мүлкін бір жерден екінші жерге көшіру үшін түйелері болмағандықтан, көшпенділік әдетті сақтап қалу мақсатымен, жүктерін жылына бірнеше рет бір орыннан екінші орынға қолмен тасиды (50 сажень және одан да артық). Байғұстар ауыл-ауыл болып, ұрпақ-ұрпақ болып қайыршыланады да аштықтан, суықтан қырылады, өйткені көмек күтер ешкімі жоқ, десе, В.И. Даль, – толық бір отбасында бір ғана ешкісі бар, одан басқа ешқандай кіріс көзі жоқ; сол ешкісіне барлы-жоқты мүлкін артады және соның сүтімен күнәра немесе екі күнде бір тамақтанады, бұның бәрі ертегі емес, өмірде болған оқиға» [4, 256-б.] екенін жазған.

  Оралда байғұстардың өз балаларын сатқаны да белгілі болған – бұл қайыршылықтың ең сорақысы болып табылады. 1804 жылы Орал әскери кеңсесінің Орынбор шекаралық комиссияға берген есебінде: «Шекара бойында орналасқан бірқатар қырғыз-қайсақтар кедейленулері мен шексіз қайыршылықтарынан өздерінің жас балаларын шенеуніктер мен казактарға беріп жатыр» [4, 255-б.] деп жеткізген.

 Тарихи аренада байғұстардай әлеуметтік бөліктің пайда болуы, біздің пікірімізше, феодализмнің даму үрдісіне, қазақ ауылының күйреуіне және рулық қарым-қатынастардың әлсізденуіне байланысты. Аталған үрдіс неғұрлым қарқындалса, соғұрлым өндіріс құралдарынан тікелей өндірушілердің алшақтай түсуі де кеңінен тарала бастаған. ХVIII ғасырда көзге түсе бастаған ауылдық қоғамдастықтың дағдарысы ХІХ ғасырда өз шыңына жеткен болатын. Аталған кезеңде ауылдық қоғамдастықтың күйреуі мен топтарға бөлінуі аяқталмағанымен, экономикалық зардаптарының негіздері мен рулық идеологиясына айтулы нұсқан келтірілген.

 Бұрынғы кездерде ауылдың қайыршылыққа ұшыраған мүшелеріне ауылдастары мен рулық қоғамдастық тарапынан түрлі мөлшерде жәрдем көрсетілетін. Көшпелі малшаруашылығы жағдайындағы қоғамдастық мүшелерінің өзара көмектесуі аталған өндіріс формасының ерекшеліктеріне негізделген болатын. Байлар да мұндай өздеріне тікелей тәуелді мал бағушыларды қолдайтын. Өндіріс құралдарынан және сонымен қатар шаруашылық тәуелсіздігінен де айырылған заттай өнім өндірушілердің феодалдық қанаудың объектісіне айналары белгілі. Сондықтан феодалдық қарым-қатынастардың алғышарты болып өндірушілердің шаруашылық тәуелсіздігі табылатын.

 Ал ХІХ ғасырда қазақ қоғамындағы әлеуметтік салада басқа жағдайлар туындады. Ауыл старшындары мен феодалдары көп жағдайларда билік басындағыларға қарайлап, ұжым мүдделеріне бас бұрмайтын болды. Байлардың көбі түрлі ресми лауазымдарға ие болып, отарлаушы органдардың өкілдеріне, салық жинаушыларға және т.с.с. айналды, сондықтан да ұжымның мүдделері мен өмірінен алыстай берді. Патша үкіметінің отарлық билігі тұсында көшпелі ұжымның дәстүрлі бірлігі бұзылды. Рулық идеологияның кезінде қоғамдастықтың кез-келген мүшесін көш орнында қалдыруға немесе қоғам мүшесінің ұжымнан бөлініп кетуіне жол берілмейтін, өйткені қоғамдық тәртіпті бұзушылық деп саналып, қатаң жазаланатын болған.

Дәстүрлі қазақ қоғамы ішіндегі әлеуметтік сараланудың себебен келсек, байғұс, егінші, жатақ және бақташылардың болуы патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатына байланысты күшейе түскен қазақ қоғамы ішіндегі әлеуметтік сараланудың белең алғанын дәлелдеді. Сонымен қатар,  байғұстар – феодалдық шаруашылыққа жұмыс күшін тегін берген әбден күйзеліске ұшыраған әлеуметтік топ өкілдерін құрады [5, 350-б.]. 

Мұрағат құжаттарында байғұстарға қатысты деректер сақталған. Байғұстар туралы патша I Александрдің 1808 жылдың 17 маусымындағы «О переходе степных киргизов на внутреннюю сторону Урала и о подчинении Киргиз-Кайсацкой меньшой орды Орды Букей султана с народом его Оренбургской Пограничной Комиссии» атты үкіметің 1808 жылдың 17 маусымындағы жарлығымен орнатылған билеттік алымдар Орынбор шекара комиссиясына жүктелген келесі қызметінен де орын тапты [6, 16]. Билеттік алым немесе плакаттық жиын деп аталған алым-салық Орынбор шебінде тұрып жатқан казактар мен башқұрттарға жұмысқа жалдануға келген қазақтардан алынды. Бұлар әр түрлі салықтар мен қанаудың нәтижесінде мал-мүлкінен айырылған кісілер еді. Оларды деректер көздері «байгуши» («байғұс») деп атайтындығы жазылған [7, 13 - 15-пп.].

ХІХ ғасырдың басында Орынборға «байғұс» қазақтардың ағылып келуіне байланысты Орынбор әскери губернаторының шешімімен 1817 жылдың 23 сәуірінде қайыр-садақа жинау мен жұмысқа жалданудың тәртібі орнатылады. Бұл жұмысты атқару Орынбор Шекара комиссиясына жүктелді.

Бекітілген тәртіп бойынша, шеп бойына келгендердің ішінде қайыр - садақа тек ғана 10 жасқа дейінгі балаларға берілді. Қалған кісілерді Орал көпірлеріне қойылған қарауылдар кідіртіп, Айырбас сарайына жіберіп отырды. Егер кімде-кім қазақтардан жалдама жұмысқа адам алғысы келсе, ол Айырбас сарайына келуге міндетті еді және жалға алған жұмысшымен көпірдегі қарауыл офицеріне келуі қажет болды. Ал офицер оларды күзетшілердің айдауымен Шекара комиссиясына жеткізіп отырған. Сол арада олар Шекара комиссиясындағы тіркеу кітабына тіркеліп, жалға алу шартын рәсімдеген. Шарт бойынша жалға алушыға бірнеше міндеттер арттырылған:

1) қазақтың тәртібіне жауаптылық;

2) жалақыны уақытында төлеу және т.б. Бұған қоса жалдаушы жұмысшы үшін бір жылға – 6 сом, жылдың үштен біріне – 2 сом, ал бір айға - 50 тиын төлеуге міндетті болды. Жалға алушы мен жалданушы арасындағы арақатынастарды билет арқылы реттеген Шекара комиссиясы жұмыстың осы түрін өз қадағалауына алып қосымша төлем ақылар енгізіп отырды [6, 13 - 15-пп.].

Бұл Ережеде тек қана қарапайым қазақтар ғана емес, сұлтандар, би, старшындар да арнайы Комиссия рұқсатымен кіргізіп-шығарып отырылған.

Деректерге жүгінсек жоғарыда аталған «билет» және канвои жаңалықтары Шекара комиссиясының қазақтар өміріне біржолата бас сұғып, өз қарамағына алғанын және осылай халықтың тұрмыс тіршілігіне араласуы арқылы оларды өзіне тәуелді еткенін көрсетеді. Осы тәртіптерді орындау Орынбор шебі бойынша Орск, Кизильск, Троицк, Верхнеуральск және Звениголовск, ал Орал шебі бойынша Илецк, Уральск және Гурьев бекіністерінің коменданттары мен Орал әскери кеңсесіне ұйғарылды. Осы аталған жерлерден басқа жерлерге қазақтарды жіберуге тыйым салынды. Барлық бекіністер Шекара комиссиясының тіркеме кітаптарымен қамтамасыз етілді және әр жылдың соңында жиналған қаржысы Шекара комиссиясының ревизиясына ұсынылып отырды [8, 51-б.].

Бұл шын мәнісінде профессор Е. Бекмаханов жазғандай, «үкімет үшін бұл қазынаны толықтырудың өте тиімді көзі болды, сонымен бірге барлық станицалық шенеуніктер арзан жұмысшы қолымен қамтамасыз етілді» [1, 140-б.].

Жұмысқа жалданушы қазақтардың қызметі әр түрлі болды. Олар қысқа отын дайындады, егіндік жерді, бау-бақшаны өңдеді, мал бақты. Каспий теңізіндегі балық аулау кәсіпшілігінде, тұз өндіру мен ағаш кесу саласында да «байғұстардың» еңбегі кеңінен пайдаланылды. Әсіресе, күзгі уақытта шоқыр балығын аулауға екі айға 55 - тен 70 рубльге жалақыға жалданған. Шоқыр – балығын аулау үшін Орал әскери кеңсесіне 1814 жылдың өзіңде-ақ 5978, ал күзгі уақытқа 1197 адамға билет сатылған. Шөп шабу жұмыстарына күніне 3 - тен 5 рубль ақы төленді [9, 180-б.]. Батыс Қазақстандағы жағдай туралы Орынбор Шекара комиссиясының 1820 жылы берген есебінде «байғұс қазақтарға» жұмысқа жалдану үшін берілген 1919 билеттен қазынаға түскен ақша көлемі 11761 рубль 50 тиынды құрағаны көрсетіледі. Яғни бекініс коменданттарымен 1683 билет беріліп, 11287 рубль, ал Шекара комиссиясынан 236 билет беріліп, 474 рубль 50 тиын ақша жиналады. Орта есеппен кедей қазаққа берілген бір билет құны – 6 рубль 12 тиынға тең болды [9, 189-196-бб.].

Орынбор Шекара комиссиясының төрағасы Веселицкийдің 1825 жылы берген есебінде жұмысқа жалданушы қазақтарға берілген билеттерден 15894 рубль түскені [10, 9-9-қ.п.], ал жалпы қазынаға түсірілген қаржы көлемі 16564 рубль, оның ішінде 589 рубль айып үшін алынғаны айтылады [10, 1, 8-қ.п.].

Ал Орынбор Шекара комиссиясының жылдық есебінде билеттік алымдардан 1828 жылы 50008 рубль, 27 тиын, 1829 жылы 53846 рубль ақша түскені айтылады [11, 43-б.].

1844 жылғы «Ережеге» сәйкес билеттер маңызы нақтыланғандай болды. Енді шеп бойында және ішкі тұрғындарға қандай да бір жұмысқа жалдануы үшін қазақтар алдымен ішкі аймақта тұру құқығына ие болу керек болды. Ол үшін арнайы «билет» сатылды. Билеттер бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге берілді. Айлық билеттің құны 15 тиын болды [9, 196-б.].

Қорыта келе, байғұстар ­ XIX ғасырда патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатының нәтижесінде дәстүрлі шаруашылығын жүргізетін жерден, малдан айырылып әбден кедейленіп, күйзеліске ұшыраған әлеуметтің бір бөлігі пайда болды. Олар шеп маңындағы станица казактарына табыс іздеп кеткен жарлы-жақыбайлар тобы. XIX ғасырдың бірінші жартысында олар едәуір топқа айналған. Байғұстар институты – қайыршыланған нағыз пауперлер «байғұстар» жұмыс күшінен басқа ештеңесі жоқ, жұмыс күшін сатып, күн көруге мәжүбір болған жұмысшы пролетариаттар қатарының негізін құрады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырлардың 20-40-жылдарында – (Оқу

құралы). –Алматы, Санат, 1994. – 416 б.

2.  Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы: Санат, 2002. – 344 с.

3.  Қанайұлы Ш. Дария құйсаң толар ма?../ һttps://www.zharar.com /kz/olen/ 9311-kanayulу.

4.   Зиманов С. З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века и Букеевское ханство –Алматы: Арыс, 2009. – 400 с.

5.  Исенов Ө. И. Дәстүрлі қазақ қоғамы: тұлғалар тұғыры. / Монография. –

Қостанай, «Шапақ» ЖШС баспасы, 2016. – 356 б.

6.  Наурызбаева Э.К. Батыс Қазақстан қазақтарының әлеуметтік - экономикалық және мәдени өмірі (Орынбор Шекара комиссиясының материалдары бойынша (1799-1859 жж.): тар. ғыл. канд... диссертациясы. – Астана, 2010. – 33 б.

7.  Предписание Оренбургского военного губернатора Оренбургской пограничной комиссии по поводу наплыва байгушей в г. Оренбург // ҚР ОММ, 4 - қ. – 1 – т. – 4918 - іс. - 13 - 15 п.

8.  Наурызбаева Э.К. Патша үкіметінің кіші жүздегі саясаты хақында (Орынбор шекара комиссиясының  материалдары бойынша).// Л.Н. Гумилев атынд.Еуразия ұлттық университетінің Хабаршы ғылыми журналы. І бөлім. №5 (112) – 2016. – 238-244.

9.  Казахско-русские отношения в XVIII-XIX веках. (1771-1867 годы). Сборник документов и материалов. – Алматы: Наука, 1964. – 460 с.

10.  Указы Оренбургской Пограничной комиссии о сборах денег с киргиз за кочевание // ОрОММ, 222 - қ. – 1 – т. – 19 - іс.

11.  Алекторов А. «Географический очерк Оренбургской губернии». – Оренбург, 1885. – 115 с.

1. Bekmakhanov Ye. Kazakstan XIX gasyrlardyn 20-40-zhyldarynda – (Oku kuraly). –Almaty, Sanat, 1994. – 416 b.

2. Vyatkin M. Batyr Syrym. – Almaty: Sanat, 2002. – 344 s.

3. Kanaiuly SH. Dariya қujsan tolar ma?./ һttps://www.zharar.com/kz/olen/9311-kanayulu

4. Zimanov S.Z. Obschestvennyj stroj kazakhov pervoj poloviny ХІХ veka i Bukeevskoe khanstvo –Almaty: Arys, 2009. – 400 s.

5. Issenov O.I. Dasturlі kazak kogamy: tulgalar tugyry. / Monografiya. – Қostanay, «Shapak» ZHSHS baspasy, 2016. – 356 b.

6. Nauryzbayeva E.K. Batys Kazakstan kazaktarynyn aleumettіk-ekonomikalyk zhane madeni omіrі (Orynbor Shekara komissiyasynyn materialdary bojynsha (1799-1859 zhzh.): tar. gyl. kand... dissertatsiyasy. – Astana, 2010. – 33 b.

7. Predpisanie Orenburgskogo voennogo gubernatora Orenburgskoj pogranichnoj komissii po povodu naplyva bajgushej v g. Orenburg // KR OMM, 4 - k. – 1 – t. – 4918 - іs. - 13 - 15 p.

8. Nauryzbayeva E.K. Patsha ukіmetіnіn kіshі zhuzdegі sayasaty khakynda (Orynbor shekara komissiyasynyn materialdary bojynsha).// L.N. Gumilyov atynd.Euraziya ulttyk universitetіnіn Khabarshy gylymi zhurnaly. І bolіm. №5 (112) – 2016. – 238-244.

9. Kazakhsko-russkie otnosheniya v XVIII-XIX vekakh. (1771-1867 gody). Sbornik dokumentov i materialov. – Almaty: Nauka, 1964. – 460 s.

10. Ukazy Orenburgskoj Pogranichnoj komissii o sborakh deneg s kirgiz za kochevanie // OrOMM, 222 - k. – 1 – t. – 19 - іs.

11. Alektorov A. «Geograficheskij ocherk Orenburgskoj gubernii». – Orenburg, 1885. – 115 s.

НАУРЫЗБАЕВА Э.К1., ИСЕНОВ О.И2.,

1,2 к.и.н., доцент кафедры Истории Казахстана КГПУ,

«Байгуши» как социальная группа казахского общества в XIX веке

Статья посвящена исселедованию байгушев как социальной группы казахского общества в XIX века. Анализируя монографические исследования и архивные документы, посвященные истории традиционного казахского общества, была исследована роль «байгушев» в обществе и их социально-бытовые условия на основании указов царского правительса того времени. Кроме того, представлены данные по трем группам данной социальной группы. Согласно историческим данным, у большинства «байгушев» отсутствовало наличие лощадей в собственном хозяйстве, среди некоторых байгушев, имевших одну или пару коров было число беднейших (без домашнего скота) и проанализированы сравнительные данные о присутствии бедных людей, находившихся по уровню к бедным семьям.

Решение военного губернатора Оренбургса 23 апреля 1817 года в связи с прибытием «бедных» казахов в Оренбург был учрежден порядок благотворительного пожертвования и занятости. За эу задачу отвечала Оренбургская пограничная комиссия.

Авторы статьи пришли к выводу, что в XIX веке в результате политики колонизации казахской степи, ухода от традиционного хозяйства, которой пришлось искать заработки у линии станицы казаков.

Байгуши - обнишалая рабочая сила, которая была вынуждена выживать, составляя основу рабочего пролетариата

Ключевые слова: Казахское общество, указ, налоги, сборы, байгуши.

Nauryzbayeva E.K., Candidate of Historical Sciences, Kostanai State Pedagogical University, Associate Professor at the History of Kazakhstan Department
Issenov O.I., Candidate of Historical Sciences, Kostanai State Pedagogical University, Associate Professor at the History of Kazakhstan Department
"Baigushes" as a Social Group of the Kazakh Society in the XIX Century

Summary

  The article is devoted to the study of the baigushi as a social group of the Kazakh society in the 19th century. Analyzing monographic studies and archival documents devoted to the history of traditional Kazakh society, the role of "baigushi" in society and their social and living conditions was studied on the basis of the instructions of the tsarist government of that time. In addition, of this social group are presented on three groups. According to historical data, the majority of the "baigushi" did not have horses in their own farm, among some baigushi who had one or a pair of cows there were a number of the poorest (without livestock) and analyzed on the comparative presence of poor people who were level with poor families.

  By the decision of the military governor of Orenburg on April 23, 1817, in connection with the arrival of "poor" Kazakhs in Orenburg, in order of charitable donations and employment was established. The Orenburg Border Commission was responsible for this task.

  The authors came to the conclusion that in the XIX century, as a result of the policy of colonization of the Kazakh steppe, abandonment of traditional farming and loss of livestock, led to poverty and the emergence of a socially vulnerable group of people of Kazakh society, who had to look for earnings from the Cossack village line.

  Baigushi is an impoverished labor that was forced to survive, constituting the basis of the working proletariat.

Keywords: Kazakh society,decree, taxes, fees,baigushi


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз