Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » Қазақстандағы қарашай және балқар этносының саны мен географиялық орналасуы

Бейсегулова А.Қ. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы

Қазақстандағы қарашай және балқар этносының саны мен географиялық орналасуы

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2(10), 2017

Автор:
Мақалада Қазақстандағы балқар және қарашай этносының саны мен орналасуы қарастырылады. Автор қарашай-балқарлардың өсу динамикасын санақ материалдарын пайдалана отырып әртүрлі кестелермен көрсеткен. Арнайы деректер мен статистикалық мәліметтер берілді.
Мазмұны:

Солтүстік Кавказды мекен еткен қарашайлар мен балкарлар өзіндік ерекше мәдениет қалыптастырған ұлт болып табылады. Бұл екі этностың бірге аталуы да өзіндік мәні бар, себебі бір-біріне өте жақын туыс халық болуы қарашай-балқар болып аталуына негіз болды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қарашай жерін патшалы Ресей түгелдей өзіне қаратып, жергілікті шаруаларды шұрайлы жерлерінен күштеп ығыстыра бастады. Тонау мен қуғын сүргінге ұшыраған халық басына зобалаң түсті. 1861 жылы Столыпинның аграрлық реформасы жылдарында шаруалар аз ғана жерін казак-орыстарға беріп қойды. Джегутта, Хурзук, Теберда ауылдарында шаруалар көтерілісі болды. Көптеген халық шетел асты. Қазіргі Кабардин Балқар Автономиялы Республикасы мен Қарашай-Черкес Автономиялы облысына, яғни төрт халыққа бөлінген жер көлемі 26,6 шаршы километр ғана. Бұл олардың ата қонысының аз ғана бөлігі [1, 118–119-бб.]. 

1926 жылғы санақ материалдарына қарайтын болсақ Қарашай автономиялы облысында 94030 адам болған. Оның балығы ауылдық жерерді мекен еткен, яғни санақ материалдарында қалалық қарашайлардың деректері көрсетілмеген. Дәл сол санақ материалдында Кабардин Балқар автономиялы Республикасында барлығы 230995 адам өмір сүрген. Соның 16173 қалалық тұрғындар болса, 214822 адам ауыл тұрғындары болды [2, с. 58–59]. Бұл мәліметтер толық этностарды ерекшелеп көрсетпегенімен халықтың саны мен қоныстану аймақтарына көз жүгіртуге мүмкіндік береді.

1939 жылғы санақ материалдары бойынша Бүкілодақ бойынша қарашайлардың саны 75753 адам болған, соның 5561 қала тұрғыны болса, 70202 адам ауылдық жерлерде өмір сүрген. Бұл жерден байқайтынымыз қарашайлар ежелден ауыл шаруашылығымен, егін егіп, бақша өсіргендігін көрсетеді. Сол санақ материалында балқарлардың жалпы саны 42685 адам болып көрсетілсе, соның 1788 ғана қалалық болып көрсетіліп, 40897 балқар ауылдық жерде тұратындығын көрсеткен [2, с. 114]. Балқарлардың да орналасу аймағына қарай шаруашылық дағдысы белгілі екені анық. Ал 1939 жылғы санақ бойынша РСФСР жеке қарайтын болсақ, онда балқарлардың үлесі 41960 болып көрсетіліп, 1320 қалалық, 40640 ауылдық болып белгіленген. Ал қарашайлықтар 74500 деп жалпы санын көрсетсе, соның 4731 қалалық, 69769 адам ауылдық екені көрсетілген [2, с. 115]. Ескеретін мәселе бұл көрсеткіш КСРО-ның жалпы көрсеткішінен көп ерекшеленбейді, себебі қарашай-балқарлар автономиялық облыстарда мекендеді.

Жекелей қарастыратын болсақ, Орджоникидзевский край бойынша барлығы 73656 қарашай мекендеген. Соның 4341 қалалық, 69315 ауылдық аймақтарда өмір сүрген. Соның ішінде Қарашай автономиялы облысында 70301 қарашай тіркеліп, оның 2300 қалалық, 68001 ауылдық болған [2, с. 116]. Балқарларға келетін болсақ Кабардин-Балқар Автономиялы Республикасында барлығы 40747 балқар болып, соның 869 қалалық, 39878 ауылдық тұрғындарға жатқызылған [2, с. 122]. Бұл 1939 жылғы санақ мәліметтері бойынша қарашай-балқарлардың әлі де болса күштеп қоныс аударуға ұшырамай тұрған кездегі көрсеткіштері болатын. Алайда тек санаулы жылдардан кейін ғана осы екі туыс елдің орналасуы мен өсу динамикасы күрт өзгерістерге ұшырады.

1-кесте. 1989 жылғы санақ бойынша балқарлардың Қазақстандағы саны мен орналасуы [3, с. 440]

Облыс

Адам саны

%

Қазақстан

2949

100,0

Ақтөбе

60

2,0

Алма-ата

662

22,3

Шығыс Қазақстан

9

0,3

Гурьев

76

2,6

Жамбыл

589

19,2

Жезказған

2

0,1

Қарағанды

68

2,3

Қызылорда

21

0,7

Көкшетау

139

4,7

Қостанай

62

2,1

Павлодар

323

10,9

Солтүстік Қазақстан

18

0,6

Семей

15

0,5

Талдықорған

120

4,0

Орал

32

1,1

Целиноград

269

9,1

Шымкент

105

3,5

Алматы қ.

379

13,4

Кестеден байқап отырғанымыздай 1989 жылғы санақ бойынша Қазақстан бойынша 2949 балқар болған. Соның 13,4 % Алматы қаласында тіркелген болса, 86,6 % балқар басқа аймақтарда мекендеген. Дегенмен көрсетілген облыстарды салыстырып қарағанда Алматы облысында 22,3 %, Жамбыл облысында 19,2 %, Талдықорған облысында 4 %, Шымкент облысында 3,5 % балқарлар мекендеген. Бұл көрсеткіштердің нәтижесінде бұл этностың көпшілігі оңтүстік облыстарды мекендегенің байқатады. Бұл олардың шаруашылық жағдайына да байланысты болуы керек. Себебі, 1939 жылға дейінгі санақ материалдарындағы мәліметтер бойынша балқарлардың көпшілігі ата-мекендерінде жүргенде ауылдық жерлерді мекендеген, соның ішінде ауыл шаруашылығымен айналысқан. Сондай-ақ Солтүстік Кавказдың табиғи климаттық жағдайлары да біздің оңтүстік облыстардың таулы аймақтарына ұқсас болып келеді. Осының нәтижесінде балқарлар үшін оңтүстік облыстарды мекендеген тиімді болды және бейімделу тұрғысынан жеңіл болды десек қателеспейміз.

Солтүстік аймақтардағы балқарлардың қалыптасуын 1944 жылғы депортациямен тікелей байланыстырсақ болады. КСРО НКВД тасымалдау бөлімінің бастығы, мемлекеттік қауіпсіздік комиссары Аркадьев КСРО халық комиссарының орынбасары, мемлекеттік қауіпсіздіктің 2-дәрежелі комиссары Чернышевке былай баяндайды, «Орджоникидзенск темір жолынан балқарлықтарды тиеген соңғы СК-455 эшелон 23 наурыз күні 1944 жылы белгіленген аймаққа Омбы темір жолына келіп, жолда Маралды, Шербакты, Павлодар станцияларында адамдардың түсірілді». Жалпы тиелген 14 эшелонда 37618 адам болған. Олар Фрунзе облысына – 5446 адам, Ыстықкөл облысына – 2702 адам, Семей облысына – 2742 адам, Алматы облысына – 5278 адам, Ош облысына – 5512  адам, Жалал-Абад облысына – 2650 адам, Павлодар облысына – 2614 адам, Ақмола облысына – 5124 адам, түсірілген [4].

Жалпы сол жылдары Қазақстанға 4660 балқар отбасы қоныс аударған, ол 25000 адамды құрады. Ал Қырғызстанға 4178 отбасы келіп, 16516 адам болды[5, с. 241].

2-кесте. 1989 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы қарашайлардың саны [3, с. 483–484]

облыс

Адам саны

% үлесі

Қазақстан

2057

100,0

Ақтөбе

21

1,0

Алматы

78

3,8

Шығыс Қазақстан

8

0,4

Гурьев

60

2,9

Жамбыл

950

46,2

Жезқазған

34

1,7

Қарағанды

95

4,6

Қызылорда

15

0,7

Көкшетау

17

0,8

Қостанай

15

0,7

Павлодар

8

0,4

Солтүстік Қазақстан

16

0,8

Семей

23

1,1

Талдықорған

17

0,8

Орал

11

0,5

Целиноград

43

2,1

Шымкент

536

26,1

Алматы қ.

110

5,4

1989 жылғы санақ бойынша қарашайлар еліміздің барлық облыстарын мекендеген. Соның ішінде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сан жағынан басым болған. Мысалы, Жамбыл облысында 950 қарашайлық қоныстанып, бұл еліміздегі барлық қарашайлардың 46,2 % құрады. Ал Шымкент облысында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) 536 қарашай мекендеп, жалпы көрсеткіштің 26,1 % құрады. Бұл ретте қарашайлықтардың оңтүстік облыстарда көптеп қоныстанып, осы аймақтардан басқа облыс орталықтарына қоныс аудару үрдістері аз болғанын байқаймыз. Керісінше балқарлармен салыстырғанда қарашайлардың ішкі миграциялық үрдістерге белсенді қатыспағанын байқаймыз. Ал балқарлардың (1-кесте бойынша) қоныстануы мен ел ішіндегі миграциялық үрдістерде белсенді болғанын көруге болады.

Жоғары да кестелерден 1989 жылғы санақ мәліметтері бойынша қарашай мен балқарлардың аймақтарға орналасуындағы үрдістерді байқадық. Ал енді 1970 жыл мен 2009 жж. аралығындағы балқарлар мен қарашайлардың сандық көрсеткіштеріне тоқталғанды жөн көреміз. Себебі, екі этностың да еліміздегі демографиялық жағдайы күрделі құбылыстарға толы.

3-кесте. Қазақстандағы балқарлардың 1970–2009 жж. санақ материалдарындағы сандық көрсеткіштері [6, с. 4, 6, 9–10, 12, 16–17, 19]

Этнос

жылдар

1970

1979

1989

1999

2009

балқарлар

2714

2258

2926

2079

1798

Өсуі мен кемуі (–) 2009 ж.

балқарлар

–916

–460

–1128

–281

Қала тұрғындары

балқарлар

993

886

1327

776

632

Өсуі мен кемуі (–) 2009 ж.

балқарлар

–361

–254

–695

–144

Ауыл тұрғындары

балқарлар

1721

1372

1599

1303

1166

Өсуі мен кемуі (–) 2009 ж.

балқарлар

–555

–206

–433

–137

Бұл көрсетілген санақтарда балқарлардың өсуі мен кемуіне көз жеткіземіз. Мысалы 1970 жылғы мәліметте балқарлар 2714 адам болса, соның 993 қалада тұрған, керісінше 1721 балқар ауылдық жерді мекендеген. Ал 1979 жылғы санақта 2009 жылғы санақ мәліметімен алып қарағанда –460 адам, яғни 2258 адамды құраған. Осы тұста қала да және ауылдық аймақтарда да балқарлықтардың азайғанын көруге болады. 1989 жылғы санақта алдыңғы санақтарға қарағанда сан жағынан өсті. Бұл әсіресе қаладағы балқарлардың санының өскендігін байқаймыз. Алайда кейінгі 1999 жылғы санақта республика бойынша 2079 адамды құрап, оның 776 адамы қалалық, ал 1303 балқар ауылдық жерде тіркелген. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары миграциялық үрдістер балқарларды да айналып өтпеді. Санақтан көріп отырғанымыздай көпшілігінде 1999 жылғы және 2009 жылғы санақтарда қалалық балқарлар күрт азайған. Бұл жағдайды сол жылдары қалада тұратын өзге этнос өкілдерінің өз елдеріне немесе Ресейге көшуімен байланыстыруға болады. Ауылдық балқарлардың бірқатарының сақталуы және елімізде қалуы олардың шаруашылық жағдайына да байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл мәселеге аралас некенің де әсері болуы ықтимал.

4-кесте. Қазақстандағы қарашайлардың 1970–2009 жж. санақ материалдарындағы сандық көрсеткіштері [6, с. 4, 6, 9–10, 12, 16–17, 19]

Этнос

жылдар

1970

1979

1989

1999

2009

қарашайлар

2447

2082

2038

1400

995

Өсуі мен кемуі (–) 2009 ж.

қарашайлар

–1452

–1087

–1043

–405

Қала тұрғындары

қарашайлар

719

647

794

529

389

Өсуі мен кемуі (–) 2009 ж.

қарашайлар

–330

–258

–405

–140

Ауыл тұрғындары

қарашайлар

1728

1435

1244

871

606

Өсуі мен кемуі (–) 2009 ж.

қарашайлар

–1122

–829

–638

–265

Кестеден көріп отырғанымыздай еліміздегі қарашайлардың 1970 жылдан 2009 жыл аралығындағы санының өсуі мен кемуі көрсетілген. Алайда бұл екі этнос өкілдеріне де тән құбылыс айтарлықтай сан жағынан өспеген. Сондай-ақ санақ мәліметтері қарашайлардың көпшілігі ауылдық жерлерде мекендегенін байқатады. Соңғы 2009 жылғы санақ мәліметіне қарағанда елімізде барлығы 995 қарашай тіркеліп, оның 389 қала тұрғыны, 606 қарашай ауылдық жерлерде тіркелген. Бұл көрсеткіштерден шығатын қорытынды, қарашайлар мен балқарлардың 1957 жылдары реабилитациядан кейін Солтүстік Кавказға қайта көшу үрдістері болған. Себебі 1944 жылы жоғары да көрсеткендей Қазақстанға 25000 балқар күштеп қоныс аударылған. Ал осы сандық мәліметтің 20 жыл аралығында күрт төмендеуі сол жылдардың саяси және экологиялық жағдайларына тән емес. Сондықтан дәл осы тұста тек миграциялық үрдістер болды. Алайда еліміздің оңтүстік аймақтарында қалған қарашай-балқарлар осы күнге дейін Қазақстанның дамуын өз үлестерін қосып келеді. Бұл біртұтас түркі халықтарының туыстық бірлігін көрсетеді. Қазірде сол нәубет жылдары елімізге келген қарашай-балқарлардың және 1957 жылдары қайта көшкен қарашай-балқарлардың арасында байланыстар өте тығыз десек болады. Оның негізгі алғышарты Қазақстанның тәуелсіздік алуы болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздегі көптеген этностардың тарихи отанымен байланыстар орнатылып, мәдени және туыстық қатынастар қалыптасты. Бұл біздегі этностардың өз тілі мен мәдениетін жоғалтпай әрі қарай дамытуына септігін тигізуде.

5-кесте. 1999 жылғы санақ материалдары бойынша балқарлардың санының жыныс бойынша және орналасу ерекшеліктері [7, с. 6, 50–51, 53, 65–67, 77–78, 80, 92–94, 104–105, 107, 119–121, 131–133, 143–144, 146, 158–159, 161, 173–175, 182–184, 194–196, 206–208, 208–219, 221, 233–235, 237–238, 240]

Облыс

Жалпы адам саны

ерлер

әйелдер

Ақмола облысы

187

91

96

Ақтөбе облысы

17

7

10

Алматы облысы

683

325

358

Атырау облысы

4

1

3

Шығыс Қазақстан облысы

16

9

7

Жамбыл облысы

436

190

246

Батыс Қазақстан облысы

5

5

Қарағанды облысы

55

26

29

Қостанай облысы

19

12

7

Қызылорда облысы

2

2

Маңғыстау облысы

5

2

3

Павлодар облысы

239

119

120

Солтүстік Қазақстан облысы

21

13

8

Оңтүстік Қазақстан облысы

33

14

19

Астана қаласы

37

13

24

Алматы қаласы

320

153

167

Қазақстан бойынша

2079

975

1104

Кестеден белгілі болып отырғандай 1999 жылғы санақ бойынша еліміздегі балқарлардың жалпы саны 2079 адам болған. Соның басым көпшілігі Жамбыл облысында 436 балқар тұрады, оның 190 ер жынысты болса, 246 әйел адам. Сонымен қатар, Алматы облысында 683 балқар тіркеліп, оның 325 еркек, 358 әйелдер. Дәл осындай жағдай Алматы қаласында да тіркелген. Алматыдағы балқарлардың саны 1999 жылы 320 адамды құрап, оның 153 ер адам болса, тиісінше 167 адам әйелдер болып келеді. Павлодар облысында да 239 балқар болса, оның 119 ер адам, 120 әйел адам. Ал Ақмола облысында 187 адам, оның 91 ерлер, 96 әйелдер. Бұл беріп отырған мәліметтердің облыстарда көп кездеседі деп таңдағандарымыз. Ал қалған облыстарда тіпті аз кездеседі, әсіресе батыс облыстарда 4–5 адамды құраса, қалған облыстарда 20–50 адам аралығында. Ал жыныстық ерекшелігіне келетін болсақ сан жағынан бұлардың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.

6-кесте. 1999 жылғы санақ материалдары бойынша қарашайлардың санының жыныс бойынша және орналасу ерекшеліктері [7, с. 6, 50, 52–53, 65–66, 68, 77, 79–80, 92–94, 104, 106–107, 119–120, 122, 131–133, 143, 145–146, 158, 160–161, 173–175, 182–183, 185, 194–195, 197, 206–207, 209, 218, 220–221, 233–234, 236–237, 239–240]

Облыс

Жалпы адам саны

ерлер

әйелдер

Ақмола облысы

43

25

18

Ақтөбе облысы

6

5

1

Алматы облысы

71

33

38

Атырау облысы

2

2

Шығыс Қазақстан облысы

13

7

6

Жамбыл облысы

702

328

374

Батыс Қазақстан облысы

8

4

4

Қарағанды облысы

58

41

17

Қостанай облысы

9

6

3

Қызылорда облысы

3

1

2

Маңғыстау облысы

11

7

4

Павлодар облысы

7

4

3

Солтүстік Қазақстан облысы

6

2

4

Оңтүстік Қазақстан облысы

352

167

185

Астана қаласы

4

3

1

Алматы қаласы

105

57

48

Қазақстан бойынша

1400

692

708

Жоғарыда келтірілген 5-кестедегі балқарлардың көрсеткіштеріне қарағанда қарашайлардың өзіндік ерекшеліктері бар, себебі қарашайлардың басым көпшілігі оңтүстік облыстарды мекендеген. Оның ішінде Жамбыл облысында 702 адам болса, оның 328 ерлер, ал 374 әйел адамдар. Байқағанымыздай еліміздегі қарашайлардың 50 % осы Жамбыл облысында тұрады. Сәйкесінше Оңтүстік Қазақстан облысындағы қарашайлардың саны 352 адамды құрап, оның 167-сі ерлер, 185-і әйелдер болып келеді. Сан жағынан көп орналасқан аймақ бұл Алматы қаласы, онда қарашайлардың 105 адам тіркелген. Оның 57 ерлер болса, 48-і әйелдер. Бұл этностың осылай орналасуынан байқайтынымыз, олардың көп жылдардан бері ел ішіндегі миграциялық үрдістерден тыс қалғанын көрсетеді. Яғни депортацияланған кезде орналасқан жерлерінен аса көп қозғалмаған. Ал қалған облыстардағы қарашайлардың саны салыстыруға келмейді. Себебі аз шоғырланған. Бұл этносоциологияның заңдылықтарына сәйкес келмегендіктен бұл топтарды ерекшелеп көрсетпеуді жөн көрдік.

Екі туыс этностың 2009 жылғы санақ материалдарындағы мәлімметтердегі орналасуына тоқталатын болсақ, келесідей көрініс береді.

7-кесте. 2009 жылғы санақ бойынша балқар және қарашай этностарының саны мен орналасуы және жынысқа бөлінуі [8, с. 4, 6–8; 9, с. 4, 6–8; 10, с. 4, 6, 8; 11, с. 4, 6–7; 12, с. 4–5, 7; 13, с. 4, 6–8; 14, с. 4, 6, 8; 15, с. 4, 7–8; 16, с. 4–6; 17, с. 4, 6–7; 18, с. 4, 6, 8; 19, с. 4, 6–8; 20, с. 4, 6–8; 21, с. 4, 6, 8; 22, с. 4; 23, с. 4]

Облыстар

этностар

Жалпы адам саны

ерлер

әйелдер

Қала тұрғыны

Ауыл тұрғыны

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

Ақмола облысы

балқар

116

53

63

24

34

29

29

қарашай

35

20

15

2

3

18

12

Ақтөбе облысы

балқар

54

32

22

23

12

9

10

қарашай

4

3

1

2

1

1

Алматы облысы

балқар

578

289

289

15

15

274

274

қарашай

33

18

15

3

6

15

9

Атырау облысы

балқар

24

14

10

9

9

5

1

қарашай

1

1

1

Батыс Қазақстан облысы

балқар

11

6

5

5

3

1

2

қарашай

7

5

2

5

2

Жамбыл облысы

балқар

341

176

165

17

17

159

148

қарашай

543

276

267

74

65

202

202

Қарағанды облысы

балқар

93

38

55

29

46

9

9

қарашай

32

23

9

19

8

4

1

Қостанай облысы

балқар

28

18

10

4

4

14

6

қарашай

2

2

1

1

Қызылорда облысы

балқар

3

3

0

3

0

қарашай

7

3

4

3

4

Маңғыстау облысы

балқар

7

3

4

2

4

1

қарашай

5

3

2

3

2

Оңтүстік Қазақстан облысы

балқар

36

18

18

10

10

8

8

қарашай

196

100

96

34

28

66

68

Павлодар облысы

балқар

242

128

114

45

45

83

69

қарашай

9

6

3

4

2

2

1

Солтүстік Қазақстан

балқар

23

13

10

6

4

7

6

қарашай

5

2

3

1

1

1

2

Шығыс Қазақстан облысы

балқар

13

5

8

4

4

1

4

қарашай

8

4

4

3

4

1

Астана қаласы

балқар

44

16

28

қарашай

10

6

4

Алматы қаласы

балқар

185

84

101

қарашай

98

56

42

2009 жылғы санақ қорытындылары бойынша балқар және қарашай этносының саны мен орналасуын нақты анықтадык. Соның ішінде бұл этностардың еліміздің оңтүстік өлкелерін мекендеп отырғанын көреміз. Бұл олардың шаруашылық жүргізуіне қолайлы, табиғи-климаттық жағынан тиімді мекен болып табылады. Зерттеу нәтижесінде қарашайлар мен балқарлардың өте жиі қоныстануы және ұқсас дәреже көрсетуі Жамбыл облысындағы үрдістерге тән екені анықталды. Алайда басқа да оңтүстік аймақтарда ауыспалы дәрежеде екі этнос кезекпен белсенділік алады. Оның ішінде балқарлардың Павлодар облысында тұрақтап қалуы Кавказ халықтары үшін ерекше құбылыс ретінде көрсетуге болады. Ал қарашайлардың тек Жамбыл облысына ерекше тұрақтануы тек қана саяси жағдай емес, сонымен қатар, олардың атамекені Солтүстік Кавказдағы мүмкіндіктерді еліміздің осы аймақтарында ұқсастықтардың болуын дәлелдейді. Жалпы еліміздегі түркі тектес этностардың көпшілігі ауылдық жерлерде орналасқандықтан, бұл екі туыс этносқа да осындай ерекшелік тән. Осы құбылыс келесі санақтарда қарашай-балқарлардың санының көбеюін ауылдық жерлерде тұратын өкілдерімен байланыстыруға болады.

Сондықтан келешекте бұл этностардың өсу динамикасын немесе азаю құбылыстарын нақты анықтау үшін жас ерекшелік жағынан жаңаша зерттеуді талап етеді. 

Әдебиеттер тізімі:

1 Бизақов С. Түбі бір түркілер. – Алматы, 2000. – 320 бет.

2 Население Казахстана по Всесоюзной переписи населения 1939 года. В 5-ти томах. 1 том. – Алматы, 2009. – 400 стр.

3 История Казахстана: народы и культуры: учеб. пособие / Масанов Н.Э. и др. – Алматы, 2001. – 608 с.

4 ГАРФ, ф. 9479, оп. 1, д. 182, л. 209.

5 Депортированные народы в Казахстан: время и судьбы. – Алматы, 1998. – С. 241.

6 Национальный состав, вероисповедание и владение языками в Республике Казахстан // Итоги национальной переписи населения 2009 года в Республике Казахстан. Статистический сборник / под ред. А. Смаилова. – Астана, 2010. – 297 с.

7 Национальный состав населения Республики Казахстан. Том 4. Часть 1. Население Республики Казахстан по национальностям, полу и возрасту / Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Статистический сборник / Под ред. А. Смаилова. – Алматы, 2000. 242 стр.

8 Акмолинская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 150 с.

9 Актюбинская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 130 с.

10 Алматинская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 162 с.

11 Атырауская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 118 с.

12 Западно-Казахстанская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 124 с.

13 Жамбылская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 132 с.

14 Карагандинская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 160 с.

15 Костанайская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 148 с.

16 Кызылординская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 106 с.

17 Мангистауская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 120 с.

18 Южно-Казахстанская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 150 с.

19 Павлодарская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 144 с.

20 Северо-Казахстанская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 138 с.

21 Восточно-Казахстанская область. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 150 с.

22 Город Астана. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 74 с.

23 Город Алматы. Итоги Национальной периписи населения Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник / Под ред. Смаилова А.А. – Астана, 2011. – 118 с.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз