Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б.

ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 1 (09)

Тегтер: академия, минералогия, геология, ғалым, сөздер:, Кілт, қара, металургия
Автор:
Мақалада Қаныш Имантайұлы Сатпаев – ғалым, белгілі қоғам қайраткері, тау кен ісінің негізін қалаушы, әрі Қазақстандағы кең орындарын тауып, зерттеуші ірі ғалымның еңбек жолы мен қызметі туралы қамтылған. Қ.И.Сәтбаевтың танымдық диапазоны жаратылыстану ғылымымен ғана шектелмеді, ғалым артынан ғылымның қай саласы болмасын мол мұра қалдырған. Академиктің геологиядан кейінгі рухани мұрасы ұлттық мәдениет, әдебиет, қазақ этнография және өнермен тығыз байланысты, көпшілікке белгілі педагогика мен әдебиет саласындағы еңбектері бар.
Мазмұны:

Ұлы тұлғалар болашақ ұрпақтың санасында, рухани өмірінде өзіндік  орын алу үшін олардың өмірбаяны мен қызметі туралы  толық мағлұматтар мен дәйекті зерттеулердің маңызы зор.

Қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш академик,елімізде тау –кен ғылымының негізін қалаған ғалым –Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қазақстан ғылымының орасан зор табыстарға жетіп, әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген , дүниежүзіне  танымал, халқының сүйікті перзенттерінің бірі – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев артына көп салалы ғылыми мұра қалдырған энциклопедияшыл білгірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев « Біздің қазақ даласы қай заманда да дарынды адамдарға кенде болмаған, әлемдік өркениетке сом үлес қосқан, осыдан мың жыл бұрын жасаған әл-Фарабиден бастасаңыз,500 жыл бұрын Мұхаммед Хайдар Дулатидан бері қарай таратсаңыз,Абай мен Шоқанға дейінгі аралықта ғылым аспанында халқымыздың құйрықты жұлдызы болып аққан талай перзенттерін атауға болады. Ендігі жерде  сол есімдерге бүгінгі тәуелсіздік тұрғысынан  лайықты бағасын беру, ұлтымыздың мақтанышы – адамзаттың мақтанышы екенін көрсете білу баршаңыздың сіздер мен біздердің парызымыз,– деп атап көрсеткен болатын[1,5- б.]. Елбасы атап көрсеткендей ХХ ғасырдағы қазақ халқының дарынды перзенттерінің бірегейі Қ.И.Сәтбаев болды. Ғалым артынан ғылымның қай саласы болмасын  мол мұра қалдырған, тұңғыш  тау –кен инжинер геологы, Қазақстан ғылымының атасы. Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы[2,617-б.]. Ғалымның бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді.  Академик Қ.И. Сәтбаевтың еңбектерінің басым көпшілігі рудалық кендер геологиясын және Қазақстанның минералдық ресурстарын зерттеуге арналған. Пайдалы қазындылардың болжам карталарын құрастырудың принциптерін айқындаудағы ғалымның еңбегі өте зор, ол Одақтағы металлогения ғылымын жасаушылардың бірі және қазақстандық тау –кен мектебінің негізін қалаушы болып табылады.

Қазақстандағы қара металургияны дамытудың үлкен маңыздылығы бойынша қырықыншы жылдардың басында республика аумағында ірі металлургия заводын салу мәселесі көтерілді. Сол кездерде КСРО Ғылым Академиясы Қазақстандағы филиялының Геология институтында Қ.И. Сәтбаевтың иннциативасы бойынша Қазақстандағы темір мен марганец кең орындарының геология – экономика сипаттамаларын беру және болашақ металлургия заводының шикізат қорын әрі қарай ұлғайту жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды.Қаныш Имантайұлы өзінің әріптестерімен бірге 1942 жылы осы заводты салатын жерді белгілейтін Үкімет комиссиясының жұмысына қатысты. Олар сонда Қарағанды қаласының іргесіндегі Теміртау алабын таңдап алды.Осыған орай республикада барлық ғылыми зерттеу мекемелерінің жұмысын үйлестіріп отыратын ғылыми –техникалық кеңес құрылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан, Орал, Батыс Сібір ресурстарын қорғаныс мұқтажына жұмылдыру мақсатымен құрылған КСРО Ғылым Академиясының В.Л. Комаров басқарған комиссиясы Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құру қажет екендігін айғақты фактілермен дәлелдеген болатын, ал оның жұмысына Қ.И. Сәтбаев та белсене араласты.  1942 жылы күрделі деп бағаланған «Қазақ ССР –дегі Жезқазған аймағының кен орындары»деген еңбегі үшін Қаныш Имантайұлына КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.Сол жылдың август айында ғылыми еңбектерінің жинағы бойынша және ғылымды ұйымдастырудағы зор еңбегі үшін ол геология- минералогия ғылымдарының докторы дәрежесін алды[3, 20-21-б.].

Ұлы Отан соғысы кезеңі КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы үшін күрт өсу жылдары болды. «Филиялдағы ғылыми жұмыстардың өте –мөте анағұрлым өсуі біздің еліміздің қанқұйлы жауға қарсы қайрат күш жұмылдырған Ұлы Отан соғысы кезінде байқалды, – деп жазды 1946 жылы Қ.И. Сәтбаев – сол жылдары Қазақстанға көптеген ірі қорғаныс зауыттары көшіп келді, Қазақстан майданды металмен, қару–жарақпен және азық-түлікпен қамтамасыз ететін қуатты арсеналға айналды, ҚазҒАФ қорғаныс өнеркәсібіне барлық күштермен көмектесті, республикадағы табиғи ресурстарды ел қорғанысы үшін тауып, жұмылдырып, өте –мөте қатты дамыды»- деген болатын[4, 9-б.].

1946 жылы 1 маусымда  республика өмірінде қазақ халқының ғылымы мен мәдениетінің дамуында үлкен серпіліс болып,айырықша мәнді оқиға болғаны бәрімізге мәлім.Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылып, оның тұңғыш президенті болыпҚ.И.Сәтбаев сайланды.Республиканың ғылыми орталығында бұл уақытта 1500-ден астам адам,оның ішінде 78 ғылым докторлары және профессорлар, екі жүздей ғылым кандидаттары жұмыс істейтін. Сонымен бірге қазақ ғалымдарының да саны өсті, олардың арасында 12 ғылым докторлары және отыздан астам ғылым кандидаттары болды[3, 23-б.].

Қ.И.Сәтбаевтың айтуы бойынша қазақстан ғылымының 1932-1951 жылдарға дейін 20 жылдық тарихын үш кезеңге бөлуге болады: 1932-1940жж., 1941-1945 жж., 1946-1951жж. [4, 105 -б.].Ғылым академиясы-бірінғай ұйымдық құрылымға біріктірілген әр түрлі профильді ғылыми мекемелердің жүйесі, Қазақстан халық шаруашылығы үшін тіршілікке маңызды проблемалардың кең ауқымын жан-жақты кешенді зерттеуге мүмкіндік жасады. 1951 жылы ҚазКСР Ғылым академиясы республиканың ірі кешенді орталығына айналды. Академияда төрт бөлімге біріктірілген 20 институт 12 сектор жұмыс істеді. Сондай - ақ академия құрамында 8 кешенді ғылыми зерттеу базалары, обсерватория, республикалық ботаникалық бау, іргелі ғылыми кітапхана, ғылыми журналдар мен монография шығаратын баспахана т.б. кірді. Академияның құрамында 1951 жылы 55 ғылыми мекемелер жұмыс істеді, қызметкерлердің саны 200  адамнан асты, олардың ішінде 64 ғылым докторлары, 275 кандидат және 200- ден астам аспиранттар болды[4, 105-106 - б.].Бұл кезеңдерде  ғылыми кадрлар  жылдан -жылға өсіп, ғылымның дәуірлеу кезеңі байқалды.Жыл өткен сайын Ғылым академиясының зерттеу жұмыстарының тақырыптарында ірі кешенді халық шаруашылық проблемаларының басым салмағы тікелей артып, өнеркәсіптік жағынан маңызды аймақтарының даму мәселелері жан-жақты зерттеуге бағытталып, күнен күнге дамыды.

Қаныш Имантайұлы үшін өмірінің басты мазмұны өз Отаны – Қазақстанына деген шексіз сүйіспеншіліктен тұрғандығынан, ғалым республиканың халық шаруашылығы мен мәдениетін жедел көтерудің ықпалды құралы болды.«Қаныш Имантайұлы кабинеттік ғалым емес еді,– деп еске алады, академик Н.В. Мельников - ол ғылым мен практиканың тұрақты байланысын және өндірістің мүддесін ескеру ең басты деп санады.Ғылымды ол еліміздің күштерін дамытуға қуатты көзі деп, есептеді[4, 107б.].Ғылым кадрларын даярлау мен тәрбиелеуде Қ.И. Сәтбаевтың рөлі өте зор болды. Ол қырықыншы жылдардың басынан бастап, ғұмырының аяғына дейін Қазақ КСР Ғылым академиясы мен тау –кен маман-кадрларын даярлауда тікелей өзі араласып, артынан көптеген шәкірт тәрбиелей білген – Ұлы тұлға болды. Академик, Д.В. Наливкин «Халық тарихында кез – келген  жеке адамның рөлі соншалықты емес. Ал кейде, тіпті жүз жылда бір рет кемеңгер, жарқын, халқына мақтаныш болатын тұлғаның тууы мүмкін. Қаныш Имантайұлы ғылымның нағыз басшысы болды. Ол қандай жұмысты бастамасын, ол жұмыс қандай көлемде болса да, ол әрдайым даусыз басшылық ететін, әрі жұмыстың құндылығы да артатын. Осы ерекше қызмет орында ол өмірінің соңғы күндеріне дейін істеді. Қатты науқас бола тұрып, ол соңғы күшін қызметке жұмсады. Осы қызметте – қазақстандық ғылымның басшысы қызметінде  қайтыс болды» – деп, өзінің естелігінде келтірген екен [5,135 - б.].

Ол өзінің көп жылғы жемісті еңбектерімен Қазақстанның геологиясы мен металлогениясын зерттеу тарихында терең із қалдырды. Жүргізілген жұмыстың ерекше мақсатқа бағытталғандығының және оның коллективті түрде атқарылуының – басқару ісінің бір орталықта болуының арқасында 1953 жылдың басында Орталық Қазақстан бойынша көп материалдар жинап, талдау жұмыстары аяқталды.1954 жылы алғашқы карталар макеттерін және жүйелендірілген металлогениялық болжам карталарының өзін жасау аяқталды. 1954 жылы Қ.И. Сәтбаев былай деп жазды: «Металлогениялық болжам картасы әр аймақтың геологиясы мен металлогениясы туралы біздің ұғымымыз пирамидасының шыңы болуы керек». Қазақстандық металлогения мектебі осылай туды. Бұл дүние жүзінде алғашқы металлогениялық болжам картасы да еді. 1958 жылы металлогениялық болжам карталарының методологиялық негізін дайындағаны және оларды жасап шығарғаны үшін Қ.И. Сәтбаев бастаған бір топ Қазақстан ғалым –геологтарына Лениндік сыйлық берілді[3, 23-24 - б.].

Академиктің бастамасымен республикада  тың игеру жылдарында тыңайған жерлерді  игеретін аудандарды су және құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуі үшін Маңғышылақ, Мұғаджар және Торғай төңіректерінің табиғи минералды ресурстарын зерттеу бойынша көптеген жұмыстар атқарды.Қазақ КСР Ғылым академиясы ғалымдарының тың және тыңайған жерлерді игеру ісіне қосқан үлестерін  кеңестік үкімет жоғары бағалап, 1957 жылы  олардың біразы жоғары үкімет наградаларына ие болып, ал Қ.И. Сәтбаевқа үшінші Ленин ордені берілді. Ғалым өзінің барлық творчестволық өмір жолының ескерткіші етіп Үлкен Жезқазғанды, Геологиялық ғылымдар институтын, Қазақ КСР Ғылым академиясын ғана қалдырып қойған жоқ, оның тынымсыз зор еңбегінің, атқарған ауқымды істерінің нәтижелерін бүгінде еліміздің жоғары дамыған халық шаруашылығының әр саласында көре аламыз, олар – Қарағанды металлургия зауыты, Соколов – Сарыбай комбинаты, Атасу темір рудалары, Алтай кен орындары, Қаратау фосфариті мен полиметалл кен орындарының игерілуі болып табылады.

Жезқазған қаласы бертінде Сәтбаев атанған кеншілер қаласы ғалымның ұшқыр ойы жобалаған, кезінде қиал сияқтанған шәріге айналған-ды.Жаңа қалада мыс өндірісі мен осы өңірдің ерте заманнан бергі үлкен ғұмыр тарихын баяндайтын мұражай жұмыс істейді, оның бір залы геолог Сәтбаевтың Ұлытау қазынасын ашудағы ұлан –ғайыр еңбегін әйгілеуге арналған (Қ.И. Сәтбаев отбасымен 12 жыл тұрған Қарсақбайдағы ескі үйде – ғалымның мемориалдық тарихи мұражайы орналасқан)[6, 464- б.].

Академиктің геологиядан кейінгі рухани мұрасы ұлттық мәдениет, әдебиет, өнерге тығыз байланысты болды.Ол көркемсөз  өнері мен өнерге тым ерте араласты.Академик ғылымның әр саласында ұлан ғайыр көп қырлы қазына қалдырды. Сол бай қазынының бірі әдебиет пен өнер саласындағы еңбектері болды. Оның ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ағартушы демократтары – халқымыздың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы А. Құнанбаев, ағартушы – педагог Ы.Алтынсариндер туралы жазған еңбектері бар. Ғалым жас кезінде халық ауыз әдебиетін жан тәнімен жақсы көріп, әр түрлі тақырыптардағы ақын жазушылардың шығармаларын оқып, олардан түйген ойларын жарыққа шығару ісімен де айналысқан.Ғалымның 1927 жылы Мәскеу қаласында СССР Халықтары баспасынан «Ер Едіге» атты кітабы жарыққа шықты. Жарыққа шыққан кітапқа оның даярлаған Едіге батыр  жырының мәтіні және ғылыми алғы сөзі енді. Шоқан Уәлиханов пен профессор П.М. Мелиоранский жариялаған Едіге батыр жырының  варианты  текстіндегі араб және татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясы негізінде қайтадан дайындап шығарған нұсқасы болатын.

Ғалым туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Жанұзақов: «Оның куәсі –«Ер Едіге» және тағы басқа дастандардыжариялауы. Өзі президент болып тұрған кезінде туған тілі мен әдебиет мәселесіне ерекше назар аударуы, әрқашан қолдап, қолпаштап, жағдай жасап отырғаны мұның толық дәлелі» -деп, еске алады[7, 74-75 - б.].Туған тілі мен мәдениетін, тарихын қастерлеу әрбір халықтың  перзентінің борышы болып табылады. Шындығында  академик Қ.И.Сәтбаев ана тілін зерттеу, этнографиялық тұрғыдағы материалдар жинауда көптеген қаражаттар бөліп, қазақ тілі мен тарихының дамуына, тілідің құнарлы байлығын сақтау, ел аузындағы ескі сөздерді жинау мен әдеби тілге енгізу барысында айтқан пікірлері мен оны зерттеудегі үлесі мол. Ғалымның республикамыздағы жер –су аттарын жинауда және оны ғылыми тұрғыдан зерттеуде жыл сайын ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, оны жүргізу ісінде де мұрындық болды. Кезінде тарихи тұрғыдан материалдар жинап, ауыз әдебиеті мен тарихын зерттеу барысында археологиялық, этнографиялық, фольклорлық экспедицияға жіберу мен оны қолға алғанда ғалымның өзі болатын.  ХХ ғасырдың –  Ұлы тұлғасы, ғалымҚаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірінің ір кезеңінде баспа бетіне жарияланып, көпшілік оқырманының игілігіне арналған қазақтың тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулері қоғамтанушы ғылымдарының іздену жұмыстарын жүргізуде теориялық және практикалық тұрғыдан көмегі мол ғылыми мұра болып табылады.

Ғалым қазақ халқының ұлы перзенті, ол өз халқын ғылым мен білімге, өнер мен өркениетке шақырып, қолынан келген көмегін аямады.Оның қамқорлыңы арқасында ғылымға бет бұрған жастар ғылым кандидаттары, докторлары деген атаққа ие болды.

Көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері, қазақстан ғылымының жетекшісі –Ұлы тұлға Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өз халқы үшін орасан зор қызмет жасап,артынан өшпестей бай мұра қалдырды. Сондықтан болар  ХХ ғасырдың аяғында халық оны «Ғасыр адамы» деп атады.

Әдебиеттер

1. Қаныш Сәтбаев. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,  –2011. – 664 бет+ 40 бет түрлі түсті суреттер.

2. Қазақстан Ұлтттық энциклопедиясы. – 7 том. –Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы,  –2005.,  – 728 бет.

3.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.Қазақстан ғалымдарының библиографиялары. – Алматы: ҚазақССР– нің ғылым баспасы. – 1989. – 159бет.

4.Әлжанов.Т.М., Сәтбаева М.К. Қаныш Сәтбаев қазақ елінің тұлғасы. –Алматы: Ғылым ғылыми баспа орталығы., – 2002. –164 бет.

5. Наливкин Д.В.  // Академик К.И. Сатбаев . – Алматы., Ғылым баспасы. – 1965.39– 40 беттер.

6. Сәрсеке М. Дара дарын .Роман – эссе. – Астана : Фолиант, 2008.– 484 бет.

7. Жанұзақов Т. Қазақстан ғылымының атасы. // Қ.И. Сәтбаев және Қазақстанның қоғамық ғылымдары. – Алматы., Ғылым баспасы. – 142 бет

References

1.  Kanysh Satbayev. Ensyklopediya.- Almaty: «Kazakh ensyklopediya», - 2011. – 664p + 40 p differ colorful  pictures

2.  Kazakhstan Ulttyk ensyklopediyasy.- 7 tom. –Almaty: Kazakh ensyklopediysynyn bas redaksyasy,- 2005.,- 728p.

3.  Kanysh Imantayuly Satpayev.Kazakhstan galymdarynyn byblyographyalary. – Almaty: Kazakh SST gylym baspasy. – 1989. – 159 p.

4.  Alzhanov T.M. Satpayeva M.K.  Kanysh Satpayev Kazakh elynyn tulgasy. – Almaty: Gylym gylymy baspa ortalygy., - 2002. -164p.

5.  Nalyvkyn D.V.// Academyc K.I. Satpayev.- Almaty., Gylym baspasy.- 1965. 39-40p

6.  Sarseke M.Dara Daryn. Roman- esse.- Astana: Folyant,2008.-484p.

7.  Zhanuzakov T. Kazakhstan gylymnyn atasy. // K.I. Satpayev zhane kazakhstannyn kogamdyk gylymdary.- Almaty., Gylym baspasy.-142p.

Г.Б.КОЗГАМБАЕВА

ВЫДАЮЩИЙСЯ ГЕОЛОГ И УЧЕНЫЙ КАНЫШ ИМАНТАЙУЛЫ САТБАЕВ

Аннотация

Каныш Имантаевич Сатпаев - ученый, видный общественный деятель. Он является и основоположником, и ведущим научным исследователем всех крупных месторождений Казахстана. Диапазон интересов академика К. И. Сатпаева был необычайно широк и выходил за рамки естественных наук. Он был большим знатоком казахской истории, литературы, культуры, этнографии, музыки и фольклора, общеизвестны его археологические изыскания на территории Центрального Казахстана, а также труды по педагогике и литературе.

Ключевые слова:ученый, геология, минералогия, металургия

G.B.KOZGAMBAEVA

  (al-Farabi Kazakh national university,candidate of historical Sciences,department

of Archaeology ethnology and museology)

  •   OUSTANDING GEOLOG VERSUS SCIENTIST KANYSH IMANTAEVICH SATBAYEV

Annotation

Kanysh Imantaevich Satbayev - a scientist, a prominent public figure. He is also the founder and top researchers all major fields of Kazakhstan. The range of of academician interests KISatpaev was unusually wide and goes beyond the natural sciences. He was a great connoisseur of Kazakh history, literature, culture, ethnography, music and folklore, generally known of his archaeological research on the territory of Central Kazakhstan, as well as writings on pedagogy and literature.

 Keywords: scientist, geology, mineralogy, metallurgy


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 44072

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

Солтүстік Қазақстандағы "АЛЖИР" әйелдер лагерінің тарихы: тарихнама және мұрағаттық деректер ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ХІХ-ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ УДК 902 «63» (574.13) ИЗУЧЕНИЕ КАМЕННЫХ КОЛЛЕКЦИЙ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОГО НАУЧНО-КОЛЛЕКЦИОННОГО КАМЕННОГО ФОНДА И РЕГИОНАЛЬНОЙ ГЕОЛОГИЧЕСКОЙ ВЫСТАВКИ ӘОЖ 913.1/913.8 ҚАРАТАУДЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫНАН. ХVІІІ – ХІХ ғғ ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДЕПТІК ТӘСІЛДЕРІ ҒТАМР 03.20.00 ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ САЛЫҚ БАБАЖАНОВ ҒТАМР 03.20.00 МӘЛІМ ДЕ БЕЙМӘЛІМ МҰХАММЕД-САЛЫҚ БАБАЖАНОВ ҒТАМР 16.01.45 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХЫ

Автордың мақалалары

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН ОНЫҢ ТАРИХИ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚАРУ– ЖАРАҚТАРЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН ОНЫҢ ТАРИХИ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ