Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » ӘОЖ 314 (574)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ (тарихи-демографиялық талдау)

ОМАРОВА Г.А. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2-курс магистранты

ӘОЖ 314 (574)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ (тарихи-демографиялық талдау)

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4

Автор:
Аңдатпа Мақалада Қазақстан республикасы халқының 1989-2009 жж. арасындағы демографиялық дамуы қарастырылады. Сонымен қатар қала мен ауыл халқының саны, ұлттық құрамындағы өзгерістер көрсетіледі. Түйін сөздер: Қазақстан, демография, санақ, көші-қон, ұлттық құрамы, саны.
Мазмұны:

КСРО ыдырағаннан кейін құрамындағы республикалар өз тәуелсіздіктеріне ие болды. Осының нәтижесінде күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары пайда болды. Мұндай жағдайды егеменді еліміз – Қазақстан Республикасы да бастан кешірді. Бұл кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі – халықтардың жалпы санының кемуі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы осының  нәтижесінде табиғи өсімнің құлдырауы. Осы келең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қон нәтижесінде өсті.

Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер арасында халықтың саны жағынан Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды иеленеді, ал территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орында.

Қазақстан  2724,9 мың шаршы километрге тең кең байтақ аумақты алып жатса да, халық аз қоныстанған ел болып табылады. Бірінші Ұлттық санақ деректеріне сәйкес, халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге небәрі 5,5 адамды құрады. Қазақстан халқына 14 әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) бойынша біркелкі орналаспау тән. Қала және қала секілді поселкалар саны - 284. Халқының тығыздығы 1 шаршы километрге 16,9 адамнан келетін Оңтүстік Қазақстан облысы халқы ең тығыз орналасқан аумақ болып табылса, Маңғыстау облысында халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 1,9 адамды құрады. 1997 жылы Қазақстан Республикасында ауылдық аудандар мен әкімшілік аумақтардың шекарасын өзгерту туралы реформа жүргізілді, соған сәйкес республикадағы 19 облыс 14 облыс болып қайта құрылды [1].

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде халқымыздың  демографиялық және әлеуметтік дамуы да ірі-ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады. 

Қазақстандағы 16 млн. халықтың аймақтық орналасу ерекшеліктері әртүрлі еді. Республика халқының 45,2% Оңтүстік аймақта, 23,0% - Солтүстік аймақта, 14,4% - Батыс, 8,9% - Шығыс, 8,5% - Орталықта өмір сүреді. Оңтүстік аймақ тұрғындары үлесі 1989-2009 жж. 6,9%, ал адам саны 15,9% (яғни 935 мың) өсті. Солтүстіктің 4 облысы тұрғындары саны 1 млн 114 мыңға азайды, тек Астана тұрғындары 358 мыңға көбейіп, аймақ үлесі 4,1% кеміді. Сол сияқты, Шығыс және Орталық аймақтардың тұрғындары да азая түсті: олардың үлесі тиісінше 10,9%-дан 9,0%-ға, 10,8%-дан 8,5%-ға дейін төмендесе, тұрғындар саны тиісінше 19,8% және 22,7%-ға азайды. Батыста, Оңтүстік сияқты, үлесі 13,0%-дан 14,4%-ға көтеріліп, тұрғындар саны 7,0%-ға көбейді [2].

20-жылдың ішінде халық саны қайта қалыптасып, бұрынғы деңгейіне келуі табиғи өсім мен көші-қон процестерінің оң бағыт алуының нәтижесі болды.  Көші-қон процестері де әртүрлі, қарама-қайшылықтарға толы кезеңдерді басынан өткізді. Кеңес өкіметі дәуірі соңында, 1970-1980 жж. басталған теріс айырым (сальдо-келгендерден кеткендердің көптігі) тәуелсіздік жағдайында – 13 жылдай (1991-2003 жж. арасында) күрт көтеріліп кетті, оның шыңы 1994 ж. болып, теріс айырым 406,6 мыңнан асып түсті, жалпы осы 13 жылдың ішінде еліміз тек көші-қонның өзінен 2 108,5 мың адамы кеміп қалды [3].

Кеткендер ең алдымен европалық этнос өкілдері, оның ішінде әсіресе орыс, украин мен белорустар және немістер өз тарихи отандарына қайта оралды. Тек 1993-2004 жж. арасында көші-қон теріс айырымында орыстар саны 1 206,7 мың, немістер 531,2 мың, украиндер 177,5 мыңға дейін жетті. Жалпы 1991-2009 жж. теріс айырым бойынша 2 млн. 058 мың адам шетелдерге кетсе, соның басым көпшілігі Ресей мен Германияға барды, олардың 1 370 мыңы орыстар, 690,1 мың немістер, басқа ұлт өкілдері – 398,7 мың еді [4]. Дегенмен көші-қонның да оң нәтижелері де болды – ол шетелдерге ауып кеткен отандастарымыздың өз еліне қайта оралуы еді. Бұл толқынмен келген оралман бауырларымыз Кеңес өкіметі дәуірінде аштық пен қуғын-сүргінге ұшырап, ауа көшкендер мен солардың ұрпақтары болатын. Жалпы тәуелсіздік жылдары ресми мәлімет бойынша 750 мыңдай қазақ өз Отанына оралды, оған еңбек етуге және оқуға келгендерді қоса есептесек, 1 млн-дай қазақ қайта оралған екен. Сөйтіп, көші-қон процестерінің қайта қалпына түсуі еліміздегі халық санының бұрынғы деңгейіне жетуіне әсер етті.

Қазақстан республикасында жүзден аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер қатарындағы бірден-бір мемлекет Қазақстан Республикасы өзінің территориясындағы барлық ұлт өкілдерінің тілінің, мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөліп отырған ел. Оны біз кейінгі санақ қорытындыларынан да көре аламыз. Бізде барлық ұлт өкілдерінің өз тілінде білім алуына мүмкіндіктер жасалған, әр ұлт өкілінің мәдени орталықтары бар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан аз ұлттардың Ассоцациясы құрылған. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап бір ұлт өкіліндей ел экономикасын дамытуға үлес қосуда.

Көші-қон процестердің әсерінен Қазақстандағы көп ұлттың  құрамы үнемі артып отырды: егер 1920 жылы 30 халықтың өкілі тіркелсе, 1970 жылы 114, ал 1986 жылы 120 болды.  Ал қазіргі кезеңде елімізде ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде 8 ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар және беларустар – саны жағынан көп болып табылады, олардың үлесіне елдегі барлық халықтың 95,7% келеді.

1-кестеде көрсетілгендей, ұлттық құрамның күрт өзгеруі ең алдымен қазақтардың үлесі көбейгені мен европа ұлт өкілдерінің азаюынан көрініс тапты. Қазақтар 1989 ж. 40,1% болса, 1999 ж. – 53,5%-ға, ал 2009 ж. – 63,1%-ға жетті, яғни осы 20 жыл ішінде олардың үлесі 23,0%-ға өсті, саны 6 млн 496 мыңнан 10 млн 96 мыңға жетіп, 3 млн 600 мыңға өсті, яғни 55,4%-ға көбейді [5].

1-кесте Қазақстан республикасының ұлттық құрамы

Ұлттар

мың адам

үлесі, пайызбен

санақ қорытындысы бойынша

санақ қорытындысы бойынша

1989 ж.

1999 ж.

2009 ж.

1989 ж.

1999 ж.

2009 ж.

Барлығы

16199154

14953126

16009597

100

100

100

қазақтар

6496858

7985039

10096763

40,1

53,5

63,1

орыстар

6062019

4479620

3793764

37,4

29,9

23,6

украиндар

875691

547054

333031

5,4

3,7

2,1

өзбектер

331042

370663

456997

2,0

2,5

2,8

немістер

946855

353441

178409

5,9

2,4

1,1

татарлар

320747

248894

204229

2,0

1,7

1,3

ұйғырлар

181526

210365

224713

1,1

1,4

1,4

беларустар

177938

111927

66476

1,1

0,8

0,4

корейлер

100739

99665

100385

0,6

0,7

0,6

азербайжандар

88951

78295

85292

0,6

0,5

0,5

түріктер

49475

75933

97015

0,3

0,5

0,6

поляктар

59354

47297

34057

0,7

0,3

0,2

басқа ұлттар

567313

392230

338466

3,5

2,5

5,0

Қазақтар көптеген ғасырлар бойы алғаш рет 10 млн-нан асып, өз елінде тәуелсіздік жылдары басымдыққа ие болды. Кеңес заманында, 1931-1933 жж. ашаршылықта жаппай қырғынға ұшыраған қазақтар үлесі 1939 ж.- 38,9%, ал 1959 ж. - 29,8%-ға дейін құлдырап, тек 1960-1980 жж. табиғи өсім арқылы 1980 ж.- 40,1% әзер жеткен-ді. Енді 63,1% болып, Қазақстан халқының демографиялық даму көздері мен жолдарын, табиғи өсім, көші-қон, жастық-жыныстық құрамын, білім деңгейін, қала мен ауыл, аймақтар мен облыстарға орналасу ерекшеліктерін де анықтайтын, еліміздің санын да, өсу бағытын да өзі ғана белгілейтін дәрежеге көтерілген көш басшы ұлтқа айналды.

Қазақтардың аймақтар  мен облыстарға орналасуы дәстүрлі түрде күшейе түсті: тәуелсіздік жағдайында қазақтардың жартысынан көбі – 50,4% - Оңтүстікте орналасуы ерекшелене түсті, ал қалған қазақтар Батыста – 19,1%, Солтүстікте – 16,9%, Шығыста - 8%, Орталықта – 6,2% еді. Қазақтардың үлесі Қызылорда облысында 95,2%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 72,3%, Жамбыл облысында – 71,30%, Алматы облысында – 67,6%, Алматы қаласында – 53,0%, Атырау облысында – 91,1%, Маңғыстау облысында – 88,2%, Ақтөбе облысында – 79,3%, Батыс Қазақстан облысында – 72,2%, Шығыс Қазақстанда – 55,9%, Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) – 46,3%, Солтүстікте де әлі де қазақтар басым емес (46,3%), Павлодар облысында – 47,6%, Ақмола облысында – 47,3%, қалған екі облыста мұнан да төмен: Қостанайда – 37,1%, Солтүстік Қазақстан облысында – 33,3%. Тек Астанада ғана қазақтар үлесі 69,3% болып, басымдыққа ие болды [6].

Орыстардың үлесі 20 жыл ішінде 37,4%-дан 23,7%-ға дейін, яғни – 13,7%-ға төмендеді, саны 2 млн 268 мың адамға азайып кетті. Орыстар дәстүрлі түрде Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтарда орналасқан, осы үш аймақта Қазақстандағы орыстардың 2009 ж. 64,5% тұрды. Сыртқа бағытталған көші-қон нәтижесінде орыстардың үлесі бұл аймақтар тұрғындары арасында да едәуір төмендеп, 2009 ж. солтүстікте – 37,9%, шығыста – 40,2%, орталықта – 39,5% болды. Дегенмен орыстардың үлесі Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың жартысынан (50,4%) әлі де асып тұр,  Қостанай облысында 43%-ға жетеді.

Сан жағынан үшінші орынға шыққан өзбектер (456,9 мың – 2,8%) негізінде - 98%-ға жуығы – Оңтүстік аймақты мекендейді, ал төртінші орындағы украиндықтардың (333,0 мың – 2,1%) үштен екісі Солтүстікте тұрады, қалғандары басқа аймақтарда шашыранды түрде орналасқан (9-15%), тек Шығыста олар өте аз (2,5%). Бесінші орындағы ұйғырлардың (224,7 мың – 1,4%) басым көпшілігі – Оңтүстік аймақта (98,0%), негізінде Алматы облысы мен қаласында тұрады. Келесі орындағы татарлардың (204,2 мың – 1,3%) үштен екісі Оңтүстік аймақта, нақтылап айтқанда Алматы қаласы мен облысында орналасқан, қалғандары Солтүстік пен Астанада тұрады. Сан жағынан 1989 ж. қазақтар мен орыстардан кейінгі үшінші орындағы немістер (946,8 мың – 5,9%) енді жетінші орынға түсті – 178,4 мың – 1,1%, олардың жартысынан көбі Солтүстікте, 18,4% - Орталықта, 7,8% - Шығыста тұрады, қалғандары басқа аймақтарды шашырап мекендейді.

Саны жүз мыңнан асқан этнос өкілдерінің соңғысы – кәрістер (100,3 мың – 0,6%) – 1989 ж. салыстырғанда сол деңгейден (100,7 мың – 0,6%) сәл-ақ төмендеді. Олар негізінде - 70%-ға жуығы – Оңтүстікте орналасқан. Қалғандары Солтүстік пен Орталық  аймақтары қалаларында тұрады [7].

Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан халқының қала мен ауылдық (селолық) мекендерге орналасуы қайшылыққа толы урбандану процесі ықпалында жүруге мәжбүр болды. Урбандану негізінде қала халқының, біріншіден, үлесі де, саны да азаюымен  қабат, екіншіден, қалалықтардың дәстүрлі (европалық этнос өкілдері басым) ұлттық құрамында алғаш рет қазақтардың басымдыққа жетуі, яғни, бұрын негізінде аграрлық этнос болып келген қазақтардың қалаға бет бұруымен ерекшеленді. Қала тұрғындарының үлесі де, саны да кемуі онда мекендеген орыс, украин, белорус, неміс және басқа европалық этнос өкілдерінің сыртқа, өз тарихи отандарына көші-қоны себебінің нәтижесі еді. Бұған қосымша 1980 ж. соңы мен 1990-жылдардағы экономикалық дағдарыс та қала халқының кемуіне зор әсер етті.

2-кестеде көрсетілгендей, Республика халқының арасында қала тұрғындары 1989 ж. 56,7% болса, 1999 ж. – 56,0%, ал 2009 ж. – 54,1%-ға төмендеп, осы 20 жыл ішінде 2,6% азайды; ал саны 9 182,6 мыңнан 8 662,4 мыңға түсті, яғни 520,2 мыңға кеміді. Әсіресе, алғашқы онжылдықта кему күшті болды – (- 805,3 мың еді), тек екінші онжылдықта қала тұрғындары саны қайтадан көтеріле бастады – (285,1 мың адам қосылды). Экономикалық дағдарыс нәтижесінде қалалардың пайда болып, өсіп-дамуына жол ашқан көптеген ірі завод, фабрика, шахта және басқа кәсіпорындар тоқтап қалды, олардың және күйзеліске ұшыраған ауыл шаруашылығы (кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылған соң) еңбеккерлері ірі – Алматы және Астана қалалары мен облыс орталықтарына қарай беталды, соның нәтижесінде жұмыссыздық проблемалары да күшейе түсті. Қалаға беталғандардың, әсіресе ауылдан келгендердің ішінде қазақ жастары басым еді.

2-кесте Қазақстан Республикасының қала халқы

1989 ж.

1999 ж.

1989-

1999 жж.

2009 ж.

1999-2009 жж.

абс.

%

абс.

%

абс.

%

Қазақстан Рес.

9182636

56,7

8377303

56,0

-805333

8662432

54,1

285129

Ақмола обл.

502382

47,2

380427

45,5

-121955

341915

46,4

-38512

Ақтөбе обл.

396377

54,1

383674

56,2

-12703

461050

60,8

77376

Алматы обл.

537040

32,7

464953

29,8

-72087

416858

23,1

-48095

Атырау обл.

256011

60,3

256121

58,2

110

238936

46,8

-17185

Шығ.Қазақ.обл.

1031598

58,4

899745

58,8

-131853

801475

57,4

-98270

Жамбылобл.

491769

47,3

456939

46,2

-34830

404535

39,6

-52404

Батыс-Қаз.обл.

267362

42,5

251761

40,8

-15601

277751

46,4

25990

Қарағандыобл.

1426386

81,7

1158948

82,2

-267438

1040203

77,5

-118745

Қостанайобл.

617938

50,5

552104

54,2

-65834

439554

49,6

-112550

Қызыл-Орда обл.

345782

60,2

360985

60,5

15203

284248

41,9

-76737

Маңғыс. обл.

287239

88,6

246848

78,4

-40391

263182

54,2

16334

Павлодар обл.

603176

64,0

511900

63,4

-91276

504579

68,0

-7321

Солт.Қаз.обл.

327450

35,9

274631

37,8

-52819

237436

39,8

-37195

Оңт.Қаз.обл.

738947

40,5

729587

36,9

-9360

972072

39,4

242485

Астана қ.

281252

100

319324

100

38072

613006

100

293682

Алматы қ.

1071927

100

1129356

100

57429

1365632

100

236276

1989-1999 жж. Қазақстан қалаларының бәрінде дерлік тұрғындар азайды, Бұл азаю 10%-дан 25%-ға дейін көтерілді. Әсіресе ірі индустриялық орталықтар осы жағдайға душар болды. Мысалы, тұрғындар саны Балхашта 24,6%, Теміртауда – 20,2%, Риддерде – 18,1%, Жезқазғанда – 15,9%, Семейде – 15,0%, Кентауда – 13,1%, Рудныйда – 12,6% және көптеген облыс орталықтарында: Талдықорған – 17,4%, Петропавловск – 15,1%, Қарағанды – 13,9% және т.б. кеміп кетті. Қазақстан  бойынша тұрғындар тек бес қалада, оның ішінде Астана (13,4%) мен Алматыда (5,4%), екі облыс орталығы: Тараз (8,6%) бен Қызылордада (4,6%) және жалғыз Түркістанда (10,2%) өскені байқалады [8].

Урбандану процесі 1980 ж. соңында Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында күшті болса (тиісінше, қала тұрғындары үлесі 88,6% және 81,7%), 2009 ж. Қарағанды мен Павлодар облыстары (тиісінше 77,5% және 68,0%) алға шықты. Қалалану процесі Оңтүстік өңірде төмен болды. Мысалы, қала тұрғындарының үлесі Алматы облысында 23,1%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 39,4%, Жамбыл облысында – 39,6% ғана еді; Солтүстік Қазақстанда осы деңгейге (39,8%) жақын болды.

Қазақтардың қалаға бет бұруына келсек,Кеңес заманында қазақтардың қаланы мекендеуі төмен болды (1989 ж. 27,1%). Тәуелсіздік жағдайында қала тұрғындары арасында қазақтардың саны да, үлесі де күрт өзгерді: қаладағы үлесі 1999 ж. 43,2%-ға, ал 2009 ж. – 55,9% жетіп, осы 20 жыл ішінде 12,7% өсті, ал саны 2.488,9 мыңнан 4841,0 мыңға көтеріліп, екі есеге жуық – 2352,1 мың адамға көбейді, яғни 2,5 млн. қазақ жаңадан қалаға келіп орналасып, (заңды түрде есепке тіркелмегендерді қоса есептегенде) өмір сүріп жатыр деген сөз.

3-кестеде көрсетілгендей, еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматыда 724202 мың қазақ тұрады, олардың үлесі 53,0%, Астанада 425298 мың қазақ бар, үлесі – 69,3%. Облыс орталықтары ішінде қазағы көп Қызылорда (95,2%) мен Атырау (91,1%). Қазақтар едәуір басым қалалар: Ақтөбе – 68,2%, Ақтау – 64,4%, Талдықорған – 64,2%, Семей – 62,4%-і; қазақтары тұрғындардың жартысынан асатын қалалар: Тараз (59,1%), Шымкент (57,5%), Орал (53,2%), Көкшетау (50,9%). Қазақтар үлесі өте төмен қалалар: Петропавловск (20,8%), Өскемен (26,5%), Қостанай (27,7%), Павлодар (37,8%), Қарағанды (35,3%). Бұларда орыстар қазақтардан едәуір басым: Өскеменде – 68,1%, Петропавлда – 66,8%, Қостанайда – 50,9%, Павлодарда – 46,4%, Қарағандыда – 46,2% [9]. Жоғарыда көрсетілген урбанданудағы екі бағыт та ауыл шаруашылығының, әсіресе қазақ ауылының қайта жаңғырып, кең даму жолына түскенше жалғана беруі мүмкін.

3-кесте Қазақтардың өсу динамикасы

Облыстар

Қазақтар саны

қазақтардың үлес салмағы

1989 ж.

1999 ж.

2009 ж.

1989 ж.

1999 ж.

2009 ж.

Қазақстан Республикасы

6496858

7985039

10096763

40,1

53,4

63,1

Ақмола обл.

266831

313488

349086

25,1

37,5

47,3

Ақтөбе обл.

407222

482285

601463

55,6

70,7

79,3

Алматы обл.

741737

926137

1223181

45,1

59,4

67,6

Атырау обл.

338998

391672

465033

79,8

89,0

91,1

Шығыс Қазақстан обл.

687879

743098

781732

38,9

48,5

55,9

Жамбыл обл.

507302

640346

729675

48,8

64,8

71,3

Батыс-Қазақстан обл.

351123

399030

432517

55,8

64,7

72,2

Қарағанды  обл.

449837

529478

622265

25,8

37,5

46,3

Қостанай обл.

279787

314801

328936

22,9

30,9

37,1

Қызыл-Орда обл.

504126

561630

646645

87,8

94,2

95,2

Маңғыстау обл.

165043

247644

428386

50,9

78,7

88,2

Павлодар обл.

268512

311862

353711

28,5

38,6

47,6

Солтүстік

Қазақстан обл.

206060

214697

198641

22,6

29,6

33,2

Оңтүстік Қазақстан обл.

1017470

1340889

1785992

55,8

67,8

72,3

Астана қаласы

49798

133585

425298

17,7

41,8

69,3

Алматы қаласы

255133

434397

724202

23,8

38,5

53,0

Республика халқының көпшілігі әлі де болса ауылда тұрады. 1989 ж. санақ бойынша ауыл халқы 43,3% болса, 1999 ж. – 44,0%, 2009 ж. – 45,9% құраған. Республикадағы ауыл халқының өсу динамикасын мына төмендегі кестеден көре аламыз.

4-кесте Қазақстан Республикасының ауыл халқы

1989 ж.

1999 ж.

1989-

1999 жж.

2009 ж.

1999-2009 жж.

абс.

%

абс.

%

абс.

%

Қазақстан Рес.

7016518

43,3

6575823

44,0

-440695

7347165

45,9

771342

Ақмола обл.

562024

52,8

455844

54,5

-106180

395580

53,6

-60264

Ақтөбе обл.

336276

45,9

298884

43,8

-37392

296718

39,2

-2166

Алматы обл.

1105877

67,3

1093581

70,2

-12296

1391036

76,9

297455

Атырау обл.

168697

39,7

184165

41,8

15468

271441

53,2

87276

Шығ.Қазақ.обл.

735627

41,6

631279

41,2

-104348

595118

42,6

-36161

Жамбылобл.

546898

52,7

531901

53,8

-14997

617594

60,4

85693

Батыс-Қаз. обл.

362132

57,5

365039

59,2

2907

321129

53,6

-43910

Қарағандыобл.

319062

18,3

251270

17,8

-67792

301497

22,5

50227

Қостанайобл.

605906

49,5

465625

45,8

-140281

446016

50,4

-19609

Қызыл-Орда обл.

228682

39,8

235230

39,5

6548

394546

58,1

159316

Маңғыс. обл.

37004

11,4

67821

21,6

30817

222210

45,8

154389

Павлодар обл.

339137

62,0

295083

36,6

-44054

237896

32,0

-57187

Солт.Қаз.обл.

584615

64,1

451349

62,2

-133266

359099

60,2

-92250

Оңт.Қаз.обл.

1084581

59,5

1248752

63,1

164171

1497285

60,6

248533

4-кестеде берілген деректерге қарай отырып, екі санақ аралығында (1989-1999 жж.) республика бойынша ауылда тұратын халық саны 440695 адамға кеміген болса, керісінше (1999-2009 жж.) аралығында 771342 мың адамға өскен. 20 жыл аралығында халықтың үлесі 2,6% өскен. Жалпы алғанда ауыл халқы әлі де кемуде, Қазақстанның Қостанай (-19609 адамға); Солтүстік Қазақстан (-92250 адамға); Ақмола (-60264 адамға); Шығыс Қазақстан (-36161 адамға), Павлодар (-57187) және Ақтөбе (-2166 адамға) облыстарында көптеп кемігені көрінеді. Керісінше халық санының өсуі Оңтүстік Қазақстан (248533 адам), Атырау (87276 адам), Маңғыстау (154389 адам) Қызылорда (159316 адам) және  Алматы (297455 адам) облыстарында байқалады.

2009 жылдың мәліметі бойынша, Республикада тұратын ауыл халқының үлесі 45,9% құрап, абсолюттік саны  - 7347,1  мың адамға жетті. Ең көп ауылда тұратын халықтар Алматы облысында – 76,9%, Оңтүстік Қазақстан – 60,6%, Жамбыл облысы – 60,4%, Солтүстік Қазақстан – 60,2%, Қызыл-Орда - 58,1%,  және Батыс Қазақстан  мен Ақмола облыстарында – 53,6% болып тұр[10].

Қазақстан халқының тәуелсіздік жағдайында білім деңгейінің көтерілуі негізінде мемлекеттік және жеке меншік оқу орындар жүйесінің кең дамуына сүйенді. 1989-1999 жж. арасында елдің білім деңгейі 47 промиллеге, оның ішінде жоғарғы білім бойынша 29 промиллеге, арнайы орта білім – 40 промиллеге, орта білім – 27 промиллеге өсті. Дегенмен, негізінде орта және бастауыш білім бойынша бұрынғы деңгейден едәуір төмендеп кетті. Осы жылдары қазақтардың  жоғарғы білім алғандары 12,6%-дан 15,9% -ға, арнайы орта білімділері 15,6%-дан 19,7%-ға, жалпы орта білімділері – 39,8%-дан 42,3%, бастауыш білімділері – 7,5%-дан 23,0%-ға дейін көтерілді. Дегенмен 44 этнос өкілдері ішінде қазақтар жоғарғы білім бойынша сегізінші, аяқталмаған жоғары білімнен – оныншы, арнайы орта білімнен – жиырма сегізінші, жалпы орта білім бойынша – он бірінші, негізгі орта білімнен – отыз жетінші, бастауыш білімнен – отыз бесінші орында [11]. Бұл тек қатардағы қазақтардың ғана проблемасы емес, мемлекеттік мәселе екенін түсінгеніміз жөн.

Қорыта келгенде, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқының демографиялық дамуы қазіргі кезде негізінде оң қалыптасуда. Көші-қонның сыртқа бағытталған толқыны баяулап, оң айырым қалыптасты. Табиғи өсім де бұрынғы деңгейіне жетті. Ұлттық құрылымда қазақтардың басымдығына қол жетті. Ендігі демографиялық көрсеткіштерді қазақ ұлтының өз дамуы қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекетіміздің демографиялық және әлеуметтік салада ғылым мен тәжірибеге негізделген саясат жүргізуін талап етіп отырған проблемалар да баршылық.

Әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағының қорытындылары. – 1 том. – Алматы. – 7 б.

2 Казахстан за годы независимости 1991-2009. Статистический сборник. – Астана, 2010. – С. 11.

3 Там же.  – С. 12.

4 // Отан тарихы. – 2010. – №3. – 28-29 бб.

5 Қазақстан Республикасы халқының ұлттық құрамы. – 1-том. – Алматы, 2000. – 6-8 бб.; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 10-11.

6 Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 11.

7 Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 11.

8 Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағының қорытындылары. – 1 том. – Алматы, 2001. – 11-12 бб.; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 17.

9 Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. – Алматы, 1999. – С. 12; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 17.

10 Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағының қорытындылары. – 1 том. – Алматы, 2001. – 11-12 бб.; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана. – 2010. – С.6

11 // Отан тарихы. – 2010. – №3. – 29-30 бб.

ОМАРОВА Г.А.

Магистрант 2 курса Института истории и этнологии

им. Ч.Ч. Валиханова

НАСЕЛЕНИЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Резюме

В статье рассматривается демографическое развитие населения Республики Казахстан между переписями 1989-2009 гг. Автор, анализирует колебания в динамике численности городского и сельского населения, а также изменения в  национальном составе.

Ключевые слова:Казахстан, демография, перепись, миграция, национальный состав, динамика.

OMAROVA G.A.

Ch.Ch.Valikhanov Institute of History and Ethnology

2-nd Course Master Student

DEMOGRAPHIC DEVELOPMENT OF KAZAKHSTAN POPULATION

Summary

The article examines the demographic development of population of the Republic of Kazakhstan in census 1989-2009 years. Author also shows changes in city and village population rate and in ethnic composition.

Keywords:Kazakhstan, demography, census, migration, ethnic composition, dynamics.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз