Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_59

БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР

ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_59

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4(28), 2021

Тегтер: білім жүйесі, халықаралық серіктестік, жастар миграциясы, білім алудағы миграциялық үдеріс, білім алу сапасы, білікті маман
Автор:
Т.Қ. Мекебаев¹ID, Ж.Б. Көшербаева¹*ID
¹әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы 
*Автор-корреспондент 
E-mail: tmekebaev@mail.ru (Мекебаев), zhadyra06@mail.ru (Көшербаева) 
Аңдатпа. Мақалада жаһандану үдерісі бойынша мемлекеттің білім беру жүйесіндегі даму деңгейіне өзіндік əсерін тигізетін, ел болашағы үшін ерекше маңыздылығы бар білім алу жолындағы миграциялық үдерістердің артықшылығы мен туындатуы мүмкін қауіп-қатерлері талданады. Қазіргі жаһандану қоғамында көші-қон п үдерістері белсенді дамып келеді, оның Республиканың дамуы үшін оң және теріс салдары бар. Аталмыш мəселе аясында түсінікті қалыптастыру үшін алдымен, интеллектуалды көші-қон ұғымына жан-жақты анықтама берілген. Тарихнамалық шолу арқылы білім беру миграциясына қатысты негізгі көзқарастар айқындалып, соның нəтижесінде өзіндік тұжырым жасауға қадам жасалды. Білім саласындағы миграцияның негативті тұстарымен қатар, оның тигізер зардаптарының алдын алу мақсатында ұсыныстар да қамтып өтілген. Сонымен қатар, миграциялық өзгерістер бойынша көрсеткіштер статистикалық мəліметтер арқылы сараланып, мəселені жан-жақты ашуға талпыныс жасалынған.
Түйін сөздер: білім жүйесі, халықаралық серіктестік, білім алудағы миграциялық үдеріс, жастар миграциясы, білім алу сапасы, білікті маман.
Мазмұны:

Кіріспе. Миграциялық үдерістер əр кезде, түрлі себептермен тарихтың беттерінде үздіксіз орын алып келе жатыр. Бұл мəселе білім жүйесіне, саяси-экономикалық жағдайға, діни көзқарастар мен этникалық себептерге байланысты жүзеге асып жатқандықтан, оның себеп-салдарын зерттеу жұмыстары да өзекті болып есептелінеді.

Материалдар мен əдістер. Зерттеу жұмысының тақырыбын толыққанды ашу мақсатында интеллектуалды миграция мəселесіне тоқталып өткен ғалымдардың жұмыстарына сараптама жүргізіліп, нақты көрсеткіштер арқылы тұжырымдарды бекіту үшін статистикалық мəліметтерде жұмыстың негізгі материалдары қатарына жатқызылды.

Тақырып аясындағы зерттеулермен еркін жұмыс жасау мақсатында салыстырмалы-тарихи əдіс арқылы қажетті мағлұматтарды сараптауға мүмкіндік туындады. Одан бөлек, функционализм арқылы білім саласындағы миграциялық құбылыстың басқа да аспектілерге тигізер əсерін сараптауға мəн берілген.

Талқылау. Білім жүйесіндегі миграция мəселелері ХХ ғасырдың ортасында АҚШ пен Ұлыбританияда зерттеле бастаған еді. Г. Биджуарт пен К. Уонг өздерінің «Шетелдік студенттердің кері миграциясы» атты мақаласында аталмыш мəселеге тоқталып өтеді (Bijwaard, 2016).

Отандық зерттеушілер арасына: А.Б. Касенова, Б.О. Жангутин (Касенова, Жангутин, 2015), Рахимбекова (Рахимбекова, 2019), С.В. Дементьева, Д.В. Полетаев (Дементьева, Полетаев, 2010) пен Е.Ю. Садовская (Садовская, 2014) жəне т.б. ғалымдарды қозғап отырған мəселе аясында зерттеу жүргізушілер қатарына жатқыза аламыз.

Зерттеушілер мен көптеген отандық ғалымдар білім жолындағы миграцияны көбіне «білімділер ағыны» (утечка мозгов) призмасы арқылы біржақты формада қарап келуде, ал А. Нұрмағамбетов, Л. Иватова жəне Л.Хасенова бұл «білімділер ағыны» түсінігімен қатар «білімділер мобильділігі» ұғымында қолдануды ұсынады (Нұрмағамбетов жəне т.б., 2021).

Қазан федералдық университетінің 210 жылдық мерей тойы қарсаңында жыл сайынғы конференцияға айналатын «Көші-қон процестері: тенденциялар, сын-қатерлер, перспективалар» I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы дайындалды.

Көші-қон мәселелерін зерттеу кең географияға ие, мақалалар жинағында Ресей ғылым академиясының Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты, Монпелье-3 университеті, Грузия техникалық университеті, Кавказ халықаралық университеті және Гори мемлекеттік білім университеті (Грузия), Украина Ұлттық ғылым академиясының Аймақтық зерттеулер институты, Украина Мемлекеттік статистика қызметінің Ұлттық статистика, есеп және аудит академиясы, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті (Қазақстан) мен т.б. зерттеу жұмыстары қамтылған.

Бұл ғылыми жинақтың материалдары жастардың көші-қоны мәселелерін ашып, аумақтардың тұрақты дамуына көші-қонның әсерін зерттейді, көші-қонды құқықтық реттеу салаларын қозғайды, көші-қон процестерінің діни аспектілерін көрсетеді, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.

Зерттеу нəтижелері. Жаһанданған əлемде əрбір мемлекет дерлік көші-қон проблемаларына тап болады. Бүгінгі таңда интеллектуалдық көші-қон факторлары мен механизмдерінің мəселесі ерекше маңыздылыққа ие. Атап айтқанда, Қазақстаннан интеллектуалды көші-қон үдерістері ғылыми тұрғыдан егжей-тегжейлі қарастыруды қажет етеді.

Интеллектуалды көші-қон дискурсында үш негізгі ұғым бар:

1. Мидың ағуы – бұл интеллектуалдық көші-қонмен тығыз байланысты жəне əдетте синоним ретінде қолданылатын термин. Аталмыш тұжырымдамадан-ақ, бұл процесс кадрларды экспорттаушы елге оның теріс салдары тұрғысынан қаралатыны түсінікті жəне бұл білімді әрі білікті мамандарға қолайлы жағдай жасай алмау, білімге мемлекеттік инвестицияның азаюы мен елдің саяси жəне экономикалық институттарының қабілетсіздігінің нəтижесі ретінде түсіндіріледі. Интеллектуалды капиталын ысырап еткен мемлекет жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігін сезіне бастайды, бұл өндіріс технологиясының нашарлауына, жалпы экономиканың сапалық жəне сандық көрсеткіштерінің нашарлауына əкеледі. Қысқаша түсіндірер болсақ, бұл ұғым білім алуға кеткендердің елге оралмай шет елде қалу үрдісін сипаттайды.

2. Интеллектуалдық көші-қон саласында байқалатын тағы бір үрдіс – бұл «ми айналымы»: мамандар шетелде білім алады жəне жұмыс істейді, бірақ кəсіби деңгейін жоғарылатып, өз отанына оралады. А.Саксенян «Жаңааргонавтар: жаһандық экономикадағы аймақтық артықшылық» атты

зерттеуінде интеллектуалды көші-қонды байланыс орнатылған жүйе ретінде бірінші болып салыстырады. Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі əлемдегі интеллектуалды ағындардың векторлары үнемі өзгеріп отырады. Көбі елден мəңгілікке кетпейді, бірақ уақытша ақша табу, кəсіби дағдыларды алу үшін өзге елде қалады, бірақ жаңа білім мен тəжірибенің бағалы қорымен оралуды жоспарлайды.

Үшінші анықтама – «мидың қалдықтары». Бұл мигрант өзінің біліктілігіне сəйкес келетін жаңа орын таба алмайтынын жəне бұрынғы біліктілігін жоғалтып, біліктілігі төмен жұмыспен айналысуға мəжбүр болған жағдайды білдіреді.

Жалпы, басқа аймақтардан келген білім алушылардың пайда болуына орай, алғаш білім жүйесіндегі миграция мəселелері ХХ ғасырдың ортасында АҚШ пен Ұлыбританияда зерттеле бастаған еді. Кейін, елдің саяси-экономикалық тұрғыдан дамуы білім жүйесінің сапасы мен соның нəтижесінде қалыптасатын білікті кадр мамандарына да тəуелді екендігіне мəн беріле отырып, шетелдік зерттеушілер өз жұмыстарында кеңінен талқылауға кіріскен. Бұл мəселені Г. Биджуарт пен К. Уонг өздерінің «Шетелдік студенттердің кері миграциясы» атты мақаласында айқындап өтеді. Авторлардың зерттеуі бойынша жан-жақтан оқуға келетін студенттер кəсіби мамандар санының артуына оңтайлы əсер етіп, нəтижесінде қажетті ресур тапшылығын толықтыра алады. Соған сəйкес, келген жат жерлік студенттердің арасынан үздіктерін елге шақырып, оларды алып қалатындай ұлттық бағдарламалар да кеңінен тарала бастаған (Bijwaard, 2016: 2).

Мақаладан білім жүйесіндегі миграцияның қауіп-қатері бар екендігін де байқай аламыз. Мысалы, зерттеуші келген студенттердің еліне қайта оралу үдерісін шешу керек мəселе деп қарастырып, оларды алып қалуға көңіл бөлу қажеттігін қозғайды.

Аталмыш тақырып отандық зерттеушілер арасында да зерттелуде. Олардың қатарына: білім беру жүйесі бойынша миграциялық үдерістердегі Қазақстан ЖОО-ң әлеуетін зерттеген А.Б. Касенова мен Б.О. Жангутинді (Касенова, Жангутин, 2015), Ресей Федерациясындағы білім алу миграциялық үдерістерінің негізгі тенденцияларына шығуға тырысқан Б.Рахимбекованы (Рахимбекова, 2019), халықаралық біліми нарыққа шығудағы қиындықтар мен кедергілерге анализ жүргізіп, елдегі зияткерлік, экономикалық жəне демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында білім жүйесіндегі миграцияны дамытуға деген қажеттіліктерді айқындауға көңіл бөлген С.В. Дементьева мен Д.В. Полетаевті (Дементьева, Полетаев, 2010), Қазақстаннан Қытайға білім алуға кеткен көші-қон үдерісінің өсу себептерін ашуға тырысқан Е.Ю.Садовскаяны (Садовская, 2014) жəне т.б. жатқызааламыз.

Аталмыш мəселеге қатысты жоғарыда келтірілген зерттеушілер мен көптеген отандық ғалымдар білім жолындағы миграцияны көбіне «білімділер ағыны» (утечка мозгов) призмасы арқылы біржақты жағымсыз қалыпта қарап келуде, бұл зерттеу жұмыстарын толықтай қарастыруға кедергі келтіруі мүмкін. А.Нұрмағамбетов, Л.Иватова жəне Л.Хасенова бұл «білімділер ағыны» түсінігімен қатар «білімділер мобильділігі» ұғымында қолдануды ұсынады (Нұрмағамбетов жəне т.б., 2021: 29).

Жалпы, объективті тұрғыдан бұл мəселені саралайтын болсақ, тек жағымсыз не жағымды түрде ғана сараптау мен шектелудің қажеттілігі жоқ. Жан-жақты зерттеу арқылы керісінше пайда болуы мүмкін қауіптерді айқындап, кейін оның алдын алуға немесе тиімді жақтарын саралап, халықаралық деңгейде білім саласын жетілдіруге мүмкіндіктер туындайды.

Қазақстанда қазір Еуропа елдеріндегідей білім беру саласындағы миграция ағыны кеңеюде. Аталмыш үдерістер елдің білім жүйесінің жоғарғы деңгейге көтерілуіне сөзсіз оңтайлы əсерін тигізіп, білім сапасының артуына, жастардың жан-жақты кəсіби маман ретінде қалыптасуын аөзіндік үлесін қосуда.

Соңғы жылдары білім беру миграциясы жалпы қоғам өміріне түзетулерін енгізіп келеді: егеменді мемлекеттер жүргізіп отырған саясатқа əсер етеді, сондай-ақ ең бастысы, тыныш өмір мен жақсы болашақ іздеу үшін басқа аумақтарға көшуге ынтасы болғандардың өмірін өзгертеді.

Білім беру миграциясының жетекші бағыттарының бірі ретінде жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастық қызметі алдыңғы қатарға шыға бастаған. Халықаралық серіктестік осы тұста, жоғары оқу орнының беделі менəлемдік аренада мойындалуының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып есептелінеді жəне бұл мəселеге еліміздің жоғары оқу орындары да өз назарларын аударуда. Соған сəйкес, университеттер үздік əлемдік тəжірибелерді кеңінен қолдануға ұмтылыс жасап, халықаралық білім беру мен ғылыми кеңістікке бейімдеу арқылы ұлттық экономика үшін жақсы мамандар даярлау сапасын арттырып келеді.

Нəтижесінде, білім саласында түрлі серіктестіктер орнатылып, академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша арнайы бірлескен ғылыми жобалар, білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік университеттер мен белсенді жұмыстар жүргізілуде. Соның арқасында, əр түрлі шетелдік оқу орындары мен халықаралық ұйымдардың атақты ғалымдары академиялық ұтқырлық бағдарламаларына ат салысуда, университет əр түрлі тақырыптарда дəріс оқуға,  іс-шараларға алыс жəне жақын шетелден келген шетелдік профессорларды шақыруға мүмкіндіктер алып, білім беру ұйымдарында студенттермен алмасу бағдарламаларын да жүзеге асыруда. Осы тұста жоғары оқу орындарында қос дипломдық бағдарламаларды енгізу тəжірибесі де өте маңызды болып есептелінеді, оны аяқтағаннан кейін түлектер қазақстандық жоғары оқу орны мен шетелдік серіктес университеттің дипломын алатын мүмкіндікке ие болады. Мемлекеттер осы тұста студенттердің санын əртараптандыру жəне əлемдік рейтингтерді жақсарту үшін шетелдік студенттерді тарта бастайды, сонымен қатар, басты себептің бірі ретінде – табыс көзінің артуында жатқыза аламыз. Мысалы, тек 2016 жылы ғана шетелдік студенттер АҚШ экономикасына шамамен 39,4 миллиард доллар табыс əкелген. Бұдан бөлек, саяси аспектте көбінесе студенттердің ұтқырлығын басқа елдермен тығыз байланыс орнатудың əдісі ретінде қарастырады. Мысалы, АҚШ-тың Фулбрай тстипендиялық бағдарламасы 160-тан астам елде жыл сайын шамамен 8000 адамға қолдау көрсетеді.

Жоғары білікті жұмысшыларды тартуда қабылдаушы елдегі жоғары білімнің сапасы да маңызды. Көптеген жоғары білікті мигранттар межелі елгетек табиғаты мен амбициясына тəн талантпен келеді, əлі арнайы адами капиталмен тəжірибесі жоқ болғандықтан, жоғары оқу бағдарламаларына түседі. Ресми білім алу мұндай адамдар үшін еңбек нарығына кірудің маңызды нүктесіне айналады. Демек, университеттердің болуы – соның ішінде əсіресе, ғылыми зерттеулерді қолдануға бағытталған арнайы техникалық салаларда түлектерді зерттеуге жəне оқытуға маманданған оқу орындары маңызды тартымдылыққа ие болады.

Шетелдер өздеріне білікті жастарды тарту үшін – қоныс аударатын елдердегі білім беру ұйымдарын қаржыландырады. Саналы жастардың кетуі көптеген салыстырмалы түрде төмен табысты елдерде, əсіресе жалпы экономикаға, денсаулық сақтау мен кəсіптік дайындыққа кері əсерін тигізетін басты мəселе болып табылады. Кірісі төмен елдерден жоғары білікті жұмысшылардың қоныс аударуы бюджеттің субсидиясын беруді білдіреді, өйткені көптеген елдерде жоғары білім мемлекеттік бюджеттен салық түсімдерінің есебінен қаржыландырылады.

Егер, Германия сияқты табысы жоғары елдер мигранттар шыққан елдің жоғары оқу орындарына (Молдовадағы медициналық мектеп сияқты) қаржы бөлсе, екі елде пайда көруі мүмкін.

Қабылдаушы елдердің біліктілігі жоғары мигранттарды тарту саясатынажауап ретінде донор елдер оларды елінде ұстау үшін бар күшін салуда. Жоғары білікті жұмысшылардың кетуі көптеген маңызды салалардағы, əсіресе денсаулық сақтау саласындағы мамандардың жетіспеушілігіне əкелетіні айқындалған. Бұл мəселе əсіресе ЕАЭО-ның салыстырмалы түрде шағын, орташа табысты елдерінде өткір байқалады, олардың біліктілігі жоғары азаматтары шектеулерге көбірек ұшырап жататыны осыдан екен.

Европа мен Орта Азиядағы жоғары білімі бар эмигранттардың үлесі мен салыстырғанда жоғары білімді еңбекке қабілетті халықтың үлесі (24-65 жас) көрсетілген статистиканың мəліметтеріне сүйенсек, Мальта мен Португалияны қоспағанда, жоғары табысты елдердің эмиграция деңгейі жоғары білікті жұмысшылар үшін 20 пайыздан төмен екенін көрсетеді. Ал Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде бұл көрсеткіштер əлдеқайда жоғары. Жоғары білікті жұмысшылардың эмиграция коэффициенті жоғары, əсіресе Балқан мен Шығыс Еуропадағы табысы төмен кейбір елдерде. Жоғары білімділердің арасында эмигранттардың үлесі Босния мен Герцеговинада 55 пайызды құрайды; Армения мен Латвияда 40 пайыздан астам; Албанияда, Қазақстанда, Молдовада, Солтүстік Македонияда жəне Румынияда 40 пайызғ ажуық. Басқаларға қарағанда жоғары білікті жұмысшылар саны аз елдер эмиграцияның жоғары деңгейіне тап болады.

Бұл елдердің білікті, саналы тұрғындарының кетуі əр түрлі факторларға байланысты. Жалақының жоғарылауынан басқа, бұған кəсіби даму мен оқыту мүмкіндіктері, отбасы мүшелерінің жақсы болашағы (мысалы, балалардың білім алу мүмкіндіктері), өмір сүру мен еңбек етудің қолайлы жағдайлары сияқты факторлар жатады.

Жоғары білікті мамандардың ұтқырлығы пайдалы болғанымен, олардың ауқымды жəне тұрақты эмиграциялары донор елдерге теріс əсерін де береді.

Білім алу жүйесіндегі миграциялық үдерістерге сəйкес зерттеу жұмыстарын жалпы миграция деректерінен бөлек қарастыру əрекеттері жақын уақытта ғана кеңінен қолға алынып жатқандықтан, арнайы толыққанды мəліметтер қоры қалыптасып үлгерген жоқ. Сондықтанда, статистикалық көрсеткіштерге жүгіну үшін түрлі министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың, соның ішінде Қазақстаннан білім жүйесіндегі миграциялық үдерістер бойынша айтарлықтай көрсеткіші бар елдердің статистикалық деректеріне, ЮНЕСКО статистика институтының мəліметтеріне сүйенуге тура келеді.

2010 жылдан бастап жастардың көші-қон қозғалысының динамикасы əртүрлі бағытта өзгерген. Бастапқыда жастардың иммиграция көлемі эмиграция көлемінен асып, көші-қон сальдосы оң мəнге ие болды. Алайда, 2014 жылдан бастап көші-қон ағыны бағытын өзгерте бастады да, эмиграция көлемі жастардың иммиграция көлемінен əлдеқайда асып кетті, бұл теріс сальдоға əкелді, ол алғаш рет 2014 жылы тіркелген еді жəне əлі де өсу тенденциясынсақтап отыр. Жастар ең мобильді топ ретінде елдің экономикалық жағдайына жауап береді, жəне экономикалық дағдарыс өзін көрсете бастағанда, жастар эмиграциясының қарқындылығы бірден артады.

Талдау көрсеткендей, бұл көші-қон түрі елеусіз қалатын кішігірім мəселе емес жəне сонымен қатар уақыт өткен сайын өсуге бейім болып келуде. Мысалы, 2017 жылы 57 мың ресейлік студент шетелде оқыса, қазақстандық - 85 мыңға жуық болған. Оның үстіне 4 жыл ішінде 2013 жылмен (54 мың адам)салыстырғанда олардың саны бір жарым еседен астамға өскен. Өткен жылы қазақстандық түлектердің 4% шетелдік жоғары оқу орындарына түскені айқындалған, олардың ішінде Алматы, Қарағанды жəне Шығыс Қазақстан облыстарындағы мектептердің түлектері басым болып келеді. Қазақстандық студенттер шетелге оқуға «Болашақ» бағдарламасы бойынша да, жеке де барып жатқандығын байқай аламыз. Олардың ішінде 2018 жылы 77% Ресей университеттерін таңдаса, 3,9% - Қырғызстанды, 2,4% - Түркия елін таңдаған. Бұдан басқа, Қытай, Корея, АҚШ, Чехия, Ұлыбритания жəне Малайзия сынды елдерді де қарастыруға болады. Бұл жерде Ресей университеттері мəдени-географиялық жақындығына, тілдік кедергілердің болмауына байланысты алдыңғы қатарға шығып отыр (Нұрмағамбетов жəне т.б., 2021: 33).

Зерттеушілердің тарапынан еліміздегі жастардың бірінші кезекте Ресейде білім алуға ұмтылу себептерін айқындау мақсатында арнайы сауалнамалар алу жұмыстары жүргізілген еді. Мəселен, 2020 жылдың ақпан айында жүргізілген сондай сауалнамалардың бірін алып қарастырсақ (Леденова, 2021).

Ресейдің əр аймағындағы (Мəскеу, Санкт-Петербург, Томскоблысы, Свердлов облысы, Челябі облысы, Татарстан Республикасы) Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер арасында Google онлайн формасын қолдану арқылы зерттеулер жүргізілген. Жеке байланыстармен қатар əлеуметтік желілерде қолданылды. Сауалнамаға барлығы183 адам қатысты.

Сауалнама нəтижелеріне сүйене отырып, қазақстандық жастардың Ресей университеттерінің пайдасына таңдау жасауының негізгі бес себебі айқындалған. Респонденттер негізгі себеп ретінде білім сапасын баса көрсетіпөтеді (36%) жəне «əлемді көру жəне саяхаттау үшін шетелде оқығылары келген» - 23%. Қазақстанның əрбір бесінші жас тұрғыны шетелдік білімді беделді деп санайтыны да осы статистикадан көрініс табады. Білім беру миграциясының негізгі себептері рейтингінде əрі қарай – жұмысқа орналасу жəне шетелде тұру(13,3%) мəселесі алдыға шығып отыр. Ал эмиграцияның негізгі бесінші факторы «сыныптар мен зертханалардың ең жақсы техникалық жəне компьютерлік жабдықтарымен »жабдықталуын көрсетеді (10,2%).

Жоғарыда келтірілген себептерге қосымша, студенттер тағы бірнешеуін атап өткен:

- жоғары білім берудегі елдің беделі (9,3%);

- шынайы өмір мен болашақтағы кəсіби перспективалар (8,1%)

- мұнда білім Қазақстанға қарағанда арзан. Диплом алу Ресейде тек Еуропа мен немесе Азиямен ғана емес, Қазақстанмен де салыстырғанда қолжетімдірек (6,8%);

- Ресейде қалу немесе тұру перспективалары, болашақта Еуропаға көшу (6,4%);

- тəуелсіз болуға ұмтылу жəне жаңа өмірлік жағдайларға, жаңа ортаға бейімделу (5,7%);

- тілдік ортаға ену (5,4%);

- жалпыгеографиялық, лингвистикалық, мəдени жəне əлеуметтік-экономикалық жақындығы (4,8%).

Сауалнамаға қатысушылар нақты айтпаған тағы бір маңызды себеп - қабылдаушы елдердің иммиграциялық саясаты. Атап айтқанда, Ресей шетелдік студенттердің импортын ұлғайту жəне олардың білім алуына квота белгілеу саясатын жүргізуде. 2018/2019 оқу жылында Қазақстан азаматтарын оқытуға 450 квота бөлінген. Ресей үкіметі шетелдік студенттерге арналған бюджеттік орындардың санын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр - 2019 жылы 15 мыңнан 2024 жылға қарай 30 мыңға дейін.

Еуропа елдері ішінде Польша қазақстандық студенттерді қабылдау бойынша штаттар арасында көш бастап тұр (2018 ж.-35%, 2019ж.-36%, 2020 жылдың 1 жартысы-36,7%) (3-кесте). Оңтүстік Корея (40,2%), Қытай(31,4%) жəне Жапония (20,6%) - Қазақстанның студенттерінің көп санын қабылдайтын Оңтүстік-Шығыс Азия елдері болып есептелінеді. ТМД елдерінде Ресей жыл сайын академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттерді қабылдау бойынша бірінші орын алатыны осы тұста жоғарыда аталып өткен сауалнама нəтижелерін анықтап береді, нақты статистикаға сүйенсек: 2018ж.-57,5%,2019ж.-67%, 2020 жылдың 1 жартысы-80,6% (Нұрмағамбетов жəне т.б., 2021: 34). 2017 жылы Артур Платонов «интеллектуалдық көші-қон» үдерісінің мəселесіне назар аударып өткен болатын. Ол өзінің өтінішін бұрынғы премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа жолдады. Платонов Қазақстандағы білім гранттарын тағайындау конкурсының нəтижелері барлық қатысушылардың үмітін ақтамағанын, гранттар саны шектеулі екенін атап өтеді.

«Бұл студенттердің көпшілігіне оқу ақысы төленетінін білдіреді. Алайда, барлық ата-аналар жоғары оқу орындарында оқудың жоғары құнын көтере алмайды, сондықтан олар балаларын елден тыс жерлерге жіберуге мəжбүр болады, мұнда шығындары əлдеқайда төмен оқу орындары жетерлік. Біздің жастар Ресейде оқитын басқа шетелдік студенттердің арасында көшбасшы болып табылады». Сонымен қатар, талапкерлердің ішінде 50%-дан астамы кешенді тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат бергеніне қарамастан, шекті баллдан өте алмайтынын да атап өтті. Мұның бірнеше себептері бар дейді. «ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу проблемалары бойынша еңбек ресурстары орталығының жүргізген сауалнамасы бос орындарды толтыруда қиындықтарыбар кəсіпорын басшыларының 90%-ы мұны қажетті біліктілікке ие кадрлардың жоқтығымен түсіндіретінін көрсетті. Бұл қазірдің өзінде білім сапасы, мектепте болсын, өндірістік кəсіпорында болсын өндірістік практиканың жеткіліксіз өтуінен»-, деп қосты мəжілісмен (Рамазанов, Азатбек, 2018: 127).

Қазақстандық саяси шешімдер институты жүргізген əлеуметтанулық зерттеулерге сəйкес, білім жүйесіндегі көші-қон эмиграцияға бірден ұмтылу түрінде де, кейінірек қоныс аудару түрінде де сақталады. Соңғы жағдайда, ата-аналар балаларын басқа елге тұрақты тұруға жіберуді немесе балаларды шетелде оқытып, болашақта оқитын елге натурализациялауды жəне болашақта жаңа елде отбасын біріктіруді жоспарлайды екен. Көші-қон сезімдері орта есеппен респонденттердің 25%-ында байқалған, бұл ауылдық жерлерге қарағанда қалалық аудандарда екі есе көп. Респонденттердің төрттен бір бөлігі балаларынтұрақты тұрғылықты жерге жібергісі келеді жəне бұл көзқарастар Алматыда, солтүстік жəне орталық облыстарда басымырақ.

«Жастар» жүргізген сауалнама нəтижелері бойынша қазақстандық жастардың 23,7%-ы жақын шетелге,17,1%-ы Ресейге,13,8%-ы алыс шетелдерге (Канада, Германия, Қытай жəне т.б.) қоныс аударуға ниет білдірген. Қазақстан жастары көші-қон себептерін төмен табыс деңгейі, жұмысқа орналасудағы қиындықтар, перспективаның жоқтығы жəне өзін-өзі жүзеге асыра алмау, жеке мотивтер мен қызығушылықтар, сондай-ақ сапалы білім алу факторларымен түсіндіреді. Шет елде білім алу, сонда қалу туралы шешімге əсер ететін маңызды фактордың бірі - жалақы. Көбінесе шетелдегі білікті маман Қазақстандағы дəл өзінікіндей лауазымға қарағанда бірнеше есе көп алады. Мысалы, Германияда ең төменгі жалақы - айына 1360 еуро, Францияда - 1537 еуро. Салыстырар болсақ: Қазақстандағы 2015 жылғы ең төменгі жалақы - 21364 теңге (айына шамамен 100 еуро), ал орташа жалақы - 119 111 теңгені құраған (Рамазанов, Азатбек, 2018: 127).

1-кестеде 10 жылдағы білім беру жүйесіндегі миграциялық салыстырмалы көрсеткіштерді байқай аламыз (2011-2020 жж.) (Нұрмағамбетов жəне т.б., 2021: 35).

Айта кету керек, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында1340 адам шетелге өз қаражаты есебінен кеткендігі айқын байқалады. Өткен 2020 жылда ерекше төмен көрсеткіш көзге түседі, алайда бұл пандемияға байланысты студенттер санының аздап төмендегенінің белгісі.

Жыл

Мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік бюджеттен тыс

2011

350

-

2012

662

-

2013

746

842

2014

805

976

2015

909

1420

2016

951

1522

2017

732

1778

2018

621

1826

2019

603

2091

2020

33

1340

1-кесте. Білім алушылардың миграциясы (академиялық мобильділік)

Жалпы алғанда, ҚР Білім жəне ғылым министрлігі мен бюджеттен тыс қаражат есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан қазақстандық студенттердің жалпы саны онжылдық ішінде 17007 адамды құраған (Садыкова, Нурмагамбетов, 2021: 18). Мобильділік бағдарламаларына қатысушылар тек жаңа білім ғана алып қоймайды, сонымен қатар басқа елмен, мəдениетпен танысуға, шетелдік мұғалімдермен жəне құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге, өз құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік алады. Осылайша, мобильділік бағдарламасы қазақстандық жоғары оқу орындарының мəртебесін жəне олардың түлектеріне еңбек нарығындағы сұранысты арттыруға көмектеседі.

2014 жылғы тамыздың басындағы жағдай бойынша 45 000-нан астам қазақстандық елден тысқары жерлерде бiлiм алған, оның ішінде: Ресейдiн жоғары оқу орындарында оқу окитын қазақстандық азаматтар 26600, ҚХР-да 9670 (оның ішінде 628 əртүрлі гранттар бойынша), Ұлыбританияда 4000-ға жуық, АҚШ-та жəне Чехияда 1000-ға жуық Малайзияда шамамен 1500, БАƏ715, Туркияда 783 жəне басқа да елдерде көрсеткіші жағынан төмен болса да қазақстандық білім алушылар орналасқан.

ҚХР Бiлiм министрлiгiнiң деректері бойынша 2007 жылы қытай жоғары оқу орындарында оқитын, оның iшiнде гранттар жəне өз қаражаты есебiнен оқитын қазақстандық студенттер саны 3 000 адамды құраған. 2008 жылы 3 750 отандастарымыз қытай университеттерiнде келiсiмшарт негiзiнде, 70-ci грант бойынша білім алған. 2010 жылы бұл мөлшер 7 874 адамға жеткен. 2011 жылы Қытайда 8287 қазақстандық бiлiм алған,олардың iшiнде 40 адам президенттік «Болашақ» стипендиясының иегерлері болса, студенттердiң бiр бөлiгi мемлекеттiк алмасу желiсi бойынша жəне қытай үкiметiнiн гранты бойынша келген, кейбіреулері ШЫҰ желiсi бойынша стипендия иегерлері болыпт абылады. 2013 жылы Қазақстандық студенттердің саны президенттiк «Болашақ» бағдарламасының 37 стипендиатын (17 бакалавр, 8магистр,12 тағылымдамадан өтуші ) қоса алғанда, 9 657 адамды құраған. Сонымен қатар, Қытайда білім алуға кеткен қазақстандықтар көбіне маңызды қалаларда қоныстанып отырған (2-кесте).

Қалалар

Қазақстандық студенттер саны

Бейжiн

4000

Yрiмшi

1250

Шанхай

800

Сиан

700

Гуанчжоу

500

Ухан

400

Нанкин

150

Ланьчжоу

150

Харбин

150

Циндao

Шамамен100

Құлжа

150

Шихэцзы

Шамамен100

Сямэн

25

2-кесте. 2014-2015 оқу жылының басында Қытай қалаларында білім алған қазақстандықтар 2004-2014 жылдар кезеңiнде Қазақстанның шамамен 2000 азаматы Қытай жоғары оқу орындарын бiтiрiп шыққан. Оның үстіне олардың саны үнемi ұлғайып отырған. Егер, 2003 жылы ҚХР жоғары оқу орындарын тамамдаған қазақстандық тулектер 8 адам болса, 2013 жылы қытай оку орындарын 700 адам бiтiрген. 2016 жылғы ақпан айындағы жағдай бойынша ҚХР-дағы Қазақстандық студенттер саны 11764 адам, оның iшiнде 763 адам халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттiк алмасу бойынша, қалғандары өз қаражаты жəне муниципалды гранттар есебiнен бiлiм алған. Шанхай қаласындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкiлдiгiнiң ресми ақпараты бойынша президенттiк «Болашақ» стипендиясынын 188 иегері қытай жоғары оқу орындарынд аоқыған.

Осылайша, ресми деректерге сəйкес Қазақстаннан Қытайға оқу миграциясы үздіксіз өсу серпінін көрсетіп отыр (Қошанова, Рақышева, 2016: 7-8).

Дегенмен, білім беру миграциясының расымен өзіндік теріс салдары мен қауіп-қатерлері бар. Көбінесе, басты қауіп ретінде студенттердің оқуды аяқтағаннан кейін шетелде қалуы, сол жақта жұмысқа орналасуы сияқты факторлар алдыңғы қатарға шығады. Нəтижесінде, «дайындаушы» елдердің мектептері неғұрлым дамыған елдерге, «алушыларға» мықты кадрлар дайындайды. Бұл тұрғыда АҚШ пен Ұлыбритания көш бастап алға шығады, онда ЮНЕСКО мəліметтері бойынша 2017 жылы 971 мың жəне соның ішінде 432 мың шетелдік студенттер оқыған (Нұрмағамбетов жəнет.б., 2021: 31).

Шетелдік азаматтарды қабылдайтын штаттар интеллектуалды элитаны, еңталантты түлектерді таңдауға мүмкіндік алады.Бұл үшін олар перспективалы түлектерді көтермелеу саясатын жүргізуде, яғни олардың əрі қарай дамуы, жақсы жұмыс орындарында орналасуы үшін ең қолайлы жағдай жасайды. Егер студенттер өзге елге көбірек кететін елдердің статистикасын шығарсақ, онда мұнда Қытай көш бастап тұр - 2017 жылы олардың 928 мың азаматы шетелде, негізінен АҚШ-та білім алған. Екінші орында Үндістан - 332 мың адам. Айта кету керек, елге оралған білім алушылар білімділер ағыны əсерін бəсеңдетуі мүмкін, бірақ оларға арнайы саяси қолдау қажет. Олар үшін тиісті ынталандырушараларын жасау керек. Мысал ретінде Корея Республикасындағы «Бақытты оралу» бағдарламасы қолданылады, ол студенттерді қолдаудың барлық кешенді шараларын ұсынуға тырысады.

Аталмыш қауіп-қатерлердің алдын алу үшін адами капиталдың шетелге кетуін төмендету бойынша шаралар кешенін əзірлеу қажет, оны зерттеушілер екі негізгі бағытқа бөледі:

- Біріншісі-шетелдік жоғары оқу орындары мен колледждердің қазақстандық түлектерінің елге оралуын ынталандыру бойынша шаралар кешені.

Жұмыспен қамту жəне олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау, əлеуметтік қолдау шаралары шешуші болып көрінеді. Бұл мəселені тек білім беру жүйесі мен ғылымның күшімен шешу мүмкін емес.Орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың келісілген жұмысы қажет.

- Екінші бағыт - отандық білім берудің тартымдылығын арттыру.

Бұл ретте, үміткерлердің оқу үшін жоғары оқу орындарын таңдауына əсерететін келесі факторлары маңызды рөл атқарады: білімнің жоғарғы деңгейде болуы, білім беру бағдарламаларын таңдаудағы сапа мен əртүрлілік, университеттің академиялық беделі, жоғары шəкіртақы беру, жұмысқа орналасу арқылы қаржылық қолдау (Нұрмағамбетов жəне т.б., 2021: 36-37 бб.).

Жақында қабылданған білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бұл факторлар ескерілген, отандық білім сапасын жақсарту, оның мектеп түлектері үшін тартымдылығын арттыру тетігі қарастырылған. Білім беру жүйесін одан əрі жетілдіру жəне жоғары білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Үкіметі əртүрлі шаралар қолданып жатыр. Осылайша, беделді шетелдік университеттермен қос дипломдық жəне бірлескен білім беру бағдарламаларын одан əрі дамыту халықаралық стандарттарды енгізу арқылы қазақстандық білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен, 2018 оқу жылында қазақстандық жоғары оқу орындары шетелдік серіктес университеттермен бірлесіп 585 бірлескен жəне 343 екі деңгейлі білім беру бағдарламаларын енгізген. Қазіргі уақытта пандемия жағдайында мұндай бағдарламалардың саны біршама азайды, алайда бүгінгі күні 63 бірлескен білім беру бағдарламасымен 226 қосдипломдық бағдарлама жүзеге асырылуда (Нұрмағамбетов жəнет.б., 2021: 37).

Қорытынды. Осылайша, заман талабы мен жаһандану үдерісі аясында,уақыт өткен сайын дамып келе жатқан білім жүйесі бүгінде шекарасыз сапалы білім алу жолдарын неғұрлым қарқынды игеріп келуде. Соның аясында, миграциялық үдерістерді қауіпті призмада ғана қабылдап, туындауы мүмкін негативті факторлардың алдын алатын шешімдерді шығарудың орнына, бұндай даму бағытынан тысқары қалып немесе білім алушыларды шектеу ел үшін өз зиянын тигізіп, даму қарқынын бəсеңдетіп жіберетін амалдар болуы мүмкін. Сондықтан да, біздің еліміз де аталмыш бағытта білім жүйесін дамыту үшін атсалысып, орнығып жатқан жаңашылдықтарды өзімізде де енгізуге көңіл бөліп отыр.

Оқу миграциясы жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал етіп, сирек жəне қазіргі кезде Қазақстанның жоғары оқу орындарында жоқ мамандықтар бойынша білім алған кадрлар тапшылығын толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, түлектерге «білімділердің кетіп қалуына» жол бермеу мақсатында олардың жұмысқа орналасуына жағдай жасау қажеттігі алдыңғы қатарға шығып отыр, өйткені зерттеу көрсетіп отырғандай мансаптық өсу перспективасының жоғары болу себебіне орай шетелдерде тұрақты тұру үшінкөшуді жоспарлаған студенттер санаты көп. Осыған байланысты оқуға ниетбілдірген жастарға тұрақты мониторинг жүргізіп қана қоймай, Қазақстанның зияткерлік əлеуетін елеулі түрде нығайтуға мүмкіндік беретін шараларды уақытылы қабылдау қажет.

Білім беру миграциясының оң нəтижелері ретінде келесідей аспектілерді қарастырып өтсек болады:

- білім сапасының жоғары болуы;

- жаңа көзқарастарды, дағдылар мен тұжырымдарды меңгеруі;

- əр түрлі əлеуметтік-мəдени ортада жүріп, жан-жақты коммуникацияның орнатылуы;

- бəсекеге қабілеттіліктің жоғары болуы; жаңа методикалармен таныс болуы;

- мықты кəсіби маман ретінде қалыптасуы;

Туындауы мүмкін негативті жақтарына келесідей қауіптерді көрсете аламыз:

- елге оралмау;

- мықты əрі білікті мамандардан айырылу;

- демографиялық статистикаға тигізетін кері əсері;

Білім алуға кеткен жастардың арасында болашақта жақсы жұмысқа орналасу мəселесі маңызды себептердің бірі болып есептелетіні сөзсіз. Сондықтан да, көптеген елдер білім алу жүйесіне көңіл бөлген кезде жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру сияқты факторларға ерекше назар аударады. Себебі, барлық елдер инновация мен өнімділікті арттыру үшін білікті жұмысшыларды тартуға тырысады. Қабылдаушы елдер үшін білім алғаннан кейін, тұрақты тұруға немесе тіпті азаматтық алуға бағытталған нақты стратегияны əзірлеу білікті жұмыс күшін тартуда маңызды фактор болып табылады. Себебі, мұндай елдерде, əдетте, жұмыспен қамтудың жекелеген түрлерін ескере отырып, адами капиталға қомақты инвестицияларды қажет ететін тұрақты жұмыс орындары бар. Көптеген білікті жұмысшылар отбасымен бірге көшетіндіктен, оларға тұруға кепілдік беру, білім алуға жəне басқа дамемлекеттік қызметтерге жүгіну маңызды.Жоғары білімге инвестиция салу осының арқасында тағыда алдыңғы қатарға шығады, өйткені жақсы университеттердің болуы талантты жəне ынталы адамдарды тартудың кілті болып табылады. Қабылдаушы елдер донор (яғни, дайындаушы елдер, көбінежастары шет елге аттанады) елдердегі оқу орындарын тікелей қаржыландыруы мүмкін, бұл қабылдаушы елдерге де, донор елдерге де көмектеседі, өйткені мұндай оқу орындарының барлық түлектері бірден елден кетпейді, тіпті өз елінде қалып əрі қарай үлесін отанына қосуы мүмкін.

Ұзақ уақыт бойы адами капиталдың жетіспеушілігінен зардап шегетін донор елдер үшін білікті жұмысшылардың эмиграциясы күрделі мəселе болып табылады. Басқаруды жақсарту жəне донор елдерде институционалды нығайту тұрақты эмиграцияның негізгі себептерін жою үшін ұзақ мерзімді саясаттың тақырыбы болуы тиіс. Білікті жұмысшыларды ұстау саясатына жеке секторды дамыту, жұмыс орындарын құру, жоғары білімге инвестиция салу жəне əйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жатады. Осы орайда, білім алудағы миграция қауіптерінің алдын алу үшін,елдегі жұмыс пен қамту мəселесіне ерекше мəн беру қажеттігі көзге түседі.

Əдебиеттер мен деректер тізімі:

Bijwaard G.E., Wang Q. Return migration of foreign students //European Journal of Population. Volume 32, Issue1, 2016. – P.31-54

Дементьева С.В., Полетаев Д.В. Инновационные стратегии развития международного образования в ракурсе учебной миграции в вузы России. –  Электронный ресурс] – URL: https://cyberleninka.ru/article/n/innovatsionnye-strategii-razvitiya-mezhdunarodnogo-obrazovaniya-v-rakurse-uchebnoy-migratsii-v-vuzy-rossii(датаобращения: 05.09.2021 г.)

Касенова А.Б., Жангутин Б.О. Потенциал высших учебных заведений Казахстана на рынке образовательной миграции СНГ // Вестник КазНПУ. – [Электронный ресурс] – URL:https://articlekz.com/article/19172 (дата обращения: 05.09.2021 г.)

Қошанова С., Рақышева Б. Учебная миграция из Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику как один из аспектов стратегического сотрудничества между странами (результаты социологического исследования). – Астана: Қоғамдық пікір зерттеу институты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ., 2016. – 104 б.

Леденова В.Ю., Ломакина О.В., Джунусов А.М., Бегасилов Б.Т. Образовательная политика Казахстана в условиях миграции молодежи // Социология высшего образования. – 2021. – 25 мая (№ 6). – С. 156-168.

Нурмагамбетов А., Иватова Л., Хасенова Л. Образовательная миграция в контексте совершенствования системы высшего образования Республики Казахстан. //Казахстан. Спектр. – 2021. – 18 марта (№ 1). – С. 25-41.

РахимбековаБ.СовременныетенденцииобразовательноймиграциивРоссийской Федерации // Вестник КазНУ. Серия философии, культурологии иполитологии.– 2019. – №2. – С. 251-262

Рамазанов А., Азатбек Т. Интеллектуальная миграция умов // Экономика истатистика. – 2018. – №2. – С. 123-130.

СадовскаяЕ.Ю.Современная образовательная миграция из Казахстана в Китай. –[Электронный ресурс].– URL:https://naukarus.com/sovremennaya-obrazovatelnaya-migratsiya-iz-kazahstana-v-kitay (дата обращения: 06.09.2021 г.)

Садыкова Е., Нурмагамбетов А. Страховой доклад по реализации параметров Болонского процесса в вузах Республики Казахстан. – Нур-Султан: Центр Болонского процесса и академической мобильности МОНРК, 2020. – 243 с.

References:

Bijwaard G. E., Wang Q. Return migration of foreign students // European Journal of Population. Volume 32, Issue1, 2016. – P.31 -54

Dementeva S.V., Poletaev D.V. Innovatsionnye strategii razvitiia mezhdunarodnogo obrazovaniia v rakurse uchebnoi migratsii v vuzy Rossii. [Innovative strategiesfor the development of international education from the perspective of educational migrationto Russian universities] – [Elektronnyi resurs] –URL:https://cyberleninka.ru/article/n/innovatsionnye-strategii-razvitiya-

mezhdunarodnogo-obrazovaniya-v-rakurse-uchebnoy-migratsii-v-vuzy-rossii(dataobrashcheniia:05. 09. 2021 g.). [in Russian].

Kasenova A.B., Zhangutin B.O. Potentsial v ysshikh uchebnykh zavedenii Kazakhstana na rynke obrazovatelnoi migratsii SNG. [Potential of higher educational institutions of Kazakhstan in the educational migration market of the CIS] // Vestnik Kaz NPU. –[Elektronnyi resurs] – URL:https://articlekz.com/article/19172 (data obrashcheniia: 05.09. 2021 g.). [in Russian].

Koshanova S., Rakysheva B. Uchebnaia migratsiia iz Respubliki Kazakhstan vKitaiskuiuNarodnuiuRespublikukakodinizaspektovstrategicheskogosotrudnichestvamezhdustranami(rezultatysotsiologicheskogoissledovaniia).[Educational migration from the Republic of Kazakhstan to the People's Republic ofChina as one of the aspects of strategic cooperation between countries (results ofsociologicalresearch]–Astana:Kogamdykpіkіrzertteuinstituty,L.N.GumilevatyndagyEUU., 2016. – 104 s. [in Russian].

Ledenova V.Iu., Lomakina O.V., Dzhunusov A.M., Begasilov B.T. Obrazovatelnaia politika Kazakhstana v usloviiakh migratsii molodezhi. [Educational policy of Kazakhstan in the context of youth migration] // Sotsiologiia vysshego obrazovaniia. – 2021. – 25 maia (№ 6). – S.156-168. [in Russian].

Nurmagambetov A., Ivatova L., Khasenova L. Obrazovatelnaia migratsiia v kontekste sovershenstvovaniia sistemy vysshego obrazovaniia Respubliki Kazakhstan.[Educational migration in the context of improving the higher education system of the Republic of Kazakhstan] // Kazakhstan. Spektr. – 2021. – 18marta (№1). – S.25-41.[inRussian].

Rakhimbekova B. Sovremennye tendentsii obrazovatelnoi migratsii v RossiiskoiFederatsii. [Modern trends in educational migration in the Russian Federation] // Vestnik KazNU. Seriiafilosofii, kulturologii i politologii. – 2019. – №2. – S.251-262. [in Russian].

Ramazanov A., Azatbek T. Intellektualnaia migratsiiaumov. [Intelligentmindmigration] // Ekonomikai statistika. – 2018. – №2. – S. 123-130. [in Russian].

Sadovskaia E.Iu. Sovremennaia obrazovatelnaia migratsiia iz Kazakhstana v Kitai.[Modern educational migration from Kazakhstan to China] – [Elektronnyi resurs]. –URL:https://naukarus.com/sovremennaya-obrazovatelnaya-migratsiya-iz-kazahstana-v-kitay(dataobrashcheniia: 06. 09. 2021g.). [in Russian].

SadykovaE.,NurmagambetovA. Strakhovoi dokladporealizatsiiparametrov Bolonskogopro tsessavvuzakh Respubliki Kazakhstan. [Insurance reporton the implementation of the parameters of the Bologna process in the universities of the Republic of Kazakhstan]. – Nur-Sultan: Tsentr Bolonskogo protsessai akademicheskoi mobilnosti MON RK, 2020. – 243 s.[in Russian].

МРНТИ 03.20.00

МИГРАЦИОННЫЕПРОЦЕССЫ,НАПРАВЛЕННЫЕ

НАОБРАЗОВАНИЕ

Т.К. Мекебаев¹, Ж.Б. Көшербаева²*

¹Казахский национальный университет имени Аль-Фараби, Казахстан, Алматы 

*Корреспондирующий автор 

E-mail: tmekebaev@mail.ru (Мекебаев), zhadyra06@mail.ru (Көшербаева)

Аннотация. В статье анализируются преимущества и потенциальные угрозы миграционных процессов в процессе глобализации, которые оказывают существенное влияние на уровень развития государства в системе образования, что имеет особое значение для будущего страны. В современном глобализирующемся обществе активно развиваются миграционные процессы, которые имеют как положительные, так и отрицательные последствия для развития Республики. Для того, чтобы сформироватьпонимание этого вопроса, прежде всего, дается исчерпывающее определение понятия интеллектуальной миграции. Историографический обзор выявил основные взгляды на образовательную миграцию, в результате чего был сделан шаг к собственным выводам. Помимо негативных аспектов миграции в сфереобразования, существуют рекомендации по предотвращению ее последствий. Кроме того, показатели миграционных изменений были проанализированы с использованием статистических данных, и былас дела на попытка детально раскрыть проблему.

Ключевые слова: системаобразования, международное партнерство, миграционный процесс в образовании, миграция молодежи, качество образования, квалифицированный специалист.

IRSTI 03.20: 06.81.23

MIGRATION PROCESSES AIMED AT EDUCATION

Т.K. Мekebaev¹, Zh.B. Kosherbayeva²*

¹Al-Farabi Kazakh national university. Kazakhstan, Almaty 

*Corresponding author 

E-mail: tmekebaev@mail.ru (Мekebaev), zhadyra06@mail.ru (Kosherbayeva)

Abstract. The article analyzes the advantages and potential threats of migrationprocesses in the process of globalization, which have a significant impact on the levelof development of the state in the education system, which is of particular importancefor the future of the country. Migration processes are actively developing in the modern globalizing society, which have both positive and negative consequences for the development of the Republic. In order to form an understanding of this issue, first ofall, an exhaustive definition of the concept of intellectual migration is given. The historiographic review revealed the main views on educational migration, as a result of which a step was made to its own conclusions.In addition to the negative aspects ofmigration in education, there are recommendations to prevent its consequences. Inaddition, the indicators of migration changes were analyzed using statistical data, andanattempt was madeto reveal the problem in detail.

Key words: education system, international partnership, migration process ineducation, youth migration, quality ofeducation, qualified specialist.

Авторлар туралы мәлімет: 
¹Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
¹*Магистрант

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз