Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » МРНТИ 03.20.25 ТӘУЕКЕЛ ХАННЫҢ БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Ж.Е. ЖАППАСОВ, т.ғ.к., доцент. Н.А. ТАСИЛОВА, т.ғ.к., доцент. С.С. КУЛМЕСКАНОВА, Тарих магистрі. Оқытушы. ҚазҰАУ. Қазақстан, қ. Алматы

МРНТИ 03.20.25 ТӘУЕКЕЛ ХАННЫҢ БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2(22), 2020

Автор:
Бұл мақала "Тәуекел ханның қазақ мемлекеті мен орыс елі арасындағы дипломатиялық байланыстарды нығайтудағы рөлі" деген мақаланың жалғасы болып табылады. Өйткені, бірінші мақалада біз ортағасырларда тарих сахнасына көтерілген Қазақ хандығының билеушісі әйгілі Шығай ханның баласы - Тәуекел ханның тұсындағы мемлекеттің ішкі саяси жағдайының өзгеруі мен көрші жатқан орыс елімен байланысы мен саяси, дипломатиялық көрегендігін қарастырсақ, бұл мақалада Орыс еліндегі немере інісі Ораз Мұхаммед сұлтанның өмірі, оның еліне қайтару әрекеттері мен Мәуреннахрдағы Шайбанилерге қарсы "от қару" алу мәселесі де тарихи құжаттар негізінде талданып, қарастырылады. Әсіресе, Мәскеу мемлекетімен болған алғашқы ресми дипломатиялық байланыстардың тарихы, екі ел үшін маңызы көрсетіліп, ХVI ғасырдың екінші жартысындағы орыс мемлекетімен дипломатиялық ресми қатынастарды шебер орнатқан, қазақ мемлекеттілінінің пайдасына шеше білген Тәуекел ханның сыртқы саясаты құжаттар негізінде талданады. Кілт сөздер: хандық, мемлекеттілік, саяси, халықаралық, байланыстар, дипломатия.
Мазмұны:

Кіріспе. XVI-XVIІІ ғғ. тәуелсіз Қaзaқ хaндығының көршi мемлекеттермен, соның iшiнде iргелес Мayреннaхрдaғы Шaйбaнилермен, Ноғай Ордасы, Ирaндaғы Сефевилер, Моғолстaн, Аштарханилермен, Жоңғарлар мен орыс елiмен жaсaғaн әртүрлі қaрым-қaтынaсын зерттеyдiң бүгiнгi тaңдa мaңызы зор.

XVI ғасырда Дештi Қыпшaқ билеyшiлерiнiң Мayреннaхрмен сaяси қaрым-қaтынaсындa Сыр өңiрiнiң Дештi Қыпшaқ тaйпaлaры үшiн экономикaлық, сaяси-әкiмшiлiк, дiни-мәдени және әскери-стрaтегиялық мәнi үлкен рөл aтқaрды. Қaзaқ хaндығы құрылғaннaн кейiн Мayренaхрмен сaяси қaтынaстың негiзгi aрқayынa қaзaқ тaйпaлaрының этникaлық территориясын бiрiктiрy мiндетi де қосылды.

Бұл кезеңде Моғолстан мемлекетімен, Ноғай Ордасымен, Орыс елімен саяси, экономикалық, елшілік байланыстар орын алғандығы тарихи дерек көздерінде жазылған. Осы қарым-қатынастар Қазақ хандығының саяси тұрақтылығы мен мемлекет ретіндегі маңызын нақты көрсетіп тұрғандай. Әсіресе, Шайбани әулетімен болған саяси қақтығыстар Қазақ хандығының Орыс елімен ресми дипломатиялық қатынастарға түсуіне түрткі болды. Осы ғасырда Моғолстан мемлекеті ыдырап, Шайбанилер әулеті өмір сүруін тоқтатып, Ноғай Ордасы екіге бөлініп, Көшім хандығы Орыс елінің қол астына өтті. Бұл халықаралық аренадағы үлкен өзгерістер екені даусыз. Алайда, сол мемлекеттердің тәжірибесі, қателігі мен ұстанымы тарихи сабақ болатыны һақ.

XVІ-XVІІI ғасырдың басындағы саяси өзгерістер, халықаралық қатынастардағы саяси ұстанымдардың өзгеруі, әрине, халықаралық байланыстарда да үлкен өзгерістерге алып келді. Осы өзгерістер мен саяси ұстанымдағы қателіктер Қазақ хандығының өз тәуелсіздігінен айырылып қалуының алғышартына айналды. Қазақ хандығы өз тәуелсіздігінен біржолата айырылып, Ресей империясының отарына айналды. Сондықтан, осы кезеңдердегі Қазақ хандығының халықаралық қатынастардағы ұстанымы, бағыттары мен кезеңдеріне тарихи бағасын беріп, жетістіктеріміз бен қателіктерімізді талдап, негізгі тұжырымдарға келу осы ғылыми мақаланың өзектілігін айқындай түседі. 

Қазақ хандығы ХҮІ ғасырдың екінші жартысында Хақназар, Шығай, Тәуекел хандардың тұсында қайта өрлеп, халықаралық аренада саяси күшке ие мемлекетке айналды. Бұл кезеңде Қазақ елі сыртқы саясатында бірнеше негізгі бағыттарды айқындап алды. Олар Орта Азиядағы Шайбани әулеті, батыстағы Көшім хандығын бағындырған Орыс елі және болатын.

Қазақ хандығының тарихында күшті мемлекет басшысы болып, сыртқы саясатын асқан шеберлікпен өз елінің мүддесі үшін жүзеге асырған Шығайдың ұлы Тәуекел ханның тарихта алатын орны мен жүргізген саясаты туралы бұдан бұрынғы мақаламызда қарастырған болатынбыз.

Тәуекел хан үшін Орыс елімен дипломатиялық байланыстарды орнату біріншіден, немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Ораз Мұхаммед сұлтанды Қазақ хандығына қайтару болса, екінші бір мақсаты Шайбанилық Абдолла ханды жеңу үшін "от қару" алу болатын. Бұл мақсаттарға жету елінің сыртқы саясатында маңызды рөл атқаратынын Тәуекел хан жақсы түсінді.

Материалдар мен әдістер. Қазақ хандығы мен орыс елі арасындағы байланыстардың негізгі дерегі – "Казахско-русские отношения XVI-XVIII веках" 1- томы [Казахско-русские отношения в XVІ-XVІІІ веках., 1961:743]. Қазақ ССР Ғылым Академииясының басшылығымен 1961 жылы жарық көрген құжаттар жинағы болып табылады. Бұл құжаттар жинағында 266 мұрағат құжаттары мен іс-қағаздардың жиырма төрті біз қарастырып отырған кезең дерегіне жатады. Жинақты құрастыру ісіне Ф.Н. Киреев, А.К. Алейникова, Г.Н.Семенюк және Т.Ж. Шойынбаевтар өз үлестерін қосты. Бұл құжаттар жинағында қазақ-орыс елдері арасындағы саяси, әскери, сауда-экономикалық, елшілік байланыстары туралы құнды мәліметтер сақталған.

ХҮІ- ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихынан құнды мәліметтерді Қадырғали Жалайырдың „Жылнамалар жинағы” атты еңбегі береді. Бұл еңбек 1602 жылы Ресейде Хан - Кермен (Қасым хандығы) қаласында тәмәмдалған. 1600 жылы Қасым хандығының тағына Ораз Мұхаммедтің отыру құрметіне Қадырғали өзінің кітабын жазады. Бұл еңбекте орыс елінде, нақтырақ айтсақ Қасым хандығында хан болған Ораз Мұхаммед туралы, оның ата-тегі жайлы мәліметтер бар. Қадырғали Жалайыр Ораз Мұхаммедті жақсы білген адам болғандықтан, оның дерегін жоғары бағалау қажет [Қ.Жалайыр., 1997:128].

Сонымен қатар Сібір жылнамаларының дерек ретіндегі маңызы жоғары. Өйткені, ХҮІ ғ. Орыс мемлекеті алдымен Қазан, Астраханьды басып алғаннан соң Сібірге көз тікті. Ал Сібір Қазақстанның солтүстік шекарасында орналасты. Сондықтан да Строгонов жылнамасы (ХҮІІ ғ. орта шені), С. Есиповтың „Сібір жылнамасы” (1687 ж.)  және „Ремезов жылнамасы” (ХҮІІ ғ. аяғы – ХҮІІІ ғ. басы) Қазақ ханығының тарихы үшін, оның ішінде Сібір хандығы, орыс елі арасындағы қарым-қатынас тарихын зерттеу үшін құнды деректер болып табылады. Бұл жылнамаларды  В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде пайдаланады. Сонымен қатар бұл жылнамаларды зерттеуші Ф. Шәмшидинова өзінің кандидаттық диссертациясында деректік маңызын талдап көрсеткен болатын [Ф.М.Шамшиденова, 1997:122].

Сібір хандығының құрамында солтүстік Қазақстанның болғанын және онда көптеген қазақ тайпаларының өмір сүргенін ескеретін болсақ, онда Сібір хандығының тарихы қазақтардың тарихының құрамдас бір бөлігі екендігі анықталады.

Ресей империясының Сібір жеріне жасақтаған бірінші академиялық экспедициясының (1733-1743 жж.) мүшесі Г.Ф. Миллердің (1705-1783 жж.) «История Сибири» деген 1750 жылы жарық көрген еңбегі осы өңір туралы ең алғаш жазылған іргелі зерттеуі екендігін атап өту қажет. Бұл еңбекті Сібір тарихымен айналысқан зерттеушілердің барлығы дерлік пайдаланған. «История Сибири» еңбегінде XVI ғ. тарихи оқиғалары тізбектеліп, әсіресе Сібір билеушілері, Көшім хан, қарақшы Ермак, Мәскеудің казактар арқылы отарлау тарихы анық баяндалған. Онда осы кезеңдегі қазақ-орыс қатынастарының кейбір тұстарын ашуға көмектесетін фактілер де баршылық. Сібір тарихын зерттеген Г. Миллер Ораз Мұхаммедті Қазақ ордасының сұлтаны деп атаған. Бұл сұлтанның Қараша мырзамен бірігіп, Сібір қаласын билеген Сейдекке келіп қосылуы, оны едәуір күшейткенін  баяндайды қажет [Г.Ф. Миллер, 1999:630.].

Мақаланың әдістемелік негізіне қоғамдық құбылыстардың дамуы мен өзгеруін нақты зерттеуді талап ететін сыни және тарихилық қағида негізге алынып отыр. Еңбекті жазуда қазіргі деректану саласы мамандары мен тарих бағытында зерттеулер жүргізіп жатқан ғалымдардың тарихи дәуірді кешенді зерттеу қажеттілігі туралы  ғылыми тұжырымдарына баса көңіл аударылды. Зерттеу барысында ғылыми ізденістің жалпы даму-танымдық әдістерімен бірге тарих ғылымындағы нысандылық, жүйелілік, талдау, салыстырмалы-тарихи талдау, тарихи оқиғалардың дамуын хронологиямен қабыстыру тәсілдері басшылыққа алынды.

Кез келген екі елдің сыртқы саясатын қалыптастыруда ішкі және сыртқы обьективтік, субьективтік факторлар шешуші және тұрақты роль атқарады, олардың арасындағы мүдделер тоғысуы немесе қайшы келу сипатын айқындау да шешуші маңызға ие. Бұл факторларды талдау арқылы мемлекеттердің арасындағы олардың мүдделерінің сақталу немесе бұзылу жолдары айқындалып, елдердің жеке-жеке мақсат-міндеттері анықталады. 

Сонымен қатар, қазақ-орыс қатынастарына қатысты зерттеулерді талдау барысында тарих ғылымына тән және жалпы ғылыми методтар мен теориялар, тұрғылар мен қағидалар, концепциялар мен тәсілдер мүмкіндігінше кеңінен пайдаланылды.

Әдістері. Зерттеу жұмысында тарихи тұлғаны тарихи кезең шеңберінде кешенді түрде сипаттау, тарихи-салыстырмалы, деректанулық талдау, жинақтау, жүйелеу, тарихи-географиялық т.б. әдістер қолданылды.

Талқылау. XVI ғ. екінші жартысында Қазақ хандығы қайта өрлеп, өзінің территориясын нақтылап, халқының санын көбейтіп, көрші елдермен саяси-дипломатиялық байланыстарын ресми түрде жүргізе бастады. Осы кезеңде бір орталықтан басқарылып, күшейіп, өзінің шығысқа қатысты мәселесін жолға қойған Орыс елінің сыртқы саясатында отарлау үрдісі көрініс тапты. Мәскеу 1552 ж. Қазанды, 1556 ж. Астраханды жаулап алғаннан кейін, Сібірді отарлауға кірісті. Әрине, қазақ елі мен орыс мемлекетінің арасындағы шекара Сібір хандығы арқылы бөлініп жатқандықтан, Көшім хандығы деп аталған елді орыстардың түрлі айла-тәсілдермен жаулауы, отарлау тарихының кейбір тұстары Қазақстан тарихына да қатысы бар.

Тәукел ханның тұсында Қазақ хандығының халықаралық қатынастардағы рөлін көрсету үшін, ең алдымен сол кезеңдегі көрші елдердегі саяси жағдайдың өзгеруіне және оның қазақ халқына қаншалықты әсері болғанын талдап көрейік.

Қазақ хандығының көршісі Сібір хандығы болғандықтан, оның отарлану тарихы тікелей біздің тарихи дамуымызға өзінің әсерін тигізді.

Сібір хандығының тарихы мен Көшім ханның тарихтағы рөлін, Қазақстанды әскери казактар арқылы отарлау үдерісін зерттеген ғалым М.Ж.Әбдіров Орыс елінің ең алғаш рет Қазақстанды әскери казактармен отарлауы  XVI ғ. екінші жартысында бастау алғандығын дәлелдейді[М.Ж. Абдиров, 1997:122]. Яғни, Сібірді басып алған әскери казактардың шығысқа қарай жылжуын ғылыми тұрғыда негіздеп береді.

Академик М.Қ. Қозыбаев «Жауды шаптым ту байлап» атты зерттеу еңбегінде «Сібір қандығы Жошы ұлысына қарады. Ол Қазан, Ноғай, Қазақ хандықтарына көрші орналасты. Бұл Тобыл, Ертіс өзендерінің бойы, Бараба, Құлынды даласы еді. Жазда Бараба мен Құлынды даласына қазақ, башқұрт, ноғай, татарлар жайлауға шықты, Бұхар, Хива өзбектерімен сауда жасады», - деген еді[М.Қозыбаев, 1992:272].  Академиктің «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегінде де қазақ-орыс байланыстарының белгісіз болып келген тұстары дәлелді деректер негізінде зерделенеді. Онда башқұрт этнографы Р. Күзеевтің «Происхождение башкирского народа» еңбегіне сүйене отырып «Сібір елін жайлаған 100-ге жуық тайпалар қазақ, өзбек, қарақалпақ, башқұрт халықтарының құрамына енді. Ал ол кезде Орталық Қазақстан қазақтары Тобыл, Ешім, Ертіс бойына жайлауға шығатынын Сібір тарихшылары атап көрсетеді», - деп, «Бұдан шығатын қорытынды: Сібір хандығының тарихы, оның жаулануы қазақ халқы тарихының құрамдас бөлігі болып есептеледі. Ендеше, қазақ халқының шежіресін, оның өз алдына дербес халық болып тарих аренасына шығуын,  қазақ хандығы мен мемлекеттігінің тарихын оқшау қарастырмай түбі бір туыстар тарихымен – Сібір, Ноғай, Қазан, Астрахань, Түмен, Қырым хандығы тарихымен бірегей бірлікте зерттейтін уақыт жетті », - деп батыл да дәйекті пікірлер білдірген еді.

  Сонымен қатар, М. Қозыбаев «Сібірді жаулап алу Ермактың есімімен байланысты» дей келе орыстардың Сібір жерін отарлауға жол ашқан, орыс елінің ұлттық батыры деп дәріптелген Ермактың тарихтағы бет-пердесін ашып көрсетті. Және де қарақшы Ермактан атаман Ермакқа қалай айналғанын деректер мен зерттеу еңбектерін кешенді түрде талдаудың негізінде жаңа пікірлерге келді қажет [М.Қозыбаев, 1994:192].

Академик бұл тұста тарихнамада орын алған екі түрлі концепцияның белең алғанын атап көрсетеді. Ол бірінші  Ермактың қандыбалақ қарақшы екендігін дәлелдейтін обьективті концепция. Және Ермакты дәріптейтін екінші концепцияны ашып көрсетеді.  Мәселен, «Есипов өзінің шежіресінде Ермакты қарақшы атады, Н. Карамзин болса Ермакты қаныпезер, Американы қанға бөктірген кортестермен қатар қойды». Оның ұлттық батырға айналуын  М. Қозыбаев: «Ермактың жеңісі патша сарайын қуанышқа бөледі. Осы оқиғалардан кейін патша өкіметі, шіркеу кешегі қанды қол қарақшы Ермакты ашықтан-ашық әулиелер санатына қосып, жер-көкке сыйғызбай мақтай бастады. Оның ұрылығы, қарақшылығы өмірінің бір кездейсоқ сәттері сияқты көрсетілді, ал атаманның батырлығы, парасаттылығы, қайраткерлігі, дипломаттылығы туралы ойдан шығарылған аңыздарға негізделген шығармалар халық арасына кеңінен таратыла бастады», - дейді. Академиктің айтуынша, Кеңес заманында Г. Вяткин, С.М. Соловьев, А.А. Введенский,  В.Г. Мирзоев, Д.И. Копылов, Р.Т. Скрыпников және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде осы екінші, Ермакты бейнебір аңыздарға сүйеніп мадақтау концепциясы белең алды. Бұл концепцияға М. Қозыбаев: «Ермак туралы қалам тартқан қай тарихшы болмасын оның жорығының шапқыншылық сипатын жасыра алмайды, егер патша заманында оның жорығына  «Завоевание Сибири» деп ашықтан-ашық баға берілсе, совет дәуірінде бұл сөздің өңін айналдырып,  «Открытие Сибири» (Окладников А.П.),  «Присоединения Сибири» (Дулов В.И.), «Освоение Сибири» (Мирзоев В.Г.) т.б. қырық құбылту басталды. Тіпті, Скрыпников сияқты тарихшылар оны экспедицияға теңеді. Осылайша, кеңес тарихнамасында идеологияға сай бұрмалау, тарихи шындықты теріс айналдыру, жалған фактілермен Сібірді одан кейін қазақ жерін отарлауға жол ашқан Ермактың қанды жорығын теріс айналдырып, батыр ретінде дәріптеп, патшалы Ресейдің Сібірді отарлау саясатын ақтап көрсетті. Сібірді отарлаған Орыс елі үшін одан әрі шығысқа қарай жылжуы Қазақ хандығының шекараларына алып келді. Осы тұста Сібірде аңшылықта жүріп, тұтқынға түсіп, туған жерінен жыраққа кеткен Ораз Мұхаммед сұлтанның өмірі үлкен өзгеріске ұшырады.

Ресейдің басқыншылық саясаты мен Сібір, Каспий өңірі, Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын өзіне қарату үшін жүргізген жымысқы саясаты талай ханзадалардың өмірін, тағдырын өзгертті. Ресейде бұндай тұлғалар өз отбасыларымен бірге тұтқынға айналып, патшалыққа қызмет етті.

Қазақ хандарымен бір санатта тұрған қазақ сұлтаны Ораз Мұхаммедтің тарихи рөлі бүгінгі таңда өз деңгейінде қарастырылмады. Ол халықаралық деңгейде Қазақ хандығының атын шығарды, Орыс еліндегі дүрбелең жылдары елдің тұрақтылығы үшін күресіп, саяси, әскери шеберлігін көрсетіп, өз деңгейін патша сарайында да жоғары дәрежеде ұстаған тұлға.

Қазақ-орыс ресми байланыстарын талдамас бұрын, Ораз Мұхаммед сұлтанға тоқталып өтейік. Ол Алтын Орда, Ақ Орда, Қазақ хандығында атақты тұлғалар - Орыс хан, Барақ хан, Жәнібек, Шығай хандардың ұрпағы еді. Нақты тарихи мәліметтерге сүйенсек, 1588 жылы тұтқынға түскен кезеңде оның жасы 16 жаста болған. Бұл кезеңде Сібір хандығын жаулап алу әрекеттері, Көшім ханмен қақтығысып жатқан кезең болатын. Бұл туралы тарихшы М.Мағауин өзінің "Аласапыран" атты романында шебер көрсетеді. Ол тарихи деректер негізінде орыс патшалығының отарлық сипаттағы әрекеттерін нақты және асқан шеберлікпен суреттейді.

Ораз Мұхаммедтің шығу тегі өзінің жеке заттарының ішінде күмістен жасалған Құранға арналған қобдишаның артында араб әріптерімен жазылғандығын В.В.Вельяминов-Зерновтың еңбегінде жазылады. Онда  - Орыс хан - Құйыршық хан - Барақ хан - Жәнібек хан - Жәдік хан - Шығай хан - Ондан сұлтан - Ораз Мұхаммед хан деп жазылған екен.

Әкесі Ондан сұлтан туралы Қадырғали Қосымұлы Жалайыр өзінің шежіресінде: "Ондан сұлтан туралы хикаялар көп жерде кездеседі. Ол ержүрек батыр, садақ атудың да керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті. Шығай хан тұсында әскерлердің бас қолбасшысы болды. Ақырында қалмақтармен шайқаста 30 жасқа келгенжігіт шағында шаһит болды. Оның қабірі Қожа Ахмет Иассауи рахмет алла алейһидің қасында жерленеді", - делінген[Қ.Жалайыр., 1997:122].

Жалайыр өзінің шежіресінде: "Ораз Мұхаммед сегіз жасында өзінің атасы Шығай ханнан айырылды. Оның үстіне он үш жасында өз әкесі Ондан сұлтан шаһит болды", - деп, жастайынан қиындық көрген сұлтанның өмірін баяндайды[Қ.Жалайыр., 1997:123].

Ораз Мұхаммед ерте есейген, балалық шағынан бастап жат жерде өмір сүрген. Өзге елде, өзге дін, тәрбие, дәстүрі бар орыс елінде өмірінің соңына дейін болған Онданұлы Ораз Мұхаммед өзінің аталары сияқты нағыз жауынгер, мерген болатын.

Ораз Мұхаммед сұлтан Орыс елінде қандай дәрежеде болды. Ораз Мұхаммед сұлтанның Сібірден Мәскеуге қандай жағдайда жеткізілгендігі туралы екі түрлі пікір бар. Бұл пікірлердің бірінде қазақ сұлтаны өз еркімен Орыс патшасына қызметке барған екен. Ол пікірді орыс мұрағаттарына сүйенген зерттеуші-шығыстанушы В.В.Вельяминов-Зернов өз еңбегінде атап көрсетеді. Ал екінші пікірде қазақ сұлтанын Сібірде аңшылықта жүргенде ұстап алып, Мәскеуге жөнелтіледі. Бұл екінші ақпаратты Сібірдің жылнамалары және оған сүйенген Небольсин, Миллер, Фишер сияқты Сібір тарихын зерттеген ғалымдар баяндайды. Енді осы екі пікірді талдап көрсек.

Ортағасырлардағы қазақ тарихын шығыс деректеріне сүйене отырып, ғылыми зерттеу еңбектерін пайдаланып зерделеу ең алдымен В.В.Вельяминов-Зерновтың есімімен тікелей байланысты. Ғалым өзінің "Исследование о Касимовских царях и царевичах" деген еңбегінің 2-бөлімінде қазақтар туралы мәліметтер кездесетін көптеген шығыс деректерін орыс тіліне аударып, ғылыми айналымға енгізді. Әсіресе, бұл еңбектегі Қасым (Хан-Керман) қаласында хан болған Ораз Мұхаммед туралы пікірлері жан-жақты болып табылады[В.В.Вельяминов-Зернов, 1864:101].

В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде Хан-Керман қаласында хандық биліктің тізгінін ұстаған билеушілердің шығу тегі мен тарихын, билікке келуі туралы егжей-тегжейлі баяндаған болатын. Автордың осы мақсатқа арналған еңбегі Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеуге мұрындық болды деуге болады. Бұл еңбекте атақты қазақтың хандарына сипаттама берілген болатын. Өйткені, Хан-Керманда билік тізгінінде отырған Ораз Мұхаммед хан атақты Шығай ханның баласы Ондан сұлтанның ұлы болатын. Ол Тәуекел ханның немере інісі еді. ХІХ ғасырда Қасым хандығына (Хан-Керман) арналған бұл еңбектің маңызы зор болды. Ол зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында Хан-Керманға барып, өз көзімен тарихи деректер мен археологиялық ескерткіштерді зерттеп, ғылыми жұмысын сапалы деңгейде жазған болатын. Еңбекте шығыс тіліндегі ортағасырлық деректер мен Сібір тарихына арналған жылнамалар, Сібірді зерттеген  П. Небольсин, Г. Миллер, Фишердің және Левшиннің т.б. еңбектерін кеңінен пайдаланған болатын.

Қазақ-орыс қарым-қатынастарының негізгі себебі болған Ораз Мұхаммед сұлтанның Мәскеудегі өмірі мұрағат құжаттарында сипатталады. Мәскеуге дейінгі өмірін, оның орыс елінде қандай жағдайда барғандығын В.В.Вельяминов-Зерновтың еңбегінен анықтауға болады. Ораз Мұхаммед Сібір хандығының астанасы - Иккер қаласына 1586 жылы келеді. Зерттеу бойынша 1588 жылы Сібір воеводасы Данил Чулков Көшім ханның қарсыласы болған Сейдақ (Сейіт Ахмед) мырзаны, Қазақ Ордасының сұлтаны Ораз Мұхаммед пен оның қарашасын қулықпен ұстап алғандығы туралы баяндалады. Бірнеше Сібір жылнамаларында Сібір воеводасының бұл құйтыртқы, арамдық әрекеттері сипатталған болатын. Яғни, Ораз Мұхаммед сұлтан Орыс елінде өзінің қалауынан тыс алынғандығы, сонда өмірінің соңына дейін өмір сүргендігі баяндалады. Бұл 1588 жылы қыркүйек айында орын алған оқиға болатын. Жылнамаларда Сібір мырзасы Сейдақ пен Ораз Мұхаммед, оның қарашасы 500 адаммен аңшылыққа шығады. Сол жерде Сібір воеводасы Данил Чулков оларға адам жібереді. Данил Чулков Сейдақ мырзаны Тобыл қаласына бейбіт қатынастар туралы ақылдасу үшін деп шақырады. Сейдақ мырза қазақ сұлтанымен ақылдаса келіп, Тобыл қаласына барады. Қала сыртында әскерін, қаруын қалдырып, ішке креді. Түскі асқа қарусыз барған қонақтарды ішіп-жеуді ұсынады. Седақ пен Ораз Мұхаммед, қарашасы аузына алмай ойланып отырады. Өз еркімен ішкісі келмеген қонақтарға провослав христиандарға жамандық ойлап отырсыңдар деп Д.Чулков ішкізеді. Олар ішіп, қақалған кезде жан-жағынан орыс әскері тап беріп, ұрып-соғып байлап тастайды. Тобыл қаласының сыртында қалған әскерге Сейдақ мырзаның жеңіліс тапқандығы хабарланады. Сол кезде сырттағы әскері артқа шегініп, қашып кетеді.  Ал тұтқындар, яғни, Ораз Мұхаммед орыс еліне көптеген әскермен жеткізілгендігі баяндалады.  Осылайша алдап асқа шақырып, күдіксіз және қарусыз барған қонақтарды орыс әскері ұстап, Мәскеуге аттандырады. Бұл мәліметтер көп айтыла бермейді. Өйткені, кеңестік кезеңде Ұлы орыс халқының рөлі төмендетіліп, отарлау саясатының бет пердесін айқын көрсететін бұл ақпараттар жабулы күйде қалуы керек еді деп ойлаймыз.

Сібір жылнамаларында бұл мәлімет осылайша баяндалса, басқа деректерде Ораз Мұхаммед сұлтанды Орыс патшасына қызмет ету үшін барған деп көрсетеді [В.В.Вельяминов-Зернов, 1864: 101-102]. Орыс деректерінде Ораз Мұхаммед сұлтан Мәскеуде басқа да Татар сұлтандары секілді аманатта, яғни, патшаға қызмет етуде деп көрсетуге тырысқан. Әрине, Сібір жылнамаларының мәліметтері біз үшін шынайы. Өйткені, бұл кезеңде нығайып, күшейген Қазақ хандығының тізгінін ұстап отырған Тәуекел хан өзінің немере інісін Орыс еліне, патша қызметіне жіберуі мүмкін емес еді. Егер Тәуекел хан Ораз Мұхаммед сұлтанды Орыс еліне жіберген болса, ресми елшілік құжаттарда ол міндетті түрде айтылатын еді. Және кейінгі 1594 жылғы дипломатиялық миссияда бұл ақпарат жарияланатын еді. Ал Сібір жылнамалары Ораз Мұхаммед сұлтанның Мәскеуге алып кетуі туралы ақпаратты бұрмалауы қажет емес еді. Сонымен қатар, бірнеше әртүрлі жылнамаларда дәл осы ақпарат қайталанып беріледі. Демек, бұл деректің өкілеттілігі мен шынайылығын көрсетеді.Ораз Мұхаммед сұлтан өз еркінен тыс Орыс еліне аттандырылған.

Ораз Мұхаммед Онданұлы 1590 жылы Орыс елінде Федор патшаның әскерінің құрамында болып, Шведтермен соғысқан қазақ сұлтаны. Мұрағат құжаттарында берілген ақпараттардан Ораз Мұхаммед сұлтанның сыйлы адам болғанын аңғару қиын емес. Ол батылдылығымен Шведтермен соғысқа қатысқан, Ям, Ивангород сияқты мықты бекіністерді алу кезінде қаһармандық көрсеткені үшін патшаның сеніміне кірген. Сонымен қатар орыс әскерінің ерекшелігін, санын, қаруы мен соғыс техникасын, от қарудың технологиясын білгендіктен патша оны құрметті адамдарының тізімінде ұстаған. Атақты адамдардың салтанатты жиынында, ойын-сауықтар мен құрметті елшіледі күту қонақ асында Ораз Мұхаммедтің аты жиі аталғанынан да мұны байқау қиын емес. Орыс еліндегі басқа да Татар сұлтандарының арасында Ораз Мұхаммедтің есімі салтанатты кештер мен құрметті қонақтарды шақырғанда қонақтар тізімінен табылатыны да соның дәлелі. Мәселен, В.В.Вельяминов-Зерновтың еңбегі бойынша 1597 жылы Рим императорының елшісі Донавск бурграфын күтіп алу салтанатты жиынында Ораз Мұхаммедтің есімі кездеседі. Әрине, Ораз Мұхаммед хан орыс патшасының сол жағында отырып, осындай құрметке ие болуы өзінің сұлтандығынан ғана емес, жеке басының даралығы мен дарынынан болса керек. Ортағасырларда қазақ сұлтандары көп болды, бірақ Ораз Мұхаммед сұлтан сияқты атағы мен дәрежесі күллі қазақ және орыс халқының арасында тараған тұлға кемде кем еді.

1594-1595 жж. аралығында Қазақ хандығы Ораз Мұхаммедті өз еліне қайтару мәселесін көтеріп, Орыс еліне ресми елшіліктер жібереді. Алайда бұл елшіліктер нәтижесіз аяқталатыны белгілі еді. Өйткені, ержүрек, көптеген ақпараттарды білетін Қазақ сұлтанын өз еліне жіберу Мәскеу үшін қауіпті болатын. Бұл туралы біз әлі тоқталамыз.

1598 жылы Борис Федорұлы Годунов Ораз Мұхаммед пен басқа да Татар сұлтандарымен Қырымға жорыққа аттанады. Ал 1600 жылы Қазақ сұлтаны Борис Годуновтың тағайындауымен Қасым хандығының билігін өз қолына алады. Ол хан титулын иеленеді. Қасым хандығының барлық болыстары мен оған түсетін барлық кірісті патша Ораз Мұхаммедке тапсырады.

Екі ғасырдан аса уақыт өмір сүрген Қасым хандығы Ока өзенінің бойында орналасқан болатын. Ол хандық оның алғашқы билеушісі Қасым ханның атымен аталған еді. Қасым хандығында 14 хан билік жүргізді. Ол орыс елінің шығысқа саясатының бір құралы болатын, әсіресе, Қазан хандығымен күрес үшін құрылған бұл хандықта мұсылман қыпшақ хандары әулетінн шыққан сұлтандар мен батырларға орыс патшасы ерекше құрметпен қараған болатын.  Бұл хандық І Петр кезеңіне дейін, яғни, 1681 жылға дейін өмір сүрді. Кейіннен оның саяси маңызы болмай, хандық таратылады.

Қасым хандығының билеушісі 22 жыл орыс еліне қызмет етті, оның 10 жылы Қасым хандығының ханзадасы ретінде болды. Мәскеудегі үлкен жиындарға жиі шақырылып, сол жерде өзінің жерлесі Едіге бидің ұрпағы Петр Урусовпен танысып, достасып та қалады.

1605 жылы орыс патшасы Борис Годунов қайтыс болып, Ресейде аласапыран кезең басталады. Ораз Мұхаммедтің саяси және әскери дарынын көре алмаған адамдар оған тұзақ құрып, алдын ала ойластырылған қастандықты 1610 жылы қараша айында жүзеге асырады. Оны аң аулауға саятшылыққа шақырған Лжедмитрий ІІ қапыда Ораз Мұхаммедті өлтіріп, денесін Ока өзеніне тастайды. Артынан Ораз Мұхаммед туралы жалған ақпараттар таратылады. Оның денесін Едіге бидің ұрпағы Петр Урусов Ока өзенінен тауып алып, арулап, Қасым хандығының жанындағы хандар зиратына жерлейді. Петр Урусов Лжедмитрий ІІ басын қағып алып, Ораз Мұхаммед сұлтанның кегін қайтарады.

Осылайша не бәрі 38 жасында өмірі қыршыннан қиылған жас сұлтан - Ораз Мұхаммедтің тарихи рөлін жоғары бағалауымыз қажет. Ол Қазақ хандығы үшін аса қажет тұлға болатын. Еуропа мен Ресейдің әскери өнерін жетік меңгерген, саяси шеберлігі мен батырлығы бар мұндай тұлғалар қазақ мемлекеті үшін керек екенін Қазақ ханы - Тәуекел жақсы түсінді. Сондықтан да ол өзінің алғашұы ресми дипломатиялық елшілігін Орыс еліне 1594 жылы жіберген болатын.

2019 жылдың қарашасында Ресейдің Мәскеу қаласындағы Қазақстан елшілігінде қазақтың сұлтаны Ораз Мұхаммедтің өмірі мен қызметі, екі мемлекет арасындағы байланыстырушы көпір ретіндегі рөліне арналған халықаралық конференция ұйымдастырылған болатын. Бұл конференцияға Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары мен зерттеушілері қатысып, Ораз Мұхаммед сұлтанның қазіргі заман тарихындағы рөлі жан-жақты зерделенген болатын. Конференцияға Ресейдің зерттеу орталықтарының зерттеушілері, Қазақстаннан осы мәселемен айналысқан М.Ж. Әбдіров, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры З.Кабулдинов қатысып, Ораз Мұхаммед сұлтанның  туғанына 447 жылдығына орай оның тарихи рөлі мен портретіне қатысты нақты әрі тәлім-тәрбиелік маңызына байланысты бірнеше ұсыныстар жасады.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов сол конференцияда  атақты Қазақ сұлтаны Ораз Мұхаммедке арналып Рязань облысындағы Қасым қаласында мемориалді ескерткіш қойылғандығын мәлімдеді. Ресейдің интернет желісінде бұл туралы "Памятный камень выдающемуся государственному деятелю, правителю Касимовского ханства Ораз-Мухаммеду открыли 15 ноября в городе Касимов Рязанской области, сообщает пресс-служба регионального правительства. Султана считают основателем дипломатических отношений Казахстана и России"- деп айтылды[Под Рязанью открыли памятный камень казахскому султану-дипломату//https://regnum.ru/news/society/2779818.html].

Нәтижесі. Біз енді қазақ-орыс қатынастарын талдайтын болсақ, ең алдымен кеңестік тарихнамадағы осы мәселенің зерттелуіне және мұрағат құжаттарын салыстымалы талдаймыз.

Кеңестік кезеңде  жазылған «Из истории сношений казахов с царской Россией в XVIІІ в.» атты В. Лебедевтің мақаласы алғаш рет XVI-XVIІІ ғғ. қазақ-орыс қатынастарын талдауға арналған. Онда автор Ресей империясының отарлау, тонау саясатын барынша ашып көрсетуге тырысады. Автор «грабительская сущность колониальной политики царизма» деп патша империясының отарлау саясатын ашықтан ашық әшкерелейді. Ол І Петрдің: «чрез  многих изволил уведомиться об оной орде, ... всем азиатским странам и землям оная де орда ключ и врата и той ради причины оная де орда потребна под российской протекцией быть, чтобы только чрез их во всех странах комоникацию иметь и к российской стороне полезные способные меры взять», - деген сөзін келтіріп, отарлау саясатының мақсатын батыл көрсеткен болатын [ В. Лебедев.,1936 : 187 ].

Тікелей қазақ-орыс қатынастарына арналмағанымен тарихшы  А. Миллердің «Международное положение Казахстана во второй половине XVI века» атты ғылыми мақаласында екі ел арасындағы байланыстар біршама талданады. Автор қазақтардың көрші ноғайлар мен шайбанилермен Хақназар, Шығай, Тәуекел хандар тұсындағы халықаралық қатынастарын зерттей келіп, 1594-1595 жж. қазақ-орыс қатынастарын талдап, ол кезеңде алшақта жатқан Ресей қазақтарға шынайы көмек көрсете алмағанын атап өтеді. Автор 1594-1595 жылдарғы қазақ-орыс қарым-қатынастарының уақытша аяқталуына байланысты А.П. Чулошниковтың пікірінен өзгеше, Тәуекелдің орыс елінің қол астына кіргісі келмегенімен түсіндіреді. Әрине, мақалада сол кезеңдегі саясатқа жат, хандардың тарихи тұлғасы мен олардың қазақ халқының басын құру үшін жүргізген күресі тоталитарлық режимнің идеологиясына қарама-қайшы келді, оның 1943 жылғы басылымға қатысты дау-дамайлардан да көрініс тапқаны тарихта белгіл і[ А.Миллер.,1942 : 51].

А. Миллердің мақаласына Р.Б. Сүлейменов: «Деректік қорымен, ғылыми әдебиеттерде де бұл мәселенің шектеулігі, мақаланың аз көлемде болуы бұл кезеңге байланысты Қазақстанның халықаралық байланыстарын ашып көрсете алмады», - деп баға берді.

1945 жылы қорғалған Г.Ф. Бутлердің «Русско-казахские отношения в восточном Казахстане в XVIII в. и первой половине ХІХ века» атты кандидаттық диссертациясында алғаш рет қазақ-орыс байланыстары арнай  зерттелген болатын. Бұл диссертация Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының сирек қорында сақталған. Оны осы күнге дейін қазақ-орыс байланыстары мәселесімен айналысқан бірде-бір зерттеуші пайдаланбаған секілді. Бұл 301 беттік еңбек таза маркстік-лениндік идеологияның негізінде жазылғандығын бірінші бетінен-ақ аңғаруға болады [Г.Ф. Бутлер., 1945: 254 ].

Диссертацияның «Русско-казахские отношения в освещении исторической литературы и некоторые новые данные на основании архивных материалов» деп аталатын кіріспеден кейінгі 2-тарауында автор бұл мәселені Маркстік, Энгельстік, Лениндік, Сталиндік көзқараспен зерттеу қажеттігін атап өтіп «...казахские националисты, стремясь оторвать казахский народ от русского, обособить его, чтобы сохранить свою власть над ним, чтобы попрежнему эксплоатировать его, осуждали все русское, видели в присоединении Казахстана к России абсолютное зло, отрицали прогрессивно-цивилизующую роль России в Казахстане», - деп қазақ зиялыларына қарсы пікірлер білдіреді.

Автор қазақ-орыс байланыстарын қарастыра отырып, орыс халқын қазақтарды XVI ғ. басында Сібір ханы Көшімнің (Көшімді қазақтың Шайбани тегінен шыққан деп көрсетеді) қыспағынан айырған халық ретінде көрсетеді. Ол тарихи фактілерді барынша бұрмалап, төңкеріске дейінгі әдебиеттердегі пікірлермен де көбінесе санаспайды.

1946 жылы ғылым академиясының хабаршысында жарияланған «К вопросу о казахско-русских отношениях в XVI веке» деп аталатын В.Б. Кобринның қысқа мақаласы жарық көрді. Мұнда автор XVI ғасырда қазақ-орыс елшілік, саяси, сауда-экономикалық қатынастарына, дипломатиялық байланыстарға негіз болған Ораз Мұхаммедке де тоқталады. В. Кобрин «В работах, появившихся в советское время, этот вопрос специально не разбирался, а лишь косвенно затрагивался в связи с общими вопросами истории России и Казахстана», - деп автор бірқатар кемшіліктерге жол береді. Автор сол кезеңдегі дипломатиялық байланыстардың деректері мұрағатта сақталғандығын айта келіп, олардың жарияланбағанын, онымен танысу мүмкін болмағанын, тек А. Левшин, В.В. Вельяминов-Зернов, А. Миллердің зерттеулерімен шектелгендігін баяндайды [В. Кобрин., 1946: 55 ].

38-ші жәшікте сақталған Қасым хан тұсындағы екі ел арасындағы байланыстардың тізімдемесін 37-ші жәшік деп шатастырғанын айтпағанда, орыстар Тәуекел ханға от қару берді деген жалған фактілерді келтіреді де, «В марте 1595 г. Московское правительство дало ответ. Оно принимало Тевеккеля в русское подданство и даже посылало ему «снаряд огнестрельный», т.е. пушку. Однако Московское правительство соглашалось освободить Ураз Мухаммеда лишь с тем условием, чтобы Тавеккель дал взамен другого заложника – своего сына Хуссейн-султана», - делінген. 1595 жылы  В. Степановтың елшілігіндегі Тәуекел ханға жіберілген Федор патшаның грамотасында: «А только ваша к нам прямая правда и служба будет и Усейна-царевича к нам пришлеш, и мы брата вашего Уразмагмета-царевича...и со всем его родством, пожаловав своим великим жалованьем, к вам отпустити велим и с ним вместе многую рать свою с вогненым боем в Сомару послати велим» деген мәліметтерден ол кезде, кейін де орыстар от қаруды қазақтарға бермегенін көреміз. Құжаттарда Тәуекел хан Степанов елшілігіне қосып Мәскеуге Мұрат деген баласын жібереді. Неге екені белгісіз, ол туралы сол кезеңде де, кейін де зерттеушілер ауыз ашпайды. 

Мұрағат құжаттарында Тәуекел ханға жіберген Орыс патшасының грамотасында Ораз Мұхаммед туралы былай жазылған: "А брат ваш Урусмагмет-царевич у нас в нашем царьском в великом жалованьи пожалован по его достоинству многими вотчинами, и поместьи, и деньгами, как и иных великих государей дети царя и царевичи у нас великих государей бывают пожалованы. И свыше того и вам бы, Тевкелю-царю, и братье твоей царевичем Казатцкой и Колматцкой орды на себе видети наше царьское жалованье и быти под нашею царьскою рукою в нашем царьском жалованье и в повеленье от нас неотступным бытии, и непослушников наших бухарского царя и сибирского Кучюма-царя воевали и их под нашу царьскую руку привести, а Кучюма-царя, изымав, к нашего царьского величества порогу прислали, тем бы есте правде своей и службе  нам знамя показали, а наше царьское усмотренье и защищенье ото всех ваших недругов и жалованье наше к вам и к брату вашему к Урусмагметю-царевичю вперед будет смотря по вашей правде", - деп жазылса. Одан әрі: " А что есте к нашему царьскому величеству своей грамоте писали и с послы своими битичелом приказывали, чтоб нам к вам брата вашего Урузмагметя-царевича велети отпустити, а вы к нам из братьи или из детей царевича в заклад пришлете, и вы б, похотя к себе нашего царьского больного и совершенного жалованья, прислали к нам ты, Тевкель-царь, сына своего Усеина-царевича. А как сын твой Усеин-царевич у нашего царьского порогу будет, и мы сына твоего Усеина-царевича пожалуем своим царьским великим жалованьем по его достоинству, как ему в нашем царьском жалованье быти у нас безо всякого оскуденья, потому ж, как у нас в нашем царьском великом жалованье живет Урузмагмет-царевич. А только ваше к нам прямая правда и служба будет и Усеина-царевича к нам пришлешь, и мы брата вашего Урузмагмета-царевича з бабкою, с матерью, и з женами, и со всем его родством, пожаловав своим великим жалованьем, к вам отпустить велим и с ним вместе многую рать свою  с вогненым боем в Сомару послати велим. И вы с тою нашею ратью учнете над бухарским и надо всеми своими недруги и над нашим непослушником над Кучюмом-царем нашим делом промышляти", - деп айтады [Казахско-русские отношения в XVІ-XVІІІ веках., 1961:11]. Бұнда Хусейін сұлтанды жіберу туралы талабы айтылады. Шын мәнінде ол жіберілген деген ақпарат жоқ. Осы хаттың мәтіні 1595 жылдың наурыз айында Шахмұхаммед пен Күшік сұлтанға да жіберіледі. Ол хаттар қазақ-орыс қатынастарына арналған құжаттар жинағында сақталынған.

Құжаттарға қарағанда Мәскеу мемлекеті Қазақ хандығының Ресей қол астына қарауын мақсат тұтып, оған әскери көмек көрсетуге асықпаған. Ресей ол уақытта Қазақ хандығына әскери көмек те көрсетпеді, Ораз Мұхаммед сұлтанды өз еліне жібермеді.

Осы мәселені көп зерттеген В.Я. Басиннің «Из истори русско-казахских дипломатических отношений в XVI-XVII вв.» атты еңбегінде қазақ хандығы мен Ресейдің қарым-қатынасы және олардың соңғысының сыртқы саясатындағы рөлі туралы мәселелер қарастырылған. Кейініректе ол бұл мәселеге бірнеше рет оралып, толық көзқарасы «Россия и казахские ханства в XVI-XVIII вв.» атты еңбегінде береді [В.Я. Басин., 1971:204].

Көшіммен бетпе-бет келген патша үкіметі оған қарсы күресу үшін одақтас іздей бастады. Ондай одақтас тек қана Қазақ хандығы бола алатын. Ресей қазақ даласын осындай одақтас болуға вассалдық тәуелділік шартымен ғана қабылдағысы келді. Кейінгі оқиғалар көрсеткендей, қазақ даласы Ресейдің агрессиялы басқыншылық саясатының құрбанына айналды. Бұдан басқа, осы уақытқа дейін Қазақстанға Бұхар хандығы қауіп төндірген болатын. Бұхар хандығы өз иеліктерін Хиуа хандығының есебінен кеңейтіп отырғаны белгілі. Бұхар-ноғай келісімінің нәтижесінде қазақ иеліктері Бұхар хандығы тарапынан қауіп-қатерде болды. Тәуекел ханның Мәскеудегі елшілерінің көрсетуінше, Бұхара ханының түпкі мақсаты Жайық бойында Сарайшық қала-бекінісін құру және Астраханьды Бұхараға тәуелді қалаға айналдыру болатын [В.Я.Басин, 1971: 90].

Көшім ханға қарсы күресте Қазақ хандығымен одақтасу үшін бірқатар шаралар қабылдаған Ресей мемлекеті олардың билеушілерін Орта Азиялық хандықтармен келіссөздер жүргізуде делдал ретінде қолдануды көздеді. Артыш бүлігін бастан өткізген қазақ даласы Тәуекел ханның тұсында қайтадан нығайып, қуатты саяси күшке айнала бастады. Осындай өзгерістер Ресей үкіметін өз пайдасы үшін қазақ хандықтарын Көшім ханға ғана емес, сондай-ақ Бұхара ханына да қарсы қолдануға асықтырды. Сол кезде қазақ даласымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылыс жасалды. Оның негізінде Ресей аймағын кез-келген қауіптен қамтамасыз етуге бағытталған тікелей саясат жатты. Ресей мемлекеті «достық пен кеңес» іздеген өзінің иелігіндегі «мәңгі» бодан халықтарды жауға қарсы құрал ретінде пайдаланды. Мысалы, бұл жайтты Еділ бойын жағалай мекендеген ойрат халқына қатысты патша билігі ұсынған талаптардан байқауға болады. Ресей үкіметі қазақ даласымен жақсы қатынас орнатуға мүдделі болды. Себебі қазақ даласы Көшім хан мен Абдуллаға қарсы күресте ықтимал одақтас бола алады. Сол кезеңде қазақ хандығы Көшіммен дұрыс сауда қатынасын ұстанатын. Мұсылман мемлекеттерінің осындай байланысы жайындағы ақпарат мәскеу үкіметіне бұхаралық грамота арқылы жеткізіліп отырды. Онда сібірлік татарлардың Бұхарамен сауда қатынастары ғана емес, сонымен бірге Ресей мемлекетіне қарсы күресу үшін қарулы күштер жіберу жөніндегі тікелей ұсыныстар жарияланған.

Осы уақытта Құл-Мұхаммед басқарған қазақ елшілігі парсы елшілері арқылы Парсымен жауласқан Бұхараға қарсы Мәскеуде одақ құру туралы келіссөздер жүргізуге ұмтылды.

Зерттеуші В.Я. Басин  алғашқы қазақ еліне барған орыс елшілігі туралы 1965 жылы «Русское посольство Вельямина Степанова в Казахстан в 1595 году» деген мақаласын жариялайды.  Автор бұл мақалада Қазақстан мен Россия арасындағы саяси және экономикалық байланыстардың тарихи тамыры тереңде жатқанын айта келіп, XVI ғ. өзінде орыстар қазақтарды Бұхара мен Сібір хандығынан өз елін қорғаған ержүрек дала халқы деп бағалағанын атап өтеді. Дегенмен де, В. Басин Ресейге қазақ даласы Орта Азия мен шығыс елдерімен сауда қатынастарын жүргізу үшін қажет транзит жолы болғанын және орыс елі олармен бейбіт қатынаста болуға мүдделі екендігін жасырмады. Сондай-ақ, Сібір ханы Көшіммен соғысу үшін Тәуекел ханмен одақтасуға тырысқанын атап өтеді. Зерттеуші В. Басин Тәуекел ханның көздеген мақсаты – Сібір ханы Көшім мен Бұхара ханы Абдолламен екі майданда соғысып жатып, сол үшін де Ресеймен достасқысы келді деп көрсетеді. Бірақта, біз қазақ-орыс қатынастарына арналған құжаттарға сүйене отырып, 1594-1595 жылдары қазақтар Бұхара ханымен уақытша бейбіт қатынаста екенін аңғардық және де ол кезеңдегі екі ел арасында соғыс болып жатқаны туралы еш бір деректерде кездеспейтінін атап өтуіміз қажет.

Бұл мақалада зерттеуші 1595 жылы орыс елшілігі Вельямин Степановтың қашан, қалай және қанша адаммен қазақ жеріне баратынын, елшінің хан алдында не сөйлейтіні, сыйлықты қашан және қалай беретіні, ханның сұрағына жауабы да алдын-ала дайындалған нұсқада болды деп жазады. Сонымен қатар, елшінің міндетінде қазақ даласында қанша адам бар, олардың негізгі кәсібі, әскери күшінің құрамы мен саны, қазақтардың қалмақтармен және басқа да көрші елдермен қандай қарым-қатынаста екендігін білу де жүктелген еді дейді. Бұл орайда автор отарлайтын елдің жағдайымен жақсы танысқысы келетін Ресейдің көздеген мақсатын да ап-айқын көрсетіп отырғанымен, оны басқаша түсіндіреді.

Мақала авторы 1595 жылғы орыс елшілігін баяндай отырып, қазақ-орыс қатынастарының құжаттарынан цитаталарды ешбір талдаусыз сөзбе-сөз және сілтемесіз келтіреді. Ал соңында: «Қазақтар орыстардың қол астына бұдан көп кейін кіргенімен, қазақ халқының бұған талпынысын іске асыруға ықпал еткен Вельямин Степанов бастаған орыс елшілігі еді», – деп қорытындылайды. Мұндағы автордың «қазақ халқының орыс боданына айналуға талпынысы» тарихта болмаған жәйт. Өйткені, қандайда кішкентай, әлсіз халық болсын басқа елдің қол астына кіруге талпынбайды. Ал сол кезеңдегі Қазақ хандығы орыс елінің қол астына кіруіне мүдделі емес еді. Дегенмен де, бұл мақалада автор тұңғыш рет алғашқы 1594-1595 жж. қазақ-орыс елшілік алмасуларын баяндап береді.

В. Басиннің 1965 жылғы «Из истории русско-казахских дипломатических отношений в XVI-XVII веках» атты мақаласында автор: «XVI-XVII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары түбегейлі зерттелінбеген және сол кезеңдегі Ресей мен Қазақстан арасындағы нақты байланыстар XVIII ғ. қазақтардың орыс елінің қол астына кіруімен аяқталды», – дейді. Әрине, бұл мәселе толық зерттелінбеген  мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ, бірақта XVI-XVII ғғ. орыс елінің қазақ жерлерін отарлауға талпынысы XVIII ғ. ғана іске асқан деп айтуымызға да болады.

Қазақ-орыс қатынастарына арналған жинақта Тәуекел ханға дайындалған Ораз Мұхаммед ханның атынан жазылған хат та бар. Ол хатты жазбастан бұрын, Ораз Мұхаммед ханға арналған патшаның хаты жазылған болатын. Онда: "Посылаем мы с Москвы в Казатцкую орду к дяде твоему к Тевкелю-царю Вельямина Степанова. И как к тебе ся наша грамота придет, и ты бы тотчас написал грамоту к дяде своему к Тевкелю-царю, что послали есмя к нему, к Тевкелю-царю, и к царевичем Вельямина Степанова, и как он у них будет и о наших делех учнет говорить и они б ему во всем верили, и, выслушав у него, нашим и своим делом промышляли, и его б,не задержав, со всем с полным делом к нам отпустили, и тое бы еси грамоту тотчас к нам к Москве прислал в Посольской приказ к диаку нашему  к Василю Щелкалову", - делінген [Казахско-русские отношения в XVІ-XVІІІ веках., 1961:6]. Бұл хаттан кейін Ораз Мұхаммед өзінің немере ағасын хат жазып: " Бог бога. В великих величайшему и великого места достигшему и мудростию украшенному и равно ко всем милостивому и волею всегда хотение свое исполняющему, храброму от великих государей, высокороженному дяде нашему Тевкелеву цареву величеству, холопа твоего Уразмагметево царевичево твоим счасливым дверем челобитье подно­жию твоего неизчетного праху применного раба своего не отринув, пред своего величества великою славою холопство мое приятно бы еси учинил", - деп Тәуекел ханды мадақтап, оған өзінің ойын жеткізеді. Өз хатында қазақ сұлтаны Тәуекел ханға орыс елінің досы болуды және онаң дұшпандарына қарсы болуды сұрайды. Бірақ та бодан болу мәселесі қарастырылмайды. Бұл дегеніміз, Тәуекел ханды жақсы білетін Ораз Мұхаммедтің орыс патшасына ағасының бас имейтіндігін, оның қарамағына өтуді қаламайтынын көрсетсе керек. Одан әрі ол: " Да мать твоя Ази-царица, да сестра Алтын-царевна, да мать моя, а твоя невестка Алтын-ханым, да племянница твоя Бахты царевна, да племянница же твоя Кунь-царевна и все много, много бога молят и че­лом бьют. Будет про их пребыванье похочешь спросить, и они в госуда­реве царева величества милости его, слава богу, возсылая, живут здо­рово, в великом царьском жалованье безо всякие нужи, аже дают твои очи радость нам видети", - деп оның туыстарының жағдайы жақсы екенін айтады [Казахско-русские отношения в XVІ-XVІІІ веках., 1961:12].

1595 жылы Қазақ ордасына Вельямин Степанов бастаған елшілік келеді. Елшілік патша IV Иванның атынан «от қаруды»да береміз, Абдолла мен Көшімді жеңіп, аманатқа ұлы Хүсейінді жіберсін дейді. Тәуекел хан баласы Мұратты Вельямин Степановқа ертіп жібереді. Ол туралы мұрағат құжаттарында: "А по­слал к тебе, государю, сына свое Мурата-царевича да посла своего Кул-маметя, которой был у тебя, государя, наперед сего да с послом, rocударь, брат его да людей его три человеки". Бірақта, Тәуекелдің орыс мемлекетінің қол астына кіру туралы ойы да болмады. Оның баласының да тағдыры туралы еш бір деректе айтылмай белгісіз күйінде қалды.

Қaзaқ хaнының бұл елшiлiгi тyрaлы мәлiметтер сaқтaлмaғaндықтaн, оның қaндaй мәселелер жөнiнде  Москвaдa келiссөздер жүргiзiп, нендей нәтижелерге жеткенiн aйтy қиын. Тәyекелдiң орыс елшiсiн жaқсы қaбылдaп, оғaн сый - құрмет көрсетyi және  орыс мемлекетiне  тaғы дa елшiсiн жiберyi оның Россиямен  сaяси қaтынaстaрды  жaқсaртyғa, екi ел ортaсындa бұрыннaн келе жaтқaн  дәстүрлi  достықты  одaн әрi жaлғaстырa берyге  ұмтылғaнын  көрсетедi.

  Орыс патшасы өз кезегінде Қазақ хандығын мықты одақтас ретінде танып, оған «от қаруды» берсе, олар өздеріне шабуыл жасайды деген қауіппен «от қаруды» бермейді. Тәуекелдің ұлын аманатқа алып, Ораз Мұхаммедті де жібермеді. Өйткені, Ораз Мұхаммед сұлтан орыс елінің көптеген шет елдермен соғысына қатысып, орыс елінің ішкі және сыртқы саясатынан хабары көп еді. Ораз Мұхамммед пен «от қаруды» бермеген патша өкіметінің бұл елшіліктері баянсыз болды деп қорытындылауға болады.

Ал кеңестік тарихнамада XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары мәселесі көбінесе екі ел арасындағы достық қатынастар, елшіліктер алмасуы және дипломатиялық миссиялар, сауда-экономикалық қатынастар деп, қазақ-орыс елшілік байланыстарын қазақ хандарының Ресей боданы болуының алғышарты ретінде көрсетуге негізделген сипаттау түрінде жазылған зерттеулерден тұратын. Оларда көпшілікке белгілі фактілер, әсіресе елшіліктерге байланысты, бірін-бірі қайталау басым еді.

Қорытынды. Қорыта келгенде, Тәуекел хан Қазақ хандығы мен Орыс елі арасында дипломатиялық байланыстардың ресми бастапқы қадамын жасаған билеуші. Тәуекел ханды Қадырғали Жалайы өз еңбегінде: "Тәуекел хан бүкіл мұсылман билеушісі" деп жазған. Бұл мәліметтен Қазақ хандығының сол кезеңдегі жаңдайы өте жақсы болғанын көруге болады. XVI-XVII ғғ. басында Орта Азиядағы барлық саяси істер қазақ ханының араласуымен шешілген. Ол кезеңде қазақ мемлекетінің құрамында Ташкент уәлаяты, қарақалпақ пен қырғыз, қалмақтар болғанын тарихи дерек көздері мәлімдейді. Тәуекел хан саяси жағдайды тез шешетін, өзінің мәмілегерлік шеберлігін, саяси көрегендігін, әскери талантын көрсете білді. Әсіресе, Қазақ хандығы үшін ауыр кезеңді еңсеріп, мемлекеттілігі мен күш-қуатын сақтап қалуға зор ықпал етті. Тәуекел хан күшті дипломат, мықты мемлекет басшысы болғанын тарихи құжаттар да дәлелдейді. Ал оның немере інісі - Ораз Мұхаммед сұлтан өзге елде жүріп, билік тізгінін қолында ұстаған мықты тарихи тұлға екенін тарихтың өзі көрсетті. Өзге елде жүрсе де, қазақ сұлтанының аты тек қана жағымды, мақтаулы болды. Ол Қазақ хандығы мен Орыс елі арасындағы алғашқы саяси байланыстың көпірі іспеттес болды. Демек, қазақ хандары мен сұлтандары өз аттары дәрежесіне сай, асып туған тарихи тұлғалар болғанын ешкім де жоққа шығара алмайды.

Әдебиеттер:

Aбдиров М.Ж. Военно-кaзaчья колонизaция Кaзaхстaнa (конец XVI – нaчaло ХХ вв.): дис. д-рa. ист. нayк. – Aлмaты, 1998. – 355 с.

Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в XVI-XVIIІ вв. (Казахстан в системе внешней политики Российской империи). - Алма-Ата: Изд. Наука Каз ССР., 1971. – С. 274.

Бутлер Г.Ф. Русско-казахские отношения в восточном Казахстане в XVIII в и первой половине ХІХ веке: дис. канд. ист. наук. - Москва, 1945. – C. 301.

Вельяминов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. /Труды Восточного Отделения Императорского Археологического Общества/. – Санк-Петербург, 1864. - ч. 2.

Казахско-русские отношения в XVІ-XVІІІ веках (Сборник документов и материалов). / Состав.:Ф.Н.Киреев, А.К.Алейникова, Г.И.Семенюк, Т.Ж.Шойнбаев. - Алма-Ата: АН КазССР, 1961. - Т. 1. - С. 743.

Кобрин В.Б. К вопросу о казахско-русских отношениях в XVI веке // Вестник АН КазССР. - 1946. - № 11 (20). – С. 55-57.

Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. (Шағатай-қазақ тіліне аударып, алғы сөзін жазғандар  Н.Мингулов, Б.Көмеков, С.Өтениязов). -  Алматы, 1997. - 128 бет.

Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 272 б.

Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. - Алматы: Қазақстан, 1994. – 192 б.

Лебедев В. Из истории сношения казахов с Россией в XVIII в. //Красный архив. – 1936. - Т. 5(78). – С. 187-189.

Миллер А. Международное положение Казахстана во второй половине XVI в. //Исторический журнал. – 1942. - № 8. -  С. 51-55.

Миллер Г.Ф. История Сибири. – М.: РАН, 1999. – С. 630.

Под Рязанью открыли памятный камень казахскому султану-дипломату //https://regnum.ru/news/society/2779818.html

Ученые оценили роль касимовского хана Ораз-Мухамеда в современной истории //https://regnum.ru/news/cultura/2778673.html

Шамшиденова Ф.М. Сібір жылнамалары бойынша XVI-XVII ғ. қазақ тарихының проблемалары. - Алматы, 1997. - 122 б.

References:

Abdırov M.J. Voenno-kazachıa kolonızatsııa Kazahstana (konets XVI – nachalo HH vv.): dıs. d-ra. ıst. nayk. – Almaty, 1998. – 355 s.

Basın V.Ia. Rossııa ı Kazahskıe hanstva v XVI-XVIII vv. (Kazahstan v sısteme vneshneı polıtıkı Rossııskoı ımperıı). - Alma-Ata: Izd. Naýka Kaz SSR., 1971. – S. 274.

Býtler G.F. Rýssko-kazahskıe otnoshenııa v vostochnom Kazahstane v XVIII v ı pervoı polovıne HIH veke: dıs. kand. ıst. naýk. - Moskva, 1945. – C. 301.

Velıamınov-Zernov V.V. Issledovanıe o Kasımovskıh tsarıah ı tsarevıchah. /Trýdy Vostochnogo Otdelenııa Imperatorskogo Arheologıcheskogo Obestva/. – Sank-Peterbýrg, 1864. - ch. 2.

Kazahsko-rýsskıe otnoshenııa v XVI-XVIII vekah (Sbornık dokýmentov ı materıalov). / Sostav.: F.N. Kıreev, A.K. Aleınıkova, G.I. Semenıýk,  T.J. Shoınbaev. - Alma-Ata: AN KazSSR, 1961. - T. 1. - S. 743.

Kobrın V.B. K voprosý o kazahsko-rýsskıh otnoshenııah v XVI veke // Vestnık AN KazSSR. - 1946. - № 11 (20). – S. 55-57.

Qadyrǵalı Jalaıyr. Shejіreler jınaǵy. (Shaǵataı-qazaq tіlіne aýdaryp, alǵy sózіn jazǵandar  N.Mıngýlov, B.Kómekov, S.Ótenııazov). -  Almaty, 1997. - 128 bet.

Qozybaev M.Q. Aqtańdaqtar aqıqaty. - Almaty: Qazaq ýnıversıtetі, 1992. – 272 b.

Qozybaev M.Q. Jaýdy shaptym tý baılap. - Almaty: Qazaqstan, 1994. – 192 b.

Lebedev V. Iz ıstorıı snoshenııa kazahov s Rossıeı v XVIII v. // Krasnyı arhıv. – 1936. - T. 5 (78). – S. 187-189.

Mıller A. Mejdýnarodnoe polojenıe Kazahstana vo vtoroı polovıne XVI v. // Istorıcheskıı jýrnal. – 1942. - № 8. -  S. 51-55.

Mıller G.F. Istorııa Sıbırı. – M.: RAN, 1999. – S. 630.

Pod Rıazanıý otkrylı pamıatnyı kamen kazahskomý sýltaný-dıplomatý //https://regnum.ru/news/society/2779818.html

Ýchenye otsenılı rol kasımovskogo hana Oraz-Mýhameda v sovremennoı ıstorıı //https://regnum.ru/news/cultura/2778673.html

Shamshıdenova F.M. Sіbіr jylnamalary boıynsha XVI-XVII ǵ. qazaq tarıhynyń problemalary. - Almaty, 1997. - 122 b.

Ж.Е. ЖАППАСОВ1, Н.А. ТАСИЛОВА2, С.С. КУЛМЕСКАНОВА3,

¹ Кандидат исторических наук, доцент. КазНУ имени аль-Фараби, к.и.н., доцент, Казахстан, г. Алматы. Е-mail:zhappasov-74@mail.ru

Кандидат исторических наук, доцент. КазНУ имени аль-Фараби, к.и.н., доцент, Казахстан, г. Алматы. Е-mail:tasnaz@mail.ru 

3 Магистр истории. Преподаватель. Казахский национальный аграрный университет, Казахстан, г. Алматы. Е-mail: Samal.d81@mail.ru

КАЗАХСКО-РУССКИЕ ДИПЛОМАТИЧЕСКИЕ ОТНОШЕНИЯ ВО ВРЕМЕНА ПРАВЛЕНИЯ ТАУЕКЕЛ ХАНА

Аннотация

В статье автор рассматривает проблемы взаимоотношений между Казахским ханством и Русским государством в конце XVI в. Автор опираясь на источники, рассматривает историю дипломатических связей и военных сражений, исследует факты о Тауекел хане, о личных качествах как правителя, политика, дипломата, и единство казахского общества. В сложных внешнеполитических ситуациях он показал выдающиеся дипломатические способности. Он воссоединил Казахское ханство, которое было разделено его предшественниками. Во время правления Тауекел хана Казахское ханство активно развивалось, в исторических документах того времени Тауекел хана называли «царем казахов и калмаков». Он выдающийся государственный деятель Казахстана конца XVI в. В годы его царствования в пользу казахов завершилась многолетняя война с Бухарским ханством из-за Присырдарьинских городов. Именно при хане Тауекеле впервые была установлена официальная посольская связь с московским государством. Одной из главных причин тому была попытка освободить Ураз-Мухаммеда, удерживаемого в Москве. Тауекель сыграл в истории Казахстана выдающуюся роль, стоя у истоков зарождения дипломатических отношений между Казахским ханством и Русским государством.

Ключевые слова: ханства, государственность, истоки, политические, международные, связи, дипломатия.

ZH. E. ZHAPPASOV1, N.A. TASYLOVA2S.S. KYLMESKANOVA3

¹Candidate of Historical Sciences, Associate Professor. al-Farabi Kazakh National University. Kazakhstan, Almaty. E-mail: zhappasov-74@mail.ru

2 Candidate of Historical Sciences, Associate Professor. al-Farabi Kazakh National University. Kazakhstan, Almaty. E-mail: tasnaz@mail.ru

3Master of History. Teacher. Kazakh National Agrarian University. Kazakhstan, Almaty. E-mail: Samal.d81@mail.ru

KAZAKH-RUSSIAN DIPLOMATIC RELATIONS DURING THE REIGN OF TAUKEL KHAN

In the article, the author examines the problems of the relationship between the Kazakh Khanate and the Shaibanid dynasty of Mauerennakhr, the Iranian Safavids and the Russian state at the end of the 16th century. The author, relying on sources, considers the history of diplomatic relations and military battles, explores the facts about Tauekel Khan, about personal qualities as a ruler, diplomat, and unity of the Kazakh society.

In difficult foreign policy situations, he showed outstanding diplomatic skills. He reunited the Kazakh Khanate, which was divided by his predecessors. During the reign of Tauekel Khan, the Kazakh Khanate actively developed, in historical documents of that time Tauekel Khan was called "the king of the Kazakhs and Kalmaks".

During the reign of Tauekel Khan, historical changes occurred in the foreign policy of the Kazakh Khanate: the Kazakh Khanate established diplomatic and political relations with Moscow. Tauekel Khan managed to unite the fragmented Kazakh Khanate, Tashkent was included in the Kazakh Khanate for two hundred years, Fergana and the whole of Turkestan for some time, that is, settled agricultural areas on both banks of the Syr Darya, which previously belonged to the Shaibanids. He united the Kazakh people and made a great contribution to strengthening its statehood.

Keywords: khanates, statehood, sources, political, international, ties, diplomacy.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз