Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » 39:81.091 ЭТНИКАЛЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУДА ТІЛДІҢ ОРНЫ

А.Қ. БЕЙСЕГУЛОВА, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің PhD докторанты

39:81.091 ЭТНИКАЛЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУДА ТІЛДІҢ ОРНЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4(20), 2019

Автор:
Қоғамдық үрдістерде өзекті мәселеге айналып отырған этномәдени үрдістер әлеуметтік ғылымдардың негізгі объектісіне айналды. Бұл әр түрлі ғылыми бағыттарда бірегейлік ұғымын өзінше түсіндіруге алып келді. Соның ішінде этнология ғылымында бірегейліктің этномәдени категориясы бойынша зерттеулер жүргізу дәстүрге айналған. Алайда, этникалық топтар мен этностардың этникалық және этномәдени бірегейлік үрдістері тілдік факторсыз шешілмейтіні анық. Осы тұрғыда этникалық бірегейлікті сақтауда тілдің орының ерекше қарастырған жөн. Мақалада қазіргі кездегі этникалық және этномдени бірегейліктің негізгі теориялары қарастырылған. Сонымен қатар, этникалық бірегейлікті сақтауда тілдің орны маңызды екені көтеріледі. Автор арнайы теориялық әдебиеттерді пайдаланған. Кілт сөздер: этникалық бірегейлік, мәдениет, үрдіс, тіл, индивид, этникалық топ, билингвизм.
Мазмұны:

Кіріспе. Жалпы этнология саласындағы кейінгі қалыптасқан теориялық ұстанымдар қоғамдағы жаһандық құбылыстарды бақылап, зерделеуге мүмкіндік береді. Бұл этникалық топтар мен этностар арасындағы бірегейлік мәселесі болып табылады. Бірегейліктің әртекті формаларының қалыптасуы оның бірқатар категорияларға сүйенуіне алып келіп отыр. Мысалға, этникалық және этномәдени бірегейліктің дәрежесі мен деңгейін анықтауда тілдік фактордық орны ерекше болып табылады. Этникалық бірегейліктегі тілдік фактор этникалық топтар арасындағы мәдени шекараны анықтап, олардың өзара бірегейленуіне жағдай жасайды.

Талқылау. Этникалық бірегейлік мәселесін қарастырғанда көптеген батыс зерттеушілерінің еңбектеріне сүйенеміз. Соның ішінде Э. Эриксонның «Идентичность: юность и кризис» еңбегі, Ф. Барттың «Этнические группы и границы. Социальная организация культурных различий» еңбектерінде осы мәселеге байланысты негізгі тұжырымдарды ұсынады. Сонымен қатар, Г. Тежфел мен Дж. Тернердің және Де Восстың  «Этнический плюрализм: конфликт и адаптация» еңбектері этникалық бірегейліктің бірнеше формаларын көрсетіп, оның негізгі қызметтеріне тоқталады. Соның ішінде этникалық бірегейліктің тілдік категориясы мен әлеуметтік қатынастар мәселесіне басымдық берілген. Этномәдени бірегейлікті тілдік категориясы отандық Р. Қадыржановтың еңбегінде де жан-жақта сипатталып, қазақ қоғамындағы этномәдени символизмдердің ішінде қазақ тілінің маңызын ерекше атап өтеді.

Деректері. Этникалық бірегейлікті сақтауда тілдік фактордың орны мен қызметі мәселесінде көптеген деректерді келтіруге болады. Соның ішінде автордың алдын ала зерттеулеріндегі Өзбекстан, Түркиядағы қазақ диаспорасы арасынан жинаған материалдары құнды дерек болып табылады.

Әдістері. Мақала тарих ғылымының жинақтау, жүйелеу, салыстырмалы талдау сияқты әдістері арқылы жазылды. Сонымен қатар, этнология, этносоциология ғылымдарының контент сараптама, кросс-мәдени талдау әдістері де қолданылды. Бұл әдістер көтеріліп отырған тақырыпты толыққанды ашуға мол мүмкіндіктер береді.

Нәтижесі. Қазіргі қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелерінің бірі – қоғамдағы бірегейлік ұғымы болып отыр. Алайда, бірегейліктің бірнеше формасы қалыптасқан. Соның ішінде этникалық бірегейлік этностың ортақ мәдени ерекшеліктерін қарастырады. 

Қазірде бірегейлік ұғымы әлеуметтік ғылымдарда қоғамдық өзгерістердің қарым-қатынасын сараптауға және өзін-өзі тану немесе өзіндік сәйкестіктің стратегиясын анықтауда кеңінен қолданылып келеді. Оның ішінде Э. Эриксонның қоғамдық трансформациялар кезінде бірегейліктің дағдарысы болатындығын көрсетіп берді. Э. Эриксонның пікірінше бірегейлік екі негізде құрылады. Біріншісі, өзін-өзі тану немесе сәйкестену болса, екіншісі, әлеуметтік-мәдени анықтауыштар болады. Бірегейліктің дағдарысы алғашқы және кейінгі бірегейліктермен сәйкестенбейтінін айта келе, оның невроздардың дамуына байланысты болуы керек деп түйіндейді. Эриксон еңбектерінде бірегейліктің динамикалық аспектілері көрініс табады. Оның мәдени және әлеуметтік аспектілерімен байланысты болуы оның мәдени құндылықтар мен идеологияның бір бөлігі ретінде қарастыруға болатынын көрсетеді [1, с. 58]. Дж. Г. Мидтің тұжырымы бойынша бірегейлік өзгелермен байланыстың орнауынан пайда болатын құбылыс, яғни адамдар арасындағы коммуникация сырттан төнген қауіпті сейілтуге мүмкіндік береді.  Осылайша, индивидтің топтасуына жағдай жасалады деп түсіндіреді [2, с. 191]. Сондықтан этникалық бірегейліктін ұғымы мен категорияларын топтар арасындағы әлеуметтік психологиялық үрдістер негізінде зерттеу әлеуметтік бірегейліктің механизмдерін қызметін анықтауда ұтымды болып табылады. В.А. Ядовтың зерттеулерінде «Біз – Олар - бірегейлік» тұжырымы әлеуметтік, этникалық категорияларды қарастырады [3, с. 140–142]. Әлеуметтік бірегейліктін сараптау әлеуметтік психологтар Г. Тежфел мен Дж. Тернердің еңбектерінде кездеседі. Олар топ аралық қатынастар мен топ аралық салыстырмалы үрдістерді қарастырды [4, p 277–290].

Батыс ғалымдарының ішінде этникалық бірегейлікті зерттеу Г. Тэжфел және Дж. Тернердің әлеуметтік бірегейлікті сипаттайтын когнитивті теориясы шеңберінде нақты көрсетіле бастады. Ал, этникалық топтардың мәдени шекаралары жөнінде Ф. Барттың еңбектерінен кездестіреміз. Сонымен қатар, батыс зерттеушілері ішінде этникалық бірегейлікті Дж. Де Востың зерттеулерінде зерделенген. Этникалық топтың кроссмәдени үрдістерін Э. Эриксонның психоәлеуметтік бірігейлік тұжырымдарымен сабақтастыра аламыз. Ғылыми және теориялық зерттеулерде этникалық бірегейліктің мәдени шекараларды қалыптастыратындығын көрсетеді

Батыс антропологиялық мектебінде этникалық шекаралар мен мәдени ерекшеліктер мәселесіне жан-жақты теориялық тұрғыда қадам жасаған зерттеушілердің бірі Ф. Барт болды. Норвегиялық зерттеуші өзінің «Этнические группы и границы. Социальная организация культурных различий» атты еңбегінде этникалық бірегейлікке қатысты негізгі ойларын жеткізді [5]. Барттың пікірінше жаһандық ақпараттық қоғамның тез қарқынмен дамуына қарамастан мәдени әр түрлілік сақталып отырғандығына мән берілуі керек. Сонымен қатар, адамдардың өмір бойы әр түрлі әлеуметтік статусқа ие болуы мәдени шекараларға тосқауыл бола алмайды. Сондай-ақ тұрақты әлеуметтік қатынастар этникалық шекаралардан өту арқылы этникалық статусқа негізделеді. Қазіргі әлемдегі этникалық әркелкіліктің болуы бірыңғай әлеуметтік жүйеде бір тәртіппен жүре бермейді. Көбінесе әлеуметтік жүйенің негізі қаланатын шынайы негіздерде қалыптасады. Бұл жөнінде Барт әлеуметтік жүйеде этникалық ерекшеліктің жоғалуына жол берілмейді, тіпті этносаралық қатынастарда да сақталады деп көрсетеді. Сонымен қатар, географиялық және әлеуметтік оқшаулану мәдени көптүрлілікті сақтаудың шешуші факторы болып табылады [5, с. 10].

Автор қазіргі кездегі полимәдени қоғамда этникалық топтың маңызды құрылымдық факторлары мен функциясына тоқталады. Барт бойынша этникалық топтардағы мәдени бірегейлікті алғашқы немесе анықтамалық тұрғыда емес, этникалық топтың өмір сүру мәні ретінде қарастыру керек. Барт этникалық топты әлеуметтік құрылымның ерекше формасы ретінде қарастырады. Бұл үрдісте әлеуметтік категориялаудың механизмі негізгі факторға айналады. Осындай жағдайда этникалық топқа тікелей түрде өзін және басқаларды жатқызу үрдісіне өтеді. Әлеуметтік үрдістерде этникалық бірегейлікті қолдану өзін және басқаларды белгілі бір категорияға жатқызуға ықпал етеді. Этникалық топ өзін белгілі бір топқа жатқызу және өзгелердің оны өзге топтан екенің тану тұрғысынан қалыптасады. Осылайша топтың мүшесі болуы үшін әлеуметтік факторлар анықтаушы болып табылады. Осы жерде топтық этникалық бірегейлікте мәдени ерекшеліктердің қызметінің маңызы анықталады. Барттың концепциясы бойынша этникалық ұқсастық пен мәдени тұтастық және ерекшелік арасында біржақты тікелей сәйкестік болмайды. Этникалық категориялар белгілі бір топтың өзін өзі әйгілеуінде немесе басқаларды белгілі бір топқа жатқызуында барлық объективті ерекшеліктерді көрсетпейді, оның ішінде индивидтердің өзінің басқалардан ерекшелейтін маңызды ғана тұстарын қарастырады.

Барттың ғылыми көзқарастары этникалық және мәдени ерекшеліктерді зерттеуде түбегейлі өзгерістер алып келді. Ол этникалық бірегейліктегі мәдени шекаралардың объективті тарихи сабақтастығынан гөрі этникалық бірегейлікке индивидуальды сана мен әлеуметтік жағдайды түйсіну шарттарына мән береді. Десе де, этникалық топтардың мәдениет тасымалдаушы қызметі жайлы да айтып өтеді. Яғни этникалық топтың мәдениет тасымалдаушы болуы үшін дәстүрлі мәдениетті қазіргі кезде ұстануы шарт. Тек осы тұрғы да этникалық бірегейліктің белгілері көрінеді. 

Этникалық бірегейліктің мәдени теорияларына Дж. Де Востың да зор үлесі бар. Ол өзінің «Этнический плюрализм: конфликт и адаптация» атты еңбегінде этникалық бірегейліктің ішкі құрылымдарын анықтайды. Оның пікірінше саяси этникалық бірегейліктен гөрі эстетикалық дәстүрлерге, мәдени символдарға және адамзаттың жалпы құндылықтарына жүгінген дұрыс [6, с. 229]. Де Востың этникалық бірегейлікті мәдени символикалық жіктелу ретінде қарастырылады. Яғни, адамдардың саяси бостандығы болмаса да, тіпті территориясы болмаса да этникалық бірегейлікті сақтай алады [6, с. 236].  Де Вос бұл пікірді әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген сығандардың өмірімен байланыстырады. Сондай-ақ, этникалық топтың этникалық бірегейлігін сақтауына эстетикалық мәдени модельдің сақталуында екеніне көз жеткізеді. Оған тамақтану жүйесі, киім-кешек, әшекей бұйымдары және әр этносқа тән адам сұлулығының идеалдары жатады. Сонымен қатар, оның пікірінше тіл – этникалық бірегейлікті сақтайтың маңызды фактор деп көрсетеді. Алайда мәселе этникалық топтың тілді қолдануында емес, оны символикалық маңызында екенін атап өтеді. Оған мысал ретінде шотландықтар мен ирландықтардың гэль тілін қолданып, өздерінің кельттік немесе шотландық этникалық бірегейлікте екенін көрсетеді [6, с. 241–242]. Де Восстың бұл пікірінен әр аймақтың өзіндік диалектісінің болуы этникалық топтардағы этникалық бірегейлікті сақтауға мүмкіндік беретінін түсіндіреді. Барттың пікірінше этникалық топтар арасындағы мәдени шекараларды күшейтететін бірден-бір фактор  ол тілдік кедергі болып табылады [5, c.12].

Жалпы, этникалық бірегейлікті сақтауда тілдің рөлінің күшті екені белгілі. Соның ішінде этникалық топтар арасындағы тілдің сақталуы олардың өзара бірігуіне, сәйкестенуіне және этникалық тарихы мен болмысын түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыда тіл этностың өзін-өзі сақтауына және мәдениетін дамытуда шешуші фактор болып табылады. Қазіргі кезде шетелдегі қазақ диаспораларының бірден бір проблемасы ол тіл болып табылады. Яғни ана тілін жетік меңгеруі мен күнделікті қолданыста пайдалану диаспора үшін аса маңызды болып отыр. Алайда, жергілікті титулды этностың тілінің басымдығы негізінде шетелдегі диаспораларда билингвизм орын алған. Оның бірден-бір үрдісі КСРО ыдырағаннан кейінгі пост кеңестік елдердегі тілдік саясаттың туындағанынан көруге болады [7, с. 66–67]. Бұл жөнінде Қазақстандағы этномәдени бірегейліктің көріністерін Р. Қадыржановтың еңбегінен байқауға болады. Ол өз еңбегінде қазақ қоғамының этномәдени символизмі  қазақ тілі болып табылатының айтады [8, с. 72].

Қорытындылай келе, этникалық бірегейлікті сақтауда тілдік фактордың орны ерекше екені анықталды. Ол тек этномәдени символизм ғана емес, сонымен қатар, этностың өмір сүруіндегі негізгі фактор болып табылады. Этникалық бірегейліктің тілдік факторы шетелдегі қазақ диаспоралары үшін қазіргі кезде өте маңызды рөл ойнап отыр десек болады. Себебі, қазақ тілінің арнайы мектептерінің қысқаруы мен мәдени байланыстардың мардымсыз болуы қазақ диаспорасының этникалық бірегейленуінде күрделі мәселелерді туындатып отыр. Сонымен қатар, жастар арасындағы билингвизм дамуы мен ана тілінің қолданыстан шыға бастауы өзара бірегейленуіне кедергі келтіріп отырған үрдістердің бірі болып отыр. Сөз соңында жоғарыда келтірілген теориялық еңбектердегі ұстанымдар аясында шетелдегі қазақ диаспорасының этникалық бірегейлігіне арнайы кешенді зерттеулер жүргізуіміз қажет. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис: Пер. с англ. Общ. ред. и предисл. Толстых А. В. – М.: Издательская  группа «Прогресс»,  1996.  –  344  с.

2 Дж. Г. Мид. Избранное: Сб. Переводов / РАН ИНИОН. Центр социал. научн.-информ. исследований. Сост. и переводчик В.Г. Николаев. Отв. ред. Д.В. Ефременко. – М., 2009. 290 с.

3 Процессы идентификации российских граждан в социальном пространстве «своих» и «не своих» групп сообществ (1999–2002 гг.). Мастер-класс профессора В.А. Ядова. – М., 2004.

4Tajfel H., Turner J. The Social Identity Theory of Intership Behavior // Psyhology of Intergroup Relations. Chicago, 1986.

5 Барт Ф. Этнические группы и социальные границы: социальная организация культурных различий. Сборник статей. Под ред. Ф. Барта: пер. с англ. И. Пильщикова. М.: Новое издательство, 2006. – 200 с.

6 Дж. Де-Вос. Этнический плюрализм: конфликт и адаптация. Пер. М.Г. Котовский, Т.В. Волковой. В кн. Личность, культура, этнос: современная психологическая антропология. Под общей ред. А.А. Белика. – М.: Смысл, 2001. – 555 с.

7 Рыжова С.В. Этническая идентичность в контексте толерантности. – М.: Альфа-М, 2011. –280 с.

8 Кадыржанов Р.К. Этнокультурный символизм и национальная идентичность Казахстана. – Алматы: Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, 2014. –168 с.

References

1 Erikson E. Identichnost: yunost i krizis: Per. s angl. Obsch. red. i predisl. Tolstyih A. V. – M.: Izdatelskaya  gruppa «Progress»,  1996.  –  344  s.

2 Dj. G. Mid. Izbrannoe: Sb. Perevodov / RAN INION. TSentr sotsial. nauchn.-inform. issledovaniy. Sost. i perevodchik V.G. Nikolaev. Otv. red. D.V. Efremenko. – M., 2009. 290 s.

3 Protsessyi identifikatsii rossiyskih grajdan v sotsialnom prostranstve «svoih» i «ne svoih» grupp soobschestv (1999–2002 gg.). Master-klass professora V.A. YAdova. – M., 2004.

4Tajfel H., Turner J. The Social Identity Theory of Intership Behavior // Psyhology of Intergroup Relations. Chicago, 1986.

5 Bart F. Etnicheskie gruppyi i sotsialnyie granitsyi: sotsialnaya organizatsiya kulturnyih razlichiy. Sbornik statey. Pod red. F. Barta: per. s angl. I. Pilschikova. M.: Novoe izdatelstvo, 2006. – 200 s.

6 Dj. De-Vos. Etnicheskiy plyuralizm: konflikt i adaptatsiya. Per. M.G. Kotovskiy, T.V. Volkovoy. V kn. Lichnost, kultura, etnos: sovremennaya psihologicheskaya antropologiya. Pod obschey red. A.A. Belika. – M.: Smyisl, 2001. – 555 s.

7 Ryijova S.V. Etnicheskaya identichnost v kontekste tolerantnosti. – M.: Alfa-M, 2011. –280 s.

8 Kadyirjanov R.K. Etnokulturnyiy simvolizm i natsionalnaya identichnost Kazahstana. – Almatyi: Institut filosofii, politologii i religiovedeniya KN MON RK, 2014. –168 s.


А.К. Бейсегулова 

PhD докторант КазНУ им. Аль-Фараби


РОЛЬ ЯЗЫКА В СОХРАНЕНИИ ЭТНИЧЕСКОЙ ИДЕНТИЧНОСТИ

Аннотация

Этнокультурные процессы, которые являются важной проблемой в социальных отношениях, стали основным объектом социальной науки. Это привело к различной интерпретации концепции идентичности в различных научных областях. В частности, в этнологии проводятся исследования в области ++этнокультурной категории - идентичности. Однако очевидно, что процессы этнической и этнокультурной идентичности этнических групп и этносов не могут быть решены без языкового фактора. В этом контексте особое внимание должно быть уделено роли языка в сохранении этнической идентичности.

В статье рассматриваются основные теории современной этнической и этнокультурной идентичности. Показаны важность языка для сохранения этнической идентичности. Автор использовал специальную теоретическую литературу.

Ключевые слова: этническая идентичность, культура, процесс, язык, индивид, этническая группа, билингвизм

A.K. Beysegulova 

Kazakh National University, PhD student, aika_n75@mail.ru

THE ROLE OF LANGUAGE IN PRESERVING ETHNIC IDENTITY


Ethnocultural processes, which are an important problem in social relations, have become the main object of social science. This has led to different interpretations of the concept of identity in various scientific fields. In particular, in Ethnology, research is being conducted in the field of creating an ethno-cultural category-identity. However, it is obvious that the processes of ethnic and ethno-cultural identity of ethnic groups and ethnic groups cannot be solved without the language factor. In this context, special attention should be paid to the role of language in preserving ethnic identity. The article deals with the main theories of modern ethnic and ethno-cultural identity. The importance of language for preserving ethnic identity is shown. The author used special theoretical literature.

Keywords: ethnic identity, culture, process, language, individual, ethnic group, bilingualism

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз