Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » УДК 94 (574) МРНТИ: 07.00.03 СЕМЕЙ ӨҢІРІ АУЫЛ ЕҢБЕКШІЛЕРІНІҢ МАЙДАНДЫ ӨНІМ СҰРАНЫСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ

А.Б. БАЙГАПАНОВА, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 3 курс докторантты. А.С. АДИЛЬБАЕВА, Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті, т.ғ.д., Семей қ. Қазақстан

УДК 94 (574) МРНТИ: 07.00.03 СЕМЕЙ ӨҢІРІ АУЫЛ ЕҢБЕКШІЛЕРІНІҢ МАЙДАНДЫ ӨНІМ СҰРАНЫСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4(20), 2019

Тегтер: Облыс , аудан, өнеркәсіп, экономика, тыл, қала, совхоз, колхоз
Автор:
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлкелік экономика тақырыбын қайта зерделеу, айтылмаған, жазылмаған ақиқаттарды ашу–қазіргі заман талаптарының жаңа міндеті екені айқындалды. Соғыстың басталуы, халықтың экономиканы соғыс жағдайына бейімдеуі, қазақстандықтардың тылдағы ерліктерін көрсетуі т.б. мәселелерді ғылыми арнадан қайта зерделеу және бұрын айтылмаған соғыс жылдарындағы халықтың ауыр әлеуметтік тұрмыс жағдайларын зерттеудің маңызы артып, бүгінгі өмір талаптарының өзекті мәселесіне айналды. Сондықтан осы ғылыми жұмыста зерттеуге қаланған тақырып – «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Семей экономикасы» жоғарыда аталған олқылықтарды ескеруге азда болса қосылған үлес деген ойды ұстандық. Басқа өңірліктер сияқты семейліктерде майдан мен оның тылын азықтандырып киіндірді, эвакуацияланған халыққа пана болды, әскери құрамалар дайындап, қаруландырды, майданның өнім сұранысын дер кезінде шығарып отырды. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп салалары сол заманда ерекше дамыған Семей қаласының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі бір төбе. Сондықтан, зерттеліп отырған проблемаға орай Семей өңірінің маңызы бар, саяси экономикалық нысандардың бірі болып, майдан арсеналына айналып, орны ерекше екені баршаға аян. Кілт сөздер: Облыс, қала, экономика, тыл, өнеркәсіп, аудан, колхоз, совхоз.
Мазмұны:

Кіріспе. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайту барысында жүргізген мағызды іс-шараларының бірі - Отандық тарих ғылымының дамуын жаңа арнаға түсіріп, олардың қызметін қазақ халқының өткені мен өшкенін түгендеуге, жаңғыртуға, кенже қалған салаларын дамытуға жұмылдыру болды. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін тарих беттерін қайта саралап зерттеу батыл қолға алынды. Мемлекет тарапынан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, мұрағат қорларындағы белгісіз тарихи мұраларымызды зерделеудің тұтастай жүйесін құру жөнінде шаралар іске асырыла бастады. Ұлы Отан соғысы тарихын тоталитарлық кеңестік жүйе идеясының талаптарына бағындырылып, тарихтың тек жарқын беттерін көрсетуді мұрат тұтты, коммунистік партия ел басқаратын бірден-бір партия болғандықтан, оның қызметі тек біркелкі жағымды жағынан көрсетілді.  Кеңес Одағының құрамдас бөлігі ретінде Қазақстандықтар аянбай тер төкті. Соғыс жылдарында Қазақстан майданды шикізатпен  қамтамасыз ететін негізгі әскери өнеркәсіп базасы болды. Қазақстан майданды малмен және мал өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі республика болды. Соғыс кезінде Қазақстан мал саны жөнінен одақта Ресейден кейінгі 2-орында болды. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызга айналды. Георгий Хайдин мыңдықшылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос пен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Сомжүрекова, Ким Ман Сам, В.П. Кривич, И.Я. Кудлай есімдері бүкіл елге мәшһүр болды.

Отан тарихы егеменді елдің талабына орай зерттеліп, бұрмаланып келген және ақиқаты ашылмаған мәселелер қайта қаралып, оған дерек көздерімен дәлелденген обьективті бағасы беріле бастады.

Материалдар мен әдістер.  Тақырыпты зерттеу барысында осы уақытқа дейінгі ғылыми айналымға тартылмай келген мұрағат құжаттары мен әр түрлі құжаттық жинақтар, мерзімді баспасөз материалдары, ғылыми еңбектердің мәліметтері, естеліктер кеңінен пайдаланылды.

Зерттеу нысаны етіп алынған тақырыпты ашу барысында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚРО ММ) және ШҚО  Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы (ШҚО ҚЗТҚО) қорларынан алынды. 1660- «Қазақстан Ұлы Отан соғысында», ШҚО  Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының (ШҚО ҚЗТҚО) 1399-қорында «Семейдің бастапқы жүн өңдеу фабрикасы», 591-қорында «М.И.Калинин атындағы Семейдің ет-консерві комбинаты», 1378-қорында  «Большевичка» тігін фабрикасы, 7-қорында «Семей облыстық партия комитеті», 103-қорында «Семей өнеркәсіптері», 410 қор- «Семей облыстық ауыл шаруашылық басқармасы», 1941-1945 жж. аралығындағы құжаттары, соның ішінде КП ОК-нің Бюро отырысының хаттамалары, қаулылары, шешімдері, партия пленумдарының жарыссөздері, қорытындылары мен қаулылары, шаруашылықты соғысқа бейімдеп қайта құру әрекеттері, әскери құрамаларды жасақтау, эвакуацияланған кәсіпорындар, халықты және малдарды орналастыру, майданға кеткен ерлерді алмастыруда әйел маман кадрларды даярлау, мәдени-ағарту материалдары, Қазақстан еңбекшілерінің майданға шефтік көмегі мен қамқорлығы, дезертирлермен күрес, т.б. тақырыпта жинақталған істердің мұрағаттық құжаттары қолданылды. 103-қорда «Семей облысының БК(б)П ОК қаулылары мен шешімдері, облыстық партия комитеті мен облыстық жұмысшы депутаттардың кеңесі мен атқару комитеттерінің пленум, бюро отырыстарының хаттамалары, қаулылары, шешімдері, есептер мен ақпараттық материалдары, еңбекшілердің арыз-шағымдары, жалпы жиналыстарының хаттамалары, барлық жұмыстарды соғысқа бейімдеп қайта құру және социалистік жарыстар ұйымдастыру құжаттары т.б. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты құжаттар мен деректер пайдаланылды.

Тақырып бойынша  зерттеу жүргізген тарихшы ғалымдарының (М. Қозыбаев, Т. Балақаев, т.б) ғылыми еңбектері пайдаланылды.

Елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын анықтау барысында соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі жылдары жарық көрген бүкілодақтық және республикалық «Правда», «Казахстанская правда», «Социалистік Казахстан», «Егемен Қазақстан», «Большевик Казахстана», т.б. газет-журналдарымен қатар Семейде шыққан «Екпінді»,  «Прииртышская правда»,  т.б. мерзімдік баспасөз материалдары зерделеніп ғылыми айналымға қосылды.

Талдау. Бұл тақырып төңірегінде  кеңес тарихнамасында көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілгені аян. Соғыс, оның ішінде Ұлы Отан соғысы тақырыбы кеңес мемлекетінің үстемдік құрған уақытында ресми билік идеологиясы негізінде түсіндіріліп, жұртшылыққа баламасыз тарихқа айналғаны ақиқат.

 Семей өңірінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы экономикалық жағдайы мәселесі кешенді түрде зерттелмегенмен, оның кейбір аспектілері жалпы Ұлы Отан соғысы тарихына арналған еңбектерде белгілі-бір дәрежеде көрініс тапқан. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Семей өңірінің әлеуметтік экономикалық жағдайы мәселесі соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысы туралы және тағы басқалар сынды әлі де болса ақтаңдақ беттері ашылмаған тарихи мәселелермен тығыз байланысты. Сондықтан да, біздің зерттеуіміздегі тарихнамалық бағыттағы мақсатымыз аймақтың соғыс жылдарындағы әлеуметтік экономикалық жағдайына байланысты тарихи мәселелерді қарастырған еңбектерге талдау жасау, соның негізінде тақырыптың тарихнамасын жүйелеу болып табылады.

Қазақстан тарихының тарихнамасында қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, еңбек тылындағы кеңес адамдарының даңқты істері сол кезеңнің өзінде мерзімді баспасөз беттерінде, оның ішінде одақ көлеміндегі түрлі баспасөз және бұқаралық насихат құралдарының беттерінде К.В. Островитянов, Н.Х. Янковский мен Н.М. Максимов, Ким Ман Сам, Ж. Шаяхметовтердің еңбектері  жариялана бастады. Аталмыш еңбектерде Қазақстан колхоздары - Кеңес Одағының қорғанысын нығайтқаны, стахановшылардың қозғалысына үн қосқан колхозшылардың егін және мал шаруашылығында қол жеткізген жетістіктері мен іс-тәжірибелері жөнінде жазылған. (Геллер, 1942) «Большевик Казахстана» басылымындағы мақаласында Новошульба мен Белағаш аудандарындағы колхоздардың мал жайылымдарын ұйымдастырудың тәжірибелері мен нәтижелері жөнінде айтылған. (А.Н. Нүсіпбеков, 1947 (О. Малыбаев, 1955 ) пен (Ғ. Әбішов, 1958 ) жұмыстары жаңа пайымдаумен көзге түсті. А.Н. Нүсіпбеков алғашқы мұрағат деректері негізінде соғыс жылдарындағы Қазақстанның қосқан үлесін толық ашып көрсетуге тырысқан. О.Малыбаев өз еңбегінде Жеңісті жақындатқан Кеңес Одағындағы халықтар достығы екеніне басты назар аударып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған әртүрлі халықтар арасындағы достықты дәріптейтін жаңа бір зерттеудің жолын көрсетіп берді. Дегенмен еңбектің коммунистік идеология тұрғысынан жазылғандығы айқын көрінеді.

ХХ сьезден кейін Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелегеннен кейін, майдан мен тылдың бірлігі, республика көлеміндегі шаруашылықтың түрлі салалары мен кәсіпорындардың атқарған қызметі жөнінде көптеген зерттеулер шыға бастады. Солардың ішінен Ф.Михайлов пен К.Оразовтың еңбектері. (Ф.Михайлов 1962) пен (К.Оразов 1975) өз еңбектерінде соғыс кезіндегі қиын проблемалардың бірі – кәсіпорындар мен көлік саласы үшін қажетті кадрларды даярлау мәселесіне тоқталады.

Белгілі тарихшы - М. Қозыбаев Қазақстанның Ұлы Отан соғысы кезіндегі тарихы мен тарихнамасын зерттеуге көп еңбек сіңірді. Қазақстанның соғыс жылдарындағы тарихын жүйелі зерттеген ғалымдардың бірі. М. Қозыбаев бұл тақырыпқа ондаған ғылыми зерттеулерін арнады. Қазақстан халқының майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты бағасын берді. Оның ішінде шығысқазақстандықтардың да еңбектері аталып өтіліп, «Қазақстан-майдан арсеналы» деген қорытынды жасады. Кейінен  (М. Қозыбаев, 1970) Қазақстан тарихына жаңа тарихи тұрғыда әділ баға беруде жазған еңбектері зерттеудің  бағыт - бағдарламасын  айқындап берді.

(Т.Б. Балақаев, 1971) өзінің зерттеуінде статистикалық мекемелер мен мұрағат деректерінің, колхозшылардың естеліктері, мерзімді баспасөздегі мақалаларға сүйене отырып, ауыл және  ауыл еңбекшілерінің жай-күйін, атқарған жұмыстарына баға береді. 

1965 жылы жарық көрген тарихшы (В.Я. Басин, 1965) еңбегінде соғыс жылдарындағы ауыр өнеркәсіп салаларының қызметі жан-жақты талданып, кең көлемде баяндалған. Еңбекте Қазақстан территориясындағы ауыр өнеркәсіп орындарының қысқа мерзім ішінде соғыс мүддесіне сай қайта құрылып іске қосылуы, соғыс өртіне шалынған аймақтардан көшіп келген кәсіпорындардың тез іске қосылып, майданды жабдықтауы, жаңа өнеркәсіп салаларының – қара металлургия, машина жасау, вольфрам және молибден шығару, мұнай өңдеу т.б. дамуы, кәсіпорындардың қызметтері, отын-энергетиканы нығайту және шикізат қорын кеңейту шаралары, өндіріс орындарындағы  еңбек бәсекелестігінің ұйымдастырылуы,  отандастардың қызмет орнындағы патриоттық қозғалысы қарастырылды.

Семей өңірінің тарихын ерте заманнан  бүгінге дейін кешенді баяндайтын, еліміздің  егемен тұсында жарық көрген бірден-бір еңбек  - екі томдық «Шығыс Қазақстан тарихы» болды. Аталған еңбектің екінші томында  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Шығыс Қазақстан өңірінің жеңіске қосқан үлесі қысқаша түрде жазылған. Соғыс жылдарындағы өңір тарихы негізінен кеңестік дәуірде жарық көрген. Кеңестік кезеңдегі идеология бойынша тек жағымды жақтары баяндалып, халықтың әлеуметтік жағдайы мен ауыр тұрмысы туралы мүлдем айтылмайды. Және де Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Семей өңірінің жағдайын тұтастай толық баяндайтын тарихи еңбектердің жоқтың қасы екенін көруге болады.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тақырыбына (А.В. Шошенко, 1951) (Г. Абишев 1958), (А.Р. Чокин, 1975), сынды тарихшылар өз зерттеу жұмыстарын арнады.

Көріп отырғанымыздай,  Ұлы Отан соғысы мәселеріне арналып, жарық көрген еңбектердің саны көп, мазмұны жағынан алуан түрлі.

 Дегенмен, олардың ешқайсысында Семей өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қазақ тілінде арнайы әрі кешенді зерттелмейді. Жоғарыда аталған зерттеулерде аймақтың соғыс жылдарындағы  экономикалық  жағдайының кейбір тұстары ғана зерттеу аясында баяндалып, халықтың әлеуметтік жағдайы мүлдем қарастырылмайды.

 Сондықтан да, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Семей өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын кешенді зерттеу қажеттігі туындап отыр.

Қалалар тарихын зерттеген ғалым Ж.Қасымбаевтың екінші монографиясы Семей қаласының экономикалық дамуының мазмұнын ашуда қайнар көзі болып табылады. Семей қаласының 1941-1945 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жан-жақты ашылып көрсетілген.

Нәтижелер. Ал бұл жеңістің қайнар көзі – кеңес халықтарының жоғары отаншылдығы, олардың арасындағы осындай қиын-қыстау сәттегі достықтың нақты көрініс  тапқандығы, Коммунистік партияның басқарушылық, бағыттаушылық қызметі болғандығы айғақ. Оның шынайы дәлелі- Кеңес Одағы барша тұрғындарының құрамындағы қазақстандықтардың  осы соғыстағы  майдан мен тылдағы  жанқиярлық ерліктері мен екпінді еңбектері.  Осының ішінде  Қазақстанның тыл еңбеккерлері  соғысты жеңіспен аяқтау үшін Кеңес Армиясының үнемі өсіп отырған сұранысын  толығымен қанағаттандыра білуі аса маңызға ие болды.  Осылардың қатарында  Кеңес Одағы үшін  үлкен сын болған  1942 жылы  Қазақстан  шаруашылығы, тыл еңбеккерлерінің  майданды қажеттің барлығымен  қанағаттандыра білуі ерекше тоқталуға тұрарлық .

1942 жылдың басына дейін бүкіл Кеңес Одағы халық шаруашылығының қатарында Қазақстанның  өндірістік, ауылшаруашылығы орындары  қорғаныс мақсатына сай жұмыс істеуге толығымен көшіріліп  болды.  Бұрын бейбіт өнім шығарып келген көптеген зауыттар мен фабрикалар  қайтадан жабдықталып майданға қажетті өнім шығаруға ауысты. Бұл кәсіпорындарды маман жұмысшылармен қамтамасыз етуде жүйелі жұмыстар қолға алынды. Әсіресе  майданға кеткен ерлердің орнына әйелдерді дайындауға, олардың жаңа кәсіпті меңгеруіне  баса назар аударылды. Сұрапыл соғыс жылдарында Қазақстан майданының сенімді берік арсеналына айналды. Осынау қатал да сұрапыл соғыста Қызыл Армияның жеңіп шығуына семейліктердің қосқан үлестері зор. Әсіресе тылдағы ауылшаруашылығына еңбек еткен әйел, балалардың ерліктерін атап айтуға болады.

  Соғысқа дейінгі ауылшаруашылық деңгейін қалпына келтіру үшін жас ауылдықтар тартылды, еңбек күндері көбейді; Семей кәсіпорындары ауылшаруашылық техникасын жөндеуге, жұмыстарға қала тұрғындары жұмылдырылды. (Мысалы, 1942 ж. 17 мыңнан астам адам, 1944 ж. – 15,3 адам). Егіннің азаюына қарсы күрес жүргізілді; Қызыл Әскер нан қоры қалыптасты (1942 жылдың алғ.айында жеке қордан 440 ц ет, 24,4 мың л. сүт, 580 ц бидай, 325 ц картофель және т.б.). Гере облысы 1941 ж. Жеткізу жоспарын іске асыра алмаса, 1942 ж. жақсы көрсеткіш көрсетті. 194243 ж. қатал қысы мал басының 13,6% азаюына әкеп соқты. 1944 ж. мал басы тағы да азайды. Бірақ астық мол болды, жеткізу жоспары орындалды, ал 1945 ж. артығымен орындалды. Семейліктер босатылған аудандарға 235 комбайн, 45 трактор, 40 автомобиль, 1235 жұмыс жылқыларын және т.б. жіберді (ШҚОҚЗТҚО. 410-қ, 3-т., 456-іс, 23-п.).

Семейдің жеңіл өнеркәсіп орындары өнімді 1943 жылы 1940 жылмен салыстырғанда төрт есе, жергілікті өнеркәсіп 2,5 есе көп өндірді.1943 жылдың төрт айында Семейден Қызыл Армияны жабдықтауға жоспардан тыс өнім тиелген ондаған эшелон жөнелтілді.Тері комбинатының қызметкерлері, жұмысшылары, инженерлері мен техниктері жанқиярлықпен еңбек етті. Олар жоспардан тыс өндірілген өнім есебінен үш дивизияны киіндірді.

Бүкілодақтық социалистік жарыста Семейдің  кеме жөндеу зауыты, Володарский атындағы тігін фабрикасы, құрама–жем зауыты жоғары көрсеткіштерге  жетті.Отан соғысының екі жылында ғана Семей облысының еңбекшілері танк колоннасының құрылысы мен ұшақтар жасауға, «Қазақстан комсомолы»  сүңгуір қайығын құрастыруға жүздеген мың сом қаржы құйды. 

  Облыс ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің алдында Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап күрделі міндеттер тұрды. 1941 жылы 26-шы шілдеде Үржар ауданының «Красные горные орлы» ауыл шаруашылық артелінің колхозшылары майданға көмек көрсету мақсатында бүкіл республика еңбекшілеріне социалистік жарысты одан әрі өрістету халық шаруашылығы жоспарларын мерзімінен бұрын орындау, майдандағыша еңбек ету туралы үндеу көтерді. Сол кезде Семей облысының партия комитетінің қолдауымен, мақұлдауымен бұл бастама облыс шаруашылықтарында, қала кәсіпорындарында қызу талқыланды.Өз үндеулерінде былай деп жазды: «Колхоз жиналысында біз жауды талқандау жолында еңбек вахтасына тұрамыз деп шештік.Соғыс жағдайына орай колхозшылар жаңа тәртіпке көшті.Әрбір адам енді 2-3 норма орындауға жетісетін болады.Бізде белгіленген жаңа күн тәртібі бойынша әрбір колхозшы таң атқаннан күн батқанға дейін жұмыс істейтін болады. Түскі үзіліс уақытын 2 есе азайттық. Әрбір минутты үнемдеп пайдаланатын боламыз (ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 3-т., 456-іс, 24-п).

  Үржарлықтар бастамасын қолдай отырып Абай ауданы, «Бірлік»  колхозының еңбекшілері де көтеріңкі социалистік міндеттеме қабылдады.Белағаш ауданының  «Новый путь» колхозының колхозшылары мемлекетке жоспардан тыс 75 мың сомның өнімдерін өндіру туралы қосымша міндеттеме қабылдады. Өнім тапсырудың жылдық жоспарын осы жылдың қазан айына дейін орындап күздік егістің көлемін 200 гектарға жеткізу туралы, еңбек нормаларын 30 процентке көбейту жөнінде Новошульба ауданының Киров атындағы ауыл шаруашылық артелінің мүшелері көтеріңкі міндеттеме алды (ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 2-т., 84-іс, 11-п).

  Облыстық және аудандық газеттердің беттерінде Үржарлық патриоттар үндеуін талқылаудың, орындалу барысын  және  қорғаныс қорына ақша жинаудың барысы жүйелі түрде жазылып тұрды. 1941 жылдың тамыздың 10-шы жұлдызында қорғаныс қорына облыс еңбекшілері 160 миллион сом қосты. Аякөз ауданы еңбекшілері 1200 пұт астық,1080 пұт ет,120 пұт май, Абыралы ауданы 25077 сом ақшалай, 1193 кг ет, 154380 сомның облигациясын қосты (ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 2-т., 84-іс, 12-п.).

Соғыстың алғашқы 2 жылында ғана облыс еңбекшілері самолеттер жасау үшін 32 миллион сом қаражат жинады. Ақсуат ауданының еңбекшілері танк колонналарын жасақтауға 2523000 сом өткізді. Аз ғана уақыттың ішінде «Семей колхозшысы» атты танк колоннасын жабдықтау қорына сол кездегі Абыралы ауданының колхозшылары 316316 сом ақша тапсырды (Елагин 1984. -24 с.).

Егін жинау науқаны кезінде комсомол жастар бригадасы мен звенолары Стахановшыларша еңбек етті.Олар үздік жұмыс істегені үшін гвардияшы және майдангер бригадалар мен звенолар атағына ие болды. Үржар, Ақсуат, Аякөз, Абай аудандарының комсомол ұйымдары мүшелері жоғары ұйымшылдық танытып,бірнеше норма орындауға жетісті.

Абай ауданының «Шолақ Еске» ауылшаруашылық артелінің қарт колхозшысы Кенебаев та шөп шабуға кірісіп, өзінің өнімді еңбегімен жастарға үлгі көрсетті.Егін орағына қатысқан 4 мың колхоз жоспары 14 мың мектеп оқушысы 30 мың гектар жердің егінін орып,18 мың центнерге жуық астық бастырды. Ақсуат ауданы Ерназаров мектебінің оқушылары өз құрбылары арасынан еліміз бойынша 2-орынды жеңіп алды. Мектеп комсомолдары Орталық Комитеттің ауыспалы Қызыл Туымен наградталды.1942 жылы қаңтар айында Жарма ауданының «Рассвет» колхозшыларына облысымызда құрылған 238-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлерінен хат келді.Осы оқиғаға арналған жиналыста жерлес жауынгерлердің ерлік істеріне және Қызыл Армияның 24 жылдығына тарту ретінде оларға колхоз мүшелері 10 центнер ет, 10 кг сары май, 370 жылы киім жіберуге шешім қабылдады. Ал дивизия командирі Г.П. Коротков жолдасқа колхозшылар сәйгүлік ат сыйлады (Демаков 1968: 3).

 Мектеп мұғалімдері мен оқушылары егіс далалары мен мал фермаларындағы қиын жұмыстарды атқару барысында өздерінің баға жетпес үлестерін қоса білді.Ер азаматтар майданға Отан қорғауға кеткен сәтте,тылдағы еңбектің басты ауыртпашылығы әйелдерге, қарттарға, жастарға, жасөспірім балаларға түсті.

Сол кездегі колхоз өмірінің көп фактілері әйелдердің патриоттық істеріне, сезімдеріне толы.Облыста 1942-1943  жылдарда 4484 механизатор даярланса оның 4084-і әйелдер, оның жартысына жуығы қазақ қыздары болды.Тракторшы әйелдер Вера Гритичина (Новошульба МТС-і), Бағдат Хасенова (Шар МТС-і), өздерінің күндік нормаларын 2 есе орындауға жетісті. Нурия Жарабасова (Қарақол МТС-і), Жамиға Тезекова (Аякөз ауданы) күндік норамаларын үнемі орындап бақаларға үлгі болды. (Смағұлов, 1980: 2)

Аякөз ауданы,Таңсық МТС-інің трактор жүргізушілері Ж.Тезекова мен Т.Әбілхайдарова өздрінің патриоттық сезімдерін мына жолдармен білдіреді: «Біз өз мамандығымызды сүйеміз және бұдан былайғы кезде де колхоз байлығын арттыруға бар күш жігерімізді жұмсаймыз.Біз тракторды қалай меңгерсек, танкті де солай игереміз...». Бұл еңбек озаттары республиканың басқа да механизатор әйелдерін барлық ауыл шаруашылық жұмыстарын дер кезінде аяқтауға шақырады. Жарма ауданының трактор жүргізушісі Қ.Қасымбекова күндік тапсырмасыни 300 процентке дейін орындауға жетісті.

Шульба ауданы «Красный партизан» колхозының комбайншысы А. Макеева 95 гектардың орнына 123 гектар жердің астығын жинады.Соғыс жылдарында әйелдер алдыңғы шепте жүріп, жауапты қызметтерді атқарды.Үржар ауданы «Егінсу» колхозынан қой фермасын басқарған Қ.Төлендина, сиыр фермасына басшылық жасаған Ш. Жақашева, Абай ауданы «Жарылқамыс»  сиыр фермасының бастығы Торғын Айқынбаева, Шар ауданы «Верный путь» колхозының төрайымы И. Евдокимова соғыс жылдарында уақытпен санаспай еңбек етті, басқаларға үлгі бола білді (Чушекова, 2010:3 ).

Бұл кезде ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білу қажеттілігі туды, 5-6 класс оқушыларына қарапайым ауыл шаруашылық машиналарын міндетті түрде оқу-игеру тәртібі енгізілді.Желтоқсан айында облыстың 19 мектебінде 1100 оқушы трактор, Комбайн орта мектептердің 700 оқушысы мен 300 мұғалімі ауыл шаруашылық машиналарын игеруге жұмылдырылды.

Соғыстың қиын жағыдайында Қазақстан малшылары 1942 жылы мал басын 2 миллион көбейте алды.Бұл жұмыстарда Семей облысы ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің де қосқан үлесі зор болды. 1942 жылдың облыс колхоздары астық ет т.б.ауыл шаруашылық өнімдерін барынша мол өндіріп,уақытында тапсыру мәселелері тұрды.Бұл айтуға оңай,орындалуы қиын жұмыстар еді.

Соғыстың қиын жағдайында Қазақстан малшылары 1942 жылы мал басын 2 миллионға көбейте алды.Бұл жұмыстарда Семей облысы ауылшаруашылығы еңбекшілерінің де қосқан үлесі зор болды.1942 жылдың облыс колхоздары астық, ет т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін тапсыруды артығымен орындады.Облыс еңбекшілері Брянск (селолық) және Рочнединск аудандарын қамқорлыққа алды.1943 жылдың желтоқсанында  Семей облыстық партия комитетіне жолдаған жеделхатында Абыралы ауданының бірінші хатшысы Р. Жотабаев «Орел облысының Брянск селолық ауданына шефтік көмек ретінде аудан еңбекшілері 65 мың сом, 67 бас қой мен ешкі,128 кг сары май,көптеген кітап және басқаларды әзірледі»-деп хабарлады.

Соғыстың алғашқы үш жылында ғана облыс еңбекшілері майданға 31 вагон азық-түлік, сыйлықтар жіберді. 150 мың  жылы киім, 35 мың пима,11 мың жеке посылкалар жіберілді. 1944 жылдың көктемінде 1-ші Прибалтика майданына Қазақстаннан үлкен делегация сыйлықтар алып барды. Оның құрамында Семей ет комбинатының жұмысшысы, тыл гвардияшысы С. Дәулетияров та болды (ШҚО ҚЗТҚО. 591-қ., 591-қ., 2-т., 61-іс, 95-п)

Колхозшы шаруалар жұмысшы табымен бір сапта еңбек етті. Жау еліміздегі барлық егістіктің 47 пайызын, ірі қараның 45 пайызын қамтитын құнарлы, бай жерлерін басып алды. Семей облысы колхозшыларының арасында мемлекетке ауыл шаруашылығы өнімдерін мерзімінен бұрын тапсыру, егіннің шымылдығын және мал шаруашылығы өнімдерін арттыру жөніндегі патриоттық қозғалыс кең қанат жайды. 1941 жылы 26 шілдеде Үржар ауданының «Красные горные орлы» ауыл шаруашылық артелінің мүшелері халық шаруашылығы жоспарын мерзімінен бұрын орындау, майданға көмекті барынша күшейту жөнінде бастама көтерді.

Жарма ауылының «Расцвет» колхозы мемлекетке алдағы ет тапсыру жоспарының есебіне 500 бас ірі қара өткізді, заемға бересі 13 мың сомды белгіленген мерзімінен бұрын өтеп берді. (ШҚО ҚЗТҚО. 591-қ., 591-қ., 2-т., 61-іс, 96-п.). 

  Шар ауданы «Красный труд» ауыл шаруашылық артелінің мүшелері норманы жұмыстың барлық түрінен 20 пайызға дейін арттыру, мемлекетке астық өткізу тапсырмасын 20-тамызға дейін орындау, мал базаларын салуды және жөндеуді 15-қазанға дейін аяқтау жөнінде шешім қабылдады.

  Соғыстан кейін Қазақстан КП Орталық Комитет колхоз төрағасы Китченконың партия ұйымының хатшысы Казаринның баяндамасын тыңдап қаулы қабылдады. Онда  «Красные горные орлы» колхозының Ұлы отан соғысы жылдарындағы елеулі еңбегі атап өтілді. Үржарлықтардан Жарма ауданының «Расцвет», «Организатор» колхоздары да қалысқан жоқ [1,91]

   Отан алдындағы міндетін жете түсіне отырып, Жарма ауданының малшылары, соғыс уақытының қиыншылықтарын жеңіп, 1942 жылғы мемлекеттік мал басын өркендетудің жоспарын ірі-қара  малдан 101%, жылқы жөнінен 102,5% орындады. Ал ірі қара малдың өсімі 20,5 %, жылқы өсімі 19,7% болды. Жеке колхоздар мұнан да көрнекті табысқа жетті: қоғамдық мал басы «Бірлікшіл» колхозында жылқы жөнінен 29,2%, ірі – қара жөнінен 39,6%, қой-ешкі жөнінен 33,6%;  «1 май» колхозында жылқыдан 70%, ірі-қара жөнінен 30,7%, қой-ешкі жөнінен 28,3%, «Буденный» атындағы колхозында жылқыдан 20 %, ірі-қарадан 35,9%, қой-ешкіден 25% өсті. Мал шаруашылығын өркендетудің жоспары асыра орындалды (ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 3-т., 456-іс, 9-п.). 

  1942 жылы облыс мемлекетке етті, сүтті, жүнді және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін оның алдыңғы жылдардан едәуір артық тапсырды. Мал саны көбейді. Ет тапсыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдан екі есе артық болғанына қарамастан, ірі қара, қой-ешкі, жылқы, түйе саны бұрынғыдан кеміген жоқ. Семей облысы еңбекшілерінің бұл қажырлы еңбегі партиямыздың орталық органы «Правда» газетінде үлкен бағаға ие болды. Онда : «Бұл сұрапыл жылдарда Кеңес елі мен Қызыл Армия азық-түліктен елеулі тапшылық көрмей келеді. Әйелдер мен жас өспірімдер ерлері мен әкелерінің орнын басты, соғыстың ауыр жағдайында олар астық өсірді, мал шаруашылығы өнімдерін өндірді» делінді (ШҚОҚЗТҚО. 410-қ.,3-т.,456-іс, 8-п.).    Ауданда 1942 ж. көктемгі егіс жұмысын сапалы әрі бірінші болып «Қызыл жұлдыз» (М.Қожағапанов), «Қарақия» (Оспанов), «Бөлектас», «Веселый пахарь», «Егінбұлақ», «8-март», «Шығыс», «Ұйымшыл», «Верный путь», «Байбура», «Пробуждение», «Светлый путь», «Кезеңсу» колхоздары орындап шықты.

  Мәселен, Слямов Әубәкір төрағалық еткен «Қараш» колхозы колхозшылары көршілес колхоздарға 100 центнер астық босатты. Колхозшылар жеке меншіктерінен 16 кг. тары берді. «Верный путь» колхозынан Ирина Гавриленко, Вера Охрименко, Елена Немченко, Надежда Назаренко басқа колхоздарға тұқымдай көмек көрсетуде әрқайсысы  10 килограммнан бидай босатты. «Қараш», «Көшек», «Пробуждение» колхозшылары жеке меншіктерінен 8-15 га жерге егіс екті.  (ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 2-т., 84-іс, 12-п.). 

  1944 ж. көктемгі егістікті Шар ауданында «Жаңа ауыл» колхозы бірінші болып аяқтады. Барлығы 523 га жерге тұқым себілді. Терлікбаев Бибі, Өмірбаев Ақпан, Сексенбаев Үмітай сияқты еңбеккерлер  іскерліктің нағыз үлгісін көрсеткен еді. Шаруашылық үздік көрсеткіштері үшін аудандық «Құрмет тақтасына» жазылды. Осы жылы егін орағы бойынша комбайнерлер «Расцветтен» - Тыщенко, «Бірінші майдан» - В.Попов, Рулев, «Пробуждение» - Б.Иделбаев, «Верный путьтан»  әкелі-балалы Петр мен Анна Варченколар аудан бойынша рекордтық еңбек өнімділігіне жетті. Олар белгіленген норманы 1,7-2,5 есеге жуық асыра орындады. Бұл озаттардан жүздеген адамдар үлгі алды. Жоғарғы көрсеткіші үшін  «Верный путь» колхозының комбайнері Қуанышбаев Ахмет Семей облыстық атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды (ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 3-т., 456-іс,15-п.).

  1944 жылы Жарма ауданында бес комсомол-жастар трактор бригадасы құрылды. Елена Хорощунова, Евгения Нечепуренко басқарған бригадалар жарыста жеңімпаздар атанды. Оларға майдан бригадасы атағы берілді. Әйелдердің трактор бригадалары арасында ұйымдастырылған жарыста республика бойынша ауданның Е.Ф. Цымбал басқарған трактор бригадасы озып шықты.

  Жалпы, 1939 жылмен салыстырғанда ірі-қара мал - 139%-ға, қой-ешкі – 184,2%-ға, шошқа - 139%-ға, жылқы – 183,7%-ға артты. Шар селолық Кеңесіне қарасты «Бірлік» колхозы сүт тапсырудан жылдық жоспарды алты айда орындауға жетісті ( ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 3-т., 456-іс, 8-п.)

  Жарма өңірінен сауыншылар Дауылбаева, Н. Ерасылова, К. Бәздиева, шопандар Н.Әділов, Ы.Әбжанов, Ш.Смағұлов, М.Итжанов, Шар өңірінен Шәкен Мусина, Биға Әубәкірова, Пелагея Тлепова, Ольга Потапенко, Мағрипа Шекембаева, Рақима Ерғазинова, сауыншы Қатипа Құдабаева, Нұрила Боранбаева, Төлеу Темірбекова, Күлия Мәсәлімова, Сәбитова, Жанғожанова, Мәрия Құйқалақова т.б. озат еңбеккерлері атанды (ҚРОММ. 1660 – қ, 2 – т, 778– іс, 56– п ). 

  Колхоз, совхоз еңбеккерлерінің патриоттық бастамалары оңды нәтижелерге қол жеткізді. «Шалабай» совхозы 1941 – 1942 жылдары жсопардан тыс мемлекетке 543 ц.сүт , 215 ц.ет өткізді. Қызыл Әскер қорына алғашқы жылы-ақ  ірі-қара 29 ат тапсырды (ҚРОММ. 1660 – қ, 2 – т, 778 – іс, 57– п).  Колхозшылар Бүбіш Әміренова, Қанипа Мұқышева алынған төлді толық аман сақауға жетісті. Ел мен әскерді азық-түліктен тарылтпау жолындағы бұлардың еңбектері баспасөзде жоғары баға алды.

  Фермалар арасында «Еңбек туы» колхозының үздік тракторшысы Ш.Сәдуақасова басқарған мал фермасы жоғары нәтижесімен көзге түсті. Олар әр жүз саулықтан 128-ден қозы алып, қой өсірудің жоспарын 115 пайызға, жүн өткізуді 100 пайызға, бұзау алу, ет-сүт тапсырудың жоспарын 108 пайызға орындап, аудандық Қызыл Туды жеңіп алды.

  Колхоз шөп шабу науқанын жоғарғы қарқынмен жүргізді. Жас машинистер Б.Разбеков, А.Төлеубаевтар күндік тапсырмаларын 1,5-2 есе орындап жүрді. Сол үшін де фермаға қатарынан алты рет аудандық ауыспалы Қызыл Ту тапсырылды (ҚР ОММ. 1660 – қ, 2 т, 778 – іс, 61- п ). 

  Буденный атындағы колхоздың сауыншысы Решетникова сүт сауу жоспарын 1441 литрге артық орындап, 12 сиырдан 14 бұзау алды. «Расцветтен»  Матвейцова жоспардан тыс 1450 ц артық сүт алды. «Бірлікшіл» колхозының шопаны Омар Кергенов әр жүз бастан 125-тен қозы алды.Белтеректен жылқышы Т. Мұсатаев 42 биеден 42 құлын алса, «Чкалов» колхозынан Мельникова әр бас шошқадан 12-ден торай өсірді.  Ұлы Отан соғысы кезінде аудан еңбекшілері мемлекеттік тапсырыс бойынша (Қызыл Әскерге берген сыйлықтан басқа) 1941 жылы – 2429 ц., 1942 ж. – 4411 ц., 1943 ж. – 6142 ц., 1944 ж. – 6390 ц. Ет өткізді. Қызыл Әскерге 485 бас ат жіберілді. Елімізге әрбір килограмм азық-түліктің қаншалықты қымбат екенін жақсы түсінген аудан еңбекшілері осылайша еселі еңбек етті (ҚР ОММ. 1660 қ, 2 т, 778 – іс, 70 – п).. 

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының түрлі ұлттарының басын қосып, фашистік Германияның жойқын шабуылына қарсы  тұруға  ұмтылысын арттырды. Ұлттар достастығы , интернационализм рухы биік болды. Ол кезде ұлттардың барлығы тұтасып кетті, олар  әртүрлі болса да, әрбіреуінің мақсаты біреу- Отан қорғау еді.

Қалай десек те, ауыл шаруашылығы соғыс жылдарындағы ауыр сыннан сүрінбей өтті. Колхоз, совхоздарда көптеген еңбек адамдары нағыз еңбек еріне айнала отырып, өнімнің сапасы мен көлемін арттырды. Майдангерлерге деген көмекті қолдай отырып, еңбекшілер жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Осы кезеңдерде әйелдердің үлес салмағы артқандықтан, олар ауыл шаруашылығының кез келген саласындағы жұмыстарды атқара білді. Қызыл Армияның жауынгерлеріне деген көрсетілген көмектің ең бастысы жауынгерлерді жылы киіммен қамтамасыз ету. Бұл жөнінде көптеген аудандарымызда жылы киімдер жинау жұмысы ұйымдастырылған. Үржар ауданының еңбекшілері майдандағы жауынгерлерге арнап, аз уақыттың ішінде 110 пар пима, 154 шолақ тон, 217 пар жылы шұлық, 174 пар қолғап, тағы басқа жылы киімдер жинап өткізді. Жауынгерлерге берілетін бұйымдардың ішінде, дайын емес материалдар мен шикізатты тез тігіп дайындап шығаратын көптеген шеберханалар ұйымдастырылған сол шеберханалардан 4100 шолақ тон, 18474 пар пима басқа да көптеген жылы киімдер дайындалды.Сол кездегі  облыс көлемінде 1942 жылдың 1 желтоқсанына дейін 126.176 түрлі киімдер жиналып, тапсырылды. Оның ішінде 4.430 шолақ тон, 15.594 пар пима, 20.374 қолғап, 14.555 малақай, 17.829 шылғау тағы басқалар өткізілген.

Семей қаласына қарасты Абыралы ауданының еңбеккерлері жылы киімдер қорына яғни аудандық комиссияға 19 қысқа тон, 37 пар пима, 23 құлақшын- малақай, 13 мақталы фуфайкалар және басқа да қажетті бұйымдарды  өткізді.

Тігіншілердің көпшілігі күндік тапсырмаларын 250% орындап,аудандық комиссияға 1300 шолақ тон тапсырды. Цехта екіжүзшілер саны да арта түсті.Әсіресе жауынгерлерге киім тігу жұмысында П.И. Кузьмина белсенділік көрсетті.Ол терінің қалдығынан қолғап тігу үшін үй шаруашылығы әйелдерінен арнаулы топтар ұйымдастырды.олар майдан жауынгерлеріне арнап, 3000 пар қолғап тігіп комиссияға өткізді. Сондай –ақ  Ново-Шульба аудандарының еңбеккерлері жауынгерлерге көптеген жылы киімдер жібергендіктерін хабарлайды.

Бұл біздің биылғы жылдағы бірінші қысқы үлесіміз-дейді колхозшылар. «Красный партизан» совхозартелі аудандық комиссияға барлығы (қыркүйек айында) аудан еңбеккерлері 104 шолақ тон, 56 пар пима, 90 пар қолғап, 106 пар жылы шұлықтар, 100 жастыққап жылы киім-кешектерді жинап,Қызыл Армияға жөнелтті. Майдангерлерге сый ретінде Абай ауданының колхозшылары 5 центнер май жіберді ( ҚР ОММ. 1692-қ., l-т., 1201-іс, 41-п.)

Ал, Шар ауданы 22 центнер ет жіберсе, Ақсуат ауданы ұн және азық-түлік  өнімдерін жіберген. Шар ауданының «Пробуждение» колхозының жұмысшылары Сталинград қорғаушыларына сыйлықтар жібергендіктері туралы хабарлайды.

«Большевичка Украины» тігін фабрикасын 1942 жылы 31,3 мың метр матаны үнемдеді. 1943 жылы мұнда 36 рационализаторлық ұсыныстар енгізілді де, 112800 рубль экономикалық тиімділігін беріп, 24302 м. маталар үнемделіп, қосымша 5550 комплект жазғы киімдер дайындауға мүмкіндік берді. 1944 жылғы фабрикадағы рациоанализаторлық ұсыныстарды енгізілуі есебінен, 688,8 мың рубль, 40,8 мың децилитр мұнай, 9,6 мың кв. Дециметр ұлтандық былғары, 30948 м, тоқыма матасы, 14,5 дециметр жасанды былғары үнемделді. Тері заводының рационализаторлары – техножеткші Рязанцев пен лаборатория меңгерушісі Соколов 63,8т. Ақшаны құрайтын экономикалық жағынан тиімді илеудің жаңа түрін шығарды. Аяқ киім фабрикасында рациоанализаторларлың күшімен 4 конвейер жасалынып шығарылса, нәтижесінде барлық технологиялық процесс үздіксіз болып шықты. Егерде бұрын аяқ киімнің дайын пары жіберілгеннен кейін, 50-60 сағатта құрғап шықса, енді үздіксіз жүйенің нәтижесінде жасанды әдіссіз-ақ құрғату екі есеге қысқартылды. Бір жылдың ішінде фабрикада өндіріске 46 рационализаторлық ұсыныстар енгізіліп, 346,2 мың ақшаны үнемдегені деректерден белгілі (ҚР ОММ. 1692-қ., l-т., 1252-іс, 2, l6, 18-п)

1943 жылы қаладағы «Большевичка Украины» тігін фабрикасының қызметкерлері қабылдау комиссиясына  249 жылы киімдер өткізді, ал қараша айында ұжым қосымша 20 құлақшын тапсырды. Сонымен қатар,Мақаншы ауданына қарасты «Часовой партизан»-ауылшаруашылық артельдерінің мүшелері жауынгерлерге 1 мамыр мерекесіне қарсы генерал  Панфилов атындағы 8-гвардия дивизиясына  12 пұт ет, 60 кг май, 60 пұт ұн жіберген.Бұдан да басқа семейліктердің майданға деген көмегі тоқталып қалған жоқ.Қуатты танк коллоннасын жасау қорына деген қаржылай көмектер көрсетіліп жатты. Мысалы,1943 жылдың 10 қаңтарында болат танктер жасауға Үржар ауданының колхозшылар «Семей колхозшысы» танк колоннасы қорына 1.935.000 сом ақша,1.548 пұт астық тапсырып,өз үлестерін қосты.Қаһарман Қызыл Армияның жеңістеріне жігерлендірілген «Жаңа күш» артелінің ұжымы (Балажол руднигі) Отан қорғау жолындағы жауынгерлерге деген көмегін «Семей колхозшысы» атты қуатты танк колоннасы «Советтік Қазақстан» атты жауынгер сомолеттер жаса қорына  8.000 сом алтын тапсырды.Сол сияқты «Еңбектау» артелінің ұжымы да танк және сомолет жасау қорларына  1000 сом алтын тапсырды[191,32].Ал, Белағаш ауданының еңбеккерлері «Семей колхозшысы» танк колоннасы мен «Советтік Қазақстан» атты авиоэскадрильяға 3.011.000 сом қаржы берді.Сондай-ақ Үржар ауданынан  2.554.000 сом,Аягөз ауданынан  2.87.000 сом, Абай ауданынан  624.000 сом қаржы жиналғандығы анықталды (ШҚО ЖТҚО. (П) 103-қ., 21-т., 198-іс, 56-п)

Жоғарыда біз көрсеткен мәліметтердің барлығынан Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы еңбекте семейліктердің айтарлықтай үлесі болғандығын байқаймыз. Қала тұрғындары мен сол кездегі облысқа қарасты аудан,ауыл еңбеккерлері қолдарынан келген еңбектерін майданға көмек ретінде жеткізіп жатты. Осы кезде еңбектеген баладан еңкеген кәріге дейінгі барлық халық аянбай еңбек етіп, Отан қорғаған жауынгерлерге деген қолдауларын еңбек жолындағы жетістіктерінен көрсетіп отырды. Бірақ,с оғыс жылдары бәрі тамаша болды деуге болмайды,мұның көлеңкелі жақтары да болды, мәселен, қазақ халқының санының азаюы, ұлы даланы қудалауға түскен халықтарды көшіріп әкелетін зонаға айналдыруы, халықтарды әлсіретті, өлкенің даму мүмкіндіктерін тежеді. Қазақстан Сталиндік халықтардың түрмесіне айналды.Көптеген ұлт өкілдерінің көшіріліп әкелінуі олардың сандық және сапалық құрамына өзгерістер әкелді. Алайда,осындай қиыншылықтарға қарамастан тыл мен майданның бірлігі арқасында Ұлы жеңіске қол жеткіздік. Бұл біздің ең басты жетістігіміз деп санауымыз керек.

Қортындылай  келе айтар  болсақ,  тыл мен майдан  жұбы  бір, жігі ажырамас  тұтас  қимыл  көрсетті. «Бәрі  майдан  үшін, бәрі  женіс  үшін»  деген  ұранмен  ел есінде.  Сол  ұран  майдандағы  жауынгерлер  мен  тылдағы  еңбекшінің  міндетіне  міндет,  қайратына  қайрат  қосты.  Қан мен  тер  бірге  төгіліп, жеңіс  арнасына  бірге  құйылды. Тылымыздың  мықтылығынан  құрсанған  жауды  жеңдік.  Ұлы  жеңіс  бүкіл халыққа  ортақ. «Өткенді  ескермеген  өшеді,  қастерлеген  өседі»- деген сөзді  еске  алсақ,  дәл  қазіргі  күннің  талабына  сай  айтылған  өнегелі  сөз  екенін  ұғынуға  болады.  Сондықтан  Ұлы  Отан  соғысы  жайлы  сөз  қозғағанда,  ардагер  ата-апаларымыздың  майдан  мен  тылдағы  еңбегіне  тоқталмай  кетуге  болмайды.

Бүгінде  соғыстан  еліне аман  оралған  ардагерлердің  қатары  жыл сайын сиреп,  көзден  таса  болып  жатыр.  Соғыстың  қиыншылықтарын  көздері  көрген  қарттардың  көргені  көп,  сондықтан  айтары  да  мол. КСРО-ның  әскери  шаруашылығының  жасалуы  мен  онвң  одан  әрі  дамуында  шығыс аудандары, соның  ішінде  Қазақстан  маңыздыроль атқарды.  Соғыс  жылдары  Қазақстан  майдан  арсеналына  айналды.  Бұл арада  маңызды  жетістіктерге  қол  жеткізген  жеңіл  өнеркәсіп  болды.  Соғыстың  күрделі  жылдарында  мұндакғы  бір  кәсіпорындарды  әскери  жағдайға  байланысты қайта  құрумен  бірге,  эвакуацияланып  әкелінген  фабрикалар мен  зауыттардың  өндірістік  қызметтерін  ұйымдастырып,  оларды  тез  арада  орналастыру  қажет  болды.  Сонымен  бірге, жаңа өнеркәсіп  құрылыстарыда  салына  бастады.Біз  көрсеткенмәліметтердің  барлығынан  Ұлы Отан соғысы  кезіңдегі  тылдағы еңбектесемеліктердің  айтарлықтай  үлесі  болғандығын  байқаймыз.  Қала  тұрғындары мен сол кездегі  облысқа  қарасты  аудан,  ауыл  еңбеккерлері  қолдарынан  келген  еңбектерін  майданға  көмек  ретінде  жеткізіп жатты. Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды роль атқарды.  1941-1942 жылдары жаудың қоластында қалған аудандардан 1.2 млн. бас ірі-қара мал айдап әкелініп республикамыздың жер-жеріне орналастырылды, 1943 жылдан бастап осы малдар жаудан босатылған аудандарға кері қайтарыла бастаған. 1943-1944 жылдары 500 мың бас малды әкелген жерлеріне қайта жеткізіп берген (ШҚО ЖТҚО (П). 103-қ., 21-т., 198-іс, 59-п)

 Соғыс жылдары Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайларында техниканың жоқтығынан миллиондаған бас малды жемшөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. 1942 жылы колхоздар мен совхоздар етке 169,4 мың бас ірі қара мал (1941 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп), 878,1 мың кой (1941 жылмен салыстырғанда 3 есе дерлік көп) тапсырды. Еттің көп мөлшерде тапсырылуына қарамастан республикадағы мал басының жалпы саны осы кезеңде 1 миллион басқа көбейді. Қазақстанның колхоздары, МТС-тер мен совхоздар майдан қажетіне 7 416 трактор (негізінен жаңасы), 110 мың жылқы жіберді.Тамақ өнеркәсібі өнімдерін шығару жоғарғы қарқынмен өсті. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда өсімдік майын өндіру 1,8 есе, консерві - 1,7 есе, кондитерлік өнімдер - 1,5 есе, макарон өнімдері - 1,3 есеге өсті.Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жетті. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілік бөлігі майданға аттанды. Өнеркәсіптегі әйелдердің үлес салмағы 50%, ал жеңіл және тамақ өнеркөсібінде 80-90%-ды құрады. Әскерге шақыру жасына дейінгі жасөспірімдер мен жастардың үлес салмағы Қазақстандағы бүкіл жұмысшылардың 35-40%-ын құрады. (ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 2-т., 84-іс,14-п.).

  Қорытынды. Семей өңірі ауыл еңбекшілерінің майданды өнім сұранысымен қамтамасыз етіп отырды. Өз алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға барынша тырысты. Әр түрлі аймақтарда қалыптасқан колхоздардың жұмысшылары майданға қажет өнімді игеруге барын салды. Соның нәтижесінде соғыстағы жауынгерлер қажетті өнімдерге қол жеткізген еді.

Әдебиеттер

Абишев, Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. – Алма–Ата, 1958. - 145 с.

Абишев, Г. Работа партии большевиков по воспитанию чувства советского патриотизма у бойцов-казахов в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). – Алма–Ата: Казгосиздат, 1950. – 185 с.

Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. – Алма–Ата: Казгосиздат, 1958.

Басин, В.Я. Тяжелая промышленность Казахстана в Великой Отечественной войне (исторический очерк). – Алма–Ата: Наука,1965. - 68 с.

Балакаев, Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941 – 1945. – Алма – Ата, 1971. - 110 с.

Геллер, Ю. Быстрее устранять недостатки в работе партийных организаций // Большевик Казахстана, 1942. - № 2. - С.14-15

Герои Советского Союза-казахстанцы. Сб. документов и материалов. Кн.1. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1945; Совет Одағының қазақстандық батырлары. - Алматы: Қазақстан, 1969. Т.1-474 б. және Т.2. - 439 б.

Демаков, Н. Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында // Семей таңы. - 1968.-16 ақпан.

Елагин А.С. История городов Казахстана. Семипалатинск. - Алматы: Ғылым, 1984. - 24 с.

История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. - Алма-Ата: Наука, 1943. - 485 с.

Козыбаев, М.К. Казахстан – арсенал фронта. - Алма-Ата: Казахстан, 1970. - 434 с.

Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки. -Алма-Ата, 1968. вып.1. Т.6. - С. 5-327

Казахстан в первый год Отечественной войны/ С.П. Покровский. - Алма-Ата, 1942. - C. 135

Казахстан в первый год Отечественной войны против немецко-фашистских захватчиков. - Алма-Ата, 1943. – 325 с.

Малыбаев О. Дружба, испытанная в боях за Родину. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1955. –158 с.

Михайлов, Ф.К. Профессионально-техническое образование в Казахстане. - М.: Труд. Резервы, 1962. – 240 с.

Нусупбеков, А.Н. Могучий арсенал Великой Отечественной войны // Известия АН КазССР. Сер. историч. - 1947. - Вып.З. - С.73-84;

Оразов К. Рабочий класс Казахстана в Великой Отечественной войне. - Алма-Ата: Наука, 1975. -165 с.

Смағұлов, Д. Семейліктер майданда // Семей таңы. - 1980. - 9 мамыр. 

Чушекова, Ж. Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында // Семей таңы. – 2010. – 15 сәуір.

Шошенко, А.В. Борьба партии большевиков за укрепление тыла в годы Великой Отечественной войны(по материалам Казахской ССР). - Алма-Ата: КазГИС, 1951. – 169 с.

ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 3-т., 456-іс, 23-п.

ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 3-т., 456-іс, 24-п.

ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 2-т., 84-іс, 11-п.

ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 2-т., 84-іс, 12-п.

ШҚО ҚЗТҚО. 591-қ., 591-қ., 2-т., 61-іс, 95-п.

ШҚО ҚЗТҚО. 591-қ., 591-қ., 2-т., 61-іс, 96-п.

ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 3-т., 456-іс, 9-п.

ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 3-т., 456-іс, 8-п.

ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 2-т., 84-іс, 12-п.

ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 3-т., 456-іс,15-п.

ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 3-т., 456-іс, 8-п.

ҚРОММ. 1660 – қ., 2 – т, 778– іс, 56– п

ҚРОММ. 1660 – қ., 2 – т, 778 – іс, 57– п

ҚРОММ. 1660 – қ., 2 – т, 778 – іс, 61 – п

ҚРОММ. 1660 – қ., 2 – т, 778 – іс, 70 – п

ҚРОММ. 1660 – қ., 2 – т, 778 – іс, 72 – п

ҚРОММ. 1692-қ., l-т., 1201-іс, 41-п.

ҚРОММ. 1692-қ., l-т., 1252-іс, 2, l6, 18-п.

ҚРОММ. 1692-қ., l-т., 963-іс, 32-пар

ШҚО ЖТҚО (П). 103-қ., 21-т., 198-іс, 56-п.

ШҚО ЖТҚО (П). 103-қ., 21-т., 198-іс, 59-п.

ШҚОҚЗТҚО. 410-қ., 2-т., 84-іс, 14-п.

References

Abishev, G. Kazahstan v Velikoj Otechestvennoj vojne. – Alma–Ata, 1958. 145 s

Abishev, G. Rabota partii bolshevikov po vospitaniyu chuvstva sovetskogo patriotizma u bojcov-kazahov v gody Velikoj Otechestvennoj vojny (1941-1945 gg.). – Alma–Ata: Kazgosizdat, 1950. – 185 s.

Abishev G. Kazahstan v Velikoj Otechestvennoj vojne 1941-1945 gg. – Alma–Ata: Kazgosizdat, 1958.

Basin, V.Ya. Tyazhelaya promyshlennost Kazahstana v Velikoj Otechestvennoj vojne (istoricheskij ocherk). – Alma–Ata: Nauka,1965. - 68 s.

Balakaev, T.B. Kolhoznoe krestyanstvo Kazahstana v gody Velikoj Otechestvennoj vojny. 1941 – 1945. – Alma – Ata, 1971. - 110 s.

Geller, Yu.Bystree ustranyat nedostatki v rabote partijnyh organizacij // Bolshevik Kazahstana, 1942. - № 2. - S.14-15

Geroi Sovetskogo Soyuza-kazahstancy. Sb. Dokumentov i materialov. Kn.1. - Alma-Ata: Kazgosizdat, 1945. Sovet Odaғynyң қazaқstandyқ batyrlary. -Almaty: Қazaқstan, 1969. T.1-474 b. zhәne T.2. - 439 b.

Demakov, N. Semejlikter Ұly Otan soғysy zhyldarynda // Semej taңy. -1968. -16 aқpan.

Elagin A.S. Istoriya gorodov Kazahstana. Semipalatinsk. - Almaty: Ғylym, 1984. - 24 s.

Istoriya Kazahskoj SSR s drevnejshih vremen do nashih dnej. - Alma-Ata: Nauka, 1943. - 485 s.

Kozybaev, M.K. Kazahstan – arsenal fronta. - Alma-Ata: Kazahstan, 1970. 434 s.

Kazahstan v Velikoj Otechestvennoj vojne: Ocherki. - Alma-Ata, 1968. vyp.1. T.6. - S. 5-327

Kazahstan v pervyj god Otechestvennoj vojny / S.P. Pokrovskij. - Alma-Ata, 1942. - C. 135

Kazahstan v pervyj god Otechestvennoj vojny protiv nemecko-fashistskih zahvatchikov. - Alma-Ata, 1943. – 325 s.

Malybaev O. Druzhba, ispytannaya v boyah za Rodinu. - Alma-Ata: Kazgosizdat, 1955. – 158 s.

Mihajlov, F.K. Professionalno-tehnicheskoe obrazovanie v Kazahstane. - M.: Trud. Rezervy, 1962. – 240 s.

Nusupbekov, A.N. Moguchij arsenal Velikoj Otechestvennoj vojny // Izvestiya AN KazSSR. Ser. istorich. - 1947. - Vyp.Z. - S.73-84;

Orazov K. Rabochij klass Kazahstana v Velikoj Otechestvennoj vojne. - Alma-Ata: Nauka, 1975. - 165 s.

Smagұlov, D. Semejlikter majdanda // Semej tany. - 1980. - 9 mamyr. - 2 b.

Chushekova, Zh. Semejlikter Uly Otan sogysy zhyldarynda // Semej tany. – 2010. – 15 sauir.

Shoshenko, A.V. Borba partii bolshevikov za ukreplenie tyla v gody Velikoj Otechestvennoj vojny (po materialam Kazahskoj SSR). - Alma-Ata: KazGIS, 1951. – 169 s.

ShQOQZTQO. 410-q., 3-t., 456-is, 23-p.

ShQOQZTQO. 410-q., 3-t., 456-is, 24-p.

ShQOQZTQO. 410-q., 2-t., 84-is, 11-p.

ShQOQZTQO. 410-q., 2-t., 84-is, 12-p.

ShQO QZTQO. 591-0., 2-t., 61-is, 95-p.

ShQO QZTQO. 591-q.,  2-t., 61-is, 96-p.

ShQOQZTQO. 410-q., 3-t., 456-is, 9-p.

ShQOQZTQO. 410-q., 3-t., 456-is, 8-p.

ShQOQZTQO. 410-q., 2-t., 84-is, 12-p.

ShQOQZTQO. 410-q., 3-t., 456-is,15-p.

ShQOQZTQO. 410-q., 3-t., 456-is, 8-p.

QROMM. 1660 – q., 2 – t, 778– is, 56– p

QROMM. 1660 – q., 2 – t, 778 – is, 57– p

QROMM. 1660 – q., 2 – t, 778 – is, 61 – p

QROMM. 1660 – q., 2 – t, 778 – is, 70 – p

QROMM. 1660 – q., 2 – t, 778 – is, 72 – p

QROMM. 1692-q., l-t., 1201-is, 41-p.

QROMM. 1692-q., l-t., 1252-is, 2, l6, 18-p.

QROMM. 1692-q., l-t., 963-is, 32-par

ShQO ZhTQO (P). 103-q., 21-t., 198-is, 56-p.

ShQO ZhTQO (P). 103-q., 21-t., 198-is, 59-p.

ShQOQZTQO. 410-q., 2-t., 84-is, 14-p.

А.Б. БАЙГАПАНОВА1, А.С. АДИЛЬБАЕВА2

1 Казахский гуманитарно юридический инновационный университет

Докторант 3 курса. г. Семей. Казахстан, E-mail: aigul_bol@mail.ru

2 Казахский гуманитарно юридический инновационный университет

доктор исторических наук. г.Семей. Казахстан

ОБЕСПЕЧЕНИЕ СЕЛЬСКИМ НАСЕЛЕНИЕМ СЕМИПАЛАТИНСКОГО РЕГИОНА ПОТРЕБНОСТЕЙ ФРОНТА

Резюме

В годы Великой Отечественной войны было отмечено, что изучение тематики региональной экономики в годы Великой Отечественной войны, раскрытие несказанных, неписанных истин–это новая задача современных требований. В период войны, адаптации экономики населения к условиям войны, демонстрации тыловых подвигов казахстанцев и др. Поэтому в этой научной работе мы придерживаемся мнения о том, что «экономика Семипалатинска в годы Великой Отечественной войны» внесла немалый вклад в учет вышеупомянутых пробелов.

Как и в других регионах, в Семипалатинске предоставляли продукты для фронта и его тыла, вооружали воинские формирования, своевременно обеспечивали потребности фронта в продукции. В том числе и в сфере легкой промышленности, в то время как город Семипалатинск был особо развитым, вносит свой вклад в Великую Победу. В связи с этим, в связи с изученной проблемой, семейский регион является одним из важных политических экономических объектов, становится Арсеналом фронта и занимает особое место.

Ключевые слова: область, город, экономика, тыл, промышленность, район, колхоз, совх

A.B. BAIGAPANOVA1, A.S. АDILBAYEVA2

1 Kazakh University of Humanities and Law Innovation, 3rd year Doctoral Student

Semey, Kazakhstan E-mail: aigul_bol@mail.ru

2 Kazakh University of Humanities and Law Innovation, Doctor of History

Semey, Kazakhstan

COVERING THEFRONT DEMANDS BY THE RURAL POPULATION

OF THE SEMIPALATINSK REGION

Summary

During the great Patriotic war, it was noted that the study of the regional economy during the great Patriotic war, the disclosure of untold, unwritten truths-a new task of modern requirements. During the war, the adaptation of the economy of the population to the conditions of war, demonstration of rear feats of Kazakhstanis, etc. Therefore, in this scientific work we are of the opinion that" the economy of Semipalatinsk during the great Patriotic war " made a significant contribution to the account of the above-mentioned gaps.

As in other regions, the front and its rear were fed in Semipalatinsk, evacuated people were killed, military formations were manufactured and armed, and the front's production needs were promptly withdrawn. Including in the sphere of light industry, while the city of Semipalatinsk was particularly developed, contributes to the Great Victory. In this regard, in connection with the studied problem, the Semey region is one of the important political and economic objects, becomes the Arsenal of the front and occupies a special place.

Keywords: region, city, economy, rear, industry, district, collective farm, state farm.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз