Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Н.Н. ҚҰРМАНАЛИНА1 1Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, PhD доктор
ӘОЖ 930:94(574) "6-17" ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫНЫҢ КӨРШІЛЕС ЕЛДЕРДЕГІ ТАРИХНАМАСЫНАН

Мақалада зерттеу жүргізу барысында тарихнамалық дерек ретінде еліміздегі көршілес орналасқан мемлекеттердегі (Ресей, Қырғызстан, Қытай) зерттеушілердің қазақ-жоңғар қатынасы мәселесіне қатысты жарияланған ғылыми мақала, монография т.с.с. жарияланымдары қолданылып, тарихнамалық тұрғыда қарастырылды. Көршілес елдердегі тарихшылардың мәселеге байланысты жасаған басты тұжырымдарына талдау жасалып, проблеманың зерттелуіндегі негізгі бағыттар айқындалды. Түйін сөздер: Ресей, Қырғызстан, Қытай, сыртқы саясат, қазақ-жоңғар қатынастары, тарихнама, тұжырым.

М.Қ. Егізбаева, т.ғ.к., доцент м.а. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР, Алматы қ.
391.745/749 ТАҢБА – ШЕЖІРЕЛЕР МҰРАСЫ

Мақалада қазақ халқындағы «таңба» сөзінің этимологиясы мен этногенезіндегі орны туралы баяндалады. Қай халықтың болмасын өткен тарихы мен бүгінгі тарихында төл белгілердің атқаратын рөлі зор болып табылған. Қазақ халқының шығу тарихында да сол таңбаларды зерттеу арқылы бұл халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, рухани дүние-танымы т.б. көріп білуімізге болады. Таңба, мөрлер бүгінгі елтаңбаларымыздың тарихи бастауында тұрған мәдени-этникалық мұралар. Сонымен қатар, ерте ортағасырлық ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктерден құрылған қағандық түрік мемлекеттерінде де қолданысының қызметі, оның қолдану аясы мен мағынасы ерекше мәртебеге дейін көтерілгені қарастырылады. Түйін сөздер: этногенез, халық, ұлт, белгі, таңба, ру.

Қарасаев Ғ.М., т.ғ.д., ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана karasayev_gm@mail.ru
ҒТАМР 03.20 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ- ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУ, БЕЙБІТШІЛІК САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ҰҒЫНЫСТЫЛЫҚ (1991-2013 жж) (тарихи-саяси бағыты)

Мақалада автор Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын және оның негізгі бағыттарының бірі ретінде ядролық қарусыздану, бейбітшілік, саяси тұрақтылық және өзара ұғыныстылық болып табылатындығын қарастырады. Сондай-ақ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси тұрақтылықты нығайту жолындағы рөлі мен мәмлегерлік миссиясын қорытындыларын дәлелдейді. Түйін сөздер: Қазақстан, Тәуелсіздік, ядролық қарусыздану, саяси тұрақтылық, бейбітшілік, ұғыныстылық, сыртқы саясат.

Қарасаев Ғ.М., т.ғ.д., Мемлекет тарихы институты, Қазақстан, Астана e-mail: karasayev_gm@mail.ru
ҒТАМР 03.20 РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҒЫ, АЛТАЙ ӨҢІРІН ОРЫС ШАРУАЛАРЫМЕН ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (мақсаты, барысы, нәтижелері)

Мақалада автор ресейлік архив материалдары негізінде ХХ ғасыр басындағы Шығыс Қазақстан мен Алтай өлкесіндегі Ресей империясының қоныстандыру саясатының мақсаты, барысы мен нәтижелерін қарастырады. Түйін сөздер: Қазақстан, шығыс, Алтай өлкесі, Ресей империясы, орыс шаруалары, қоныстандыру саясаты.

Сексенбаева Г.А., КазНУ им. аль-Фараби, д.и.н., доцент Казахстан, г. Алматы
ҒТАМР 03.20 СТАНОВЛЕНИЕ И РАЗВИТИЕ ЦЕНТРАЛЬНОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО АРХИВА КИНОФОТОДОКУМЕНТОВ И ЗВУКОЗАПИСЕЙ КАЗССР (1943 - 1991-Е ГОДЫ) (К 75-лети

Кинофотофонодокументы, входящие в состав Национального архивного фонда, являются одним из специфических исторических источников, с помощью которого наглядно и образно представить события и факты реальной действительности. Будучи историческим источником, они выступают в качестве одного из важнейших средств массовой информации и широко используются в различных сферах общества. Именно в аудиовизуальных документах достаточно четко прослеживается соотношение «официального» и «неофициального» видения истории, трактовки определенных событий, явлений, фактов. В связи с огромной значимостью аудиовизуальных материалов как источников познания возникает актуальная и перспективная проблема организации их хранения. Эта проблема достаточно многоаспектная и включает в себя множество самостоятельных тем. Среди них особую значимость приобретают организационные вопросы комплектования, условия их хранения, использования, от разрешения которых зависит создание полноценной базы документальных источников и разработка теоретических и прикладных исследований в этой области. В статье рассмотрены эти важнейшие проблемы и их решение в различные периоды времени. Ключевые слова: архив, комплектование, хранение, использование, кинодокумент, фотодокумент, фонодокумент, аудовизуальный документ.