Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

А.К. БАЛЫҚБАЙ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 4-курс студенті
ӘОЖ 01:7.07(574) ҚАЗАҚ КИНОДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ

Ұлттық кино өнеріміздің даму тарихы кеңестік кино мектебінің қалыптасуымен байланысты болды. Ұлттық кино өнеріміздің қалыптасу кезеңіндегі алғашқы қадамдарын әдебиет, театр және басқа да өнер салаларының тікелей әсері тұрғысынан қарастыра отырып, бүгінгі күнде өз заңдылықтары мен жеке тәжірибелік мектеп дәстүрін қалыптастырып үлгірген қазақ киносының тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырылады. Қазақ киносының даму тарихында өндірістік нəтиже (сандық көрсеткіш тұрғысында) жəне киношығармалардың мазмұндық тереңдігі (сапалық көрсеткіші) жағынан да алып қарай отырып, өрлеу жылдары мен тоқырау кезеңдеріне сипаттама беріледі. Түйін сөздер: Қазақ киносы, киноматография, кино, жанр, кинопленкалар, кинофиксациялау, хроника

З.Е. ҚАБЫЛДИНОВ, т.ғ.д, проф., С.М. БОРБАСОВ, с.ғ.д., проф., М.М. ҚОЗЫБАЕВА, PhD доктор, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
94(5):069 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КЕЛБЕТІНІҢ АЙНАСЫ. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі». 5 томдық энц. (Ғыл. ред. және жоба жетекшісі Н. Әлімбай. – Алматы: «Әлем Даму Интеграция» ЖШС, 2018). СЫН-ПІКІР

Сын-пікір ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай басқарған ғалымдар тобы дайындаған «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулуарының дәстүрлі жүйесі» деп аталатын 5 томдық ғылыми басылымды талдауға арналған. Рецензенттер бұл еңбекті Қазақстан энциклопедистикасындағы жаңа құбылыс деп бағалайды. Себебі, іргелі еңбек қазақ халқының этнос ретінде қалыптасуы үдерісінен бастап оның ұлттық келбетінің толысуына дейінгі тарихи кеңістікті қамтитын салт-дәстүрлеріне, ұғымдарына, сенім-нанымдарына және этникалық шаруашылығына қатысты негізгі ақпаратты береді. Энциклопедияға енген 6 мыңға тарта мақалалардан қазақ халқының дәстүрлі өмір тіршілігі мен этникалық болмысын танимыз. Түйін сөздер: дәстүр, наным, болмыс, ұғым, дәстүрлі шаруашылық, этниқалық ерекшелік

А.М. Сыздыкова, канд. ист. наук, доцент, Павлодарский государственный педагогический университет, aimeken@mail.ru
ИСТОРИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОХРАНОЙ ПРИРОДНОЙ СРЕДЫ НА СОВЕТСКИХ ТОПЛИВНО-ЭНЕРГЕТИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЯХ ПРИИРТЫШЬЯ (1970-1990)

Экологические последствия добычи каменного угля и его преобразования привлекли внимание общественности и исследователей во второй половине ХХ века и сейчас не утратили своей актуальности. Загрязнение атмосферного воздуха, водных ресурсов, почв, многочисленные отвалы – все это стало другой, обратной стороной индустриализации и модернизации экономики. Некоторые аспекты истории промышленности в Советском Союзе рассмотрены нами через призму экологических отношений и экологической безопасности. В данной статье осуществлен анализ природоохранной деятельности в сфере промышленности на примере Экибастузского топливно-энергетического комплекса. Были выявлены и описаны основные формы и меры, применяемые в охране окружающей среды. Сделан вывод, что использование отраслевого подхода в планировании и финансировании природоохранной деятельности сдерживало решение экологических проблем.

А. ҚАЛИ, Қ. СӘКЕНҰЛЫ, Ә. АЙДАРАЛИЕВА, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2 курс магистранттары
АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛАШ ОРДА» ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ (Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві материалдары бойынша)

Мақалада ХХ ғасыр басындағы Ақтөбе өңірі уездеріндегі «Алаш Орда» қайраткерлерінің қызметі Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивіндегі материалдар негізінде қарастырылады. Сол тұстағы Торғай облысының құрамынына кірген Ақтөбе, Шалқар, Ойыл, Темір, Ырғыз, Табын т.б уездердегі «Алаш Орда» қайраткерлері туралы кейбір мәліметтер алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Авторлар облыстық архив және тарихи материалдар негізінде өлкедегі алаш қайраткерлерінің қызметіне салыстырмалы талдау жасауға талпынған. Түйін сөздер: Алаш, Торғай, Ақтөбе, Темір, Ырғыз, Ойыл, Шалқар, қызметі, архив материалдары

Р.С. МЫРЗАБЕКОВА, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, т.ғ.к., доцент М.С. МЫРЗАБЕКОВ, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы, т.ғ.к., доцент
ӘОЖ 9; 93/94 ТАНЗИМАТ ДӘУІРІНДЕГІ РЕФОРМАТОРЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР

Мақалада ХІХ ғасырда Түркияда болған реформаторлық өзгерістер және өзгерістердің алғышарты мен нәтижелері туралы баяндалады. Реформалар отыз жылдан аса уақытқа созылып, «игілікті реформалар» деп аталды. Танзимат реформалары елдің дамуындағы объективті қажеттіліктер тарапынан пайда болды. Батыстық үлгі бойынша реформа жасамаса, Осман мемлекеті прогресс жолы бойынша дамымайтын болды. Осман мемлекеті билігінде отырған мемлекеттік қайраткерлер тарапынан жүзеге асырылған реформалар, осман қоғамы үшін мазмұны жаңа, тұлғалық құндылықтар туралы, өмір мен жеке меншікке қол сұғылмау туралы, заң алдында империя құзырындағы мұсылмандар мен мұсылман еместердің теңдігі туралы түсініктер орын алып, елдің ағартушылығы мен мәдениетінің дамуында із қалдырды. Реформалардың жаңа сатысы 1830 жж. Еуропада өмір сүрген, танымал саясаткер, дипломат Мустафа Рашид-паша есімімен байланысты. Түйін сөздер: Түркия, танзимат, реформа, Гюльханей, хроника, ағартушылық, улем