Мақалада ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Ертістің оң жақ жағалауын бойлай орналасқан Семей ішкі округының әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайының зерттелу тарихнамасы қарастырылады. Семей ішкі округі құрылуының алғышарттары XVII-XVIII ғасырлардан бастау алады. Мақалада Батыс Сібір аймағы туралы XVII-XVIII ғасырларда пайда болған алғашқы зерттеулерден бастап саяхатшылар мен арнайы құрылған экспедициялар, революцияға дейінгі, кеңестік,тәуелсіз кезеңдегі отандық және шетелдік зерттеулерге тарихнамалық шолу жасалған.
Қытай жылнамаларындағы түркілік ономастика бүгінге дейін әр түрлі аударылып, реконструкцияланған, ғылыми әдебиеттер мен оқулықта бірізділік сақталмаған. Зерттеуде қытай тарихнамаларындағы қытай иереоглифтерімен хатқа түскен түркі халықтарына тән ономастикалық атаулардың ерекшеліктері, оларды аудару мен реконструкциялау мәселелері қарсырылған. Сондықтан қарастырылып отырған тақырыпты тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің біріне арналған.
Кіліт сөздер: қытай жылнамалары, түркі, ономастика, реконструкция.
Қазақ даласында ғылыми түрде әлі толық зерттелмеген, зерделенбеген киелі орындар мен тарихи-мәдени ескерткіштер, қорымдар мен қорғандар көптеп кездеседі. Алайда, бұл кейбір жерлердің шалғайлығы мен табиғаттың келеңсіз жағдайларынан да құрып кетудің аз ақ алдына тұрған петроглифтерге де әсер етуде. Жалпы қазақ даласындағы петроглифтерді толық зерттеу үшін табиғаттың қолайлы мезгілі зерттеушілер үшін ауадай қажет.
Қорық-музей қызметкерлерінің жаз мезгілінде екі жыл қатарынан барлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ғылыми ортаға мәлім емес бірнеше нысандарды анықтауы осының дәлелі. Алматы облысы, Ұйғыр ауданына барлау жұмысын жүргізу барысында табылған сақ кезеңіне жататын петроглифтер семантикалық мазмұны жағынан зерттеудің басты дереккөзі болып табылады.
Петроглифтер әр кезеңнің адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығына қарай жетіліп, тас бетіне қашалып түсіп отырған. Сондай-ақ петроглифтердің жартас бетіне немесе жазық далада орналасуына байланысты ерекшеліктерін де аңғаруда мүмкіндік бар. Мақалада қорық-музейдің зерттеу нысандарының бірі петроглифтер жөнінде баяндалады. Сондай-ақ сақ кезеңіне жататын жартас бетіндегі суреттердің ерекшеліктері мен семантикалық мазмұны талданып, петроглифтерді анықтау, зерттеу, насихаттау мәселелері қарастырылады.
Кілт сөздер: археология, жартас бетіндегі суреттер, наным-сенім, артефактілер, таңбалар, жоба, петроглифтер, байырғы суреттер, өнер туындылары.
Аннотация
Мақалада тарихи тұлға – Райымбек батырдың ата тегібаяндалады. Онымен қоса, батырға сенімді серік бола білген батырлар, атап айтқанда, Аралбай батыр, Қапай батыр, Сатай батыр, Бөлек батыр жайлы мәліметтер берілген.
Райымбек 1705 жылы қазіргі Алматы облысының аумағында дүниеге келген. Ұлы жүздің албан руынан шыққан. Атасы – Ханкелді жазбаша дереккөздерге сәйкес, көшбасшы және дипломат ретінде белгілі. Бала кезінен Райымбек Отан қорғау рухымен өсіп, туған жерін Жоңғар құлдығынан босатқан.
Бұл мақалада қазақ-үнді әдебиетіндегі ұлттық ерекшелік сипатталады. Характер терминінің шығу тарихымен қатар, отандық және шет ел ғалымдарының ұлттық характерге берген тұжырымдамалары беріледі. Әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық характерін оның ерекшеленген мінез-бітімі, ойлауы, сөйлеуі арқылы белгілі бір халықтың өкілі екендігін тануға болады.
Ұлы жазушы М. Әуезов «Абай жолы» романында әйелдердің образын сомдау арқылы қазақ халқының әйелдеріне тән ұлттық характерін тамаша шеберлікпен жеткізгендігі айтылады.
Сонымен қатар, мақалада дүниежүзілік әдебиет қазынасының бір бөлшегі болған көне үнді эпосы «Махабхарата» жырында да әйел образы ерекше жоғары қойылып, адалдық пен пәктік символы ретінде қарастырылғандығы жайлы айтылады. Үнді жазушысы Деваприя Рой өз шығармаларында үнді әйелінің характерін көрсетеді.
Ұлттық мінез этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір ұлттың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болады.