Аңдатпа. Ғылыми мақалада ХVIII ғасырдан бастап Қазақстанның солтүстік өңірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелерінің зерттелу барысын Петропавл бекінісінің салынумен болған оқиғалар желісінде қарастырады. Берілген мақалада еліміздің солтүстік өңірі туралы XVII-XVIII ғасырлардан пайда болған алғашқы зерттеулерден бастап саяхатшылар мен арнайы құрылған экспедициялар, революцияға дейінгі, кеңестік, тәуелсіз кезеңдегі отандық және шетелдік зерттеулерге тарихнамалық шолу жасалған.
Отандық тарихтағы өзекті тақырыптардың бірі Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы. Ресей империясы бастапқы кезден-ақ өзінің бірнеше әскери-барлау экспедициясын жүргізіп, қазақтың ру-тайпалары мекендеген жерлерінде өз бекіністерін сала отырып, қазақ жерін отарлау саясатын жүргізуден бастаған. Әсіресе, Ресей империясының Қазақстанның солтүстік аймақтырына жасаған саяси-экономикалық, әлеуметтік және әскери қадамдары зерттелуі кенже қалған мәселелердің бірі болып қалып отыр. Бұл мақаланың жазылуына арқау болған Орта жүз қазақтарының солтүстік өңіріндегі ата-мекені болған Қызылжар өңірінде іргетасы қаланған сол кездегі маңызды нысандардың бірі Петропавл қаласы тарихының тарихнамасы.
Бүгінгі күні Отан тарихының өзекті мәселелерінің зерттелуі барысында деректерді жан-жақты пайдаланудағы қолжетімділігін негізге ала отырып, авторлар Петропавл қаласының зерттелуін жинақы түрде қарастыруды жөн көрді.
Abstract: Interethnic and interconfessional dialogue, as a rule, is aimed of overcoming confrontation, forming tolerant mutual relations in society, and promoting peaceful coexistence of people of different nationalities and religious associations. Kazakhstan's know-how Assembly of People of Kazakhstan plays an important role in consolidation of our society. The article examines a history of the formation of this important socio-political body, whose activities led to the strengthening of interethnic harmony and tolerance of the multiethnic people of the Republic.
Each region of Kazakhstan has its own peculiarities of activitiy of the APK, in the north is developed a tradition of multicultural society, in the multiethnic southern region a high level of tolerance, in the west – the factor of monoethnicity, and in the east the development of the urban environment determines the mentality of ethnic groups. Hevertheless, the APK is the main socio-political and ethno-cultural unifying center for strengthening tolerance and consolidating Kazakhstan's society.
Аңдатпа. ХХІ ғасырда және жаһанданған әлемде көптеген әлеуметтік мәселелер барша әлем жұртшылығына ортақ жағдайға жетті. Ислам тарихы үшін жаңа кезең деп айтуға болатын осы ғасырда діннің таралуы және мұсылман елдерде дінді қайта түсінуге тырысу әрекеттері кеңінен байқалады. Бұл үрдіс өткен ғасырдың ортасынан бастап мұсылман елдерінде діннің жаңа заманға қатысты мәселелерге деген қырын ашу, әлеуметтік деңгейде әртүрлі ұйымдар құрып, дінге қызмет ету сынды талпыныстармен көрініс тапты. Сол кезде пайда болған діни топтар жамағат, секта, радикалды топтар және тағы да басқа сипаттармен қоғамда белсенділіктерін көрсетті. Солардың бір бөлігі агрессивті сипатқа ие емес діни жамағаттар. Олар да дін әлеуметтануы саласының тақырыбына кіреді. Осы мақалада әлеуметтік таным негізінде діни жамағаттарды айшықтау назарға алынды. Діни топтарды басқа дисциплиналар тұрғысынан зерттелген еңбектерге көз жүгірте отырып анықтау, сипаттау және пайда болу себептерін көрсету оларды түсінудің алғы шарты ретінде аса маңыздылыққа ие. Діни топтардың тек діни терминдермен сипатталған анықтамасына сүйеніп қана қоймай, әлеуметтік құбылыс және табиғи бір үрдіс екенін ұғынғанда ғана олардың сипаттамалары мен санаттарын түсінуге мүмкіндік бар.
Аңдатпа. Мақала ХХ ғасырдың басындағы Солтүстік Қазақстан облысының тарихына арналып, біртұтас көлемде қарастырылып оқырман назарына ұсынылды. Алаштанудың негізі ХХ ғасырдың басында Алаш қайраткерлері өмір сүрген кезеңде қалыптасты. Кеңестік дәуірде бұл қозғалысқа біржақты таптық баға берілгендіктен, оның ақиқатын ашуға мүмкіндік болмады. Тек қазіргі таңда еліміз егемендікке қол жеткізгелі бұл қозғалыстың тарихына, қозғаушы күшіне, Алаш белсенділерінің іс-әрекетін жан-жақты зерделеуге мүмкіндік туып отыр. Алаш қозғалысының өзіндік бір ерекшелігі ретінде оның жаппай ұлттық сипатқа ие болғандығының белгілі бір өңірмен шектелмей, қазақ жерінің барлық аймағын қамтығанын олардың сол өңірлермен байланысты іс-әрекеттері дәлелдеп отыр. Сонымен бірге, еліміздің Қызылжар сияқты аймағы Алаш қайраткерлерінің тағдырында елеулі орын алып, өзіндік із қалдыруына ықпал етті.
Сондықтан, ұсынып отырған мақаламызда жоғарыда айтылған мәселелер жан-жақты қарастырылып, бірқатар сұрақтарға жауап береді деген сенімдеміз.
Аннотация. Мировой исторический процесс не раз подвергался угрозам и вызовам. При этом среди них особое место принадлежит инфекционным заболеваниям. В эпоху античности, средневековья и нового времени, болезни и мор наносили страшный удар по развитию обществ. Кроме того, именно период пандемий можно рассматривать как некие водоразделы мировой истории. Гибель культур, исчезновение народов, уничтожение населения целого континента – тоже дело микробов.
В данной статье рассматриваются основные моменты исторических событий, где инфекционные заболевания вызывали катастрофические последствия для существования ряда мировых государств. Также дана историческая панорама мировых пандемий.