Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Арапов Жандос Маратулы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2-курс магистранты
Қазақ этносының қалыптасуындағы Жалайыр тайпасының орны

Мақалада жалайыр тарихына байланысты мәліметтерді жинақтауға талпыныс жасады. Жұмыс барысындағы-зерттеу нәтижесі, жалайыр атауының шығу тегіне, оның этникалық тарихына деректеме-тарихнамалық тұрғыда талдау жасалынды. Бұл мақалада тарих, аңыз-әңгіме және этнографиядан мағлұматтар келтірілді. Ежелгі уақыттан қазіргі кезеңге дейінгі қазақ даласы тұрғындарының этномәдени тарихында жалайырлар ерекше орын алған. Олар қазақ халқының қалыптасуындағы орны көрсетілген. Жалайырлардың қалыптасуындағы орны мен ерекшелігімен зерттелген. Тарих сахнасында қазақты құраған түркі тайпаларының орта ғасырлардағы бабалары Жалайырлар, Меркіттер, Қоңыраттар, Керейлер және тағы басқалар шығып, олар тайпалық бірлестіктер, тіптен шағын мемлекеттер ретінде бой көрсетті. Бұл әрине тарихшыларымыздан түркі этностары тарихын тереңдете зерттеуді, осы мәселелерге аса қатты мән беруді талап етеді. Түйін сөздер: Жалайыр, тайпа, қазақ қауымы, этнос, түркі тайпалар

Н.А. Атыгаев Институт истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова, г. Алматы, Казахстан nuratygaev@mail.ru
КАЗАХСКИЕ ЖЕНЩИНЫ ПРИ ДВОРАХ ИНОСТРАННЫХ ПРАВИТЕЛЕЙ (XV–XVII ВВ.)

В статье приводятся некоторые сведения средневековых исторических источников о казахских женщинах, живших при дворах правителей соседних государств. В большинстве своем они, являясь представительницей казахской правящей элиты, оказались там в результате династического брака. Автор обращает внимание на то, что в источниках в основном приводятся не личные имена женщин, а их лакабы или тахаллусы (прозвища или псевдонимы). Часто их просто называли – «Казах-ханым». Казахские женщины были не только верными спутниками жизни своих мужей и матерями их детей. Некоторые из них занимали высокое положение в государстве и участвовали в его политической (в том числе международной) и общественной жизни. Такими женщинами были Михр-султан-ханым в Шибанидском государстве, Чучук-ханым в Могульском госудастве.

Айсаева Н.Б., магистрант 2 курса Института истории и этнологии им. Ч.Валиханова
ДИПЛОМАТИЧЕСКИЕ СВЯЗИ МИНСКОГО КИТАЯ С ГОСУДАРСТВАМИ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ

Внешнеполитическая стратегия Минской династии строилась на основе превосходства китайского императора, и предполагала абсолютный контроль над всеми аспектами , включая и дипломатические, торговые и экономические связи с иноземными государствами. Эпоха правления династии Мин это время наиболее тесных дипломатических и торговых связей с Центральной Азией. Вся внешняя торговля была сведена к обмену данью и дарами с зарубежными посольствами. Поэтому данная статья посвящена дипломатическим и так называемым "данническим отношениям и миссиям" между Китаем в эпоху правления династии Мин (1368-1644 гг.) и странами Центральной Азии.


Абд ар-Раззак Самаркандидің «Матла ' ас-са ' дайн ва маджма 'ал-бахрайны» шығармасы

Аңдатпа XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу өткен ғасырдың бай мұрасымен тығыз байланысты. Олардың ішінде бүгінгі күнге дейін ғылыми маңыздылығын жоғалтпаған парсы жазба деректері ерекше орын алады. Шынайы тарихымызды жазу үшін ең алдымен деректермізді дұрыс меңгеруіміз керек. ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Бұл шығармалар әмір Темір және оның ұрпақтарының тарихнамашыларымен жазып қалдырылған. Бұл деректер бұған дейін де зерттеушілермен кеңінен қолданылып келді. Алайда арнайы деректанулық талдаулар жасалған жоқ. Сондықтан да Темір әулеті шығармаларын ортағасырлық Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттеудің маңызы зор.

Искакова Ғалия Зейділдаевна доктор PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы, Байдаулетова Мадина Досбергенқызы доктор PhD, әл-Фараб
Түркі қағанаттарының этно-тарихи географиясы (VI ғасырдың ортасы – X ғасыр) бойынша негізгі деректер

Мақалада автор Түркі қағанаттарының этно-тарихи географиясын ашып көрсететін негізгі деректерге талдау жасайды. Түркі халықтарының, ортағасырлардағы тарихына бойлауда жазба және ауызша деректердің құндылығы ерекше. Автор түркі қағанаттарының тарихи географиясы жөніндегі деректерді жалпы алғанда хронологиялық ретпен түркі жазба (руналық) ескерткіштері, араб-парсы деректері, қытай жылнамалары, ауызша деректер сияқты топтарға бөліп қарастырған. Түркі халықтарының ауызша тарих айту дәстүрін жазба материалдармен салыстыру арқылы олардың тарихи проекцияларын ашуға көңіл аударылды.