Түйіндеме. Бұл мақалада автор Қазақстанның басты мемлекеттік идеясы «Мәңгілік елдің» генезисі, оның басты қозғаушы проблемалары жайында қарастырған. Мәселен, түркілік кезеңнің басшыларының бірі Тоныкөктің жазбаларында тұңғыш рет аталмыш идея жайында алғаш мәліметтер кездескен. Сонымен қатар Қорқыт, Асан қайғы сынды тұлғалардың халыққа ең қолайлы, бейбіт аймақты іздегені аталмыш идеяның философиялық қырларымен тұспа-тұс келеді. Ал кейінгі кезеңде, әсіресе, қазақ хандығы тұсында жоңғар шапқыншылығына қарсы күш жұмылдыруда Әбілқайыр, Абылай секілді дара тұлғалар тарих сахнасына шықты, олар елдің жарқын ертеңі үшін халықты ынтымақ пен бірлікке шақырды. Азаттық пен еркіндік үшін күрескен қайраткерлердің ішінде хан Кененің де алар орны мен рөлі басым. Бүгінгі күннің пассионар тұлғасы Назарбаевтың да ата-бабамыздан келе жатқан идеяны қазіргі күнге жалғастырып, өміршең ретінде бір жүйеге келтіруі идеяның болашағы жарқын екенін айғақтайды.
В настоящее время в связи с национальной идеи главенствующим стало выдвигаться художественное воплощение и новаторская трактовка образов героев, правителей, советников, судей, в творчестве жырау, акынов и прозаиков. В данной статье анализируются исторические материалы и данные об Абылай в научных публикациях ученых и музыковедов.
Еліміздің иллюстрацияланған тарихын тануға, тарихты фотоқұжат арқылы нақтылауға мүмкіндік беретін тарихи деректер қатарын визуалды деректер құрайды. Орта Азия халықтарының 19 – 20 ғасырдың бас кезіндегі мәдениеті, тұрмысы мен шаруашылығы статистар, шығыстанушы зерттеушілер, топографтар мен әскерилер түсірген фотосуреттерде сақталып, ғылыми деректік фотоқұжаттар қатарын құрап отыр. Қазақ тарихына қатысты тарихи фотодеректердің негізгі дені Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінде, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофо¬тоқұ¬жаттар және дыбыс жазбалар мұрағатында, Кунскамерада (Санкт-Петербург), Ә. Науай атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында, Өзбекстанның Ұлттық мұрағатында сақталған. Тарихи кезеңдерде түсірілген кез келген фотосуреттер сол дәуір¬дің болмысын дәлме-дәл бере алады және ол мәңгілікке сақталады. Визуалдық фотодеректің маңыздылығы – белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамдардың тұрмысындағы этномәдени сипаттарды, дәстүрлі ауылды, дәстүрлі шаруашылықты, материалдық құндылықтарды, тарихи оқиғаларды нақты, боямасыз түрде шынайы таңбалай алуында болып табылады.
ХХ ғасырдың басында Орыс географиялық қоғамының Қазақстан жерінде құрылуы, оның бөлімшелерінің құрылуы халық арасында ағартушылыққа және ғылымға ынта қоюға ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде қазақ интелегенциясы ғалым және зерттеуші ретінде көптеген жетістіктерге жетті. Көзі ашық көкірегі ояу азаматтармыз біздің жеріміздің жан-жақты зерттелуіне үлес қосты. Бұл болашақта Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуына негіз бола білді.Мақалада осы мәселелер қарастырылған.
Данная статья исследует возможность развития дипломатии ШОС, как с участниками организации, так и с сторонними акторами. В основном делается упор на отношения внутри организации что несомненно проецируется на сторонних акторов, в которых заинтересованы страны ШОС. В статье еще и делается всесторонний анализ китайского и российского влияния на формирование дипломатии ШОС. Так же интересы отдельных участников организации.