Аңдатпа. Мақалада 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін Кеңес өкіметінің орнауымен байланысты болған саяси оқиғалар, Алаш қайраткерлерінің Ұлттық мемлекетті құрудағы қызметі, Қазақ Кеңестік Социалистік Автономиялы Республикасының құрылуы, Кеңестік жүйе жағдайындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс мәселелері жан-жақты қарастырылған. Авторлар бұл мәселенің жан-жақты ашылуына ерекше мән беріп, Солтүстік Қазақстан өңірінің XX ғасырдың басындағы тарихына қатысты бұрыннан белгілі деректер мен ғылыми айналымға енгізіліп отырған архив басылымдары, мерзімдік баспасөз құжаттарын тиімді пайдалану арқылы, шынайы баға беруді мақсат етіп қойған. Алаш қайраткерлерінің ұлттық негіздегі Алашорда мемлекетін құру жолындағы күресі, бұл мәселеде Кеңестердің ешқандай ымырға келмейтін саясат ұстануы жайы да қарастырылған.
Сонымен қатар, Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет (Қазревком) құрылуы мен оның Қазақ Кеңестік Социалистік Автоно¬миясын құрудағы іс-әрекеттері жайында мәліметтер келтірілген. Әсіресе авторлар, патша өкіметінің тұсында Ақмола, Семей губернияларының құрамына енген қазақтың қыруар жерлерінің қайтарылуы жайында және бұл мәселеде Алаш қайраткерлерінің ерекше рөлін тың құжаттар негізінде атап өтеді. Мақала зерттеушілерге, қызығушыларға және жалпы оқырман қауымға арналған.