Яндекс.Метрика
Home » Materials » ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ, ОНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ:денсаулығы, емдеу шаралары (1867-1917жж).

БИСЕМБАЕВА Л.А.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ, ОНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ:денсаулығы, емдеу шаралары (1867-1917жж).

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(06), 2016

Tags: уезі, Верный, облысы, Жетісу, үкіметі, патша, саясаты, Отарлау, дәрігерлік, көмек, халық, емшілері, аурулар, орыс, медицинасы, дәрілік, шөптер
Author:
Бұл мақалада патшалық отарлық билік үстемдік жүргізген ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Жетісу облысындағы халықтың әлеуметтік жағдайы баяндалады. Патша үкіметінің Жетісу өлкесінде жүргізген отарлық саясатының салдарынан өңір халқының ұлттық құрамының өзгеріске түсуі, бұрын белгісіз болып келген ауру түрлерінің пайда болып, асқынып кетуі, жұқпалы ауруларды емдеудегі халық емшілері мен орыс медицинасы туралы сөз болады. Мақаланың мақсаты – өз жерінде қорғансыз болып қалған қазақ халқының күнделікті өмірін халықтың денсаулығы тұрғысынан ашып көрсету. Мақалада өлкеде пайда болған ауру түрлері сарапталады және оларды емдеу жолдарына сипаттама беріледі. Жұмыс пәнаралық байланыста жазылғандықтан тарих, әлеуметтану, саясаттану ғылымдары салаларының мамандары үшін пайдалы болып табылады.
Text:

Патша үкіметінің XIX ғасырдың ІІ жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде жүргізген отарлықсаясатықазақ халықының басына зор қиыншылықтар әкелген болатын. Қазақ халқы саяси тәуелсіздігінен айырылып,ата-бабасының мекенінен ығыстырылды және халықтың ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады.Бұл үдеріс бүкіл қазақ жерімен бірге Жетісу өңірінің Верный уезіндегі халықты да қамтығаны белгілі. Тұрғындардың ұлттық құрамының өзгеруісаяси-экономикалық қиындықтармен бірге өз кезегінде әлеуметтік қиындықтарды да туғызды.Сондай қиындықтардың бірісанитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлығы салдарынаншешек, мерез т.б. жұқпалы аурулардыңасқынып кетуі еді.

Жұқпалы аурулардың таралуы өңірдегі патшалық билік үшін күтпеген жағдай еді және олардың өлкедегі саясатына да кедергі келтіретін еді. Сондықтан да жергілікті билікмемлекетке қанша шығын келтіретініне қарамастан, жағдайды назардан тыс қалдырмай, бақылауда ұстауға тырысты.Осыған байланысты әскери-медициналық инспектор жыл сайынғы есебінде Түркістан өлкесінің санитарлық жағдайы мен ондағы орыс дәрігерлерінің қызметі туралы хабардар етіп тұрды.

Жетісу облысы бойынша 7750 аурудың 7503-і жазылып, 47-сі өлген. Түркістан өлкесі әртүрлі халықтардан тұрды, жергілікті халық көп жағдайда тәуіптердің көмегіне жүгінген. Дәрігер көмегіне жүгінетіндердің көпшілігі безгек (лихородка) және жұқпалы аурулармен ауырғандар болатын. Безгекті емдейтін хининнің жетіспеуі дәрігерлерге қолбайлау болды. Дәрігер көмегіне көп жүгінген келесі ауру түрлері – жыныстық қатынас арқылы жұғатын венерологиялық аурулар, көз және буын аурулары (ревматизм). Көз ауруы мен буын ауруының асқынуына тұрғын үйлердегі гигиеналық жағдайдың сақталмауы себеп болса,  мен ойық жаралардың пайда болуына нашар тамақтану себеп болды. Денесін таза ұстамау қотыр мен созылмалы жаралардың пайда болуына алып келді. Мысалы: 1877 жылы Жетісу облысының Верный уезінде шешек және қызылша аурулары таралады. Шешек індеті өте күшті болып, көптеген балалар соқыр, саңырау болып қалады. Верный уезі бойынша шешекпен ауырған 2025 адам дәрігер көмегіне жүгінген [1].

Шешек ауруының қазақтарда қорқыныш тудырғаны соншалық, оны ең жаман ауру деп есептеді. Шешекпен ауырған адамдарды жалғыз немесе ауырған бірнеше адамды бірге қалдырып, өздері аулақ көшіп кетіп, аурулар айдалада көмексіз қалған. Балаларын қимаған әйелдерді күйеулері күшпен көндіріп отырған. Шешекке қарсы егушілердің құралдарын тартып алып, енді қайтып бұнымен айналыспайтындай етіп қорқытқан. Қазақтардан не үшін қарсылық көрсететіндерін сұраған кезде «мұсылман мен орыс қанын араластыру күнә» деп жауап берген.

Бұдан ХІХ ғасырдың аяғында қазақтар арасында мұсылман діні мен молдалардың ықпалының күшті болғандығын көреміз. Қазақ жеріне келген қоныс аударушылардың діні мен өмір сүру әдеттерінің жергілікті халықтың дәстүрі мен дініне қарама-қайшы екенін көрген қарапайым халық, оның емдеу әдістеріне де үрке қарады. Бұл-бір жағынан, қалыпты құбылыс болғанымен, екінші жағынан, аурудың соншалықты қауіптілігін түсіне алмау немесе жете түсіндірмеу - халықтың, әсіресе, қазақ халқының сан жағынан шығынға ұшырауына әкеліп соқтырғаны сөзсіз. Бұрын, орыс дәрігерлері келгенге дейін, шешекті сарттар емдеген. Олар шешекпен ауырғандарды жинап алып, сұқ саусағы мен бас саусағының ортасынан еккен, одан олардың қолдары ісіп ауырған.

Верныйда дифтерия мен шешек ауруы қатты асқынған. Верный мен Үлкен Алматы станицасын қоса есептегенде дифтерия мен тамақ ауруынан өлгендердің саны (үлкендер, балалар) тамыз айында-20, қыркүйекте-26, қазан айында-43-ке жеткен. Верныйда бұл аурумен ауырған адамдардың 3 тен 2-сі өліп кетіп отырған. Аурудың асқынып кеткені сондай, кедейлерге ауырған кездегі киімін тапсыртып, оның орнына дәрі-дәрмек, залалсыздандыратын құрал-жабдықтар, киімдер беру үшін дифтерияға қарсы Қызыл Крест ұйымының Жетісу жергілікті басқармасы мүшелері мен губернатор жанындағы ерекше тапсырмалармен айналысатын шенділерден құралған арнайы комитет құру қажет болды [2,-195 б.].

Жұқпалы аурулардың асқынғаны соншалық, тіпті Дмитриев шіркеуінің священнигі Владимир Аркадов 1883 жылдың 26 желтоқсанында Верныйдың уездік бастығынан Зайцев пен Маловодный селоларында балалар арасында дифтерияның пайда болуына байланысты шара қолдануын сұрайды. Сонымен бірге қазан айынан желтоқсанға дейін осы селоларда дифтериядан ұл-қызы аралас 44 бала өлгенін, үйлерді аралап көргенінде ауырып жатқан тағы да 5 бала мен бір қарт әйелді көргенін, үйлерде дезинфекция жасайтын құралдардың, тазалықтың жоқтығын байқағанын және бұған селолық биліктің ешқандай көңіл аудармай отырғанын жазады. Осыған байланысты Верныйдың уездік бастығына тапсырма беруін немесе Зайцев селосына дәрігер жіберуін, болмаса дәрігерлік құралдармен қамтамасыз етуін, сонымен бірге оларды мұндай жағдайда қалай пайдалану керектігін көрсететін жауапты адам бөлуін өтініп сұрайды [3, -1-2бб.].

Верный уезінде дифтерия ауруының асқынып кеткені сондай, оның белгілері жыл бойы байқалып отырған [4, -С.203].Келесі бір деректерде 1884 жылдың 2 тамызында Верный уездік басқармасына полковник Сапожников 18 шілдеден бері белгісіз ауру пайда болғанын, оны дүнгендер ұнға жатқызып емдеп, кейін ол ұнды халыққа сатып, ауру таратып отырғанын, сол ұнды сатып алған қырғыздар (қазақтар -Б.Л.) арасында қысқа уақыт ішінде 10 адам өлгенін мәлімдейді [3,-7б.].

Шешектен де қауіпті ауру мерезбен бастапқыда белгілі бір адамдар ғана ауырса, кейін таралып кетуіне байланысты бүтін ауылдар да ауырып отырған. Орыс билігі бұл аурумен қанша күрессе де, тұрғындар арасына таралып кетуіне тосқауыл бола алмағанын көреміз. Мысалы, Қаскелең өзенінің жоғарғы жағындағы Бекбатыр ауылында 10 киіз үй болса, олардағы бесіктегі баладан бастап қарттарына дейін түгел ауру болған [5].

Қазақтар арасында бұрын кездеспеген мерез ауруы – жыныстық жолмен тарайтын жұқпалы ауру. Мерез әскердегі төменгі шенділердің арасында кеңінен таралып, барлық әскери емдеу орындары осы ауруды жұқтырғандарға толы болды. Соған байланысты енді әйелдердің, оның ішінде жезөкшелердің, олармен байланысы бар еркектердің денсаулығын тез арада тексеру мәселесі көтеріледі. Бұның бәрі мемлекет қазынасына үлкен шығын келтіретініне қарамастан, жергілікті билік бұл шаралардың орындалуын қатаң бақылап отырады [6].

Верный қаласының азаматтық және әскери дәрігерлері аптасына 1 рет Верныйдың қалалық ауруханасында әйелдер мен жезөкшелерді тексеріп, соңғыларына қатаң шаралар қолданып отырған. Тексерілген әйелдердің ішінен мерез ауруын жұқтырған 7 әйел анықталып, жезөкшелікпен айналысатын 14 әйел тұтқындалған. Ауру жұқтырған әйелдер аурухананың арнайы бөлімдеріне жатқызылған [7,-С.51-52.].

Осыған қарап-ақ, өлкені орыстар билеген тұста қазақ халқының ұлттық тұнығы лайланып, қоғамда азғындық әрекеттер тарала бастады деуге толық негіз бар.

Верныйда 1896 жылы 1 желтоқсанда ақыл-есі ауысқандарға арналған аурухана ашылған. Ол жерде 5 тұрақты төсек, 3 қосымша төсек болды. Ол жерде емделген 20 адамның 2-еуі 15 пен 20 жас аралығында; 14-і 20 мен 50 жас аралығында; ал 4-еуінің жасы 50-ден асып кеткен [7,-53 с.].

1896 жылы 2 сәуірде көз ауруларын тегін емдейтін аурухана ашылған [7, -61 с.].

Верныйдың 15 орынға арналған қалалық ауруханасында әртүрлі ішкі, сыртқы аурулармен стационарлық науқастарды емдеген. Ең көп емделген ауру түрлері:

-венерологиялық-37;

-ішімдіктен улану-29;

-әртүрлі жарақаттар-26;

-іш сүзегі-11.

Осы аталған ауру түрлерінен бөлек өңеш ісігіне байланысты асқазанға фистула (түтік, тұрба) қою, қуықтан тас алу, жақ сүйегінің жансызданған бөлігін алып тастау сияқты ауру түрлеріне ота сәтті жасалған. Бұдан басқа да кіші-гірім 15 ота жасалған. Амбулаториялық ем де жүргізілген [8, -65 с.].

Осы кезеңде қазақтар арасында кеңінен таралған аурулардың келесі бір түрі-қотыр ауруы болған. Оған материалдық жағдайы жақсы болыс басқармаларының өзі атүсті қараған.

Өлкені зерттеуге шыққан Жетісу облыстық ұйымдастыру комиссиясы уезге дәрігер және әйелдер дәрігері (акушер) тағайындалатынын, әрі халықты тегін емдейтінін хабарлаған кезде, халық оған қатты қуанған. Орыс дәрігерлерінің көмегіне ерлерге қарағанда әйелдер көбірек жүгініп, көз және жүрек ауруларынан дәрі сұраған [5].

Қазақ жеріне орыс дәрігерлері келгенге дейін, ел ішіндегі ауруларды бақсылар (шамандар) емдеген. Бақсы дегеніміз- шаман дініндегі басты тұлға. Діни культті атқарушы. Бақсылар негізінен көзбайлаушылық, емшілік, болжаушылық, сәуегейшілікпен, жадагершілікпен (жын шақыру) айналысқан. ХІХ ғасырдан бастап қазақ бақсылығының аясы емдеу, болашақты болжау, жоғалғанды іздеу сияқты функциялармен тарыла түседі [9, -97 б.].

Бақсылардың әлеуметтік өмірдегі орны ХІХ ғасырдың соңына қарай тіптен тарыла түседі. Олар ірі қоғамдық мерекелерді өткізудегі және құрбандық шалудағы жетекшілік қызметінен айырыла бастайды. Оның себебі 1868 жылғы қазақ даласын билеудің жаңа ережелеріне сәйкес бақсылыққа заң жүзінде тиым салынуынан, екіншіден мұсылманшылықтың өршуінен (молдалар жын шақыру шариғатқа қарсы келеді, сондықтан бақсыдан көмек сұрау күнә болады деп уағыз жүргізеді), үшіншіден, қазақ даласына етек жая бастаған орыс медицинасы да бақсылыққа өре-тұра қарсы болады [9, -99 б.].

Бірақ, біз қарастырып отырған ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басына дейін (тіпті бүгінге дейін), қазақ бақсылығынан қалған негізгі функцияның бірі- емшілік. Өлкеге орыс медицинасы тарала бастағанымен, халық негізінен емшілердің көмегіне сүйенген. Емшілер әртүрлі шөптер мен шөп тамырларымен емдеген. Көптеген дәрілік шөптермен ем жасай білген қазақ халық емшілері ішек құрттарын дермене жусаны арқылы емдеген [10].

Түркістан өлкесінде халық емшілері өсімдіктен жасалған 227 түрлі дәрілік шөптерді пайдаланған. Олардың ішінде 62-сі (апиын, мандрагора, гашиш, т.б.) үнді флорасынан болса, 12-сі хиуалық және қытайлық, 9- бұхарлық, 7-парсылық, 6-арабтық, 4-еуропалық және египеттік өсімдіктерден еді. Халық емшілері сонымен бірге хинин, ашутас, скипидар, тотыяйын, сынап, алмас, т.б. сияқты өте күшті әсер ететін улы дәрілермен де емдеген. Негізінен жергілікті өсімдіктерді де кеңінен қолданды. Мысалы дермене жусаны, қара андыз, саумалдық, қымыздық, күшала, арша, киік оты, қалампыр, қара бұрыш, долана, қарақат,  меңдуана, темекі, ақсырғақ, бозбұға, итмұрын түбірі, мия түбірі, тобылғы, т.б. пайдаланған. Осылармен бірге аюдың, аққудың өті, борсықтың, қаздың, жылқының, қойдың майларымен бірге, малдың жас еті мен сорпасы, қымыз, шұбат, құрт, сары май, сүйек майы, сүт бал, арқар мен маралдың мүйіздерін де қолданды.

Буын аурулары (ревматизм) мен бел шойрылуды (радикулит), бас аурулары мен суық тиюді қазақтар жылы суға отыру, құмға түсу, теріге түсу сияқты әдістермен емдеген [11, -С.185.].

Апиынды медицина саласында қолдану мақсатында оны шетелден тасымай Жетісу облысының Пржевальск, Жаркент, Пішпек, Верный уездерінің жерінде апиын майын алу үшін көкнәр өсіру қолға алына бастайды. Оны өсіруді, түскен өнімді жинап алып, қазынаға түгелдей тапсыруды мойынына алған сенімді адамға ғана рұқсат етті. Апиынды рұқсатсыз, өз бетінше өсірген адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, апиын еккен плантациясы өнімімен қоса тәркіленген [12, -С.4].

Апиынды Шелек бойындағы сарттар мекендеген далада қазақтардың өсіріп, оны сатқандығы туралы деректер бар. Заң бойынша оны ауруларға дәрі қылып беретін жерлерде ғана сатуға рұқсат етілген. Одан басқа жерлерде сатса, рұқсат етілгені туралы қағаз керек болған. Осындай заңсыз әрекеттер жиілеп кеткен соң, Колпаковский уезд басшыларына заң бойынша шара қолдану туралы бұйрық шығарады [13,-37 б.].

Ал, өлкеге келіп қызмет жасап жатқан орыс дәрігерлері уездегі ауруларды медициналық жолмен емдеген.

Жоғарыды аталған ауру түрлерімен бірге, Жетісу облысында індетке айналмаса да тырысқақпен (холера) ауырғандар да болған. Жергілікті емшілермен бірге, Бакитько, Поярков, т.б. орыс дәрігерлері көп еңбек сіңірді [14,-72 б.].

Л.С.Длугошевский Верный уезінің Ұзынағаш селосында тұрғындарға медициналық жәрдем көрсету ісін ұйымдастырған. Пржегодский, И.Е.Сенчиковский сияқты дәрігерлер Верный уезінде қызмет еткен [15,-87-б.].

Жаңа заманмен бірге тұрмысқа енген жаңалықтарқазақтардың ішіп-жейтін азық-түлік тағамдарының құрамында өзгерткені белгілі. Ол өз кезегінде денсаулыққа әсер еткен факторлардың бірі еді. Құжаттарға қарап отырсақ, біз қарастырып отырған кезеңде тіс дәрігерлерінің қызметіне де сұраныс болғанын байқаймыз. Тіс дәрігерлері ХХ ғасырдың басында-ақ тісті емдеу, пломба қою, жұлу, жасанды тістер қою сияқты қызметтер көрсеткен. Мысалы, тіс дәрігері О.И. Колпаковская-Харина ауруларды күндізгі сағат 10-нан 4-ке дейін қабылдайтынын жарнамалайды. Бұрын әйелдерді босандыру қызметін кіндік кесушілер немесе кіндік шешелер (повивальные бабки) атқарса, енді бұл іспен арнайы білімі бар акушерлер айналыса бастады (бірақ кіндік шешелердің әйелдерді босандыруы мүлдем тоқтады деуге болмайды -Б.Л.). Акушер П.С.Тавлинова ауру әйелдер мен босанатын әйелдерге қызмет көрсеткен [16, -С.4.].

Тіпті, кейбір ауру түрлері үшін қажет дәріні Батыс Еуропа елдерінен алдырып емдеген. Мысалы, буын ауруларын Лондоннан М.Е. Трейзердің атына хат жазып, алдымен қабылдап көру үшін 1-еуін алдырған. Одан ем қонып жатса, келесіде жергілікті дәрігерден немесе дәріханадан алуға болатын болған [17,– қосымшасында].

Верныйдың жоғары лауазымды адамдары ауыра қалса, дәріні Санкт-Петербергтен алдырған [15,-87б.].

Мерез бен безгек ауруларын профессор Эрлихтің «606» дәрісімен емдеген [18, -С.5.].

Верныйда 1900 жылы 15 орындық 1 аурухана, 1 дәрігер, 1 ғана көмекшісі болса, 1913 жылы қалада 2 аурухана, 2 амбулатория, және жүйке ауруларына арналған 30 орындық 1 аурухана, барлығы 30-ға жуық дәрігер жұмыс істеген [15,-87б.].

Граф К.К.Паленнің 1909 жылғы сенаторлық тексеру комиссиясының есебі бойынша Верный уезінің Үлкен Алматы станицасындағы аурухана мен Верный қаласындағы ақыл-есі ауысқандардың ауруханасының жағдайы қанағаттанарлық деп табылса, уездің Казанско-Богородская селосындағы аурухана құрылысы 1907 жылы күзде аяқталғанымен 1909 жылдың сәуір айында әлі қолдануға берілмегенін айтады. Сонымен бірге, оның іші-сыртынан қарағанда жөндеу көрмей тұрғанына ұзақ уақыт болғанға ұқсайтынын, бөлмелердің сылақтары түсіп қалғанын, одан ағаш қабырғалары көрініп тұрғанын, қабырғаларының жарылып кеткенін, шатыры мен іргетасының дұрыс салынбағанын айтады. Осы құрылысты Верный уездік бастығының көмекшісі, бөлімше дәрігері, жергілікті шіркеу священнигі, Казанско-Богородский селосының старостасы, сонымен бірге облыстық сәулетші Тропаревскийден құралған комитет салғанын, құрылысқа бөлінген 12.000 рубль ақша желге ұшқанын сынға алады [19,-36 с.].

Осыдан-ақ отарлық биліктің елдегі халықтың денсаулығы мен өлкенің әлеуметтік жағдайына немқұрайлы қарағанын аңғаруға болады.

Бірақ, жоғарыда аты аталған қазақ қоғамына аты жат жұқпалы ауруларды тек орыс медицинасы ғана ауыздықтай алатын еді. Өйткені бұрын өлкеде мұндай ауру түрі кездеспегендіктен, оны емдеудің тәжірибесі де жоқ еді.

ХІХ ғасырдың аяғындағы өңірде орын алған осындай әлеуметтік қиындықтар халықтың тұрмысы мен бірге денсаулығына ғана кері әсер етіп қоймай, сол кездегі қазақ халқының санының азаюына да себепші болды.

Әдебиеттер

1Санитарное состояние Туркестанского края в 1877г.//Туркестанские ведомости, 1879. – № 23, 12 июня.

2  Заметки //Туркестанские ведомости, 1883. – 13 декабря.– №49.– 195 с.

3 ҚРОММ. 41-қор, 1-тізбе, 45-іс, Дело об эпидемических заболеваниях в Верненском уезде. – 1-2- бб.; 7б.

4 Заметки// Туркестанские ведомости, 1883, 26-декабря, – №51. – 203 с.

5Балицкий Ю. Заметки о кочевом населении в Верненском уезде (из записки организационных комиссией Семиреченской области) //Туркестанские ведомости, 1873. – 5 февраля. – №6.

6 Церкулярь Медицинского департамента министерства внутренних дел. От 11 ноября. №1657// Туркестанские ведомости, 1883. – 30 августа.– №34.

7 Обзор Семиреченской области за 1897 г. – С.51-52; 7; 53; 61.

8 Обзор Семиреченской области за 1894 г. – С.65.

9 Абалқасымов Б. Телқоңыр. – Алматы, 1993. – 97; 99-бб.

10 Переверзев В.Г. Лекарственная помощь и история становления аптечного дела в Казахстане//Казахстанский фармацевтический вестник. – 2002. – №21(169).

11 Алимбай Н. Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. –  Алматы, 1998. –С. 185.

12 Cемиреченские ведомости, 1917г.– 24 февраля. – №44. – С.4.

13 Түркістан уалаятының газеті. 1870-1882жж. – Алматы, 2003. – 37-б.

14 Галиев В.З. Медицинская деятельность ссыльных революционеров в Казахстане. – Алматы, 1982. – 72-б.

15 Жетісу энциклопедиясы. – Алматы, 2004. – 87-б.

16 Семиреченские областные ведомости, 1917г.– 28 февраля. –№47. –С.4.

17 Семиреченские областные ведомости, 1911г.–14 апреля. – №80. (қосымшасында).

18 Семиреченские областные ведомости, 1911г. – 25 марта. – №67. –С.5.

19 Отчет по ревизии Туркестанского края произведенной по высочайшему повелению Сенатором Гофмейстером Графом К.К.Паленом. – СПб., 1910. – Т.4. Областное управление. – 36 с.

Бисембаева Л.А.

Казахский национальный педагогический университет им.Абая,PhD докторант

Социальное положение в Семиреченскойобласти,

его влияние на повседневную жизнь населения: здоровья, пути лечения

(1867-1917 ).

(по Верненскому уезду)

Аннотация

  В этой статье рассматривается вопросы о том как царская колониальная власть проводила свое превосходство во второй половине ХIХ века и в начале ХХ века в Семиречье, о социальном положении народа. В Семиреченской области изменился национальный состав жителей, из-за этого появилась болезни, перешедшие в осложненные стадии болезни, как лечили инфекционные болезни народные целители и врачи, об этом и будет идти речь в статье. Цель статьи - открыто показать как казахской народ в своей земле оказался беззащитным и как это повлияло на повседневный жизнь и на здоровье народа. В статье рассматривается виды болезни которые появились и пути лечение. Это работа может быть полезным для историков, социологов, политиков.

Ключевые слова:Колониальная политика, царское правительство, Семиреченская область, уезд Верный, болезни, русская медицина, медицинская помощь, народные целители и лекарственные травы. 

Bissembayeva  L.

Kazakh National Pedagogical University named after Abai. PhD student

The social situation in the region Semirechye, its impact on the daily life of the population: health, the way of treatment (1867-1917). (On the Vernyuyezd)

Summary

  This article reports on how the royal colonial authorities conducted their superiority in the second half of the nineteenth century and early twentieth century in the Semirechye on the social situation of the people. In the area of harm Semirechye of tsarist colonial power, changed the composition of the nationality of the people, because of this there appeared the disappeared disease, have fallen into the complicated stage of the disease is treated infectious diseases, traditional healers and medicine of the Russian people, and this will be discussed in the article. Purpose of the article - to show how openly the Kazakh people in their daily life in their own land was defenseless and how it affected people's health. The article discusses the types of illnesses that have appeared and the way treatment. This work may be useful for historians, sociologists, politicians, as it covers the humanities and inter subjects.

Keywords: colonization policy of the tsarist government, the region Semirechye, DC True, illness, Russian medicine, s medical aid, healers and herbs.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 5259

No reviews

Download files

Бисембаева Л.А..docx 0.04 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

1916 ж., Түркістан: патшалық отаршылдық жүйе дағдарысы ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ, ОНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ:денсаулығы, емдеу шаралары (1867-1917жж). Ресей Коммунистік (большевиктік) партиясының Орталық Комитеті қарамағындағы Дінмен күрес жөніндегі комиссиясы және мұсылман мәселесі ҒТАМР: 03.41.91 ШУ ӨҢІРІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛДЕРДІҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ (Х-ХІІ ғғ.) ҒТАМР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау)

Author's articles

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ, ОНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ:денсаулығы, емдеу шаралары (1867-1917жж).