Яндекс.Метрика
Home » Materials » АҚТӨБЕ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ (1921-1922 жж.)

С. О. СМАҒҰЛОВА

АҚТӨБЕ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ (1921-1922 жж.)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1

Tags: уезд, халық, ашкөм, ұйымы, АРА, комиссия, босқыншылық, аштық, жұт, губерния, тамақтандыру, пункттері, жұқпалы, ауру.
Author:
Мақалада Ақтөбе губерниясындағы 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың барысы, оның себептері мен салдарлары, ашаршылықпен күрес мәселелері қарастырылады. Автор мұрағаттық құжаттарға сүйене отырып, ашаршылық барысындағы губерния халқының әлеуметтік жағдайын нақтылайды. Аштықты ауыздықтауда Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің ашыққандарға көмек көрсету аясында жүргізген азық-түлік даярлау, кооператив құру, басқа көршілес губерниялардан астық, тұқым, жем-шөп алу, жылу жинап, тарату және т.б. іс-шараларды жүзеге асыру барысына тоқталады. Аштықпен күресте Америкалық Көмек көрсету әкімшілігі мен халықаралық ұйымдардың губерниядағы ашаршылықты ауыздықтаудағы үлесі айқындалады.
Text:

Қазақ халқына зор нәубет әкелген 1921-1922 жылдардағы ашаршылық. Бұл аштық Қазақстанның Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезін де шарпып, халықтың үштен бір бөлігі қырғынға ұшырап, ашыққандар тамақ іздеп шет жаққа қарай босты. Қазақстанмен шекаралас Қытайға қарай өткен қазақтар одан әрі ішкерілей Моңғолия, Түркия, Ауған елдеріне шұбырды. Бұл кездерде Ресейде Волга бойындағы халық та ашаршылық дәмін татып жатқан болатын. Еділ жағасындағы жерлерде, нақтылай  айтқанда Екатеринбург, Пермь, Пенза губерниялары мен Дон облыстары және Украинаның бірнеше аудандарындағы халық зор аштық апатына ұшырады [1, 14-б.].

Азамат соғысынан кейінгі салғыртты салықпен алмастыру шаруалардың жағдайын жақсартпады. Керісінше, қатты қыстан жем-шөпсіз қалып, қолда бар малдары қырылып қалған олардың жағдай одан әрі ауырлай түсті. Оның үстіне көктем кезінде салынған егіске өнімнің шықпауы да диқаншылықпен айналысқандарды әбден күйзелтіп, сергелдеңге салды. Орынбор, Бөкей, Ақтөбе, Орал және Қостанай  губернияларындағы 1130 000 десятина егістік жердің  700 000 десятинасына егін шықпай, 60%-тен жоғары алқап  жаңбырдың болмауынан күйіп кетті. Қалған 430 000 десятина жерден тек 2½ млн пұт астық ғана алынды [2]. Сөйтіп аталған губерниялар астықсыз қалды. Осы губерниялардың ішінде Ақтөбе губерниясының жағдайы нашарлап, аштардың қатары күннен-күнге көбейе түсті [3].

1921 жылдың 1 шілдесінде губерния ретінде құрылған Ақтөбе өңірі солтүстігі Орынбор қаласымен, ал оңтүстігі Арал теңізімен шектесіп, көлденеңінен 300 шақырымды, ал жалпы көлемі 209 450 шаршы шақырымды алып жатты. Осы территорияда мекендеген 536 445 адамның 67%-ін қазақтар, ал 32%-ін орыстар мен татарлар құрады. Губернияның оңтүстігіндегі қазақтардың басым көпшілігі жердің шөлді және шөлейтті болуына байланысты тек мал өсірумен шұғылданса, ал солтүстіктегі құнарлы жерлерге қоныстанған Украина шаруалары малмен, егіншілікпен айналысты. Өлкенің ең басты байлығы малдың терісі мен жүні болды. Дегенмен азамат соғысы тұсында басқа губернияларға қарағанда өлкеде астық өнімі мол болып, ашыққан Түркістанды нанмен, ұнмен қамтамасыз етіп отырған [4].

1920 ж. күзінде губернияның статистикалық бюросының ауыл-шаруашылығы санағының толық емес қорытындысы бойынша Ақтөбе губерниясында 46,849 шаруашылық болып, ондағы 237446 адамның 120655-ін  ерлер де, 116791-ін әйелер  құраған. Мал басына келсек, осы шаруашылықтарда 4 жастан  жоғары 74, ал 4 жасқа дейінгі 880 жұмысқа жарамды жылқы болса, 51857 жұмыс көлігі,  107580  сиыр, 119452 қой, 28869 шошқа өсіріп, 5547,5  десятина жерге қара бидай, 202075,62 десятинаға бидай, 35092,71 дес. арпа, 17492,44 дес. сұлы, 62717,78 дес. тары, 398,3 дес. қарасора мен зығыр, басқа да 4638,95 десятинаға астық түрлері, барлығын қосқанда  327968,30 десятинаға егін егілген еді [5].

Дегенмен 1920 жылы басталған жұт мал басының кемуіне, қазақ шаруашылығының күйреуіне алып келді. Мұрағат дерегіне сүйенсек, осы жұттан 1920 жылдың өзінде қазақтардың 65%-нің, ал орыстардың 45%-нің малдары қырылып, губернияның оңтүстігіндегі егіншілікпен айналысқандар астықсыз қалған. Жердің қарсыз болғанына қарамастан 1921 жылы 242  310 десятина жерге астық егілсе де, олардың 221 074 десятинасы қуаңшылықтан, шегірткенің жеп қоюынан жарамсыз болып қалған, ал қалған жерінен тек 198 685 пұт қана астық алынды [6].

Қазақстанда аштық пен жұт нышаны біліне бастаған тұста 1921 ж. 6 шілдеде Қазақ Орталық Атқару комитеті съездері Кеңесінің 2-ші сессиясы алқасында елдегі аштық пен жұттан  адам мен мал шығынының көбеюіне байланысты көшпелі және жартылай көшпелі қазақ тұрғындарына ет, тері, жүн және майға салықты жой турасында шешім қабылдады. Сөйтіп көшпенді шаруаларға қолдарында бар артық тері, жүн мен малдарды еркін түрде сатуға мүмкіндік берілді [7].

Губернияны жайлаған аштықты ауыздықтау Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің мәжілістерінің негізгі мәселеге айналды. Мәселен, 13 шілдеде Беркімбаевтың төрағалығымен өткен мәжіліс барысында кооператив ашу арқылы ашыққан тұрғындарға азық-түлік даярлау мәселесі көтеріліп, құрамында Ақтөбе губерниялық қоғамдық бөлімінің меңгерушісі Қамбаров, губерниялық атқару комитетінің мүшесі Құлымбетов және Қырғыз (қазақ) халық азық-түлік комиссариатының өкілі Владычкин бар комиссия құрылып, оларға губернияның жалпы жағдай туралы барлық статистикалық материалдарды жинақтап, тез арада кооператив құру арқылы ашыққандарға көмек көрсету қажеттігін тапсырылды [8]. Ал 14 шілдеде болған мәжілісте Түркістан республикасына нан мен астық сатып алу үшін ұйымдарға рұқсат қағазын беру және дайындалған астықты ашыққандарға тарату үшін кооперативтік бірлестіктерге беру мәселесі қарастырылып, осы іс-шараларды жүзеге асыру бірден қолға алынды. Өкінішке орай аштар тарапынан азық-түлік таратушылардың қолындағы тамақты тартып алуға әрекет жасау фактілері белең бере бастады. Мәселен 15 шілдеде ашыққандар Ақбұлақта, 18 шілдеде Темірде, 19 шілдеде Ақтөбеде азық-түлік таратушыларға шабуылдаған және қоймаларды тонаған. Ашыққандар тамақ жоқтығынан саршұнақты ұстап жеу, шөппен немесе өлген малдың өлексесімен қоректенген [9].

1921 жылдың 21 шілдесінде губерниялық атқару комитетінде өткен мәжіліс барысында І-ші Ақтөбе губерниялық съезінің қаулысына орай ашыққандарға көмек көрсету комиссиясын құру мәселесі қаралып, құрамында губерниялық атқару комитетінің төрағасы, губерниялық азық-түлік комиссары және саяси бюро меңгерушісі бар үштік комиссия құрылды [10]. Дегенмен бұл комиссияның ұйымдастыру жұмыстары алғашқы кездерде өте әлсіз болды. Оның үстіне аштықпен қарсы күреске елдегі қарақшылық топтар үлкен кедергі келтірді. Олармен күресуге милицияның қауқары жетпеді және оларға халық үлкен сенімсіздікпен қарағандықтан көмек қолын соза қоймады. болатын [11].

Аштықпен күресуде Ақтөбе губерниялық атқару комитеті мен оның төралқасы жанынан 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында 10 комиссия құрылды. Аштарға көмек көрсету комиссиясынан (2-шілдеде құрылған) басқа халықты қоныстандыру және орналастыру жөніндегі комиссия 2-шілдеде құрылып, оның құрамына губерниялық егіншілік бөлімінің меңгерушілері еніп, төрағалығын Назаров атқарды. Жұқпалы ауруларға (эпидемия) қарсы күрес жүргізу комиссиясы 5 шілдеде құрылып, оның төрағалығы Н. Бондаренкоға жүктелді. Бұл комиссияның соңынан іле-шала 12 шілдеде қосымша сүзек жұқпалы аурумен күресу комиссиясы құрылып, құрамына губерниялық саяси бюро меңгерушісі және аудандардың өкілі Попов, губерниялық денсаулық сақтау бөлімінен Клоченко, әскери дәрігер Суслов енді. Ал 13 шілдеде құрылған азық-түлік даярлау комиссиясына губерниялық одақ меңгерушісі Қамбаров, губатқару комитетінің мүшесі Ұ. Құлымбетов және қазақ азық-түлік халық комиссариатынан Владычкин мүше болды. 

Орынбор губерниясынан мүліктей және ақшалай қаражат қабылдау комиссиясының құрамына губерниялық әлеуметтік  қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі Ұ. Құлымбетов, губерниялық финанстық бөлімнің меңгерушісі Ларионов, губерниялық одақтан Панченко, губерниялық азық-түлік комиссариатынан Ющенко және Халық шаруашылығы кеңесінен бір өкіл енді.

16 шілдеде құрылған балалардың жағдайы мен өмірін жақсарту комиссиясының құрамында губерниялық халықты қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі К. Арынғазиев, губерниялық  азық-түлік комиссариатынан Соловьев, денсаулық бөлімінен Попов, губерниялық жұмысшы, шаруа бөлімінің меңгерушісі Киленко, құқық қорғау бөлімшесінен Афанасьев болды.

Артын ала әкімшілік комиссиясы (3 тамыз), станция бойларында жиналып қалған  жолаушыларды түсіру, тарату, орналастыру комиссиясы (10 қараша), рақымшылық жасауды (амнистия) іске асыру комиссиясы (18 қараша), сонымен қатар кеңестерді сайлау бойынша губерниялық сайлау комиссиясы (13 желтоқсан) құрылды [12].  Бұл комиссиялардың міндеттері айқындалып, атқарған жұмыстары жөнінде апта сайын, ай сайын губерниялық атқару комитетіне ақпар беріп тұру жүктелінді. 

Елдің жағдайы төтенше ашком мәжілістерінде ашық түрде айтылып, алда істелінетін іс-шаралар мәселесі нақты қарала бастады. Тез арада ашыққандар үшін тамақтандыру пункттерін ашу, аштыққа ұшырамаған губерниялардан жылу сұрау, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, Түркістаннан нан сатып алуға рұқсат ету, күйсіз, үйсіз қалған балаларға арналған балалар үйін көбейту, салық сияқты мәселелер қаралды [13].

Губернияның уездік атқару комитеттері аштық басталысымен-ақ оған ұшырағандарға көмек көрсету мақсатында уездік комиссия құрып, ауылды жерлерге мүшелерін аттандырып, мән-жайды анықтап, ашыққандарға азық-түліктей және киім-кешектей көмек көрсету ісіне белсене кірісті.

Жаз айының басында аштықтың губернияда меңдеп кеткені сонша Ақтөбе стансасында қол жайып, қайыр тілеген ересектер мен үй-күйсіз балалардың қатары көбейіп кеткен. Оның үстіне Ақтөбе губерниясындағы жұмысшылар мен орыс шаруаларының да жағдайлары күннен-күнге төмендеп, өз мекен-жайларын тастап, астықты Украина, Түркістан Республикасына қарай боса бастады.

28 шілдеде Қазақ ОАК Төралқасында болған жиылыс барысында азық-түліктің жетіспеуіне байланысты Түркістан республикасына экспедиция ұйымдастыру арқылы тауарға астық айырбастап әкелуге рұқсат етілді. Сонымен қатар жеке кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдеріне өз бетімен  Түркреспубликасына баруға тыйым салынып, азық-түлік айырбастап әкеліге баратын экспедиция жұмысы қатаң бақылауға  алынатыны ескертілді [14].

Осы жылдың 1 тамызынан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары ресми түрде аштыққа ұшыраған аудандардың қатарына жатқызылды. Ақтөбе губерниясынан Ақтөбе, Ақбұлақ, Можар, Темір, Ырғыз, Шалқар, Ойыл, Қарабұтақ уездері аштыққа ұрынды [15].

1921 жылдың 5 тамыздағы ҚКСР Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Ақтөбе өңірі ашыққан губерния қатарына жатқызып, РКФСР ХКК-не хабарлау мәселесін көтерді [16]. Осы күні Ақтөбе және Орынбор губерниялық атқару комитетінің 1921 жылы азық-түлік салығынан босату туралы қаулысы қаралды және губернияларды Ресейдің ашыққан Повольже губерниясымен теңестіру мәселесін ХҚК-не қою жөнінде шешімі қабылданды [17].

Губернияда ашыққандар мен сүзек, тырысқақ, оба, іш ауруы сияқты жұқпалы аурулармен ауырғандардың қатары жаз айында көбейіп, өлгендердің саны арта түсті.  Сонымен қатар халық арасында ауру жаппай тарай бастады. Осыған орай губернияның барлық аудандарында тамыз айында жұқпалы аурулармен күресу жолында аудандық атқару комитеті жанынан төтенше санитарлық үштік құрылып, олар арнайы ауруханалар, барактар құру ісімен, аурулады орналастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен айналысты. Мәселен, 46110 адамы бар Ырғызда тырысқақ ауруымен ауырғандарға 100 адамдық барак ашылып, Ырғыз қазынасының жеке қорынан 1000000 сом ақша бөлінген. Дегенмен, қажетті дәрі-дәрмектің жетіспеуінен уезде тырысқақ ауруынан 78 адамның қайтыс болғаны тіркелді. Құрамында уездік атқару комитетінің төрағасы, Басқарма комитетінің 1 өкілі,  уездік комитеттен –1, комсомол жастар одағынан – 1, Кәсіподақ комитетінен –1, барлығы 5 адам мүшесі бар Ырғыз уезіндегі аштарға көмек көрсету төтенше уездік комиссиясы болыстық жерлерде құрылған аштар комиссиясымен бірлесе ашыққандарға, ауарғандарға көмек көрсетуді негізгі міндетіне алып, өз күштерімен тамақтандыру және дәргерлік пункттерін ашуға тырысты. Тамақтандыру пункттерін өзен бойларына ашып, өзеннен аулаған балықпен қамтамасыз етуге тырысты. Мәселен, аудандағы Жаланкөл, Сүркөл, Қожакөл өзендерінің бойында тамақтандыру пункттері ашылып, аталған үш өзеннің балығымен 300 адам тамақтандырылған. Ашкомның қаражатына балық аулайтын аулар сатып алынып, күніне 15 пұттан жоғары балық ауланған.

Дегенмен Ырғыз уезіндегі (уезд бойынша халықтың саны 46110 адам) 2110 ауқатты тұрғындар көктем шығысымен Қазалы және Перовскі уездеріне үдере көшті және көшу үдерісі жалғаса түскен. Уезде аш, малынан айырылған кедейлер ғана қалды. Осыған орай Ырғыз ауданында жергілікті аштықпен күресу кооперативтері құрылып, Ырғыз қазына қорынан ашыққандарға нан сатып алу үшін сол кооперативтерге 20000000 рубль ақша бөлінді. Сонымен бірге 18-20 тамызда Хиуаға нанға айырбастау үшін 200 түйеге  тауар тиеп жіберу  жоспарланды [18].

Үдере көшкен ауқаттыларды ауданға кері қайтару барысы қолға алынды. Нәтижесінде ішінара қақтығыстар да туындап, адам өліміне алып келген. Осындай бір операция кезінде бір милиционер мен көшкіндерден үш адам өліп, жеті адам жарақаттанған [19].

Аштарға деп берілген азық-түлік дұрыс бөлінбеді, әрі жетпеді. Оның үстіне  губернияның есебі бойынша егістіктен алған 198 685 пұт астық қыркүйек айына дейін ғана жетіп, жергілікті тұрғындардың 30%-нің қолында ғана болмашы астығы болса, ал 70%-і мүлдем астықсыз қалған [20]. 

Губерния уездерінде тұратын 2/3 орыс шаруалары астық шықпауынан алдағы қыстан қорқып, үдере көшуімен, қазақ шаруаларының да отбасымен тамақ іздеп қаңғып кетуінен кей болыстар қаңырап бос қалды. Бірінші дүниежүзі соғысы кезінде тұтқынға түскен, Ақтөбе уезіне қарасты Георевский, Новоросиийский, Астрахан болыстықтарында тұратын герман-австрия әскерлері аштықтан жағдайларының ауырлауына байланысты көршілес уездерге қарай көшуі толқыны басталды [21]. Оның үстіне губернияда қарақшылық әрекеттер бой алып, шаруалардың қолында бар малдарын тартып алып кету жиіледі. Осыған орай 21 тамызда губерния уездерінің атқару комиеттері төрағалары қатысқан съезде тез арада  үдере көшкендерді тоқтату, оларға арнап асханалар ашу, қаңырап қалған болыстардың мөрі мен істерін ауданға қайтару, қарақшылыққа қарсы күрес жүргізу қажеттігі жөнінде шешім қабылданды және оны орындау үшін әр уезге уәкілдер жіберілді [22].

Үкімет тарапынан салынған тыйымға қарамастан Латвияның Лифляндия, Курляндия және Двина, Режецск, Витевск губернияларынан Орынбор, Ақтөбе губернияларына қарай эшолондар арқылы босып келе жатқаны шаруалардың легі де байқалды [23].

Тамақ іздеп республикадан тысқары аймақтарға босқандардың жағдайы да күннен күнге ауырлай түсті. Қол жайып, қайыр тілеген ауыл балалары Ақтөбе қаласында үйреншікті көрініске айналды. Аштан қырылған сәбилердің мүрделері далада, қала көшелерінде шашылып жатты. Губернияда панасыз қалған балалардың қатары күннен-күнге көбеюіне байланысты 11 тамызда Ақтөбе губерниялық комитеті жанындағы балалардың өмірі мен тұрмыстық жағдайын жақсарту комиссиясының мәжілісі өтіп, ата-анасыз қалған балаларға арнап паналау үйін ашу, Ақтөбе станциясында босқын балаларға арналған тамақтандыру пунктін және сол пункттің жанынан 500 баланы уақытша паналата алатын жатақханалар ашу жөнінде қаулы қабылданды. Сонымен қатар губернияның Азық-түлік комиссариатына ашылатын балалар үйіне қажетті 18000 құрғақ тамақпен қамтамасыз ету мәселесін ұсыну көтерілді [24].

Қуаңшылықтан астықтың шықпауына байланысты азық-түлік салығын төлеуге кедей шаруалардың шамалары келмеді. Осыған орай РКФСР БОАК-нің 1921 жылғы 18 тамызындағы жарлығымен Орынбор, Орал, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларының шаруалары азық-түлік салығынан босатылып, тек дәулетті адамдардан салық жиналды.

Қуаншылыққа ұшыраған губернияларындағы жайлымдар мен пішенді шөптердің түбірімен күюінен мал басының күрт төмендеп кетті. 1922 ж. 1 қаңтардағы келтірілген мәлімет бойынша, Ақтөбе губерниясында соғысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда жылқыдан – 23 %, ірі қара мал (сиыр) – 32 %, түйеден – 31 %, қой мен басқадай ұсақ малдардан – 6,2 % қана қалған [25].

Аштықты ауыздықтауда 1921 жылдың қыркүйегінен бастап губерниялық ашком жергілікті тұрғындардан қаражат іздестіру негізінде  саудагерлерге салық салу және сахналық қойылымнан түскен пайданың 20 %-ін алу, халықтан жылу жинау, сонымен бірге етке салықты жою қолға алды [26] және Орталық комитеттің 25 тамыздағы жеделхатына сәйкес 1922 жылғы егіске қажетті тұқым жинау мақсатында 5 қыркүйекте Ақмола және Жетісу губернияларына арнайы экспедиция ұйымдастырды [27].

Қыстың ерте түсуі, әрі азық-түліктің тамақтандыру пункттері мен асханаларға дер кезінде жеткізілмеуінен аштардың көпшілігі ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей қалған жәйттер жиіледі. 1921 ж. 10 қазанында Ақтөбе губерниялық атқару комитетіне Ақтөбе уездік атқару комитетінің төрағасы Сартаевтан мәлімдеме түсіп, онда суықтың түсуінен Ақтөбе стансасында топталып қалған қоныстанушылардың жағдайларының аса ауыр екендігін жеткізе отырып: «Менің тексеруім бойынша, Ақтөбе стансасында әртүрлі губерниялар мен уездерден келген ашыққандардың саны 200 мың жанға жетіп, далада ешқандай да жүксіз, қаражатсыз қалуда. Асханадан тек жас балаларға ғана түстік берілуде, ал ересектер тағдыр тәлкегіне қалуда. Ашыққандар өздерін Жетісу өлкесінің оңтүстігіне жіберуді немесе азық-түліктей көмек беруді сұрайды. Аудандық атқару комитетінің қарамағында ақша да, нан да жоқ, сонымен бірге аудандық атқару комитеті баракка айналды. Таңертеңнен кешке дейін 500-дей аштар табалдырығын тоздыруда. Ешқандай да көмек ала алмаған аштарды өлім күтіп тұр», - деп тез арада шара қолданбаса, стансада аштан өлгендердердің мүрделеріннен аяқ алып жүре алмай қалу мүмкіндігін ескертті [28].

Оның бұл мәлімдемесін сол күні губерниялық атқару комитеті мүшелері  мен оның бөлімдерінің меңгерушілері қатысқан мәжілісте Попович те растап,  вокзал маңына 200 мыңдай аш, жалаңаш адамдар жиналып өлгендердің қатары көбейіп бара жатқанын жеткізді. Осыған орай мәжіліс қаңғыған аштарды үйлерге орналастыру және тез арада азықтай көмек көрсету, ауруларға дәрігер жіберіп, ауруханаларға орналастыру жөнінде қаулы қабылданды [29].

15  қазанда Аштарға көмек көрсету комиссиясы қолда бар қаржыны бөлу, тамақтандыру пункттер мен балалар үйін ашу және олардың жағдайларын жақсарту мәселелерін қолға алып, станцияларда жиналып қалған қоныстанушыларды  қайтаруда теміржолдарда тәртіп орнату, 21 қазанға дейін 150 адамды қондыра алатын арнайы жатын орындар даярлауды және Ақбұлақ стациясында Ойылдан Ақтөбе станциясында Темір, Қарабұтақ, Шалқар, Ырғыздан келгендер үшін және Ембіде аштарға арнап тамақтандыратын  асханалар ашу, балалар үйіндегі барлық ауру балаларды арнайы жай даярлау және отынмен қамтамасыз ету, 315 миллион ақшаның 200 млн. Түркістаннан астық сатып әкелуге, Можарскийге 90 млн., Ақбұлаққа 15 млн., Шалқарға 10  млн., Ырғызға 10 млн., Қарабұтаққа 5 млн., Ойылға 20 млн., Темірге 20 млн., Ақтөбеге 15 млн. бөліп беруді қолға алды [30].

Аштықтың күшейе түсуі мен қажетті азық-түлікті тиімді бағаға сатып алу қиындығына байланысты жергілікті және шеттен келген алыпсатарлар аудан халқы арасында «барлық азық-түлік тауарлары мен аудандағы бар ірі қара мал ашыққандар үшін алынып, таратылып беріледі» деген қауесет таратып, соның нәтижесінде шаруалар малдарын сатып, соя бастаған. Мұндай жағдай Можарский уезінде орын алып, осыған орай уездік атқару комитеті уезге қарасты болыстық, ауылдық, селолық аштарға көмек комиссиясы мен аудандық, болыстық атқару комитеттеріне және селолық, ауылдық кеңестердің арандатушылық әрекеттер бой алуына байланысты тыныштық сақтап, түрлі қауесет таратып жүрген ішкі жауларға қарсы бірлесе күресіп, оларды ұстауға көмек көрсетуге шақырған бұйрығы жарияланды [31].

Темір уездік атқару комитетінің төрағасы Темірбековтің Ақтөбе губерниялық атқару комитетіне 17 қазанда жіберген апталық мәлімдемесінде күн сайын уезге келуші ашыққандардың легі ұлғайып, азық-түлік жетіспегендіктен басқа өңірге қарай көшу үдерісі бел алғандығын жазған. Оның көрсетуінше, ашыққандар уезд орталығы Темірге қарай ағылып, асханаларды жағалаған. Қала асханасы күніне 500-дей ғана аштарды тамақтандыруға шамасы келді. Балалар үйі нанмен қамтамасыз етілмей, өлім аузында жатқандар көбейді. Сонымен бірге уезде азық-түлік бөлу барысында қазақтар мен орыстар арасында жанжал туындаған [32].

1921 ж. 20 қазанынан астап Ақтөбе губерниялық атқару комитеті ашыққандарға көмек апталығын жариялады [33].

Түскен мәліметтерге қарағанда 1 қарашаға дейін губернияда 12 жасқа дейінгі 125 322 бала мен  44 733 оқушылардың 87 725-і тамаққа зәрі болса, 350 682 ересек жұмыскерлер мен жұмысқа жарамсыз 50 019  қариялардың 286 490-ы ашыққан. Жалпы губернияда ашыққан 374 215 адамның  178 226-ын ерлер, 195989-ын әйелдер құраған. Ұлттық құрамға бөлсек, 280 946 қазақтар, 93269 орыс, украиндар ашыққан [34]. Ал 12 қарашада БОАК-нің Аштарға көмек Орталық комиссиясына Ақтөбе губерниялық комитетінің төрағасы М. Ряховтан түскен ақпарда да губернияның 536 445 адамның 374 215-і ашығып (олардың 87 725-і балалар, 286 490-ы ересектер), көпшілігі өсімдік тамырлары, аққу етін талғажау еткендігі айтылды. Оның көрсетуінше, аштыққа әсіресе қолдарындағы күнкөріс болып отырған малдарынан айырылған қазақтар ұшыраған [35].

Губерниядағы қиыншылықтарға, қаражаттың жоқтығына қарамастан аштарға көмек комитеті қолда бар мүмкіндігімен ашыққандарға арнап тамақтандыру орындарын көбейтуге тырысты. Қалада ашылған 13  асхана бір күні 4300 дейін аштарды тамақтандыра алды. Тұрғындарды азық-түлікпен ішкі түрде қамтамасыз ету мақсатында етке, нанға және тауар қорын құру үшін шикізатқа арналған салық салынды. Ақтөбе өңірінен жинақтап алынған 100 000 пұт тұзды астыққа айырбастау мәселесі де қолға алынды.

Қазақ ОАК-нің төтенше аштарға көмек беру комитеті губернияға  1981 (10 қарашаға дейін) пұт қара бидай мен 315 миллион (14 қазанға дейін) ақша бергізді. Дегенмен губерниялық ашком 1. Тұрғылықты халықтың қолмен  алған тұзын астықты губернияларға тауарға айырбастау; 2. Түркістан ОАК-гі Аштарға көмек Орталық комитетінің көмегі арқылы Түркістанда дайындалған астықты әкелу үшін тез арада вагондарды даярлау; 3. Тез арада айырбас үшін мал мен шикізатты Түркістан мен басқа астықты губернияларға жіберуге вагондарды даярлау; 4. Балалар үйі 300%-ке толып кеткені үшін және оларды тамақтай, киімдей, отандай қамтамасыз ете алмағандықтан астықты губернияларға ашыққан балаларды жіберуге маршруттық поездарды даярлау; 5. Станса маңайында Ақтөбе губерниясы мен Повольжеден келген 4839 аштардың топтасып, ашығып өлуінен олардың өліктерін жинауға мүмкіндік болмай тұрғандығынан тамақтандыру пункттеріне  азық жіберу; 6. Ашыққандардың бәрін аштар тізіміне енгізу; 7. Ақтөбе губерниясына  деп жіберілген барлық азық-түлік жүктерін Орынбор мен Орынбор губерниясына жіберуді тоқтату мәселелерін көтеріп, көшірмесі Аштарға көмек беру Орталық комиссиясына және РКФСР Халкомының жанындағы Қазақ өкілеттілігіне жіберді [36].

Балалар үйінің жағдайы аса ауыр болды. Ақтөбе губерниялық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісі атына Романов балалар үйінен түскен мәлімдемеде суықтан, аштықтан балалардың арасында өлімнің көбейіп, үш аптаның ішінде 108  бала аштықтан және жұқпалы аурудан әлсіреп өлгендігі айтылды. Балаларға тек бір уақыт қана ыстық тамақ берілген. Оның өзі құнарсыз болғандықтан, әрі беріліп жатқан нанның сапасыз болуы балалардың әлсіреуіне және жұқпалы ауруды тез қабылдауына алып келген. Сонымен қатар балалар үйінің қызметкерлерінің арасынан 15  адам сүзек ауруын жұқтыртқан [37].

Ақтөбе губерниялық аштарға көмек комиссиясы төрағасының орынбасары Беркімбаевтың берген есебінше, 1921 жылдың 1 тамызына дейін Түркістан республикасына 12177, ал Украинаға 4219 аш балалар көшірілген екен [38]. Ал 1 тамыз бен 20 қараша аралығына дейін Түркістан республикасына 4254 қазақтар, Ресейге 3845 орыс, Польшаға 1348 поляк, Литваға 18 латыш, Австрия мен Германияға 38 әскери тұтқындар, барлығы 9293 адам көшірілген [39].

Ел басына түскен қиындықты ауыздықтауға губерниялық аштар комиссиясы губерниялық атқару комитетінен 64 000 000 сом ақша алып, тауар айырбастау қорын құрды. Соның нәтижесінде қорға тұрмысқа аса қажетті 128 282 арш. мануфактура,  25 жәшік сіріңке, 150 пұт сабын, 12 жіп, 145 дана шелек, 45  дана леген, 200 дана бірінші санаттағы тері,  және 5000 тері өнімі алынды. Осы қор тауарларын ашыққандарға үлестіру мақсатында құрамында ашком, губерниялық одақ және шаруалардан өкілдері бар губерниялық экспедиция құрылды. Ашком жергілікті халыққа өз араларынан қаражаттарына астық дайындауға қатысты қор құруды ұсынды. Нәтижесінде бұл қорлардан есепке дейінгі аралықта 16 973 пұт астық жинап, оның 8 957-ін губерниялық ашком қорына берген [40].

Кейбір уездердің ашкөмі қаражат пен азық-түліктің жетіспеуінен көрші губернияларға көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болды. Мәселен, Орынбордағы аштарға көмек беру комиссиясы төрағасының орынбасары Сергеевтен Ақтөбе губерниялық ашкомына Ақбұлақ уезінің (ауданы) өкілі Канауылов уездің ауыр жағдайын айтып арызданып келгендігі, егер уезді өздіктерінен қамтамасыз ете алмаса, Орынбор губерниялық ашкомы қосып алуға әзір екендігін айтқан жеделхат түскен [41].

Қазақ өлкелік атқару комитетінің шешіміне сәйкес әр губернияда берілетін құрғақ азық-түлік мөлшері белгіленді. Ақтөбе губерниясы атқару комитетінің 14 қарашадағы нұсқауы бойынша 1921-1922 жж. губерниядағы контенттерге  азық-түлік түрліше мөлшерде бөлінген. Мәселен, губерниялық Халық шаруашылық кеңесі кәсіпорнына тамақ мөлшері – 635 фунт, ұн мөлшері – 90, ет мөлшері – 5, май мөлшері – 1 фунттан, қаржы бөліміне кәсіпорнына тамақ мөлшері – 43 фунт, ұн мөлшері – 60, ет мөлшері – 5, май мөлшері – 1 фунттан, ауруларға тамақ мөлшері – 385 фунт, ұн мөлшері – 25, ет мөлшері – 8, май мөлшері – 1½, жарма – 6 фунттан берілсе, ал ашыққандарға тамақ мөлшері – 2000 фунт, ұн мөлшері – 7, жармадан – 4 фунттан беріліпті. Әр мекемеге берілетін тамақ мөлшері қызметкерлеріне қарай бөлінсе керек [42].

Елді жайлаған ашаршылықтың әсері мал ұрлығы, тонаушылық, жеке қарулы қақтығыстарды тудырды. Топтасқан қарақшы топтар бар болса шаруаның жалғыз малын немесе ашкөмнен берілген құрғақ азығын тартып алумен айналысты. Ашығып отырған қарапайым шаруаның оларға қарсы шығуынажәне үкімет орнына шағымдануына дәрмені жетпеді. Осы жағдайға сәйкес 22 қарашада Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің аудандарда белең алған қарақшылық (бандиттік) әрекеттерге қарсы күрес жүргізу жөніндегі бұйрығы жарық көріп, бұл мәселе барлық аудандарды милиция мен қылмыстық істер бөлімінің қатаң бақылауына алынып, қарақшылық әрекеттерге барғандар ұсталып, заң жүзінде жазаланатын болды [43].

Аштық алқымдап, өлім-жітім көбейген кезде губернияға шетелдік ұйымдар көмек қолын созды. АРА ұйымы (Американская Администрация помощи (АРП) немесе АРА), Нансен комитеті, халықаралық Қызыл Ай, әртүрлі діни миссиялар, Еуропалық Джойнт комитеті және т.б. гуманитарлық бағытта біршама іс-шараларды жүзеге асырды. Негізінде АРА ұйымы ашыққандарға көмек көрсету туралы Ресеймен жасалған келісім бойынша іске кіріскен болатын. Губерниядағы ауыр жағдай еріксіз АРА ұйымының көмегіне сүйенуге мәжбүр етті. Ақтөбе губерниялық атқару комитеті кеңесінің 23 қарашадағы 10 нөмірлі бұйрығы бойынша Американдық Көмек көрсету әкімшілігіне ашыққандарға көмек көрсетуге рұқсат берілді. Бұл ұйымның жұмысына қажетті барлық жағдай жасалынатын болды. Нақтылай айтсақ, тамақтандыру пункттеріне, госпитальдарға арналған ғимарат табу, тамақты пісіруге қажетті отынды даярлау мәселесін қамтамасыз етуді міндеттеріне алды. Алайда АРА ұйымының қызметіне деген күдік олардың әрбір қадамын бақылауды талап етті. Губерния тарапынан АРА ұйымының жұмысын ұйымдастыру және қадағалау Качковскийге жүктелінді [44].

АРА ең бастысы өлкедегі ашыққан және ауру балаларға тамақтай, киімдей, дәргерлік көмек беру мәселесін қолға алды. 22 желтоқсанда губерниялық аштар комиссиясының шешіміне сәйкес АРА ұйымының жанындағы балаларға көмек көрсету комиссиясы құрамына губерниядан дәрігер Шарапин, инженер Андреев, мұғалім Афанасьев және жергілікті биліктен Ряхов кірді [45].

1921 ж. 31 желтоқсанына қарай губернияда 33243 ауыл және қалалық жеке шаруашылықтар болса, аштыққа байланысты оның үштен бірі астықты аудандарға көшіп кетті. Ақтөбе губерниясынан әсіресе Ырғыз бен Темір уезі қазақтарының халі аса ауыр болды. Халықтың жаппай басқа жаққа босуы өзі бұрыннан тапшылық көріп отырған губернияның жағдайын одан сайын қиындатып жіберді.

Жеуге тамақ таппағандардың өлген малдарды немесе адам етін жеу сияқты фактілер де анықтала бастады. Ісініп кетіп, жүре алмай, жеткен жерлерінде құлап, өліп жатқандардың саны да ұлғая түсті. Ашыққандардың арасында түрлі жұқпалы аурулар көбейіп, онымен күресу мүмкін болмай кетті. 1921 ж. 1 шілдесінен 1 желтоқсаны аралығында Ақтөбе қаласында 6509 адам жұқпалы аурумен ауырып, олардың 584-і өлсе, ал губерния бойынша 27372 адам ауырып, 3754-і оңалмай қайтыс болған. Ал Ақтөбе губерниясына қарасты Темір уезінде 871 адам ауырып, 203-і өлген, Шалқарда 1237 ауруға шалдықса, 411 адам қайтыс болған. Ақбұлақ уезінде 1137 адам  ауру жұқтырса, оның 373-і өлген. Ырғыз бен Ойыл уездерінде де ауырған мен өлген адамдардың көрсеткіші жоғары болды. Мәселен, Ырғызда 834 адам ауырса, өлгендері – 275-ке жеткен. Ойыл уезінде адам шығыны 437- ке жетсе, 1003 адам жұқпалы аурумен ауырған. Еңбек және Қорғаныс кеңесінің 1922 ж. 1 сәуірдегі есебі бойынша, Ақтөбе губерниясында жұқпалы аурумен ауырғандардың саны бірнеше есеге көбейген. Губерниядағы жұқпалы аурумен ең көп Ақтөбе уезі адамдары ауырды. Ауру жұқтырған 95102 адамның 22981-і 16 жасқа дейінгі балалар, 72951-і ересек адамдар болған. Ал Ақбұлақ уезінде ауырған 88608 адамның 28404-і балалар болса, қалғандары ересек адамдар еді  [46, 40-б.].

Уездерде, болыстықтарда ашылған балалар үйінде, балаларды тамақтандыратын пункттерде азық-түлік жетіспеді. Кейбір балалар үйі ашылмай жатып, қайта жабылды. Ашылғандардың өздері азық-түліктің жоқтығынан жоспарланған мөлшерде балаларды қабылдай алмады. Оның үстіне сол мекеменің қызметкерлеріне тұрақты жалақы төленбегендіктен, өз жұмыстарына салғырттықпен қарай бастады. Мұндай жағдай Темір уезіне қарасты Ембі болысында орын алған. 1922 жылдың қаңтарында болыстық комиссия тексерісі бойынша болыстықта аш 125 бала болғанымен де, оларға арналған асханада тек 80 баланы тамақтандыруға шамалары келген. Оның өзіне азық-түлік уақытылы жеткізілімегендіктен жабылудың алдында тұрғандығы анықталған [48]. 

Қуаншылыққа ұшыраған губернияларындағы жайлымдар мен пішенді шөптердің түбірімен күюі мал басының күрт қысқаруына алып келді. 1922 ж. 1 қаңтардағы келтірілген мәлімет бойынша, Ақтөбе губерниясында соғысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда жылқыдан – 23 %, ірі қара малдан (сиыр) – 32 %, түйеден – 31%, қой мен басқадай ұсақ малдардан – 6,2 % қана қалған [48].

РКФСР  Халкомына жіберілген мәлімет бойынша губернияда 57 457 бас жылқы, 32 605 бас түйе, 153 919 бас ірі қара мал қалса керек.  Губерниядағы астық өндіру барысы да мардымсыз болған. Сонымен бірге 1921 ж. 100 875  десятина ғана жер жыртылып, егін егілген [49].

1921 ж. егіс көлеміне байланысты ашкөм коммисиясының төрағасы М. Ряховтың берген есебін төмендегі кестеден байқауға болады.

р/с

Аудандардың атауы

әртүрлі

дақылдар егілген

Дес. мен

өнім бермеген

Болжанған

түсім

Пұт б. жиналғаны

дефицит

Тұрғын саны

Дес. алынған астық

1

Ақтөбе

64692½

57927

1614300

55388 -20

1558912-20 ф

77139

2

Ақбұлақ

102441

92658

2561025

47240

25131185

109735

1п.

3

Можар

21104

12308

527600

23373

504227

84000

20 ф

4

Темір

27000

24300

672500

27000

645500

73743

1 п.

5

Ойыл

25464

22817

636100

45684

590416

58945

1 п.

6

Ырғыз

егілмеген

-

41648

2 п.

7

Шалқар

егілмеген

-

41559

8

Қарабұтақ

егілмеген

-

25804

240701½

210010

5011525

198685-21ф

582241п-20 ф

512573

Үш ауданда егістікке астық мүлдем егілмеген. Қарабұтақ, Ойыл, Темір және Ақтөбе аудандарының оңтүстік бөлігінде аса ауыр зардап шекті. Аталған аудандарда қатарынан екі жыл астық пен шөп болмағандықтан, жем-шөпсізден малдар қырылып қалды. 1920 жылы Ақтөбе ауданында 81505 шаруашылық болса, 1921 жылы одан 6301 ғана шаруашылық қалған, яғни бар-жоғы 20%. Ақбұлақ ауданындағы 21797 шаруашылықтан 2179 ғана (10%), Можар ауданындағы 10801 шаруашылықтан 2169 (20%) қана, Ырғыздағы 11648 шаруашылықтан 3494 (30%) қана, Шалқардағы 11064 шаруашылықтан 1107 (10%) қана, Темір ауданындағы 19278 шаруашылықтан 4819 (25%), Ойылдағы 14261 шаруашылықтан 2852 (25%) қана қалған. Тек Қарабұтақ ауданы керісінше 9802 шаруашылықты 9901-ге (50%) көбейткен. Дегенмен бұл жерде аудан өкілдерінің тарапынан жалған мәлімет болуының да ескеруіміз қажет. Жалпы Ақтөбе губерниясы бойынша 117156 (102 341 адам) шаруашылықтан 27615 шаруашылық қана қалды. Пайызбен шақсақ -  23½. Осы ауданға қоныстанған орыс және украин шаруалары келген жақтарына қайта көшсе, қазақтар тамақ іздеп Хорезм республикасы мен Түркістанға ағылды [50].

1922 ж. 1 қаңтарындағы мәліметке сүйенсек, губернияда 361 051 адам ашыққан. Оның 97 309-і ересек те, 263 743-ы балалар еді. Ашыққан бір адамға айына 12 пұт, барлық жанға 757 157 пұт астық қажет болды [51].

Ашыққандарға көмек беру көтеріліп, 30 қаңтарда Ақтөбе губерниялық азық-түлік комиссариатының губерниясының барлық кеңестік кәсіпорындары мен мекемелеріне арналған өкім қабылданып, қорларға түскен азық-түлікті бөлу мәселесі нақтыланды [52]. Өкім бойынша қорларды бөлу Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің  қаулысымен ғана жүзеге асатын болды. Мекеме немесе кәсіпорындар таратылған жағдайда оның үлесі губерниялық қорды кеңейтуге жұмсалды [53].

1922 жылдағы қыстың қарлы, боранды болуы губерниялық аштарға көмек комиссияның жұмысын қиындатып жіберді. Алыс аудандарға дер кезінде азық-түлік жеткізуге біріншіден, ауа-райының құбылмалылығы, екіншіден, транспорттың жоқтығы да комиссия жұмысына үлкен кедергі келтірді. Сондай-ақ, аудандардағы шаруашылықтарда көктемгі егістік жұмысты атқаратын малдай күш көліктерді аштар сойып жей бастаған. Оның үстіне эмипемиялық аурулар ауылдан ауылға жайылып, сол аурудан өлгендердің қатары көбейе түсті [54].

Ақтөбе губерниялық экономикалық кеңесінің мәжілісінде айтылғандай 1921 ж. 31 желтоқсанға дейін губернияның 174 900 адамы ашығып, олардың арасында тырысқақ, оба сияқты жұқпалы аурулары кең жайылып, адам өлімі  көбейген [46, 10-40-бб.]. Дегенмен бұл экономикалық кеңестің мәліметінде ашыққандар санына қатысты дәлдіктің жоқтығын аңғаруға болады.

РКФСР Халкомына жіберілген ақпарда 1921 ж. 31 желтоқсанға дейін Ақтөбе губерниясына қарасты 7 аудандарда тұратын қазақтардың 75 пайызы, орыстардың 55 пайызы ашыққандығы келтірілді. Бұл сол кездегі губерния халқының тең жартысы деуге болады. Бұл кездегі мәлімет есебінше жалпы губернияда 526 023 адам (306 023-ы ересектер мен 220 000-ы балалар) мекендеген екен [55].

1922 жылдың 7 ақпандағы мәлімет бойынша аштықтың үдеуінен 1 қаңтарда Ақтөбе губерниясында 16 жасқа дейінгі 97 309 бала, 263 742  ересек адамдар, барлығы 361 051 адам ашыққан. Қаңтар айына ашыққандарға 20 000 ғана құрғақ тамақ пен қаражат бөлінген. Өкініштісі сол губерния уездеріне қаражат пен ақпан айына бөлінген азық-түлік түспеген және ашыққандар жылы киіммен қамтамасыз етілмеді [56].

Ақтөбе өңірінде ашыққандардың саны өзге губернияларға қарағанда күрт өсуінен, губерниялық ашкомның өлкедегі ашыққандарға толықтай көмек көрсетуіне, әсіресе балалар үйін тамақпен күнделікті қамтамасыз етуге шамасы жетпеді. Сондықтан бұл республикалық азық-түлік комитеті жергілікті халыққа азық-түлік салығын енгізуге мәжбүр болды. Бірақ салықтың салынуы өлкедегі орыс ұлты тарапынан қарсылыққа тап болды. Оның үстіне комитет жұмысына уездегі Серов бастаған қарақшылар тобы да кедергі келтірді. Олар ауыл-ауылды тонап, халықтың қолындағы бар заттарын, азықтарын тартып алумен болды  [57, 55-б.].

1922 ж. 5 ақпанда Ақтөбеде губернияның аштарға көмек комиссиясы өкілдерінің І-съезі өтіп, бас баяндама жасаған Бондаренко елде орын алған аштыққа қарсы өз күшімен күресу керектігін көтерді. Губерниялық аштарға көмек комиссиясы мен губерниялық азық-түлік комиссиясының мүшелері мен  уездерден келген өкілдер де аштарға қажетті азық-түлік пен қаражаттың аздығын, уездерге жіберілген құрғақ тамақтардың жеткіліксіздігін, аштықпен күресте қиыншылықтың барлығын бірауыздан мақұлдап, аштарға көмек көрсетуде жергілікті халықтың арасынан жылу жинау, ыстықтай тамақ бере алмайтын өңірлерде құрғақтай азық-түлік үлестіру, бар күшті «Барлығы аштықпен күреске» ұранымен жұмылдыра отырып, уезд, болыстықтарда ұйымдастыру жұмыстарын күшейту мәселесі жөнінде қаулы қабылдады [58].

19-27 ақпанда Орынборда 106 делегаттың қатысуымен болған қырғыз (қазақ) облыстық екінші конференциясында 1922 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша өлкеде миллионнан аса ашыққандардың барлығы айтылса [59, С. ІІІ], ал БОАК-нің Ашкомының ОК-не жіберілген есебінде көрсетілгендей, Қазақ Республикасында 1922 ж. 1 ақпанына дейін арнайы түрде ашыққан 2 000 000 адам тіркелген. Оның ішінде Бөкей губерниясында – 204 836, Ақтөбеде – 374 215, Қостанайда – 409 203, Оралда – 439 721, Орынборда – 437 776, ал Адай уезінде – 130 000 жеткен [60]. Оның үстіне республиканың Орынбор, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Бөкей губернияларында астық шықпай қалды.  1920-1921 жылы 54600000 пұт астық шығын болып, жалпы 10930000 пұт астық жетпеген [61, 33-б.].

Конференцияның 21 ақпандағы мәжілісінде Қазақстан Орталық Атқару комитетінің төрағасы С. Мендешев ҚКСР-дағы аштық пен күрес барысы жөнінде жасаған баяндамасында ашыққандардың қатарының күннен-күнге артып, өлім-жітімнің көбейіп бара жатқандығын да баса айтты. Жұт кезінде барлық малынан айырылған қазақтар еш жерден көмек ала алмай, шөп тамырларын, өлексе малдың етін жеп, уланып өліп жатқандығын да қынжыла баяндады. Оның көрсетуінше,  1922 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы барлығы ашыққан 1 476 985  адамның 927 593-і ересектер де, 158 392-і балалар. Губернияларға бөліп көрсетсек: Орынборда: ересек – 138 339 адам,  209 611 бала, Ақтөбеде – 171 389 ересек пен 134 000 бала, Қостанайда –  123 600 ересек және 103 500 бала, ал Бөкейде барлығы  100 000  адам, Адай уезінде –  75 000 адам, Семейде – 5616 балалар, Ақмола губерниясында – 92 000 ересек пен 9670 бала аштыққа ұрыныпты [62].

Адам етін жеу фактілері күнделікті әдетке айналды. Бұл турада БОАК-тің жанындағы Ашком Орталық Комитетіне Қазақ Республикасының өкілі У. Танашевтің 1922 ж. 30 наурызында жіберген хатында: «Өлген балалардың мүрдесі ұрланып, желінгендіктен қарулы күшпен күзету аса қажет. Әкелері мен шешелері өз балаларын сойып жеп жатыр. Миллионнан аса тұрғындар (аштықтан – С.С.) өлді. Ал қалғандары да бұл өлімді күтуде және тыныш өліп те жатыр», – деп келтірілді [63].

  1920 жылдың қысынан бастап 1922 жылдың ортасына дейін болған аштық республикамыздың малын қырғынға ұшыратып, шаруашылықты күйзелтті. Толық емес есеп бойынша 82,974 қазақ үйі малсыз қалып, оларды қаз бастыру үшін 850262 ірі қара мал қажеттігі айқындалды. Ол үшін үкімет тарапынан 384 миллиард сом ақша көлемінде жәрдемақы беріліп, аштыққа ұшырамаған Ақмола, Семей губерниялары мен Адай уезіндегі сатушылардан жүз қарадан бес қара алу мәселесін көтеріліп, аталған губерниялардан 100000 мал сатып алуға рұқсат етілілді. [64, 108-110-бб.]. Жиналған малдарды жұтаған губернияларға мынадай шамамен бөлу реті көрсетілді: Орал губерниясына 100-ден 24, Бөкей губерниясына 100-ден 35, Ақтөбе губерниясына 100-ден 17, Қостанай губерниясына 100-ден 10-ы. Сонымен қатар, бір жағынан ақша болмай, екінші жағынан кейбір себептермен тұқымдары жаңартылмай, барлары қартайып, біткен асыл тұқымды малдармен қамтамасыз ету керектігі айтылды [65, 110-б.]. Семей губерниясынан көмек жинау үшін губерниядан арнайы өкіл жіберілді.

1922 ж. 3 мамырында Ақтөбе губкомында Салық Басқармасының  өкілдері қатысқан мәжіліс өткізіліп, жинақталған салық қаражатын Ақтөбедегі аштарға көмек Орталық комиссиясына толықтай беру, сонымен бірге губернияда ашығып жатқан тұрғындарды, малшы шаруаларды  салықтан босату жөнінде шешім қабылданды [66].

Аштарға жоспарлы түрде көмек беру 1921 жылдың қараша айынан басталған. Халкомның азық-түлік бөлімі әр ай сайын құрғақ азық бөлді және басқа губерниялардан аштарға арналып азықтар жинап әкелген.

Губерния бойынша азықпен қанағаттандырылған аштар саны

Ай аты

Аштар саны

Берілуге тиіс мемазық

Мем тарап қамт. етілген

әр жерден түскен берілгендер

жалпы

АРА-ның

бергені

Губерния

бойынша

барлығы

қараша

50 000

20 000

-

6891

6891

-

6891

желтоқсан

75 000

20 000

38 680

7745

46425

-

46423

қаңтар

361051

42 000

130 28

8080

21108

22500

45608

ақпан

264074

48 000

7840

13868

21708

37500

55208

наурыз

252514

32 000

8800

10 840

19 640

37 700

57 340

сәуір

300000

48 000

2263

11 564

13 900

54 889

68 789

мамыр

300000

48 000

-

14 484

14 484

245000

259 384

маусым

300000

55 000

-

75 055

75 055

245000

320 055

Қызыл ай қоғамы да 1921 ж. 24 мамырынан бері Темір, Ырғыз, Шалқар аудандарындағы ашыққандарға 4000 азық берген. Бірақ бұл көмекее қарамастан жыл соңында Ақтөбе губерниясында аштық пен ауруға ұшырағандар - 50% -ке, өлгендер - 28%-ке жеткен [67].

Дегенмен Ақтөбе губерниялық ашкомының баяндауынша губернияда қанша адамның ашығып, өлгендігі жайында нақты санын анықтау мүмкін болмаған. Оған бір себеп ауылдық жерлерден мәліметтердің түспеуі болса, екіншіден, берілген кейбір ақпар салыстырмалы мәліметтермен сәйкес келмеді.

Аштарға көмек төтенше комиссиясынан бөлінген 315 миллион ақша Ақтөбе губерниясының аудандарына мына мөлшерде бөлініп берілді:

Аудандар

Ақша мөлшері

Түркістаннан астық дайындау үшін

150 000000

Ақтөбе

15 000000

Темір

20 000000

Можар

20 000000

Шалқар

10 000000

Ырғыз

10 000000

Ойыл

15 000000

Қарабұтақ

5 000000

Ақбұлақ

15 000000

Губернияға Мәскеуден  2 вагон астық, Ташкенттен 1 вагон ұн, 1 вагон жеміс-жидек, 2 бөшке (цистерна) мұнай көмек ретінде келген [68].

Өлкенің ауыр жағдайын баяндаған губерниялық атқару комитетінің төрағасы Ряхов, губерниялық статистика бюросының меңгерушісі Сердюков және жер бөлімінің меңгерушісі Назаров қол қойған жеделхат ХКК-нің төрағасы В. Ленинге жіберіліп, онда астықтың жоқтығынан жергілікті тұрғындар азық есебінде малдарын жаппай сойып алып жатқандығы, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен сібір топалаңы, шешек, қышыма сияқты ауруларды ауыздықтауға мүмкіншілік болмай отырғаны айтылды [69].

Аштықты ауыздықтауға әскери комиссариаттарды да барынша көмегін беруге тырысты. Қазақ өлкелік әскери комиссариатының 1921 ж. 28 қыркүйегіндегі № 20618 жеделхатына байланысты губерниялық әскери комиссариаты жанынан көмек комиссиясы құрылып, 1921 ж. 3 қазанынан 1922 ж. 5 қаңтарына дейінгі аралықта бұл комиссия гарнизонның барлық уездік бөлімдерінде тұрақты аштарға көмек комиссиясын құрып, ашыққан отбасылары туралы тізім жасап, Қазақ өлкелік әскери комиссариатына жіберіп отырды. Сонымен қатар әскери кеші ұйымдастырып, одан түскен қаржыны губерниялық қамсыздандыру кеңесіне өткізген. Жылу барысында жинақталған астықты аштарға көмек комиссиясына тапсырған [70].

Сонымен бірге Ақтөбе губерниясындағы аштарға көмек комитетінің ұйымдастыруымен қайырымдылық кештері мен жылу жинау апталығы жиі өткізіліп отырды. Мәселен, 1922 жылдың 8 қаңтарындағы өткізілген осындай іс-шарадан барлығы 198 924 922 сом көлемінде ақшалай көмек түскен. Оның 15 000 000-ы губерниялық одақтан аванс ретінде, 16 925 000-ы сатылған театрлық қойылым билеттерінен, 5 320360-ы лотереялық билеттерден түссе, ал тұрғылықты халық 6 565 000-ы киімдей, 111289 790-ы азық-түліктей беріліпті. Осы күні 118 291 000 сомды құрайтын азық-түлік жиналыпты. Еріктілер қолында бар артық ұн, картоп, астық, ет, шай, балық, жеміс-жидекті өткізіп, аштарға таратылды [71].

Жұқпалы аурумен күресуге губерниядағы барлық ауруханалар жұмыла кіріссе де, Ақтөбе қаласында тырысқақ ауруынан өлгендердің қатары күннен күнге көбейе түсті. Өлгендердің мүрделері көше бойында жиналмай жатты. Осыған орай губерниялық денсаулық бөлімі мен коммуналдық бөлімі тез арада көшелерден өлген адамдардың мүрделерін жинау, эпидемиялық ауруларға тосқауыл қоюда базарларда тазалықты күшейту және сатылатын тамақ өнімдерін тексерістен өткізуді қолға алды [72].

1921 жылдың шілдесі мен желтоқсаны аралығында Ақтөбе губерниясы  бойынша түрлі аурулармен ауырғандардың қатары 31 222 адамға жеткен. Мәселен, оның ішінде шешекпен (қорасан) –170, қызамықпен – 157, күл ауруымен (дифтерия) – 106 адам ауырған. Уездер мен уездік қалаларға бөлсек, жұпалы аурулармен Ақтөбе қаласында – 6436, Ақтөбе уезінде – 7745, Ақбұлақ уезінде –  4623, Темір уезінде  –2870, Ырғызда – 1990, Шалқарда – 1960, Ойылда – 2710, барлығы губерния бойынша –  28138 адам ауырған [73].

Алайда жұқпалы аурумен күресуге медициналық күш пен дәрі-дәрмек жетіспеді. Себебі өлкедегі бар  7 ауруханада бар-жоғы 9 дәрігер, 72 фельшер, 12 медбикелер ғана қызмет еткен. Губернияда бөртпе сүзегі, іш сүзегі, қайтарма, іш ауруы, шешек сияқты жұпалы  аурулардан 1922 ж. басында  13213  адам ауырып, оның 2321 адам көз жұмған. Дегенмен жұқпалы аурумен күреске Ақтөбе ашкөмінен 100 000 000 ақша, қазақ денсаулық сақтау комисариатынан 500 000 00  ақша, барлығы  600 000 000 несие бөлінген [74].

Тырысқақ ауруының көбеюіне байланысты 1922  ж. жазында Ақтөбе қаласында 30 төсектік барак ашылып, су ішілетін барлық құдықтар хлорланды. Алайда бұл аурумен маусым-шілде айларында Ақтөбеде 53 адам ауырып, оның 18 қайтыс болса, Ақбұлақ уезінде 3  адамның ауырғаны тіркелген. Шалқарда 25 адам ауырып, оның 12-і қайтыс болған. Жалпы екі айдың ішінде Ақтөбе қаласы мен екі уезде тырысқақпен 91 адам ауырып, оның 30-ы қайтыс болған.

Бастапқы кезде жұқпалы аурудан өлген балаларды пайыз бойынша есептесек, аналар мен балалар үйінде 1921 ж. желтоқсанында 50 пайыз болса,  алдын-ала жүргізілген дәргерлік іс-шаралардың нәтижесінде бұл жұқпалы аурумен ауырғандардың қатары бәсеңдегені байқалады. Мәселен,  1922  ж. аналар мен балалар үйінде 15 пайы, ал жекеленген балалар үйінде 1921 ж. 20 пайызы, 1922 ж. 5 пайызы осы жұқпалы аурумен ауырған. Жұқпалы аурумен ауырғандар ауруханада бөлектеніп жатқызылды.  АРА ұйымы дуруханаларға дәрі-дәрмектей көмектесті [75]. 

Губерниядағы балалар үйінің жағдай аса ауыр болды. Себебі, оларға түскен азық-түлік пен киім-кешектің жеткіліксіз мөлшерде болуы балалар үйін таратуға мәжбүрледі және жиі балалар үйлері аштар мен қарақшылар тарапынан тонаушылыққа ұшырап отырды [76]. 1922 ж. 15 наурыздағы есеп бойынша Ақтөбе губерниясында барлығы балалар 30 үйі болып, онда  3283 қана бала тәрбиеленген. Бұл балалар үйінің 10-ы Ақтөбе уезінде болып, онда 1594 бала тәрбиеленсе, 6-ы Ақбұлақ уезінде, онда 620 балалық орын болған, Ойылдағы 9 балалар үйінде 540 бала, Темірдегі 1 балалар үйінде 120 бала, ал Ырғыздағы 2-і балалар үйінде 180 бала, Қарабұтақтағы 1 балалар үйінде 154 бала және Шалқардағы 1 балалар үйінде бар-жоғы 75 бала ғана тәрбиеленіпті [77].

Ауруханалар мен балалар үйіне, тамақтандыру орындарына үкімет тарапынан бөлінген қаржылай немесе азық-түліктей көмек дер уақытында жетпей немесе жарты жолда талан-таражға түсіп кеткен. Ақбұлақ ауданындағы қоғамдық тамақтандыру орнына тамақ жетпеген болса, Ырғыздағы асханаға бреліген азық-түлік қолды болып, ісі сотқа берілген. Мұндай жағдай Шалқар уезінде де орын алып, оны тексеруге арнайы комиссия жіберілген [78].

Губерниялық ашкөм  әр уездің болыстарына арнайы өкілдерін жіберіп, аштарға көрсетіліп жатқан көмек барысын тексеруге тырысты. Мәселен, 1922 жылдың 24 наурызында Ақтөбе аудынына қарасты Әлімбет болыстығына осы жылдың 1 наурызында тексеріс жүргізіліп, соның нәтижесінде болыстық ашкөмнің тұрақты жұмыс істемейтіндігі, аштардың тізімінің жоқтығы, тамақтандыру пункттерінің аздығынан балаларға ыстық тамақтың берілмейтіндігі анықталған [79].

Губерния уездерінде босқын балалардың саны арта түсті. Самара, Уфа, тіпті Сібірден ашығып босқан балалардың қалай, қандай жолмен келгендері үкіметті таң қалдырды. Осыған орай көше бойын жағалап, қараусыз жүрген балаларды балалар үйіне орналастыруда 455 000 рубль бөлініп, оларды тамақпен қамтамасыз ету мәселесі қолға алынды [80].

Республика бойынша қанша адамның ашықандығын анықтау мақсатында  Қазақ Орталық Статистикалық Басқармасы халық арасында сауалнама жүргізіп, губерниялардың барлық уездеріне қарасты болыстарда халықтың жалпы саны мен шаруашылығындағы өзгерістерді анықтады. Сауалнама бойынша Ақтөбе губерниясының қалаларында 244 866, ал уездерде 477 606 адам мекендегені айқындалды. Ашаршылыққа ұшыраған бес уездің ішінде 222 405 адамы бар Шалқар мен  Ырғыз қатты зардап шеккені нақтыланды. Мысалы, Ырғыз уезінің Аманкөл болысындағы сауалнама нәтижесінде 10 ауыл шаруашылығындағы 6454 адамның 169-ы тамақ іздеп босып кетсе, 448-і аштан өлген. Кенжеғара болысындағы 9  ауыл шаруашылығындағы 4610 адамның 620-ы босып, 87-і аштан өлген [81].

Губерния бойынша балалар үйінен тыс дала мен қала кезіп жүрген 24000 қаңғыбас балалар анықталған. Сонымен қатар шетелдік ұйымдар 584 656  баланы, 600 270 ересектерді, 24 400 босқындар мен ауруханадағы 6000 адамды құрғақ тамақпен қамтамасыз еткендігі де белгілі болды [82].

1923 жылдың көктеміне қарай аштық бәсеңдеп, халықтың сәл де болса шаруашылығы оңала бастады. Дегенмен үкіметке жіберілген жеделхаттардан кейбір губерния уездерінде әлі де болса ашыққандарға көмек қажет болғандығын байқауға болады. Мәселен, 1923 ж. 25 мамырындағы Ақбұлақ уезіннің Ақтөбе губерниялық комитетіне жіберген мәліметте 14 жастан жоғары 13754 адам, 14 жасқа дейін 11329 бала ашыққандығы, 14 жасқа дейінгі 10896 бала мен 14 жастан жоғары 37 ересек адамдар католиктік миссия тамақтандырып отырғандығы келтіріледі [83].

Аштықты ауыздықтағанымен шаруашылықты қалпына келтіруде үлкен қиыншылықтар туындады. Уезд шаруалары ашаршылық тұсында көмек қолын созған шетелдік ұйымдардың бүлінген шаруашылықты көтеруге тағы да қол ұшын созар деген үмітте болды. «Степь» газетіне «Көмек беруші комитеттер біздің шаруашылықты қалпына келтіруге көмектесіңіздерші» деген атпен жарияланған шағын мақалада аштық тұсында АРА ұйымы бірнеше  мыңдаған аштарды өлім аузынан қалғандығы айтыла келе, енді ашаршылық толықтай жойылғанымен де, оның салдарынан ауыл шаруашылығы күйреп қалып, қалпына келтіруде осындай комитеттер көмек берсе деген тілек білдірген [84]. Жалпы АРА ұйымы Ақтөбе губерниясында 18450 адамды  тамақтандырған екен. Оларды аудандарға бөлсек: Ақтөбе қаласында 1010 адам, Ақтөбе ауданында 1450 адам, Ақбұлақта 7500 адам, Темір ауданында 6500 адам, ал Қосестек ауданында 2000 адам тамақтаныпты [85].

1921-1922 жылдардағы аштықтан губерния халқының тең жартысынан өлідей және тірідей (босып кетті) айырылды. Қаншама отбасының түтіні өшіп, ата-аналар бала-шағаларынан айырылса, қаншама бала жетімдік зардабын тартты.

Литература

1 Асылбек Ғ. Қазақ Республикасындағы аштықтың ауданы // Қызыл Қазақстан. – 1922. – № 4.

2 ҚР ОММ. 196-қ., 1-т., 38-іс. 228-229-пп.

3 ҚР ОММ. 81-қ., 1-т., 21-іс. 3-п.

4 Ақтөбе ОММ (бұдан әрі АОММ). Р-3-қ.,  1-т.  600-іс. 61-п. 

5 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  7-іс. 5-п. 

6 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  600-іс. 61-п.

7 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  5-іс. 1-п. 

8 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 16-іс. 7-п.

9 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  16-іс. 15-п. 

10 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  17-іс. 71-п.

11 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  216-іс. 1-1 арт.-пп.

12 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  216-іс. 3.-п.

13 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  611-іс. 1-2 -пп.

14 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  5-іс. 5-п.

15 ҚРОММ.320-қ., 1-т., 29-іс. 9-п.

16 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 27-іс. 22-п.

17 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 5-іс. 17-п.

18 АОММ.Р-3-қ.,  1-т.  18-іс. 9-10 арт-пп.

19 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  18-іс. 10-10 арт-пп.

20 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  600-іс. 61-п.

21АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  588-іс. 85-п.

22 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  18-іс. 8-п.

23 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  587-іс. 12-п.

24 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  615-іс. 16-п.

25 ҚРОММ. 196-қ., 1-т., 38-іс. 56-п.

25 АОММ.Р-3-қ.,  1-т.  612-іс. 4-п.

27 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  602-іс. 1-п. 

28 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  17-іс. 25-26-пп. 

29 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  16-іс. 46-п.

30 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  612-іс. 9-9 арт.-пп. 

31 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  622-іс. 26.-п.

32 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  18-іс. 42-42 арт-пп.

33 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  1-іс. 1-п.

34 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  602-іс. 11-пп. 

35 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  600-іс. 61-61 арт.-пп. 

36 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  600-іс. 61-61 арт.-пп. 

37 Ақтөбе ОМА. Р-3-қ.,  1-т.  600-іс. 64-пп.

38 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  600-іс. 78-арт п.

39АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  601-іс. 36-п.

40 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  602-іс. 1-п.

41 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  600-іс. 66-п. 

42 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  611-іс. 11-пп. 

43 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  13-іс. 22-п.

44 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  611-іс. 14-п.

45 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  612-іс. 24-п.

46 Актюбинское Губернское экономическое совещание. Отчет Совету Труда и Обороны на 1-е апреля 1922 года. – Актюбинск: Тип. ред. «Киргизская степь», 1922. – 59 с.

47 АОММ. 3-қ., 1-т.  53-іс. 310-п. 

48 ҚРОММ. 196-қ., 1-т., 38-іс. 56-п.

49 АОММ.Р-3-қ.,  1-т.  604-іс. 41-п.

50 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  604-іс. 2 арт.-п.

51 АОММ.Р-3-қ.,  3-т.  602-іс. 1-п.

52 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  9-іс. 33-п.

53 АОММ.69-қ., 9-т.  34-іс. 33-п.

54 Ақтөбе ОМА. Р-3-қ.,  1-т.  604-іс. 27-п. 

55 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  604-іс. 41-п. 

56 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  604-іс. 28-п. 

57 Смағұлова С. 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың қазақ мерзімді баспасөзінде көтерілуі // Отан тарихы, 2006. – №3. – 48-55-бб.

58 АОММ. Р-3-қ.,  3-т.  608-іс. 8-10 арт.-пп.

59 Вторая киргизская областная конференция РКП (б) 19-27 февраля 1922 г. Алма-Ата, КазкрайОГИЗ, 1936.

60 ҚР ОММ. 196-қ., 1-т., 38-іс. 366-п.

61 Аштық һәм Қазақ Республикасының бір жылдық астық расходы // Қызыл Қазақстан. – 1922. – №4.

62 ҚР ПМ. 139-қ., 1-т., 247-іс. 95-п.

63 ҚРОММ. 196-қ., 1-т., 38-іс. 596-п.

64 Қазақ Республикасында мал өсірудің осы күнгі жайы // Қазақ календары 1922 жыл. – 1923.

65 Қазақстанда аштық саны // Қазақ календары 1922 жыл. – 1923.

66 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  3-іс. 191-п. 

67 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  602-іс. 1-1 арт.-п.

68 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  601-іс. 1-п.

69 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  602-іс. 1-2-пп.

70 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  606-іс. 36-п.

71 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  606-іс. 49-52-пп.

72 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  53-іс. 379-п. 

73 АОММ. 69-қ.,  9-т.  109-іс. 19-п. 

74 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  604-іс. 45-п.

75 АОММ. 69-қ.,  9-т.  109-іс. 37-37 –арт. пп. 

76 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  604-іс. 192-п.

77 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  604-іс. 48-п.

78 Ақтөбе ОМА. Р-3-қ.,  1-т.  604-іс. 58-п.

79 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  613-іс. 92- 92арт.-п.

80 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  625-іс. 33- 33арт.-п.

81 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  603-іс. 12-12арт.-пп. 

82 АОММ. Р-3-қ.,  1-т.  603-іс. 177 -п.

83 АОММ. 69-қ.,  9-т.  107-іс. 43-44-пп. 

84 Капацин М. Комитеты взаимопомощи помогите восстановить наше хозяйство // Степь – 1922. – 26 ноября. – №36.

85 ҚРОММ. 320-қ., 1-т., 53-іс. 4-п.

No comments

To leave comment you must enter or register