Яндекс.Метрика
Home » Materials » ӘОЖ 94(574) "1920/30 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ (Шығыс Қазақстан мысалында)

Ж.С. ЖЫЛГЕЛДІ, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 3-курс докторанты, Семей қ., Қазақстан

ӘОЖ 94(574) "1920/30 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ (Шығыс Қазақстан мысалында)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1(21), 2020

Tags: шаруа қожалықтары, естеліктер, ауқатты, ашаршылық, ұжымдастыру, тәркілеу, кеңестік билік, мұрағат құжаттары, Шығыс Қазақстан, деректану
Author:
Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ұжымдастыру науқанына қатысты деректер қоры қарастырылады. Әсіресе, Қазақстанның шығыс аймағында аталған науқанның іске асырылу үрдісі мен механизмдері деректік негізде сипатталған. Ұжымдастыру науқаны аясында іске асырылған тәркілеу саясаты мен одан туындаған факторлардың басты дереккөзі – мұрағат құжаттары мен ғылыми құжаттық жинақтар болып табылады. Сондай-ақ, оқиға куәгерлерінің естеліктері мен әдебие мемуарлық еңбектердің де мәселенің мәнін ашуда деректік құндылығы айрықша. Шығыс Қазақстандағы ұжымдастыру саясатының көріністері республикалық және өңірлік мұрағат қорларындағы құжаттарда молынан ұшырасады. Әсіресе, Семей қаласындағы аймақтық мұрағат қорларында ұжымдастырудың өңірлік ерекшеліктері мейлінше кеңінен қамтылған. Сондықтан да, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси үрдістерге қатысты құжаттар кешенді деректанулық зерттеулерді қажет етері сөзсіз.
Text:

Кіріспе. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ұжымдастыру саясатының ақиқатын айқындауда деректер қорының маңызы зор. Әрине, белгілі бір оқиғаға қатысты деректер кешенін әрқилы деректер қоры құрайды. Деректенулық зерттеулер аясында тақырыпқа қатысты деректерге топтастыру, жіктеу, талдау сынды ғылыми тұрғыда қадамдар жасалады. Деректердің өзі бірнеше топтардан тұрады. Мәселен, оқиғаға немесе мәселеге қатысты мұрағат құжаттары, естеліктер, жеке тұлғалар арасында жазысқан хаттар, әдеби еңбектер, ел арасынан жиналған әңгімелер негізінен деректер кешенін құрайды. Алайда, ғылыми зерттеу жұмысы үшін әрқашан да мұрағат қорларындағы құжаттардың маңызы айрықша екендігі талас тудырмайды.

  Ұжымдастыру науқаны, тәркілеу саясаты,  қазақ даласын жайлаған алапат ашаршылыққа қатысты негізгі дереккөздер ретінде мұрағат құжаттарын басшылыққа аламыз. Аталған жылдарда орын алған саяси үрдістер мен оқиғаларға қатысты маңызды статистикалық мәліметтер мен нұсқаулар, қолданылған шаралар, үкімет тарапынан іске асырылған науқандарға қатысты деректер мұрағат қорларында сақталған. Сондықтан да, аталған мәселені зерделеуде деректер қорына шолу жасап басты міндет болып табылады.

  Материалдар мен әдістер. Мәселені зерттеу барысында негізгі деректер ретінде жергілікті мұрағат қорларының құжаттары мен ғылыми құжаттық жинақтар тізбектелді. Сондай-ақ, ғылыми құжаттардың маңызын айқындауға мейлінше көмегі тиетін естеліктер мен әңгімелер де жанама дереккөзі ретінде қарастырылды. Деректерді талдау, анықтау, саралау сынды  методологиялық әдістер арқылы құжаттың шынайылығы мен оқиғаға қаншалықты қатыстылығы  анықталады. Сонымен қатар, деректерді салыстыра зерделеу оқиғаның шынайы бейнесін ашуға ықпал етеді.

  Талқылау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі ұжымдастыру науқанына қатысты Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» Комуналдық Мемлекеттік Мекемесі (ШҚО МАҚБҚЗТҚО КММ)  мұрағат қорларындағы тарихи құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатынан деректер және осы мәселеге қатысты мұрағат құжаттары топтастырылған ғылыми жина мен шолулар, мәліметтік жинақтар және сол кезеңдегі мерзімді баспасөз мағлұматтары кеңінен пайдаланылды.

  Әсіресе «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» мұрағатының 1-қорының (Жұмысшы, шаруа, қызыл әскер депутаттары Кеңесінің Семей округтік атқару комитеті), 701-қорының (Қосшы одағының губерниялық комитеті), 145-қоры (Қосшы одағының уездік комитеті), 185-қорының (Қызыл отау) және 152-қорының (Семей губерниялық жер басқармасы) құжаттарында Шығыс Қазақстан өңірінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы мейлінше нақты  баяндалған. Бұл құжаттарда қазақ қоғамында таптық қатынастарды орнату үшін құрылған Кеңестер, партия ұяшықтары, Қосшы одағы сияқты «Құдайсыз» бұрыштарының қызметтері мен жеке меншік иелерін жою үшін жүргізілген егістік және шабындық жерлерді бөлу, байларды тәркілеу науқаны, салық саясаты мен ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау науқаны және бірнеше жыл қатарынан болған жұт, құрғақшылық пен қуаңшылық сияқты мәселелер төңірегінде мағлұматтар шоғырланған. Ал жаппай ұжымдастыру барысында саяси науқандарды жүзеге асыру үшін қабылданған қаулы-қарарлары аталмыш мұрағаттың 3-қорындағы (Қазақстан компартиясы Семей обкомының партиялық мұрағаты), 7-қорындағы (Қазақстан компартиясы Семей обкомының партиялық мұрағаты) құжаттарында берілген және қабылданған қаулыларға сәйкес кулактарды тап ретінде жою мен жер аудару, тәркілеу мен шолақ белсенділер қызметі, шекара асып кеткен халықтың сандық көрсеткіші мен қайта елге оралғандардың тағдыры және көп кездесе бермейтін шаруалар көтерілісінің сипаты бейнеленсе, ұжымшарлардың өсу қарқыны мен сипаты мұрағаттың 409-қорының (Семей округтік атқару комитеті), 96-қорының (Семей қалалық атқару комитеті), 250-қорының (Ауыл шаруашылығы ұжымшарларының Семей округтік одағы), 390-қорының (Жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттары Кеңестерінің Разин аудандық атқару комитеті), 1223-қорының (Еңбекшілер депутаттарының Борас аудандық атқару комитеті), 1443-қорының (Еңбекші депутаттары және олардың атқару комитеттерінің Абыралы аудандық Кеңесі) құжаттарында көрініс тапқан. Мұндағы жалған және сын көтермейтiн колхоздардың құрылуы жергiлiктi жерлердегi басшылар  мен  шолақ белсендiлердiң жiберген олқылықтарынан болды деп көрсетiледi.

   Ал,  аштық нәубетiнiң нәтижесiнде әр түрлi эпидемиялық ауруларға ұшырағандармен, панасыз балалардың тағдырымен күштеп ұжымдастыруға наразы болған шаруалардың арыздары жөнiндегi деректер мұрағаттың 577-қорының (БК(б)П-ң Семей округтік бақылау комиссиясы және жұмысшы –шаруа инспекциясы), 578-қорының (Шығыс Қазақстан облысы БК(б) П-ң бақылау комиссиясы және жұмысшы шаруа инспекциясы) құжаттарында берiлген. Десек те, бұл құжаттарда аштыққа ұшырағандардың тағдыры жөнiндегi мағұлматтар көп ұшыраса бермейдi.

   Ал, мұрағаттың 86-қорындағы (Семей округтік қаржы бөлiмшесi), 361-қорындағы  (Округтiк санақ бөлiмшесi) құжаттарда елдегi ауыр жағдайға қарамастан, салықтан түскен қаржының ортақ қазанға деп әкетiлгендiгi және бұл жергiлiктi жерлердiң өзiн - өзi басқаруларына кедергi болғандығы көрсетiлген.

  Мұрағаттың 68-қоры (Семей округтік соты), 81-қоры (Семей округтік прокуратурасы), 655-қоры (Семей қалалық прокуратурасы) құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты болғанымен шаруалар көтерілісіне байланысты ештеңе айтылмаған, тек 6-қордағы( Семей округтік бақылау комиссиясы) құжаттарда астық дайындау кезіндегі үштіктердің қызметі мен халыққа қатысты қысымшылығы көрсетілген.

Мәселен, Семей қаласындағы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» қорларындағы құжаттардан деректер келтіре кеткенді жөн деп санаймыз. Аталған мұрағаттың 74 қорындағы деректер негізінен өңірдегі тәркілеу науқанына тікелей байланысты. әсіресе, Шығыс өңірдегі ауқатты топтарды тәркілеу, жер аудару механизмдері негізінен осы қорда топтастырылған. 1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Кеңес Халық Комиссариатының «Ірі бай шаруашылықтардың және жартылай феодалдардың мал-мүліктерін тәркілеу және жер аудару туралы» қаулысы қабылданды. Қаулыда: Қазақ республикасы өзінің құрамы жағынан мәдени артта қалған ұлт және революцияға дейінгі өзгермеген көшпелі-рулық қатынаста өмір сүреді. Қазақстандағы мүлік иелері мен бұрынғы әлеуметтік артықшылықтары бар топтар Кеңес билігінің ауыл мен қышлақтарда жүргізіп отырған негізгі іс-шараларына кедергі келтіріп, арандатушылық үгіт-насихат таратып, ұлтаралық және рулық алауыздықты қоздыруда. Бұл ең алдымен кедейлерді экономикалық тәуелділікте ұстап, республиканың экономикалық және мәдени дамуына бөгет жасайды [1,68- б.] - деп айтылған.

1928 жылы 30 тамызда КазАКСР ОАК мен Халық Комиссариатының 1928 жылы 27 тамыздағы байларды қолдануға нұсқау берілген. Ол төмендегідей: «ҚазАКСР ОАК және Халық Комиссариатының қаулысын жүзеге асыру барысында мүлкі тәртіленген ірі байлар, патриархалдық және рулық қатынасты сақтаушылар, өзінің мүлкімен ерекшеленетіндер және қоғамдық беделі пейдаланушылар, ауылды кеңестендіруге кедергі жасаушылырады жер аударуға шешім қабылданды.

Жер аударуға жататындар:

1) Көшпелі аудандарда 400-ден жоғары ірі қара малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар және отырыңшы аудандарда – 150 деп жоғары ірі қара малы барлар, сонымен қатар жергілікті тұрғындарға зиянынына тигізіп, өзінің рулық қатынаста ерекшелігін пайдаланып, экономикалық үстемдік орнататындар және ауылды кеңестендіру саясатына кедергі келтірушілер:

2) Ірі қараға шаққанда мал саны көрсетілген мөлшерден аз болса да, жергілікті билік өніндері қоғамға зияны бар, әлеуметтік жағынан қауіпті деп шеткен дер адамдар;

3) Ерекше топқа жататындар: хан және сұлтан тұқымдары, бұрын болыс басқарушылары, татша үкіметінің ерекше марапатына ие болғандар, жеке және мұрагерлік атақтарға үшін мен алғандар [2, 9-б.].

Қаулы қабылданғаннна кейін Қазақстан үкіметінең шешімі бойынша Қарқаралы, Семей, Павлодар акругтерінің байлары Қостанай, Сырдария, Ақтөбе өңірлеріне жер аударылды [3, 3-б.].

1928 жылы 30 тамызда Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы Қазақ АКСР-і ХКК-ң қаулысы жарияланды. Онда Семей округінен жартылай көшпелі аудандарға: Шыңғыстау, Аягөз, Тарбағатай, Мақаншы, Қызылтас, Шыңғыстай, Бесқарағай, Қызылтаң, Ұлан аудандары жатқызылса, ал Павлодар округінен жартылай көшпелі аудандарға 5 аудан, Қарқаралы округінен 7 аудан кіреді. Отырықшы аудандар деп (Семей округінен) Марқакөл, Күрінім, Зайсан, Жаңа Семей, Белағаш аудандары есептелінеді [4,111-б.].

Семей округінен қаулыға сәйкес шаруашылық тәркілеуге және жер аударуға ұшырады, оның ішінде жартылай феодалдарды 20-сы құраса, қалған 44-і ірі қожалықтар болып табылды. Тәркіленген малсаны 2746, 59, құғын – сүргінге ұшыраған байлармен жартылай феодалдарға 871 бас мал қалдырылды. Бұл әрине жан басына шщаққанда өте аздық етеді.

Семей округінің территориясында қаулыны 9 аудан қолдануға нұсқау берілді: Бесқарағай, Қызылтаң, Қызылтас, Шыңғыстау, Аягөз, Жарма, Ұлан, Тарбағатай, Күршім [5, 68-б.]. Бұл аудандар негізінен жартылай көшпелі болып табылады.

  Қазақстан  Республикасы Президенті мұрағатының 141-қоры (БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитеті) құжаттарынан Шығыс Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының сандық сипатына қатысты берілген деректер алынды.

  Диссертацияда пайдаланылған келесі дерек көздеріне мұрағат құжаттарының жинағы берілген еңбектерді жатқызуға болады. Мәселен, «Коллективизация сельского хозяйства в Кировском (Усть-Каменогорском) районе»[6] сияқты құжаттар жинағында Өскемен ауданындағы ұжымдастыруға, әсіресе кулакты тап ретінде жою мәселесіне қатысты мәліметтер шоғырланған. Сол сияқты Шығыс Қазақстан өңіріне қатысты «Под грифом секретности. Откочевки казахов в Китай в период коллективизации» [7] деген құжаттар жинағын автор жариялай отырып, халықтың қолында 2-ден 20-ға дейін бас малдары болған, бірақ неліктен олар қыс ішінде суыққа қарамастан бала-шағасын алып Қытай асып кетті деген сауал тастай отырып, бұл мәселе әлі зерттеуді қажет етеді дейді. Ал, «Из истории величайшей трагедии казахского народа 1932-1933 г.г.» [8] және «Гонимые голодом: Документы о судьбе тысяч казахов, бежавших в Сибирь» [9] атты құжаттар жинағында аштық жылдарындағы Сібірге өтіп кеткен Шығыс  Қазақстан халқының  азап көріп күн кешкендердің, әбден қалжырағандардың халі мен тауқыметті көп көргендердің тағдырына және балалар панасыздығына қатысты мәліметтер топтастырылған. Сол сияқты «Насильственная коллективизация и голод в Казахстане 1931-1933 г.г.» [10]  деген еңбекте Қазақстандағы күштеп ұжымдастырумен оның қайғылы қасіреті мен салдарын бейнелейтін құжаттар жарияланған. Әсіресе, кулакты тап ретінде жою науқанының күрделі сипатқа ие болғандығы баяндалады. Құжаттардың көбінде республика көлемінде жер аударылғандар мен Қазақстанға өзге елдерден көшіріліп әкелінген 46 091 жанұяның немесе 180 мың адамның жағдайы және ұжымдық меншікті қорғауға қатысты өкімет тарапынан жасалған қысымшылықтың нәтижесінде қанша адам қуғын-сүргінге ұшырағандығы жөніндегі деректер берілген. Мұндай деректерді «Новейшая История Казахстана: Сборник документов и материалов» [11] еңбегінен де кездестіреміз. Б. Насеновтың «Абыралы көтерілісі» [12] және  «Абыралы қанды жылдары» [13] деген құжаттар жинағында көтеріліске қатысқандардың тізімі мен басшыларының есімдері және тәркілеу науқанына ұшырағандардың істері берілген. Сол сияқты «Трагедия Советской деревни. Коллективизация раскулачивание 1927-1939» [14] деген құжаттар жинағының төртінші томында ұжымдастырудан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы сипатталады. Мұндағы құжаттарда ауылдағы әлеуметтік қайшылықтарды жоюға, колхозшылардың белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар барысы баяндалған.

  «Страницы трагических судеб: Сборник воспоминаний жертв политических репрессий в СССР в 1920–1950-е гг.» жинағында аталған жылдардағы адам тағдыры, қызыл террор, жазықсыз айыптауларға қатысты құжаттар кешені қамтылған [15].

«Голод в СССР. 1929-1934» құжаттар жинақтарының бірінші [16] және екінші [17] кітаптарында Ресей, Белорусь, Қазақстан мұрағаттарында сақталған ашаршылық тарихы қатысты құжаттардан сыр шертеді.

  Ал, «Из истории депортаций. Казахстан 1930-1935 гг.» жинағында ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстанның өз ішіндегі байларды тап ретінде жою, жер аудару, күштік органдардың ресми құжаттары енгізілсе [18], «Трагедия казахского аула. 1928-1934» құжаттар жинағында ет дайындау науқандары, бай қожалықтарды тәркілеу, сол кезеңдегі қазақ ауылының жағдайына қатысты деректер қамтылған [19].

  Зерттеу бойынша дерек көздеріне шолу жасауда мұрағат құжаттары мен құжаттар жинақтарынан басқа, баспасөз беттеріндегі мәліметтер, өңірлік партия ұйымдарының есептері пен жазбалары да пайдаланылды.

  Қорытынды. Қазақ қоғамын ауыр қасіретке ұшыратқан ұжымдастыру саясатының салдары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени құрылымына ауыр зардабын тигізді. Қазақ халқының дәстүрлі даму жүйесі мен аграрлық саласын күйреткен аталмыш науқанға қатысты көптеген зерттеу еңбектері жазылып, ғылыми диссертациялар қорғалды. Бір ғана Кеңес үкіметінің тұсында осы тақырып аясында нұсқаулық кітапшалар мен саясиланған еңбектер жарық көргені жасырын емес. Алайда, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси үдерістер Кеңес одағы көлемінде КСРО ыдырағаннан кейін ғана лайықты тарихи бағасын ала бастады. Мәселен, мұрағат қорларындағы көптеген деректер қоры қолжетімді болып, ғылыми тұрғыда реттелген құжаттар жинақтары шығарыла бастады. Ел арасынан зұлмат жылдарды көзімен көрген куәгерлердің естеліктері мен әңгімелері жинастырылып, кітап болып жарияланды. Бұл ең алдымен халық санасын отарсыздандыруға, тарихтың ақтаңдақ парақтарын зерделеуге бағытталған алғашқы қадамдар болатын. Әрине, бүгінгі таңда аталған мәселе турасында көптеген зерттеу еңбектері мен жинақтар жарық көруде. Алайда, құжаттарға деректанулық талдау жұмыстары мен жаңа әдістер арқылы зерделеу үрдісі жалғаса бермек.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.  Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» Комуналдық Мемлекеттік Мекемесі (ШҚО МАҚБҚЗТҚО КММ). 74-қ., 3-т., 7-іс, 68-п.

2.  ШҚО МАҚБҚЗТҚО КММ. 74-қ., 3-т., 5-іс, 9-п.

3.  ШҚО МАҚБҚЗТҚО КММ. 74-қ., 3-т., 7-іс, 3-п.

4.  ШҚО МАҚБҚЗТҚО КММ. 74-қ., 1а-т., 17-іс, 111-п.

5.  Неизвестные страницы истории Семипалатинского Прииртышья (20 – 30 г.г ХХ в). Сборник документов. – Семипалатинск, 2002. – 250 c.

6.  Коллективизация сельского хозяйства в Кировском (Усть-Каменогорскомрайоне. 1928-1936 г.г. Сборник документов. – Усть-Каменогорск, 2005 г.

7.  Под грифом секретности. Откочевки казахов в Китай в период коллективизации. Реэмиграция. 1928 – 1957 г.г. Сборник документов. Усть – Каменогорск. 1998 г. – 100 с.

8.  Из истории величайшей трагедии казахского народа 1932-1933 гг. Семей. – 2005. – 268 с.

9.  Гонимые голодом. Сборник документов. Семей, 2010. – 693 с.

10.  Насильственная коллективизация и голод в Казахстане в 1931–1933 гг.: Сборник документов и материалов. – Алматы: Фонд «ХХI век», 1998. – 263 с.

11.  Новейшая История Казахстана: Сборник документов и материалов.Сост. К.Каражанов, А.С. Таженов. Алматы, 1998.

12.  Нәсенов Б. 9-б.,14-к. Абыралы көтерілісі. – 2005

13.  Нәсенов Б. Абыралы - қанды жылдары (1905-1945 жж.) - Алматы: Новосибирск : ІІ-бөлім, 2-том. – 644 б.

14.  Трагедия советской деревни. Коллективизация и раскулачивание. Документы и материалы Том 4. 1934 - 1936. Москва РОССПЭН 2002.

15.  Страницы трагических судеб: Сборник воспоминаний жертв политических репрессий в СССР в 1920–1950-е гг. / Отв. редактор Л.Д. Дегитаева. Отв. сост. Е.М. Грибанова. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 448 с.

16.  Голод в СССР. 1929-1934: В 3 т. Т. 1: 1929 – июль 1932: В 2 кн. Кн. 1.– М.: МФД, 2011. – 656 с. 

17.  Голод в СССР. 1929-1934: В 3 т. Т. 1: 1929 – июль 1932: В 2 кн. Кн. 2.– М.: МФД, 2011. – 560 с.

18.  Из истории депортаций. Казахстан 1930-1935 гг. Сборник документов. / Отв. редактор В.Н. Шепель. Отв. составители – Е.М. Грибанова, А.С. Зулкашева. – Алматы: LEM, 2012. – 772 с.

19.  Трагедия казахского аула. 1928-1934: Сборник документов. – Алматы: Раритет, 2013. Т. 1. 1928-апрель 1929. – 744 с.

References

1.  Shyǵys Qazaqstan oblysy madeniet, arxivter gane qujattama basqarmasy «Qazirgi zaman tarıhy qujattandyru ortalyǵy» KMM.  74 qor, tizim 3,  7 is, 68 b.

2.  SHQO МAQB QZTQO. 74-q., 3-t., 5-is, 9-p.

3.  SHQO МAQBQZTQO. 74-q., 3-t., 7-is, 3-p.

4.  SHQO МAQBQZTQO. 74-q., 1a-t., 17-is, 111-p.

5.  Neızvestnye stranısy ıstorıı Semıpalatınskogo Prıırtyshá (20–30 g.g XX v). Sbornık dokýmentov. – Semıpalatınsk, 2002. – 250 c.

6.  Kolektıvızasıa selskogo hozáıstva v Kırovskom (Úst-Kamenogorskom) raıone.1928-1936 g.g. Sbornık dokýmentov. – Úst-Kamenogorsk, 2005 g.

7.  Pod grıfom sekretnostı. Otkochevkı kazahov v Kıtaı v perıod kolektıvızasıı. Reemıgrasıa. 1928 – 1957 g.g. Sbornık dokýmentov. Úst-Kamenogorsk. 1998 g. – 100 s.

8.  Iz ıstorıı velıchaısheı tragedıı kazahskogo naroda 1932-1933 gg. Semeı. –

2005. – 268 s.

9.  Gonımye golodom. Sbornıkdokýmentov. Semeı, 2010. – 693 s.

10.  Nasılstvennaıa kolektıvızasıa ı golod v Kazahstane v 1931–1933 gg.:

Sbornık dokýmentov ı materıalov. – Almaty: Fond «HHI vek», 1998. – 263 s.

11.  Noveıshaıa Istorıa Kazahstana: Sbornık dokýmentov ı materıalov. Sost. K.Karajanov, A.S. Tajenov. Almaty, 1998.

12.  Násenov B. 9-b.,14-k. Abyralykóterilisi. – 2005.

13.  Násenov B. Abyraly - qandy jyldary (1905-1945 jj.). - Almaty: Novosıbırsk : İİ-bólim, 2-tom. – 644 b.

14.  Tragedıa sovetskoı derevnı. Kolektıvızasıa ı raskýlachıvanıe. Dokýmenty ı materıaly Tom 4. 1934 - 1936. Moskva ROSPEN 2002.

15.  Stranısy tragıcheskıh sýdeb: Sbornık vospomınanı jertv polıtıcheskıh repressı v SSSR v 1920–1950-e gg. / Otv. redaktor L.D. Degıtaeva. Otv. sost. E.M. Grıbanova. –Almaty: Jeti jarǵy, 2002. – 448 s.

16.  Golod v SSSR. 1929-1934: V 3 t. T. 1: 1929 – ıúl 1932: V 2kn. Kn. 1. – M.: MFD, 2011. – 656 s.

17.  Golod v SSSR. 1929-1934: V 3 t. T. 1: 1929 – ıúl 1932: V2 kn. Kn. 2. – M.: MFD, 2011. –560 s.

18.  Iz ıstorıı deportası. Kazahstan 1930-1935 gg. Sbornık dokýmentov.

/ Otv. redaktor V.N. Shepel. Otv. sostavıtelı – E.M. Grıbanova, A.S. Zýlkasheva.

– Almaty: LEM, 2012. – 772 s.

19.  Tragedıa kazahskogo aýla. 1928-1934: Sbornık dokýmentov. – Almaty: Rarıtet, 2013. T. 1.1928-aprel 1929. – 744 s.

Ж.С. ЖЫЛГЕЛДІ

Казахский гуманитарно- юридический инновационный университет

ИСТОЧНИКИ ИСТОРИИ КОЛЛЕКТИВИЗАЦИИ В 20-30 ЛЕТ ХХ ВЕКА

Аннотация

В статье рассматривается база данных о кампании коллективизации 20-30-х годов ХХ века. В частности, процесс и механизмы реализации этой кампании в восточном регионе Казахстана описаны на фактической основе. Основным источником политики конфискации и вытекающих из нее факторов, реализованных в рамках кампании по коллективизации, являются архивные документы и научные документальные коллекции. Воспоминания очевидцев и литературные воспоминания также имеют большое документальное значение для раскрытия сути проблемы. Проявления политики коллективизации в Восточном Казахстане изобилуют в документах республиканских и региональных архивов. В частности, региональные архивы Семея охватывают наиболее региональные особенности коллективизации. Поэтому документы, связанные с политическими процессами 20-30-х годов ХХ века, безусловно, требуют всестороннего источниковедческого изучения.

Ключевые слова: коллективизация, конфискация, советская власть, Восточный Казахстан, архивные документы, источниковедение, мемуары, голод, богатство, крестьянские хозяйства.

ZH. ZHYLGELDI

Kazakh state University of sanitary and legal innovation

SOURCES OF HISTORY OF COLLECTIVIZATION IN 20-30 YEARS OF THE XX CENTURY

The article discusses the database on the collectivization campaign of the 20-30s of the XX century. In particular, the process and mechanisms for implementing this campaign in the eastern region of Kazakhstan are described on a factual basis. The main source of the confiscation policy and the ensuing factors implemented as part of the collectivization campaign are archival documents and scientific documentary collections. Memoirs of eyewitnesses and literary memories are also of great documentary importance for revealing the essence of the problem. Manifestations of the policy of collectivization in East Kazakhstan abound in documents of republican and regional archives. In particular, the regional archives of Semey cover the most regional features of collectivization. Therefore, documents related to the political processes of the 20-30s of the twentieth century, of course, require a comprehensive source study.

Keywords: collectivization, confiscation, Soviet power, East Kazakhstan, archival documents, source studies, memoirs, hunger, wealth, peasant farms.


No comments

To leave comment you must enter or register