В работе представлены результаты полевых археологических исследований Сортобинского отряда Жанкентской археологической экспедиции на раннесредневековом городище Сортобе 1 в 2019 году. По предварительным результатам городище Сортобе 1 можно квалифицировать как один из огузских городов-крепостей, существовавших в VIII-IX вв. на нижнем течении Сырдарьи. Вместе с тем, результаты археологических исследований последних лет на раннесредневековых памятниках низовьев Сырдарьи, показывают, что эти города основали представители джетыасарской культуры. Аналогии, археологическим материалам и выявленным строительным конструкциям в ходе археологических раскопок на Сортобе 1, мы встречаем на памятниках восточной группы Джетыасарских городищ и в раннесредневековых поселениях хорезмского оазиса. Это дает возможность реконструировать раннесредневековые внутриродовые, общинные отношения племен, населявших низовья Сырдарьи, а также проследить переход родоплеменных усадебных домов в хорошо защищенные крепости-города.
Ключевые слова: археология, средневековье, огузы, городище, Низовья Сырдарьи, Приаралье, средневековое жилище
Великий Шелковый путь сыграл важнейшее значение в развитии человеческой цивилизации. В его развитии немалая роль принадлежала как Китаю, так и тюркоязычным народам. В настоящее время возникла необходимость интеграции усилий стран расположенный в зоне Великого Шелкового пути в различных сферах, включая социально-гуманитарную сферу. В статье рассматриваются различные аспекты сотрудничества Казахстана, Кыргызстана, Туркменистана и Узбекистана с Китайской Народной Республикой. Также анализируются такие аспекты проблемы как сотрудничество в сфере образования, культуры, науки и рассматриваются перспективы расширения контактов.
Ключевые слова: КНР, Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан, Узбекистан, социально-гуманитарная сфера, Один пояс - один путь.
Қоғамдық үрдістерде өзекті мәселеге айналып отырған этномәдени үрдістер әлеуметтік ғылымдардың негізгі объектісіне айналды. Бұл әр түрлі ғылыми бағыттарда бірегейлік ұғымын өзінше түсіндіруге алып келді. Соның ішінде этнология ғылымында бірегейліктің этномәдени категориясы бойынша зерттеулер жүргізу дәстүрге айналған. Алайда, этникалық топтар мен этностардың этникалық және этномәдени бірегейлік үрдістері тілдік факторсыз шешілмейтіні анық. Осы тұрғыда этникалық бірегейлікті сақтауда тілдің орының ерекше қарастырған жөн.
Мақалада қазіргі кездегі этникалық және этномдени бірегейліктің негізгі теориялары қарастырылған. Сонымен қатар, этникалық бірегейлікті сақтауда тілдің орны маңызды екені көтеріледі. Автор арнайы теориялық әдебиеттерді пайдаланған.
Кілт сөздер: этникалық бірегейлік, мәдениет, үрдіс, тіл, индивид, этникалық топ, билингвизм.
Мақалада көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, автономиялы Қазақ Республикасы Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы Меңдешев Сейітқали Меңдешұлының қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі талдауға алынады. С. Меңдешев – кеңес дәуіріндегі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан бірегей тұлға, қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіру жолында және кеңестік билік органдарын қазақтандыру жолында, қазақ ағарту және ғылым салаларының негізін қалауға ерен еңбек сіңірген қайраткер.
С. Меңдешев 1903-1916 жылдары Бөкей Ордасы қазақтарының арасында ағартушылық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қазақ оқығандарының астыртын ұйымына жетекшілік жасады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Хан Ордасында революциялық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып, Бөкей губерниясы қазақтарының І съезін ұйымдастырушылардың бірі болды. 1920 жылдан бастап 1925 жылға дейін қатарынан 4 рет ҚазОАК төрағасы болып сайланып, кеңестік қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосты. 1920-1921 ж. Қазақ даласында орын алған ашаршылық кезінде Аштыққа қарсы күрес комиссиясын ұйымдастырып, халықты аштықтан құтқару үшін еңбек сіңірді. Қазақ жерлерін бір республикаға біріктіру жолында үлкен еңбек атқарды. Мақалада С. Меңдешевтің өмірі мен қызметінің маңызда тұстары бұрын ғылыми айналымға тартылмаған архив құжаттары мен тың материалдар негізінде талдауға алынған.
Түйін сөздер: Меңдешев, Қазревком, Қазобком, Қазөлкеком, ашаршылық, топшылдық, меңдешевшілдік, жергіліктендіру, қазақтандыру, ұлт саясаты.
Мақаланың негізгі мақсаты, алғашқы түрік-ислам мемлекеті болған Қарахандардың Шығыс Түркістан аймағындағы мемлекеттермен орнатқан саяси қатынастарын ашып көрсету. Қарахан мемлекетінің батыс шекарасындағы көршілері Самани (Саманұл-дары), Ғазнауи, Селжұқ, Хорезмшах және Қарақытай мемлекеттерімен арасындағы құдандалық қатынастары, саяси одақтары және соғыстары жайлы деректер мен зерттеулер жеткілікті. Алайда, Қарахандардың шығыс көршілерімен болған саяси байланыстары жайлы ғылыми айналымға түскен зерттеулер саны әлде қайда аз. Қазіргі таңда осы тақырыпқа байланысты деректер мен олардың аудармаларының қолжетімділігі, бұл мәселенің толығырақ зерттелуіне үлкен мүмкіндік беруде.