Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Қ.Қ. РАХБАЕВ, саясаттану ғылымдарының магистрі, Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
ӘОЖ 726.2 – 1 ЖЕЛТАУ МЕШІТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ (ХІХ Ғ. ОРТАСЫ ХХ Ғ. БАСЫ)

Мақалада Арал-Каспий өңірінің тарихи мұрасы болып саналатын ХІХ ғ. ортасы мен ХХ ғ. басында бой көтерген мешіттердің тарихы қысқаша баяндалған. Желтау мешіттері тарихи жәдігерлер ретінде алғаш ғылыми айналымға тарихшы, профессор С.Е. Әжіғалидың жетекшілігімен жүргізілген экспедиция нәтижесінде хатталды. Желтау мешіттері көрсетілген уақыт аралығында қазақ халқының өмірінде жүрген елеулі өзгерістермен (ел арасында ислам дінінің кең тарай бастауы, көшпелі халықтың жартылай отырықшы салтты игере бастауы, күзгі қоныспен қыстау маршруттарының өзгеруі т.б.) тікелей байланысты тарихи жәдігерлер болып табылады. Түйін сөздер: Арал-Каспий аймағы, Үстірт, Жылыой, Серік Әжіғали, Желтау, мешіттер, діни-тұрғын кешендер, ишан, ахун.

Қ.С. МҰХИТОВ, т.ғ.к., Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің доценті Атырау қаласы, Қазақстан Республикасы E-mail: ocean_5@m
ӘОЖ 94(574) МАҚАТ-ӨЗЕН ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ САЛЫНУЫ

Маңғыстау өңірі өзінің географиялық орналасуы жағынан орталықтан оқшау жатқан аудан болатын. Сондықтан бұл өңірмен қатынасу ауыр болды. Орталық қалалармен қатынасу тек Каспий теңізі арқылы ғана жүзеге асты. Оның өзі де тек жаз айларында ғана еді. Ал өңірдің ішінде тек қана түйе көлігі пайдаланылды. Халықтың орналасуы да су көздеріне байланысты. Елуінші жылдардың екінші жартысында еліміз мұнай көздерін ашу үшін Маңғыстау түбегінде іздеу-барлау жұмыстарын жүргізе бастады. Нәтижесінде, 1961 жылы Жетібай мен Өзенде мұнай бұрқағы атқылады. Мамандар бұл өңірде мұнайдың мол қоры бар деген болжам жасады. Ендігі жерде осы өңірдегі мұнай көздеріне барлау-бұрғылау жұмыстарын одан әрі жүргізіп, өндірілген мұнайды орталыққа тасып алу қажеттілігі туды. Сол себепті темір жол салу керек деген шешімге келді. Үкімет бұл міндетті төрт жыл ішінде атқарып шықты. Мақалада осы теміржол құрылысының тарихы сөз болады. Түйін сөздер: Маңғыстау түбегі, Қайдақ, Маңғышлақ, Форт-Шевченко, Ақтау, Мақат, Гурьев, темір жол құрылысы, еңбек озаттары т.б.

Н. МАЖИҚЫЗЫ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс докторанты, Алматы қ., Қазақстан, e-mail: nurlihan80@mail.ru
ӘОЖ 94:39](574) ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНДАҒЫ ТЕРІ ӨҢДЕУ ӨНЕРІ

Мақалада автор мал шаруашылығымен айналысқан Қытай қазақтарының тері өңдеу өнерінің тіршілік қажеттілігінен туғандығын айта келіп, төрт түлік мал мен аң терілерінен күнделікті тұрмыста қолданылатын теріден оңделіп жасалған ыдыстардан (саба, мес, конқап т.б.) тартып, тұрмыста пайдаланатын бұйымдар, киетін бас киім, аяқ киімдеріне дейін теріден қалай өңделіп жасалатындығы жан-жақтылы баяндайды. Сонымен қатар, Қытай модернизациясы мен интеграциясының Қытай қазақтарының тері өңдеу өнеріне тигізген әсеріне де қысқаша тоқталады. Түйін сөздер: Қытай қазақтары, тері өңдеу, мал шаруашылығы, модернизация, интеграция

Қ. МҰХИТОВ, т.ғ.к., Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің доценті. Қазақстан, Атырау қ.
94(574) ҚАЗАҚ КҮРЕСІ: ӨТКЕНІ, БҮГІНІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Егемендік алған кезден бастап қайтадан даму алған ұлттық құндылықтың бірі-қазақ күресі еді. Бұл спорт түрімен әлемнің 60-қа жуық елдерінде айналысады. 2004 жылы Дүниежүзілік қазақша күрес федерациясы құрылды. Бүгінгі таңда 48 елде қазақша күрес федерациясы ресми тіркеліп, жұмыс жасауда. Осы уақыт ішінде 10 рет әлем чемпионаты мен 11 рет Азия чемпионаты және 3 рет Еуропа чемпионаты өткізілді. Сонымен қатар «Қазақстан барысы» мен «Еуразия барысы» сияқты жобалар жұмыс жасап жатыр. Бірақ бұл күресті өзіміздің ұлттық күрес етіп көрсету үшін алдымен оның тарихын қалпына келтіріп алуымыз керек. Тек сонда ғана бұл күрестің қазақтың төл спорты екендігі дәлелденеді. Түйін сөздер: Қазақ күресі, әлем чемпионаты, Азия чемпионаты, «Қазақстан барысы» т.б.

Н.С. Ахтаева, д.п.с.н, профессор, К.И. Парух, магистрант КазНУ им. аль-Фараби. г. Алматы, Казахстан.
УДК 159.9.072 ПСИХОЛОГИЧЕСКОЕ КОНСУЛЬТИРОВАНИЕ СПОРТСМЕНОВ В КРИЗИСНЫХ СИТУАЦИЯХ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СТАТИСТИЧЕСКОЙ ВЫКЛАДКИ ДАННЫХ В ПРОГР

В статье рассматриваются особенности психологического консультирования спортсменов в кризисных ситуациях, и особенности статистической обработки анализа эффективности психологических консультаций в SPSS – статистике. Ключевые слова: консультирование, психология, спорт, математическая статистика в психологии, SPSS – статистика.
Previous 1 ... 52 53 54 ... 200 Next