Андатпа. Бүгінгі танда Отандық тарих ғылымында халықтың полиэтникалық құрамының тарихи қалыптасуы мәселесіне қызығушылық байқалуда. Өйткені қазіргі уақытта Қазақстан халықтары, бүкіл посткеңестік кеңістіктегідей рухани жаңғыру мен дәстүрлі түп тамырларына оралуды бастан кешуде. Ұлттық бірегейлікті іздеу үрдістері Қазіргі әлемдегі жалпы тарихи және әлеуметтік-мәдени тенденция болып табылады. Ал тоталитарлық тәртіптін аса ауыр қылмыстарының бірі халықтардың этностық-әлеуметтік және аумақтық бірлігін күштеп жою болған. Сондықтанда мақалада ең алдымен, құғын сүргінге ұшыраған халықтарға қатысты жүргізілген репрессиялық шаралардың себептерін, негізгі үрдістерін, ауқымын, салдарын түсіну үшін сталиндік стереотиптерді ұғыну мақсатында мұрағаттық құжаттар мен материалдар негізінде зерделенеді. Депортацияға ұшыраған халықтардың еңбекке жұмылдырылуын, шаруашылық құрылымын зерттеу қатаң климаттық жағдайлар байқалатын шалғай аудандарда мемлекеттің қуатты индустриялық әлеуетін құруда арнайы қоныс аударушылардың рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы қоныс аударушы арнайы қоныс аударуына жағдай жасау жөніндегі мемлекеттік билік органдарының саясаты репрессияның механизмін және минезін анықтауда ерекше қызығушылық тудырады. Қарастырылып отырған мәселе өтті күрделі және қайшылықты саяси және идеологиялық жағдайлар әсерімен қиын қалыптасу жолынан өтті. Бұрын жасалған көптеген маңызды еңбектер қайта қарастыруларды талап етеді.
Аңдатпа. Бұл мақалада ХVIII ғ. ресейлік зерттеушілер мен академиялық экспедиция материалдарының негізінде Еуразия көшпелілерінің экологиялық ортаға бейімделуі мен этноэкологиялық дәстүрлерінің қалыптасуы туралы мәселелер қарастырылады.
Дала өркениетінің қайнар көзін зерттеу мен Еуразия далаларын мекендеген халықтардың табиғатпен байланысын қарастыру арқылы экологиялық ортаның қоғамға және оның өмірінің басты қырларына әсерін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мәселелерді арнайы этноэкология пәні зерттейді.
Адамзат қоғамы мен оның мекен етіп отырған ландшафты өзара тығыз байланысты екені белгілі. Бұл байланыс Еуразия далаларының көшпелілерінде өте айқын көрінеді. Сонымен бірге, көптеген зерттеушілер көшпелілердің экологиялық үйлесімділігіндегі тепе-теңдіктің бұзылып отыратындығын да атап көрсетеді. Соған сәйкес Еуразия халықтарының этноэкологиясын одан әрі тереңірек зерттеу оның тарихи дамуының кезеңдері мен ерекшеліктері жөнінде жаңа гипотезалар жасау үшін маңыздылығын атап өткен жөн.
Көшпелілер қоғамының өміршеңдігі мәселелерін жан-жақты зерттеу қазіргі Еуразия халықтарының ата-бабаларының өмірі мен қызметінің қырларын қалпына келтіруге, өткен, бүгінгі және болашақ ұрпақтар арасындағы байланыс орнатуға мүмкіндік аламыз.
Материалдарды талдау көрсеткендей, ХVIII ғ. ресейлік ғалымдардың еуразиялық далалық көшпелілер туралы зерттеулері олардың тарихы, географиясы, этнографиясы, далалық табиғи ортаны игеруі, этноэкологиясы, шаруашылығы бойынша деректер кешенін құрайды.
Аңдатпа. Мақалада Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қатынастардың сауда-тауар айналымы мен көлік қатынастары саласындағы даму деңгейі және қазіргі жеткен жетістіктері қарастырылған. Өзара ынтымақтастық қатынастардағы екі жақтың мүдделері анықталып, екі елдің де халықаралық қатынастардағы ұстанымдары мен Каспий теңізін ортақ пайдаланудағы мүдделерінің ұқсастығы негізделген. Екі мемлекеттің де түбі бір туыс түркі елдері екендігінің өзі өзара ынтымақтастықтың қажеттілігін көрсететіні туралы пайымдаулар жасаған. Зерттеу барысында авторлар екі мемлекеттің арасындағы ынтымақтастықтың дипломатиялық қатынастар пайда болғаннан осы уақытқа дейінгі даму үрдісін үш кезеңге бөліп зерттеуге болатынын көрсетіп, екі жақты байланыстарды осы кезеңдер арқылы қарастыруға болатыны туралы пайымдаулар жасаған. Осы тақырыптағы іргелі зерттеулердің аздығына қарамастан авторлар статистикалық көрсеткіштер мен деректер негізінде екі жақты қатынастардың осы уақытқа дейінгі табыстарына салыстырмалы түрде талдау жасап, жетістіктері мен осал тұстарын көрсетуге талпыныс жасаған. Бүгінгі күні Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қатынастарда аса күрделі мәселелердің жоқтығы және екі елдің арасындағы қатынастардың стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткендігі, бұдан былай да екі жақты қатынастарды одан әрі жетілдірудің қажеттігі негізделіп, одан әрі ынтымақтастықты белгілі бір салаларда дамыту қажеттігі қорытындыланған.
Мақалада белгілі археолог Гаяз Абдулвалиевич Кушаевтың өмірі мен қызметі қарастырылады. Г.А. Кушаев туралы зерттеулер археология ғылымында сирек кездеседі. Зерттеу жұмысында Г.А. Кушаевтың шәкірттері мен әріптестерінің естеліктері талданып, ғалымның бізге белгісіз қырларын ашуға тырыстық. Отандық археологияда жеке тұлғаларға қатысты зерттеулер кездескенімен, әлі де назардан тыс қалып келе жатқан ғалымдарымыздың бірі Г.А. Кушаев. Интервью тәсіліне негізделген зерттеу барысында Г.А. Кушаевпен бірге жұмыс жасаған және басқа салаларда еңбек етіп жүрген Т.З.Рысбеков, П.А. Давреев, Ф.А. Баюканский, С.И. Танабаева, Б.Б. Райымқұлов, М.Н. Сдыков, Х.Ж. Сүйіншалиев, Т.С. Жұмағанбетов секілді әріптестері мен шәкірттерінен құнды мәліметтер алынды. Автор ғалымның архив қорларында сақталған еңбектеріне шолу жасап, олардың құндылығына тоқталады.
Түйін сөздер: қазба, университеті, Г.А., Кушаев, Қазақстан, археологиясы, М.Өтемісов, атындағы, Батыс, Қазақстан, Мемлекеттік, жұмыстары, естеліктер
Аннотация. Изучение истории империй сохраняют свою актуальность. Исследователи пытаются определить общие тенденции формирования имперских государств, взаимоотношения центра и периферии, национально-этнические и конфессиональные проблемы, вопросы «имперского мышления» и т.д. При этом, часто поднимается вопрос о «феномене Российской империи», который заключается в способах образования и методах управления колониями. В статье анализируются работы, в которых исследователи приводят аргументы в пользу уникальности Российской империи, с точки зрения, «мягкой политики» экономической эксплуатации в отличие от других «классических империй». Для всестороннего понимания особенностей политики Российской империи по отношению к Казахстану необходимо, прежде всего, осмыслить современное состояние изучения общих проблем империи, её дефиниций и признаков, типологии, стадий становления, развития и распада. Важно понять, по какой логике, в рамках каких научных школ и методологий осмысливались империи, какой вклад в этот процесс внесли не только историки, но и философы, социологи, политологи и культурологи. Существуют различные школы изучения данной проблемы, которые анализируют закономерности образования империй, их расширения, расцвета, упадка и гибели. Однако общепринятого определения империи не сложилось. Тем не менее, в результате длительных дискуссий учёные более или менее едины в том, что империей является государственное образование достаточно большого размера, которое включает в себя в качестве составных частей территории и народы, присоединенных, как правило, военным путем и удерживаемых в рамках полного или частичного подчинения силой.