Мақалада деректанушы, шығыстанушы әрі қыпшақтанушы ғалым, қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Болат Ешмұхамедұлы Көмековтың Отандық деректану саласындағы қызметін қарастырылған. Академик Б. Көмеков Қазақстан тарихы ғылымында өзіндік өрнегі бар тұлғалардың бірі. Қазақстан және Орталық Азияның ортағасырлық тарихын, қыпшақтану, тарихи география және ІХ-XVII ғғ. араб, парсы және түркі жазба ескерткіштерін зерттеуші маман.
Бұл мақалада Б.Е. Көмековтің Қазақстан тарихының деректану саласындағы ғылыми зерттеулеріне тарихнамалық тұрғыдан талдау жасалды және ол еңбектерінің отандық тарих ғылымындағы маңызы көрсетілді. Ғалымның көпке сабақ боларлық өмір жолы бар, ғылымда өзіндік мектеп қалыптастырып, отандық тарих ғылымының бірқатар салаларының халықаралық деңгейге көтерілуіне зор еңбектер сіңірген. Сондықтан мақалада тұлғаның осынау дара жолын, әлі де жалғасын тауып келетін өзіндік мектептерін, ғылыми еңбектері мен соны пікірлері арқылы, қоғамға қозғау саларлық тың ойларын арнайы зерделей келе, қолда бар деректер негізінде тарихи баға беру мақсат етілген.
Аннотация. В настоящей статье предпринята попытка анализа некоторых идеологических архетипов исторической памяти Российской империи, воплощенных в том числе и в визуальных нарративах, а также предложены варианты объяснения некоторых социокультурных причин актуальности традиционных архетипов в модерной идеологии империи. Идеология государства является, в широком смысле этого слова, инструментом взаимодействия элит и широких масс и, несмотря на какие бы то ни было модерные целеполагания, вынуждена учитывать свою целевую аудиторию, для того, чтобы принимать формы ее мышления. В случае Российской империи, находившейся в процессе модернизации и реформирования различных сторон общественно-политической жизни, разнонаправленные интенции элит и формы социальной организации масс зачастую совпадали. В последующие периоды (XX – XXI вв.) культурное и идеологическое наследие империи было воспринято и актуализировано с помощью новых визуальных стратегий.
Аңдатпа. Бұл мақалада 1917-1918 жылдары Түркістанда өткен азамат соғысы кезінде орын алған саяси үрдістер мен оқиғалар және ондағы қазақ, жалпы түркістандық зиялы қауым өкілдері мен қайраткерлерінің атқарған рөлі мен орны зерттелген. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Түркістан өлкесінде Жетісу облысында Қазақ комитеттері, Сырдария облысында Қазақ-қырғыз кеңестері, одан бөлек Түркістан өлкесі ауқымындағы мұсылмандардың орталық кеңесі, Түркістан өлкесі Қазақ-қырғыздарының кеңесі, «Шуро-и-Ислам», «Шуро-и-улема», «Туран» секілді т.б. ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құрылғаны белгілі. Бұл ұйымдардың мүддесі ұлт-азаттық қозғалыспен үндесіп жатты. Сондай-ақ, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар өздерінің мақсатын жүзеге асыруда өзіндік ұстанымдармен дараланды. Кеңестік билік қару күшімен орнағаннан кейін бұл ұйымдарды заңнан тыс деп жариялап, олардың жетекшілерін қуғындау жолына түсті. Болшьшевиктердің мұндай әрекеті жергілікті зиялы қауым өкілдерінің «Ерік», «Түркістан ұлттық бірлігі» секілді т.б. ұйымдарды құрып, ұлттық мүддені қорғау жолындағы қозғалысын өрістетті. Міне, осындай жағдайдағы ұлттық қоғамдық саяси-ұйымдардың құрылуы мен қызметі кеңестік тарих ғылымында маркістік-лениндік методология тұрғысынан халық тілегіне қайшы келетін, ұлттық буржуазияның мүддесін қорғаушы ұйымдар ретінде бағаланып, объективті тұрғыдан зерттелінбеді.
Аңдатпа. Мақалада XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей империясының Орталық Азия территориясын игеруде тыңшылық қызметті пайдалануының маңыздылығы мен ерекшелігі қарастырылған. Сонымен қатар, Ресей империясындағы тыңшылық қызметтің рөлі мен құрылымдық дамуы, Орталық Азия аймағындағы тыңшылық қызмет жүргізудің ерекшеліктері туралы айтылады. Шетелдік зерттеулер негізінде Ресей империясы мен Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы, аймақтың геостратегиялық маңыздылығы талданады. Тыңшылық қызметі ежелден бері Ресей империясы сыртқысаяси ведомствалары мен әскери министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі болғандықтан, жаңа территорияларды игеру барысындағы барлау, саралау жұмыстары ерекше қабілетке ие тұлғаларға жүктеліп отырған. ХIХ ғ. басында әскери қимылдардың күшеюіне байланысты тыңшылық алдына жаңа міндеттер қойылып, жаңа күштер мен құралдар тартыла бастады. Тыңшылық қызметті басқару органдарының даму ерекшеліктері, басқару формалары мен тыңшылық қызметке пайдаланылған жансыздардың классификациясы сараланған. Онымен қоса XIX ғасырдың бірінші жартысында аймақта орын ала бастаған ағылшын-орыс бәскелестігі жағдайындағы тыңшылық қызметі сипатталады. Екі ел бәсекелестігі тұрғысында, өңірдегі Ресей империясының тыңшылық қызметті жолға қоюы мен дамытуы, басқаруы, тыңшыларды таңдау ерекшеліктері қарастырылады. Орынбор шекаралық комиссиясының тыңшылар қызметін басқарудағы және дайындаудағы рөлі талданған.
Аннотация. В статье даны предварительные результаты археологической разведки проведенных на территории горных массивов Кокентау и Семейтау относящиеся г. Семей Восточно-Казахстанской области. Административная территория города Семей является одним из слабо изученных районов Казахстана.
В ходе разведывательных работ на предмет наличия археологических памятников были осмотрены территории горы Кокентау, и центральная и восточная часть горы Семейтау в результатах которого было зафиксировано нами более пятидесяти археологических памятников разных исторических эпох, начиная от неолита до этнографической соврменности. Были определены границы некоторых археологических памятников. Был составлен топографический план 4 археологических комплексов. Проведенные исследовательские работы показали большие перспективы для дальнейших исследований в аспекты освоение социумов небольших территории в разные исторические периоды. Обозначены перспективные памятники для дальнейшего комплексного исследования.
Также, в ходе археологической разведки были выявлены факты незаконного металлопоиска и разрушения объектов историко-культурного наследия.