Бұл мақалада ортағасырларда тарих сахнасына көтерілген Қазақ хандығының көрші жатқан Мәуреннахрдағы Шайбанилер әулеті арасындағы туыстық байланыстары мен некелік қатынастарының тарихы жазба деректер мен тарихнамалық еңбектердің негізінде зерделенген. Әсіресе, Шыңғысханның ұрпақтарының туыстық байланыстары, екі әулет арасындағы бейбіт келісімдер мен некелік одақтардың маңызы, әскери одақтардың өзара тиімді некелік қатынастарға ұласуы, олардың өзара тиімді байланыстары қарастырылған.
Зерттеу мәселесі арнайы бұрын қарастырылмағандығымен өзекті болып табылады.
Кілт сөздер: хандық, тамыры, саяси, некелік байланыстар, туыстық қатынастар, дипломатия.
Бұл мақалада ортағасырларда тарих сахнасына көтерілген Қазақ хандығының көрші жатқан Мәуреннахрдағы Шайбанилер әулеті арасындағы сауда-экономикалық байланыстарының тарихы жазба деректер мен тарихнамалық еңбектердің негізінде зерделенген. Әсіресе, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы сауда қатынастары, олардың өзара тиімді байланыстары қарастырылған. Екі жақтың сауда қатынастары үшін Сыр бойындағы қалалардың маңызы көрсетіліп, ХVI ғасырдың басындағы екі жаққа да тиімді саудаға билеушілер тарапынан тыйым салудың бөгет бола алмайтындығы анықталды.
Кілт сөздер: мемлекеттілік, хандық, түп төркіні, саяси, халықаралық, байланыстар, дипломатия.

Бұл мақалада қытай дәстүрлі философиясы мен мәдени құндылықтарының, қытай экономикасының дамуындағы нақты орынын анықтадық. Қытайдың дәстүрлі мәдени құндылықтарының экономиканың дамуын шектеуі және дамуға оң әсері баяндалады. Сонымен қатар, жаһандану үрдісі әлемнің әртүрлі елдерінің іскерлік және тұтынушылық мәдениетіне ықпал жасайтынындығын талданды.
Бұл мақалада авторлар Еуропалық Одақ пен Қытай Халық Республикасы арасындағы 1998 жылдан бастау алған стратегиялық серіктестік мәселелерін қарастырады. Осы өткен уақыт аралығындағы бұл қатынастардың жүру барысы, түйінді мәселелері мен негізгі басымдылық бағыттары талқыланады.