Статья посвящена рассмотрению колесничных комплексов Казахстана, которые раскрывают высокую степень развития племен бронзового века. Развитость населения отражает погребальный обряд, верования народа, бытовые предметы. В работе показан процесс раскопок колесничных памятников Берлик и Сатан, также наскальные изображения колесниц. Колесничные комплексы широко известны в степной Евразии, как прогрессивная техника своего времени. Они были многофункциональны, использовались в виде транспорта передвижения, имели большое военное и религиозное значение.
Исследованием рассматриваемых памятников занимались как российские, так и отечественные археологи. В ходе изучения были охвачены материалы касающиеся колесниц бронзового века Казахстана. Археологические раскопки выявили особенности погребальных комплексов, такие как остатки колес от колесниц вместе с ободками и спицами, также найдены костяки как крупно рогатого скота, так и собаки. Это показывает хорошо развитое скотоводство и прирученность домашних животных, а также знания построения колесниц.
Колесничный комплекс рассматриваемый в статье датируется в пределах 3-2 тысячелетия до н.э.
Орталық Азия аймағында орнаған кеңестік билік жағдайында жергілікті түркі-мұсылман халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының ұйтқысы, егемендік идеясының жаршысы – 1919-1920 жылдары Түркістан республикасында қызмет атқарған Мұсылман Бюросы болды.
Мақалада Мұсылман Бюросының құрылуы мен 1919 жылғы көктем-жаз айларындағы қызметі тың мұрағат құжаттары негізінде жан-жақты зерттелініп, ғылыми талдауға алынған. Сондай-ақ Мәскеудің Түркістандағы ұлт саясаты, Мұсылман Бюросының егемендік жолындағы күресі, тарихи кезеңдегі күрделі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үрдістердің, ұлт-азаттық қозғалысының ішкі мәніне сараптама жасалынған.
Мақалада Талдықорған қаласы өңірінде б.з.д І мыңжылдықта тарих сахнасында айрықша орын алған ерте көшпелілер мәдениетінің маңызы мен ерекшеліктері жайында баяндалған. Автор ерте темір дәуірінің жерлеу-ғұрыптық кешендеріне тоқтала келіп, соның ішінде Дауылбай қорымында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының барысы мен нәтижелерін ұсынып отыр. Дәлірек айтқанда мақалада Дауылбай І қорымындағы №1, Дауылбай ІІ қорымындағы №1 обалардағы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарымен таныса келе, фото суреттер мен сызбалар арқылы толық мәлімет алуға болады. Сонымен қатар ғылыми жұмыста аталған қорымның толықтай, кешенді зерттеуді қажет ететіндігі және қандай себептерге байланысты екендігі айқындалып көрсетілген.
Ғылыми жұмыста белгілі орыс-совет ғалымы С.С. Черниковтің археологиялық зерттеулері ішінде Шілікті жазығындағы сақтардың ірілі-кішілі обаларын зерттеуі жайында баяндалған. Оның ішінде С.С. Черниковтің атқарған маңызды да мол еңбегінің сараптамасы жасалып және жаңаша көзқарастармен қоса сын сөздері де айтылмай қалмады. Нақтылай айтқанда мақалада жекелеген обалардың құрылысы, қазба барысы мен нәтижелері және Шілікті мәдениетінің пазырық мәдениетімен салыстырмалы сараптамалары, сонымен қатар Шілікті даласында табылған алтын және де басқа жәдігерлердің ерекшеліктері жайында сөз қозғалған. Осының бәрін айта келе жалпы «сақ-скиф» ұғымына байланысты әртүрлі көзқарастар келтірілген. Жалпы авторлар С.С.Черниковтің Шілікті жазығындағы ерте сақтардың ескерткіштерін зерттеуге қосқан үлесін жоғары бағалай келе, бұл материалдардың мерзімделуі, әшекей заттардың алғашқы үлгілерінің шыққан жері, т.б. мәселелерді мәденигенездік тұрғыдан қайта қарауға тура келетінін ескерген жөн екендігін еске салады.
Бұл мақалада ортағасырларда өмір сүрген атақты философ-ғалым Омар Хайям Нишапуридің өмірі мен артында қалдырған бай мұрасы зерделеніп, адамзаттың рухани дамуына, кемелденуіне өз үлесін қосып, әлемдік деңгейде танылған ғұламаның тағдыры өзі өмір сүрген кезеңнің тарихы контексінде тарихи жазба деректер мен тарихнамалық еңбектердің негізінде қарастырылады. Әсіресе, кеңестік кезеңде рубаяларымен танылған ақынның шын мәнінде ғылымға қосқан үлесі зерттеліп, нақыл сөздерінің мән-мағынасына талдау жасалынады.
Кілт сөздер: философия, ойшыл, рубаи, астрономия, Селжүк әулеті.