Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

ҚОЖАМЖАРОВА Д.П. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі
ӘОЖ 940.2 (574) ТҮРКІСТАН КОМИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ (1917 жыл)

Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкіметтің қаулысына сәйкес құрылған Түркістан комитеті өлкеде туындаған мәселелерді шешу үшін орталық билік атынан басқару міндеті жүктеледі. Түркістан комитетінің мүшелері қызметке кіріскен бойда Уақытша үкімет жариялаған ұлттар арасындағы теңдік, демократ, принциптердің сақталуы туралы және тағы басқа да қаулыларды жүзеге асыруды қолға алады. Түркістан комитетінің мүшелері Тынышбаев пен О.А.Шкапский Жетісу облысына барып, онда 1916 жылғы көтерілістен соң туындаған ауыртпалықтарды шешуге кіріседі.

З.С. ТОҚБЕРГЕНОВА, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, т.ғ.к.
ӘОЖ 940.2(574) УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Мақалада Ақпан төңкерісінен кейін Түркiстан өлкесiндегі ұлттық интеллигенция өкiлдерiнің саяси iс-әрекеттері, Сырдария облысының қалалары мен шет елдi мекендерiнде ұлттық, кәсiби және саяси белгiлерiне негiзделген саяси топтар мен қозғалыстардың пайда болуы және олардың ара қатынасы қарастырылады. Автор өлкедегi, әсiресе Ташкент қаласында құрылған жергiлiктi халықтардың ұлттық қозғалысын бейнелейтiн саяси ұйымдардың бағдарламалары мен нақтылы iс-әрекеттерiнде бiрлiк пен түсiнiстiк нашар болғанына тоқталады.

ТOҚБOЛАТ С.Т., Тараз мемлекеттiк педагoгикалық университетiнiң дoцентi, т.ғ.к.
ӘOЖ 940.2 (574) OҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ҚOҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ (ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГI)

Мақалада 1917 жылдың ақпан ревoлюциясынан кейiнгi Oңтүстiк Қазақстанда қалыптасқан қoғамдық-саяси ахуал және түркi-мұсылман қoғамдық-саяси ұйымдарының қызметi талдауға алынады. Патшалық Ресейдiң қoл астындағы Түркiстан өлкесiнiң түркi тiлдес мұсылман халықтары қалыптасқан саяси жағдайға байланысты азаттық жoлындағы күресiн жүргiзуде ұйымдарға бiрiгу жoлын таңдағын едi. Түркiстан өлкесiндегi жергiлiктi мұсылман халқының мүддесiн тұтастай қoрғауды көздеген ұйымдар көптеп құрылып, басқару жөнiнде дербестiкке жетудi көздедi. Бұл ұйымдардың жетекшiлiгiнде танымал ұлт зиялылары тұрды. Дегенмен көптеген ұйымдардың арасында oртақ бiрiктiрушi идеяның бoлмауы өлкеде тартысты жағдайлар туғызды. Құрылған қoғамдық-саяси ұйымдардың бағдарламалары, мүшелерi және Ресей билiгiмен қатынасы әрқилы бoлды.

Р.Е. Оразов, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, PhD докторант
ӘОЖ 323.31(574)(09) СЫЗДЫҚ СҰЛТАННЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Мақалада Сыздық сұлтанның өмірі мен қызметіне және оның Ресейдің отарлау саясатына қарсы күресі қарастырылған. Автордың пікірі мен тұжырымдары қазан төңкерісіне дейінгі орыс әскери зерттеушілері еңбектері мен Ахмет Кенесариннің қазақ тілінде жарық көрген еңбектеріндегі мәліметтер негізінде берілген. Сонымен қатар дерек көзі ретінде Қазақстан және Өзбекстан архитвтерінің құжаттары кеңінен пайдаланылған. Түйін сөздер: Сыздық, Ахмет, сұлтан, Ресей, хан, билік, отарлау, ұлт-азаттық күрес, қолбасшы, батыр

Н.Ө. Қоңырбаев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 1-курс докторанты
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ (Алтыбай болысы бойынша)

Аталған мақалада ұлт қайраткері Әлихан Бөкейханның Щербина экспедициясы (1897-1903 ж.ж.) кезіндегі Алтыбай болысы қазақтары туралы жазған этнографиялық еңбектері талданады. Онда Алтыбай болысы сол кездегі халықтырының географиялық оналасуы, тұрмыс тіршілігін зерттеуге алынып, сипатталған. Атап айтқанда, болыстардың орналасу тарихы, халықтың қыстаудан жайлауға көшуі, жайлаудан қайта қыстауға көшуі және шыңырау құдықтар туралы айтылады.