Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » Research works of  young scientists

Research works of  young scientists

Мақалада Түркістан облысы, Созақ ауданы территориясындағы Қарағанды облысы Ұлытау ауданымен шекаралас аймақтағы Бетпақдалада орналасқан Таңбалы жар есткерткішінің қазақ тарихында ерекше орын алатындығы көрсетіледі. Таңбалы жар есткерткішіне қатысты Ресейлік және Отандық ғалым-зерттеушілердің еңбектеріне талдаулар жүргізіле отырып таңбалардың этникалық тарихты зерттеудегі ролі анықталады. Таңбалытастағы ру таңбаларының ерекшеліктеріне сипатамалар жүргізіледі. Аталған таңбалардың көне оғыз дәуірлерінен бастап қазақ хандығы тұсындағы ру таңбаларымен жалғасатындығы айқындалады. Кілт сөздер: таңба, белгі, ру, нышан, дерек, аңыз.
Мақалада Сарыарқа даласының батыс аймағындағы фольклорлық мұралардың қазіргі сақталу деңгейі және осы құндылықтарымызды ұстанып отырған тікелей мұрагерлердің жағдайын ескере отырып, оларда сақталған ұлттық рухани құндылықтардың байырғы элементтерін жазып алу, сақтау, насихаттау жұмыстарын жүргізу көзделген. Қазақтың рухани музыкалық мұрасы өзінің өміршеңдік қасиетімен, тарихи маңызын сақтап және ауызекі түрде қалыптасып, әлемдік адамзат прогресіне өзіндік үлесін қосуда. Халқымыздың тұрмыс-салтына, адет-ғұрпына байланысты туған, Жоқтау, Сыңсу, Жар-жар, Аужар, Ән, Күй, Жыр, Терме, Жарапазан сияқты мұраларымыз ауызекі түрде таралып, ұлт мәдениетінің тарихын ұзартты. Елімізде осындай құндылықтар сақталған өңірдің бірі - Қарағанды облысы. Кілт сөздер: күйші, күйшілік өнер, рухани мұралар, Сарыарқа, Қарағанды облысы.
Мақалада көрнекті абайтанушы-ғалым Қайым Мұхамедхановтың Абай текстологиясын зерттеу жайы қарастырылады. Қайым Мұхамедхановтың Абай өлеңдерінің жинағын, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын, ұлы ақын шығармаларының текстологиясын зерттеу ісіндегі жаңа ізденістері баяндалады. Сонымен қатар, аталмыш мақалада қазақ әдебиетінде кенжелеп қалған текстология ғылымының қалыптасу, даму тарихы, теориялық-әдістемелік негіздері сөз болады. Қайым Мұхамедхановтың абайтанудағы ғылыми тұжырымдары мен пайымдаулары жайлы көрнекті қазақ ғалымдарының көзқарастары талданады. Сондай-ақ автор мақалада абайтанудың білгірі Қ.Мұхамедхановтың ұстазы, ғұлама ғалым М. Әуезовпен рухани жақындығы, ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасына назар аударады. М. Әуезовтің абайтану ғылымының іргетасын қалаудағы ұстаздық бағыт-бағдары мен мақсат-міндеттері және Қ. Мұхамедхановтың ғалымдық парасат-пайымы жан-жақты баяндалады. Кілт сөздер: Абай мұрасы, текстология, абайтану, автор, қолжазба, түпнұсқа, мәтін, қара сөз.
Автор бұл мақалада Абай текстологиясына кенінен тоқталады. Текстолог ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып М.О. Әуезов, Қ. Мұхамедханов және М. Мырзахметұлы зерттеулерін талдауға алады. Мақалада Абай шығармаларының текстологиясын зерттеудің тарихы қысқаша баяндалып, қазіргі абайтану ғылымындағы бұл мәселенің көкейкесті жақтарына жете көніл бөлінеді. Сонымен қатар қазақ мәтінтану ғылымының теориялық-әдістемелік мәселелері кеңірек сөз болады. Мәтінтану ғылымын зерттеуші отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, көрнекті зерттеушілердің ғылыми ой-пайымдаулары зерделенеді. Түйін сөздер: мәтінтану, мәтінгер, қолжазба, көшірме, түсіндірме, абайтану, шығарма.
In this article, the author describes the current religious situation in the countries of Central Asia. The author also considers the level of influence of Islamic countries like Iran on the religious situation in the region.
В статье рассмотрены истории изучения термина «чиновник» в исследованиях досоветского периода. Разные мнения дореволюционных авторов были сопоставлены друг другу. В советской историографии были анализированы изучения термина, особенно, было обращено внимание на восприятие «чиновника» у исследователей. А в современной части рассматриваемой проблемы определены взгляды как отечественных, так и зарубежных авторов по данной теме. В заключительной части автор на основе вышеприведенных фактов делает общий вывод по исследованию историю изучения термина «чиновник» в мировой гуманитарной науке. Ключевые слова: чин, чиновник, чиновничество, государственный служащий, государственный аппарат, должностное лицо, историография термина «чиновник».
In this article, the author describes the current religious situation in the countries of Central Asia. The author also considers the level of influence of Islamic countries, such as Iran, on the religious situation in the region. Keywords: Islam, religions, religion influence, spiritual relations, history of religions.