Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » Interdisciplinary studies

Interdisciplinary studies

Мақалада қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы қарастырылады. Тілді оқыту барысында пәннің базалық білім мазмұнына байланысты оқушының ойлау қабілетіне, білім мазмұнының дүниетанымдық сипатына, дара тұлғаның интеллектуал қасиетін дамытуға, тақырыпты меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдеріне көңіл аударылады. Бұл тұста оқулықта ұсынылған материалдың мазмұны мен құрылымы оқушының шығармашылық қабілетін өмірмен байланыстыра игеруге бағытталады. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілін оқытудың негізі XIX ғасырдан бастап қоғамдық-әлеуметтік басылымдарда ағартушылар тарапынан жан-жақты сөз болды. XX ғасырда ұлт зиялылары мен әйгілі ғалымдар тіл мәселесін тереңдете зерттеп, тілді меңгерудің басты нысандарын айқындады. Қазақ тілінің әдістемесіне байланысты жарық көрген оқулықтар, еңбектер тіл білімінің барлық салаларын қамтый келіп, қазақ тіл ғылымын теориялық, практикалық жағынан өрістетуге ықпал етті. Қазіргі қазақ тіл білімі көп салалы бағытты қамтиды. Уақыт тудырған соны ізденістер қанат жаюда. Осынау түрлі үдерістер төркінінен біз әркез дәстүр сабақтастығын іздейміз. Ол сабақтастықтың тамыры ертеректегі тілші ғалымдардың еңбектерінен бастау алады. Қазақ тілі де, қазақ тіл ғылымы да қазір қоғамдық орта мен замана қалыптастырып отырған әралуан сұраныстар айдынына, ғылыми зерттеулер кеңестігіне шығып отыр. Сұраныс та, зерттеу де тілді оқытуға қатысты ой-пікірлерді зерттеп-зерделеуді қажет етеді. Мақалада қазақ тіл білімінің салаларын оқытуға байланысты аса көрнекті тілші-ғалымдардың еңбектері мен қонцептуалды ойлары қарастырылады. Өткен ғасыр басы мен өткен ғасыр ортасындағы ұлт тілін алаңдатқан сауалдарды түгендей отырып, жаңа бағыттағы тіл салаларын оқыту әдістемесін дамыту – бүгінгі міндетіміз. Мақала Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылды (Грант №АР08855685).
В настоящей статье анализируется формульный стиль эпоса. Это традиционная устно-стилевая техника, теория Пэрри-Лорда. «Формульный стиль» хорошо изучен в науке. О наиболее ярких их достижениях зарубежных фольклористов мы скажем в этой статье. Основная цель статьи – анализ достижений казахских ученых, изучавших формульный стиль и язык эпоса. Особое внимание уделено устной традиции жырау XV-XVIII веков, исследованию их индивидуально-авторского своеобразия. Новизна и методологическая ценность статьи исходят из оценки вклада казахских ученых в устную теорию. В статье использованы сравнительно-исторический, историко-типологический, структурный и другие методы исследования. Практическая ее значимость исходит из важности комплексного метода анализа формульной стилистики и грамматики жырау для написания частотного «Поэтического Словаря» XV-XVIII веков». Теоретическая ценность статьи исходит из научного осознания роли поэтического языка казахских жырау XV-XVIII веков в истории тюркских литературных языков. Ценность обоснована и тем, что устное искусство казахских жырау составляет общее культурное наследие тюрок Крыма и Северного Кавказа. Это важно для реконструкции поэтического мышления, мифа, обряда и ритуала тюркских народов.
Мақалада 2014 жылы ортағасырлық Аспара қаласының орталық бөлігінің шығыс жағында (шахристан) К.М. Байпақовтың жетекшілігімен ОҚКАЭ-сы (мүшелері: Е.Ш. Ақымбек, М.С. Шагирбаев) жүргізілген қазба жұмыстарынан ашылған құрылыс орындарынан табылған остеологиялық материалдар қарастырылады. Көлемі 13х10 м қазба 0,5-1 м тереңдетілгенде астыңғы мәдени қабаттың үстіне салынған ХІV–ХV ғғ. жататын бөлме орындарынан жануарлардың сүйектері әртүрлі деңгейден, құрылыстың барлық жерінен анықталады. Остеологиялық материалдардың жалпы саны – 453 дана, оның ішінде 341 данасы нақты жануар түрлеріне қарай ажыратылады. 112 дана сүйектер сүтқоректілер класына тиесілі болғанымен, жануар түрі анықталмады. Сүйек материалдардың ішінде ит пен есек сүйегінен басқасы «ас үй қалдығы» болып табылады. Мұны сүйектердің 82% бөлшектенгенінен көруге болады. Бүтін сүйектерге тек көлемі кішкене, «куб» тәріздес қаңқа элементтері тиесілі. Зерттеу барысында 10 жануар түрі анықталып, олардың қаңқа элементтері мен жас ерекшеліктері сипатталып, жыныстық диморфизміне талдау жасалады. Қала тұрғындарының шаруашылығы мен тағам рационында төрт түлік мал кеңінен қолданылған. Оның ішінде уақ мал саны басымдық танытады. Жабайы жануарлар саны материалдардың ішінде 1% ғана құрайды. Үй жануарларын пайдаланудың негізгі мақсаты ет өнімін алумен байланысты. Мұны жануарлардың жас ерекшеліктеріне орай жүргізілген зерттеулер растайды. Сүт өнімін алуда ірі қарамен қатар, ешкіні де көбірек пайдаланған тәрізді. Остеометриялық зерттеулер Аспара қаласының тұрғындарының шаруашылығында ірі тұқымды жылқылар пайдаланғанын көрсетіп отыр.