Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz"

Electronic magazine "edu.e-history.kz" № 1(17), 2019

Мысыр мен Шам жеріне және мұсылмандардың қасиетті жерлері Хижазға үш ғасырға жуық билік жүргізген мәмлүк-қыпшақтары отандық ғалымдар тарапынан кешенді түрде зерттелмей отыр. Тіпті кейбір сұлтандардың тегі мен есімі де нақты анықталмай келген. Көптеген араб және Еуропа ғалымдары буржилер кезеңінде билікте болған мәмлүктерді адыгей-черкестерге жатқызып келген болатын. Бұл мақалада буржилер кезеңіндегі сұлтандардың адыгей-черкестерге еш қатысы жоқ екені, олардың қыпшақ даласынан барған шеркештер екені, екі кезеңдегі, яғни бахрилер мен буржилер кезеңіндегі мәмлүктер де қыпшақ тілінде сөйлегені жан-жақты дәлелденеді және қыпшақтардың әлем өркениетіне қосқан үлесі туралы тың мәліметтер беріледі. Кілт сөздер: мәмлүк, қыпшақ, бүржоғлы, шеркеш, мәмлүк қылышы, қыпшақ тілі, бахри, буржи
Мақалада XX ғacырдың 20-30 жылдaрындaғы өзгермелi қоғaм кезеңiндегi Қaзaқcтaн әйелдерiнің жағдайы және мәселелері қарастырылады. Кеңес өкіметінің әйелдерге қатысты жүргізген саясатын анықтай отырып, қазақ әйелдеріне кеңестік модернизацияның әсері анықталады. Сонымен қатар көрсетілген уақыт шеңберіндегі мерзімді басылымдардан Қaзaқcтaндaғы гендерлiк қaтынacтaрдың өзгеруi, большевиктер жобacының бaрыcындa отбacы мен қоғaмдaғы әйелдердiң мәртебеci мен лaуaзымының өзгеру дәрежеci cынды мәcелелер қaрacтырылaды. Қaрacтырылып отырғaн мәcеле ғылым үшiн өзектi болып тaбылaды. Cебебi, тaрихтың көлеңкеciнде қaлып келген қaзaқ әйелiнiң тaрихы кеңеcтiк модернизaция кезеңiнен кейiн қaншaлықты деңгейде өзгергенi ғылым үшiн маңызды. Қазақ әйелі тек қазақ отбасының ғана асыраушысы, анасы емес, қазақ әйелі – бүкіл ұлттың тәрбиешісі. Олай болса тоталитарлық жүйедегі қазақ әйелдерінің қоғамдық – саяси жұмысын зерттеу – тәуелсіз Қазақстанның негізін құрайтын ұрпақ тәрбиесінде қазақ әйелдерінің рөлінің зор екендігін танып-білуге мүмкіндік береді. Осы тақырыптың аясында 2017 жылы т.ғ.д., профессор Ж.Б. Кундакбаеваның «модернизация ранней советской эпохи в судьбах женщин Казахстана, 1920-1930 годы» атты ғылыми жобасында мерзімді баысылмдар мен жеке тектік қорларда зерттеу жұмыстарсын жүргіздім. Кеңес өкіметі тұсындағы негізгі жұмыстар маркстік-лениндік ілімге сүйеніп жүргізілгені белгілі. Ал оның ілімінің ғылыми тәсілі таптық тәсіл болғандықтан, мұндай тақырыптар туралы жазғанда ол тәсілден аттап кете алмаймыз. Солай бола тұрса да бұл мақалада кеңестік жүйенің кейбір істері қазақ әйелдерімен жұмыс жүргізгенде артық кеткен тұстары да болғанын көрсетуге тырысамыз. Кілт сөздер. кеңес өкіметі, гендерлік саясат, қазақ әйелі, теңдік, қалың малды жою, мерзімдік басылымдар, модернизация, әйел эманципациясы.
Мақалада «Тянь шань» атауының этимологиясы мен географиялық атау ретінде қалыптасу барысы сөз болады. «Тянь шань» атауының сонау ғұндар заманында да тәңір тауы деп аталғаны, «Тянь шань» сөзі ғұн және көне түркі тілдеріндегі «тәңір тауы» атауының қытай тіліндегі аудармасы екендігі, оны қытайлардың өзі XIX ғасырдың соңына дейін сол дыбыстық аудармамамен атап келгені нақты дәлелдермен сарапталады.
Мақалада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың ұлттық мәдени мұрамызды жаңғырту аясында жасаған еңбектері туралы баяндалады. Еліміздегі мәдени үдерістер кеңестік идеологияның қатаң бақылауында болды. Соған қарамастан, ұлжанды азамат Ілияс Омаров патша үкіметі тұсында, кейін Кеңестік билік дәуірінде орыс мәдениетінің тасасында қалып қойған, бірте – бірте ысырылып, халық жадынан өшіріліп, ұмытыла бастаған ұлттық мәдени мұраларымызды қайта жаңғыртуды қажет ететін тұстарына үнемі ғалымдардың, өнертанушылардың, қоғам қайраткерлерінің назарын аударып отырды.Қызметінен айырылу қаупі төнгенде де, жеке басына қауіп төнгенде де бұл ойы мен жоспарынан ешқашан бас тартқан емес. Мақалада аталған тұлғаның коммунистік держава саясаты салдарынан қазақ қоғамының рухани әлемі үлкен трансформацияға ұшырап, орыстандырылып бара жатқанына орайқазақ халқы ұрпағының рухсыздануға, мәдени ерекшеліктерімізден ажырауымызға қарсы тосқауыл болу үшін басқада зиялы қауым өкілдерімен бірге жолдарын жанталаса іздеуі тарихи дереккөздер негізінде айшықталады. Қорытындысында Ілияс Омаровтың атқарған қызметтері мен мақалаларына, ой – талғамдарына тереңірек үңіліп, жан-жақты дәйектеу арқылы оның социалистік идеология заманында өмір сүріп, сол тарихи кезеңге тән қоғамдық құбылыс болып табылатын тотальды (жойдасыз) жүйеде ұлтқа шапағатын тигізе аларлық іс жасағандығын, қазақ руханиатына қатысты мәселелерді ашық түрде батыл қоя білген және эвфемистік жолды да ұстанған деген тұжырым жасалады.
Конфуций институттары ХХІ ғасырда Қытайдың дүниежүзінде құрған институттары.Бұл ұлы гуманист ойшыл Конфуцийдің есімімен аталатын институттардыңнегізгіміндеті – дүниежүзіне қытай тілі мен дәстүрлі мәдениетін тарату еді. Алайда қазір оның атқарған қызметі мен жасаған ықпалы әлемді ойландырып отыр, тіпті түрлі күмәндар тудыруда. Мақалада Қытайдың Конфуций институттарының дүниежүзінде құрылу үдерісі, әсіресе, Орта Азия мемлекеттерінде ашылуы мен дамуы барысы және оның қызметінің кеңеюі мен ықпалының тереңдеуі қарастырылған. Конфуций институттарының Қытайдың мемлекеттік жобасы ретінде мемлекеттік қаржылық және техникалық қолдаумен ұтымды жұмыстар жасап отырғаны, оның қызмет бағытының Қытайдың халықаралық аренада қолданып отырған «жұмсақ күш» саясатын жүзеге асыруға және дипломатиялық міндеттер атқаруға бет алып бара жатқаны сараланады. Сонымен қатар, аталмыш институттардың жұмыс жүргізу әдістеріжәнеол институттарды қабылдаған елдер мен оқу орындарының көздеген мақсаттарына, Конфуций институттарының әлемге тез таралуы мен ықпалының жылдам тереңдеуіне және оның сын-қатерлерге ұшырауының басты себептеріне талдаулар жасалған. Түйін сөздер: Конфуций институттары, қытай тілі, мәдени ықпал, жұмсақ күш, сын-қатер.
Мақалада халқымыз үшін ардақты есімдердің бірі –Мұстафа Шоқай жайлы болады. Ол Түркістандық зиялылар арасында орыс демократиялық бірлікте патшалық билікке қарсы тәжірибесін ғылыми талдауға алып, аса қажет тұжырымдар жасаған бірден-бір қайраткер. Саналы өмірін жеке қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтардың бәріне бірдей қамқоршы болу жолындағы үлкен арпалыспен өткізген Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы сәттерінне дейін Қазақстан мен Түркістанның қоғамдық-саяси өмірін терең зерттеп, осы мәселелер жөнінде мол ғылыми-саяси еңбектер қалдырды. Мұстафа Шоқайдың саяси қызметінің де, халықаралық оқиғаларды зерделеуі мен ғылыми-публицистикалық ізденістерінің негізін тарихилық принциптері құрайды.
Китай уделяет большое внимание развитию регионального экономического сотрудничества в рамках Шанхайской организации сотрудничества (ШОС). Поэтому для минимизации тарифных и нетарифных барьеров, а также для содействия торговле и инвестициям в регионе члены ШОС ставят вопрос о создании зоны свободной торговли. Считается, что создание зоны свободной торговли будет стимулировать развитие экономики всех членов ШОС, повысит уровень занятости и благосостояние в регионе. Стороны по-прежнему обеспокоены возможным давлением китайских импортных товаров на их внутренние рынки. Однако следует признать, что существует вероятность того, что расширение ШОС Индией и Пакистаном окажет положительное влияние на предложение ШОС по свободной торговле, поскольку Пакистан и Индия имеют большую экономические мотивацию.
Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қоғам өмірін қайта құрудың большевиктік бағдарламасында халыққа білім беру ісіне, мәдениет пен ғылымның мәселелеріне айтарлықтай орын берілген. Билік басына келместен көп бұрын В.И. Ленин мен оның пікірлестері әрбір ұлттық мәдениетке екі мәдениеттің бұқара халық мәдениеті мен қанаушылардың, буржуазияның мәдениеті бар екенін, әдебиеттің партиялық болуға тиістігін, ал мектеп ісін ұлтына қарай бөлуге жол берілмейтін ашық түрде мәлімдейді. Ресейде мемлекеттік билікті басып алғаннан кейін, большевиктер өздерінің мәдени жобаларын жүзеге асыру үшін нақты мүмкіндік алды. Олар жаңа мәдениет құрылысының мазмұны мен бағытын ұлт аймақтарында да уысынан шығармады.
Previous 1 ... 3 4