Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz"

Electronic magazine "edu.e-history.kz" № 4(16), 2018

Мақалада «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми картасын ақпараттық қолдау, сондай-ақ оны одан әрі алға жылжыту мен жүзеге асыру, насихаттау жолдары қарастырылады. Сонымен қатар Жамбыл облысының мысалында Оңтүстік Қазақстан өңірінің этникалық құрамына да талдау жүргізіледі. Түйін сөздер: интерактивті карта, Қазақстан халқы, этникалық құрамы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы
В статье представлены научные подходы и концептуальные заключения по проблемам политической организации кочевых обществ и их взаимодействия с оседло-земледельческими народами, определение динамики и преемственности этнополитических и этнокультурных процессов посредством исторически сложившихся методологических принципов и теоретических построений. При этом особое значение имеет актуализация и экстраполяция предшествующего исторического опыта, что позволяет отметить адекватное место кочевой цивилизации во всемирно-исторических процессах как части мировой истории. Ключевые слова: научные парадигмы, структура, организация, власть, кочевое общество, цивилизация.
Таңбалар ежелден билік пен жеке меншіктің нышаны саналады. Таңбалардың маңызының ең артқан тұсы – құрамына көптеген ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктер енген ортағасырлық мемлекеттердің өмір сүрген уақыты. Олар таңбаларды әкімшілік-басқару, сыртқы саясат және басқа да мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру кезінде кеңінен қолданды. Ортағасырлық көшпелі халықтардың ең алдымен бәріне ортақ негізгі таңбалары және соны түрлендіру арқылы жасаған отбасылық және жеке таңбалар болды. Таңбалар қоғам мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын таныту үшін қойылды. Қазақтардың (және барша түркі түркі тілдес ұлттардың) этногенезін қалыптастырған бұл халықтардан бізге кең байтақ жер, аса бай тілмен қатар бойына ел тарихы үшін аса құнды ақпарат жасырған таңбалар мен белгілердің үлкен бір жүйесі мұраға қалды. Қазіргі археологиялық және этнографиялық далалық зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай таңба белгілер Қазақстанның барлық өңірлерінен, жартастардан, культтік-мемориалдық нысандардан, қыш ыдыстардан, теңгелерден, қару-жарақтар мен тұрмыстық бұйымдардан және т.б. табылуда. Бүгінгі таңда қазақ даласында орта ғасырларда өмір сүрген халықтардан қалған таңба белгілер бойынша көптеген құнды деректер жинақталып қалды. Олардың біразын зерттеушілер жеке-жеке ғылыми айналымға енгізіп те үлгерді. Дегенмен, олардың басын қосып, сұрыптап, жіктеп және деректану тұрғысынан талдау жасап, қордаланып қалған әдіснамалық мәселелерді шешуге қабілетті еңбек әлі де болса жарық көре қойған жоқ. Түйін сөздер. Таңба, белгі, орта ғасырлар, қазақ даласы, түркі халықтары, тайпалар, көшпелілер.
Мақалада автор қазақ қоғамындағы келіндердің алатын орны мен әдебін нақты сипаттаған. Қазақ келіндерінің этномәдени әдебі күнделікті өміріне кірді. Ғасырлар бойы көшпелі қоғамға тән бұл болды. Мұндай таңертең ізеттілік көрсетіп, ата-енесіне тізесін бүгіп сәлем салып, күнделікті жұмыстар – таңертең ерте шай қою, дастарқан жасап, шай беру, үй тазалау, тамақ әзірлеу, сиыр сауып, күбі пісу, мал жайғастыру, қонақ күту және т.б. шаруалармен айналысады. Күнделікті жұмыстарға өз уақытында үлгеру үшін ерте тұрып, кеш жатып шаруашылық түрі ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде негізделген біржақты қазақ асханасының ерекшеліктері ең алдымен ет және сүт пайдалану, сондай-ақ, тары сияқты астық өнімдерін пайдаланудан құрылды. Түйін сөздер: этикет, үлкен үй, қара шаңырақ, қайынене, ат тергеу, отағасы.
In this article, the author describes the current religious situation in the countries of Central Asia. The author also considers the level of influence of Islamic countries, such as Iran, on the religious situation in the region. Keywords: Islam, religions, religion influence, spiritual relations, history of religions.
Мақалада қазақ халқының көшпелі дәстүрі отаршыл империя және кеңестік социализм әсерінен қаншалықты өзгергені және русификация үрдісі қалай жүргеніне талдау жасалады. Мақаланың негізгі бөлігі шетел тарихшыларының көзқарасымен баяндалады. Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстандағы саяси өзгерістердің алғышарттарына назар аударылып, осы бағыттағы ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізіледі. Мақаланың хронологиялық шеңбері Қазақстанның Ресей бодандығына кірумен басталып, егемендік алу оқиғасымен шектеледі. Кілт сөздер: «индустрияландыру», «аграрлық революция», «отаршылдық», «интернационализм», «социализм», «ұжымдастыру», «егемендік».
Материал статьи позволяет судить о динамике учебника по истории Казахстана от классических учебников советского времени через учебники нового поколения и до интерактивных учебников нового поколения. Ключевые слова: учебник, ландаматика, структура учебников, традиционный учебник, модель учебника, современные технологии обучения
Шигабутдин Маржани (1818 – 1889) – татар халқының көрнекті тарихшысы. Ол патшалық Ресейдің отарлық саясаты қарқынды жүргізілген тұста өмір сүріп, өз соңында мол ғылыми мұра қалдырды. Бұл мұра сол тұста түркі тілдес халықтардың ұлттық қозғалысына серпін берді. Ш. Маржани Ұлы дала тарихына қатысты көптеген деректерді ғылыми айналымға тартқан. Осыған орай мақалада Ш. Маржани еңбектерінде Ұлы дала тарихы мәселелерінің көрініс табуы қарастырылған Кілт сөздер: Ұлы дала. Өркениет. Тарих. Дерек. Методология.