Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz"

Electronic magazine "edu.e-history.kz" № 1(05), 2016

Мақалада тарих ғылымының танымдық қарымын арттыратын методология жайы, ұлттық және ортақ түркі тарихын зерделеуге жаңа ұстанымдар қажеттілігі сөз болады. Автордың пайымдауынша, тарих қозғалысының тұғыр-тірегі жер, тіл, мемлекет, ал қозғаушы күштері халық, тұлға, билік болып табылады. Түркі әлемінің өткенін дәуірлеудің методологиялық өлшемдері мен нұсқасы дәйектелген. Түйін сөздер: халық, тұлға, билік, аумақ, тіл, мемлекет, методология, дәуір, табиғат, тәуелсіздік, жер, ғылым, бірлік, бірегейлік, заң.
В данной статье на основе материалов казахского фольклора, сведений средневековых восточных мусульманских историков, опубликованных русских архивных документов и соответствующей исследовательской литературы рассматриваются некоторые материалы по финансовой системе Казахского ханства. В заключении работы автор приходит к следующему выводу: в исторических источниках различного характера имеются материалы о сборе правителями Казахского ханства с подвластного населения налогов и различной подати, часть которых носила денежный характер, а также об использовании в ханстве денег как средства платежа. Доказательством монетарной политики казахских ханов являются выявленные исследователями монеты Тауекель-хана и Турсун-Мухаммед-хана. Тем самым можно говорить о наличии в Казахском ханстве некоторых элементов финансовой системы, важнейшего атрибута государства. Вместе с тем автор считат, что данная проблема требует дальнейших исследований с привлечением новых исторических источников и критическим анализом известных материалов.
Казахская юрта - традиционное жилище, существующее с древности, используется до настоящего времени. Юрта казахов своеобразный тип переносного жилища, характерный для насельников Великой степи. Юрта с оригинальным архитектурным решением, со сложным семантическим смыслом отражает уровень культурного развития тюрко-монгольских племен, их сложную идеологию. Неповторимость этого типа жилища, архитектуры, созданной из войлока и гибкого ивового прута, стала сегодня для каждого казаха емким символом Родины, древней культуры народа. Говоря о казахской юрте, можно с уверенностью сказать, что как жилище она была, не только точно рассчитана и продумана с учетом потребностей быта кочевников, а ее убранство отличалось орнаментальным изяществом декора, но и сам принцип построения юрты был отражением их взглядов на окружающий мир. Заслуживает большое внимание символика казахской юрты, раскрывающая духовно-культурные и научно-философский смысл юрты. Символизм кочевой культуры представлял собой философское отношение к миру и был нормой жизни. Не было разделения философии мира и быта, они были взаимосвязаны. Ряд казахстанских ученых А.Толеубаев, Н.Шаханова, М.Каракузова, Ж.Хасанов, Б.Ибраев и другие писали об отражении древней космической системы в конструкции юрты казахов.
Бұл мақалада авторлар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен қызметіне байланысты мәселелерді қарастырды, мысалы оның өмір жолдары, шығармашылығы, философиялық көзқарастары зерттеу нысанына айналды. Дәлірек айтқанда, Сайрам шаһарында дүние бесігін ашқан дара тұлғаның Арыстан баб, Хамадани сынды мәшһүр ғұламалардан білім алып, сол ілімді қоғамның рухани баюына шебер пайдалануы өзекті болып отыр. Дарындылығы мен еңбекқорлығының жемісі ретінде Ясауи Орта Азия мен Қазақ елінде исламды тарату мен кемелдендіруге сүбелі үлес қосты. «Диуани Хикмет» атты даналық жинағында өмірдің мәні мен маңызы, ақырет пен ақырзаман, исламның шариғи заңдары мен парыздары, Мұхаммед Мұстафа пайғамбарымыздың (Аллахтың оған сәлемі мен игілігі болсын) сүнет жолы және т.б. мәселелерді зерттеуге тырысты. Әрине, фәлсапалық сарында жазылған шығармалардың барлығына шынайы деп баға бере алмасақ та Құран-кәрімнің сүрелері мен аяттарын мысал ретінде қосып, жазылған еңбектің шынайылық деңгейі мен ғылыми құндылығын арттырған болатын.
САРЫАРҚАНЫҢ КӨНЕ КЕРУЕН ЖОЛДАРЫ – ТАРИХТЫҢ ҮНСІЗ КУӘГЕРЛЕРІ
Мақалада Сарыарқаның батыс аймағының көне керуен жолдары және олардың саяси және эконмикалық маңыздылығы қарастырылады. Ұлытау және Торғай даласының ХІХ ғасырда және ортағасырларда түйінді өлкелердің бірі болғаны жан-жақты деректермен көрсетіледі Керуен жолдарымен қатар, әмір Темір (Ақсақ Темір), Шибани Абдоллах секілді тарихи тұлғалардың осы даланы басып өткен жорық жолдары әлі күнге сақталған топонимикалық деректермен ұштастырыла беріледі. Сонымен қатар ХІІІ ғасырда француз королі Людовик VIII-нің елшісі Гильом де Рубруктың Моңғол бас ордасына сапарының бір бөлігінің осы Торғай-Ұлытау аймағымен өткені сөз болады. Аталған тарихи тұлғалардың жорық жолдары және көне керуен жолдары арнайы құрастырылып, картада ұсынылады. Түйін сөздер: Ортағасырлар, керуен жолдары, керуен, саудагер, саяхатшы, елші, кесене, мазар, дала, шөл.
Зерттеліп отырған кезеңде халық шаруашылығында негізгі экономикалық мәселелер қалпына келтіріліп, техникалық реконструкция жасалынып, бейбіт құрылысқа көшу жағдайында мемлекеттік билікті қорғау органдарын қайта ұйымдастыру жүргізілді. 1922 жылдың 6 ақпанында Бүкілресейлік төтенше комиссия (БТК) Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) болып қайта ұйымдастырылып, ол Ішкі істер халық комиссариаты құрамына енгізілді, Революциялық трибуналдар жойылып, МСБ –ның өзі тергеу органына айналды, ол контрреволюцияға қарсы күрес істері жөніндегі алдын ала тергеу органы болды. Істерді қарау мен үкімдер шығару сот мекемелерінің компетенциясына берілді. Кейіннен, мемлекеттік құрылыс тұрғысынан алғанда әсерлі орталықтандырылған аппарат құралып, жазалау органдары күшейтілді. Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) КСРО ОАК Президиумының 1923 жылдың 2 қарашасындағы Қаулысымен КСРО ХКК жанындағы Бірлескен мемлекеттік саяси басқармаға (БМСБ) атын ауыстырған еді. Жүргізілген әкімшілік-территориялық реформалардың нәтижесінде қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-не қайта қосылуынан кейін КСРО Халкомкеңесінің 1927 жылғы 5 маусымдағы № 33 Қаулысымен ҚазақАКСР –ы Ішкі Істер Халық Комиссариаты (ІІХК) ұйымдастырылды. Мақалада Оңтүстік Қазақстан өңірінде орын алған 20 – 30 – шы жылдардағы жаппай саяси қуғын – сүргін феноменінің әртүрлі қырлары нақты анықталған.
The Great Migration of peoples in the fourth-seventh centuries was started by the Hun movement from the depths of Central Asia to Europe. The Hunnish empire had an impact on the fate of European history in the process of transition to a new era, and the civilization of the middle Ages. The greatest territorial expansion of the Hun Empire in the West was under the leadership of Attila. Attila’s time left an indelible mark on world history. The main objective of this article is to study the Hun migration and the role of Attila in the Great Migration process. Research methods and the proof require the use of rare written sources in Latin, Greek, early German, and the Scandinavian languages. Data from archeology, ethnology, history and modern linguistics interdisciplinary research is especially widely used.
Мақалада 1916 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыстардың шығу төркіні соңғы жылдары ғылыми айналымға еніп жатқан материалдар негізінде сарапталады. Ұлт-азаттық қозғалыс төңірегіндегі кеңестік және егемендіктің алғашқы жылдарындағы зерттеулерге шолу жасай келе, автор әлі де болса, басы ашық мәселелердің барлығына назар аударады. Тұңғыш рет Түркістан мен Дала өлкелеріндегі азаттық қозғалыстардың жай-жапсары салыстырмалы түрде қарастырыла келе, өлкедегі патшалық жоғары лауазым иелерінің арасындағы жеке тартыстардың негізінде отарлық басқару жүйесінің дағдарысы және күйреу барысы көрсетіледі.
ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫ КОРЕЙ ЕЛІНДЕ АЯҚТАҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ
Автор Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қиыр Шығыс майданында аэродром қызметін қамсыздандыру батальонының құрамында жапон милитаристерінің Квантун армиясын талқандауға қатысып, кейін соғысты Солтүстік Кореяның Хедзио қаласында аяқтаған байланысшы қазақ қыздарының жауынгерлік өмір жолдарын тарихи құжаттар мен сурет деректер негізінде баяндай отырып, жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуде майдангер аналардың өнегелі өмірін үлгі етеді. Түйін сөздер: Ұлы Отан соғысы, Квантун армиясы, солтүстік Корея, азат ету, қазақ қыздары, капитулация, отансүйгіштік.
Бұл мақалада Түрік қағанаты кезеңіндегі түріктердің Ұлы далада орнатқан басқару жүйесінің ерекшеліктері сипатталған. Аталған мәселе Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер» және Н.Я.Бичуриннің еңбектеріндегі мәліметтер негізінде қарастырылады. Мақалада түріктердің қағанаттағы ішкі талас-тартыстарға тосқауыл жасау үшін жаңа басқару жүйесіне үлкен сенім артып, оны тиімді пайдалану жолдарын іздестіргені айқындалған. Мақаланың негізгі ерекшелігі – түріктік басқару басқару жүйесі сипаттала отырып, оның қолданылу барысы, жетістіктері мен олқылықтарының ашық көрсетілуінде. Түйін сөздер: түрік, Л.Н.Гумилев, қағанат, еншілік-таспиқтық жүйе, Мұқан қаған.