С.И. Сәкеннің «Едіге туралы жыр-аңыздар және тарихи шындық» атты мақаласында аталған тұлға жөніндегі фольклорлық туындылардың тарихилығы қарастырылған. Мақаланың жазылуына халық шығармаларының әртүрлі нұсқаларындағы кейіпкерге қатысты өмірбаяндық, тарихи оқиғалардың сәйкес келе бермеуі себеп болды. Оның үстіне кейінгі кезде онда бейнеленген қақтығыстарға қатысқан тұлғаларға берілген халықтық бағаның дұрыстығына күманданушылар да табылып отыр. Соны ескерген автор фольклорлық туындыларды тарихи дереккөздерімен салыстыра отырып өз пайымдауларын ортаға салуға талпынған. Соған орай еңбекте соңғы кезде жарық көрген еңбектер бұрынғы зерттеулермен салыстыра пайдаланылған. Мақалада Едіге туралы эпикалық шығармалардың барлығына аталған қайраткер мен Тоқтамыстың арасындағы арасындағы күрес тақырыбы арқау болуының себебі де ашып көрсетіледі. Бұл жұмыс бүгінгі күндері рухани мұраларымызды жаңаша зерделеудің өте қажет екенін ескерудің нәтижесі болып табылады.
Түйін сөздер: тарихилық, дереккөз, фольклор, жыр, аңыз, шындық, тұлға.
С.И. Сәкеннің «Ноғайлы дәуірі және қазақ эпосы» атты мақаласында Ноғайлы дәуірі туралы қазақ эпосының тарихилығы қарастырылған. Мақаланың жазылуына қазақ жырларының көпшілігінде Ноғайлы дәуірінің оқиғалары бейнеленуіне түсініспестікпен қарайтындардың кездесетіні себепші болған. Мақала авторы тарихи дереккөздеріне сүйене отырып Ноғайлы дәуірі оқиғаларының қазақ жеріне де тікелей қатысы бар екенін дәлелдеуге талпынған. Сондықтан еңбекте қазақ эпосы үлгілері мен тарихи деректерді мүмкіндігінше кеңінен салыстыру көзделген. Бұл жұмыста қазақтың көрнекті тарихшыларының, фольклортанушыларының, өзге елдердің белгілі ғалым-дарының еңбектері басшылыққа алынған. Дұрыс ой қорытындыларын жасауға әсіресе соңғы кезде жарық көрген тың материалдар көп септігін тигізді. Жұмыстың негізгі мақсаты – халқымыздың рухани мұрасы жөнінде жас ұрпақтың дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Қазіргі таңда қазақ диаспорасының мәселесі мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселердің бірі болып отыр. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді. Жұмыстың мақсаты Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихына тоқталып, олардың әлеуметтік, мәдени, демографиялық мәселелерін айқындау. Аталған мақсатқа жету барысында бұған дейін осы тақырып төңірегіндегі зерттеулерге шолу жасалып, ой түйінделеді (зерттеу тәсілі).
Мақалада Қаратау жотасындағы Сауысқандық, Шалабай, Сатайбұлақ, Тектұрмас, Таңбалы тас, Боралдай, Қарамұрын, Қоспа (Арыстанды) т.б. жартас суреттерінде кездесетін ортағасырлық кезеңге байланысты бейнелері мен таңбалары қарастырылады. Олардың хронологиялық шеңберлері көрсетіледі. Ортағасырлық бейнелердің мерзімдеу кезеңдеріне байланысты стильдік, мәнерлік бағыттарының қалыптасуын сабақтастық тұрғысында қарастырылып, оған дейінгі ерте кезеңдердің қосқан үлесін ашып көрсетуге назар аударылған. Жартас суреттеріндегі қару-жарақ түрі, көлік түрі, ат әбзелдері және саятшылық құру сияқты кейінгі этнографиялық кезеңмен үйлесім табатын көріністер де берілген. Ортағасырлық жартас суреттерінің стилистикалық ерекшеліктері мен ішкі семантика мәселелері қарастырылған.
Сондай-ақ петроглифтер арасында кездесетін көне түркі кезеңінің таңбаларына мен олардың таралған аймақтарына талдау жасалып отыр. Сонымен қатар аталмыш таңбалардың кейбір жазба деректердегі тікелей баламалырын келтіре отырып этникалық топтарға қатыстылығы мен мерзімдері жайлы деректер берілген.
Кілт сөздер: Қаратау, Сырдария, петроглиф, таңба, оғыз, көне түріктер, стиль, мұрагер, бейнелеу үрдісі.
Өмірінің соңында «Шежіре-и-түрк» (Түрік шежіресі) және «Шежире-и-таракиме» (Түрікмен шежіресі) атты өшпес тарихи шығармаларын қалдырған Абу-л-ғази Баһадүр ханның өмірі мен атқарған қоғамдық қызметін зерттеу жалғасын таба түсуі керек. Мақалада ХVІІ ғасырдағы Хиуа ханы, әйгілі тарихшы-шежіреші, Абу-л-ғазидің жүріп өткен жолы қалай болды, қандай қызметтер атқарды деген сұрақтарға жауап алуға талпыныс жасалады.
Жастайынан қайнаған саяси оқиғалардың куәсі болып өскен Абу-л-ғазидің билікке араласуын, шапқыншылықтарға қастысуын, Хиуа ханы атануына тоқталып өту осы мақаланың мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында бұған дейін осы тақырып төңірегіндегі зерттеулерге шолу жасалып, ой түйінделеді (зерттеу тәсілі). Ол кемеңгер саясаткер, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы және білімді адам ретінде бар әрекетін алдына қойған мақсатын орындауға арнады деген қорытынды жасалады.
Кілт сөздер: Абу-л-ғази, түрікмендер, шабуылдар, Хиуа, Қоқан, Бұқара, Үргеніш, Маңғышлақ, наймандар, ұйғырлар, қалмақтар, хан.