Аннотация. Мақалада авторлар ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан тарихының кеңестік тоталитарлық жүйе жүргізген төтенше саяси-шаруашылықтық науқандарының, қазақ қауымындағы ежелден қалыптасқан дәстүрлі шаруашылық пен нарықтық қатынасты күйретудің Сталиндік-Голощекиндік негіздерін талдай келе, «байлар мен кулактарды тап ретінде жою» саясатын ҚР ҚРОМА, ҚР ПА мұрағаттарындағы деректері мен құжаттары негізінде баяндайды.
Авторлар кеңестік Қазақстанның империялық билік кезіндегі «Байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты» - шаруа қауымының табиғатына қарсы бағытталған, адамгершіліктен жұрдай, қылмысты саясат. Сондықтанда оның зардаптарыда аса ауыр: ауыл шаруашылығындағы дәстүрлі мал шаруашылығын табиғи ерекшеліктерге сай тиімді ұйымдастыра алатын ең іскер, білікті шаруақор адамдардан айырып, дәстүрлі шаруашылықты біржола күйретуге әкелгендігін ғылыми негіздейді.
Аннотация
Мақалада ХХ ғасырдың басында Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы зор өзгерістермен қарастырылады. Патшалық езгіден босаған бұрынғы отар ел дамудың жаңа сатысына енді. Қазақ қоғамының барлық саласында шиеленіскен қайшылықтар байқала бастады. Сондықтан осы кездегі ең маңызды мәселе – Қазақстанда жүргізілген жер-су реформасы жан-жақты қарастырылады.
Кеңес үкіметінің ұлт аймақтардағы ең жауапты саясаты бұрынғы кезден шиеленісті түрде мұра болып қалған жер қатынастарын реттеу болып табылды.
Мақалада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жыл толуына орай 2001 жылы 2 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласында ашылған7 саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі мен оның бүгінгі тыныс тіршілігі қарастырлған. Саяси қуғын-сүргін құр¬бандарына арналған музей экспозициясының ерекшелігіне түсінік беріліген. Музейдің сыртқы келбетінің ерекшелігіне және ондағы залдарға қойылған экспонаттарға талдау жасалған. Музей ортасына қойылған «Репрессия» скульптрлық композициясының ерекшелігі көрсетілген. Экспозиция залында саяси қуғын сүргінге ұшыраған қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси күрескер, патриот, ғалым, киелі өнер иесі болған тарихи тұлғалардың портреттер галереясымен танысуға болады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып ашылған музей қазақ даласында әділеттікті қалпына келтірудегі және өткен ғасырдың саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдырудағы дәлелі болып табылады.
Кілт сөздер: музей, скульптура аштық, тарих, зұламат,саяси қуғын - сүргін
Мақалада 1940 жылдары Қазақстанға депортацияға ұшыраған халықтарды күштеп қоныстандырудың тарихы қаралады. Арнайы қоныстандырылған ұлттар мен халықтардың құрамы, республиканың халық шаруашылығына тартылуы, жергілікті әкімшілік органдарының арнайы қоныстанушылар арасында жүргізген әлеуметтік саясаты және олардың жергілікті халықпен арадағы қарым-қатынасы талданады.
Депортацияға ұшыраған ұлт пен ұлыстардың басым бөлігі Қазақстанға қоныстандырылған. Олар қазақ халқынан қамқорлық көріп, өз тағдырларын мәңгілікке қазақ жерімен байланыстырды.
Бұл мақалада Ақмола облысы мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының Ерейментау ауданының археологиялық ескерткіштерін анықтау мақсатындағы жүргізілген экспедицияның қорытындылары берілген. Мақалада Ерейментау ауданында орналасқан мәдени ескерткіштердің атаулары және олар туралы қысқаша сипаттама кездеседі. Экпедиция нәтижесінде, сол аймақтың әр кезеңдегі тарихын сипаттайтын 70-тен аса жаңа археологиялық объектілер анықталды.
Түйін сөздер: археология, экпедиция, Ерейментау ауданы, ескерткіштер, барлау жұмыстары.