Яндекс.Метрика
Главная » Материалы » ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙІ

Қозғамбаева Г. Б., Бейсегулова А.Қ.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙІ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 4(08)

Автор:
Мақалада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жыл толуына орай 2001 жылы 2 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласында ашылған7 саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі мен оның бүгінгі тыныс тіршілігі қарастырлған. Саяси қуғын-сүргін құр¬бандарына арналған музей экспозициясының ерекшелігіне түсінік беріліген. Музейдің сыртқы келбетінің ерекшелігіне және ондағы залдарға қойылған экспонаттарға талдау жасалған. Музей ортасына қойылған «Репрессия» скульптрлық композициясының ерекшелігі көрсетілген. Экспозиция залында саяси қуғын сүргінге ұшыраған қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси күрескер, патриот, ғалым, киелі өнер иесі болған тарихи тұлғалардың портреттер галереясымен танысуға болады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып ашылған музей қазақ даласында әділеттікті қалпына келтірудегі және өткен ғасырдың саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдырудағы дәлелі болып табылады. Кілт сөздер: музей, скульптура аштық, тарих, зұламат,саяси қуғын - сүргін
Содержание:

Тәуелсіздікке дейін Қазақстан аумағындағы музейлер, яғни 1990 жылы ҚазақССР-нің небәрі 96 музейі ғана Статистика агенттігіне есеп берді. Сол кезде музейлердің жеті түрі бар еді. Тарихи-революциялық -12, мемориалдық-21, өлкетану-41, жаратылыстану-2, өнертану -11, әдеби -3, салалық - 6, ауылдық жердегі музейлер -21. Жоғарыда аталған 96 музейдің  жыл бойына келушілерді 81-і қабылдап, оның 15-і атап айтқанда: мемориалдық-3, өлкетану -6, өнертану-3, әдеби -1, салалық-2 музей уақытша жабық болған [1, 139-140б.б.]. Қазақстанда 2000 жылдардың басында республикалық маңызы бар музейлер 13, мекемелік музейлер 5, облыстық музейлер 25, қалалық музейлер 31, аудандық музейлер 47, қорық музейлер 7 болған. Қазіргі қоғамдық өзгерістерге байланысты музейлерге сұраныс өсуде. Бүгінгі таңда Қазақстанның шамамен  200-ге жуық музейлерінің коллекциялар қорын 2,5 миллионнан астам заттай деректер құрайды [2, 3б.]. Музейлер жыл сайын орта есеппен 20 мыңнан аса көрмелер өткізіп, лекциялар ұйымдастырады және 2 миллион көрермендерді қабылдайды [3, С.13].

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтарға қарамастан біраз музейлер күрделі жөндеуден өткізіліп, бірнешеуі бой көтерді. Республикада көлемінде музей ісі мен оның өркендеуіне байланысты өткен бірқатар семинарларда музейлердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай еместігі және тағы басқадай өзекті мәселелері көтерілді.

Қазақстан Республикасының 1996 жыл 24 желтоқсанда қабылданған «Мәдениет туралы» заңының 24 бабында «Қазақстан Республикасында түрлі профилді және жеке меншік музейлері жұмыс жасауда. Музейлер рухани және материалдық мәдениеттің ескерткіштерін зерттеуге, есепке алуға және сақтауға арналған. Музей жәдігерлерін мемлекеттік музейлерден жеке меншікке беруге жол берілмейді. Мемлекеттік музейлер тарихи, ғылыми және мәдени құндылығы бар заттар мен объектілерді иеленуге құқылы. Мәдениет мекемесінің келісіміне және музей басшылығының (құрылтайшының) бекіту тәртібіне сәйкес музейлердің барлығы ғылыми жұмыспен, келушілерге қызмет етеді, әрі тегін қызмет етуі мүмкін» делінген [4].

Музей ерекшелігі – оның қызметінің негізгі табиғаты материалдық және рухани өмірдің ескерткіштері болуымен анықталады. Музейлік заттар -табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі процестер мен оқиғалардың, құбылыстардың түп нұсқалық айғақтық жәдігерлері. Заттың музейлік маңызы әлеуметтік, ғылыми, мәдени, тарихи құндылығымен бағаланады. Бұл халықты «тарих арқылы тәрбиелеу», жастарды өткен замандар мен қазіргі кезеңнің мәдени құндылықтарына назар аударуға, солардан рухани нәр алуға бағытталған мақсатты жұмыстардың бір саласы болуы тиіс [5, 139-140б.б.].Бүгінде Қазақстан музейлері әлемдік музейлер тәжірибесінен өткен жалпыға тән музей қызметінің негізін басшылыққа алып жұмыс жүргізуде. Әсіресе, ұлттық, мәдени, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін танып білуде маңызы зор. Музейлер жүйесі ұзақ тарихи кезеңдер арқылы қалыптасады. Әрбір музей ғылыми пәндердің, өнердің саласына қарай жүйеленеді. Музейлер негізгі профилі жағынан бірнеше топтарға: тарихи музейлер, көркем өнер музейі, табиғи жаратылыстану музейі, техникалық музей, әдеби музейі және комплексті музейлер болып бөлінеді[6,15б.].

Жаңадан ашылып жатқан музейлердің мазмұндық деңгейі мен құрылымдық жүйесі өзгеше. Оларға музейлендірілген ашық аспан аясындағы қорық-музейлер, экомузейлер,  Президент музейі, қоғамдық немесе антропологиялық музейлер, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейлер жатады. Кеңестік дәуірде  тоталитаризмнің жүргізген ең ауыр шарасы - саяси репрессиялар, ол тоталитарлық жүйенің ұлттық сана - сезімді тікелей жоюға арнаған бағыты болды.  Кеңес үкіметіне қарсы күштерді талқандау бірте-бірте тұтас әлеуметтік топтарды, интеллигенцияны, халықтың бетке ұстар азаматтарының соңына шырақ алып түсуге әкелді. Ұлттық саяси элитаны қудалаумен қатар, оның соңынан ерген, идеясына қалтықысыз сенген қарапайым адамдар да еш кінәсіз алдымен «қызыл террордың», кейін жаппай аштық репрессиялардың талқысына ұшырады. Кеңес өкіметінің алғашқы жиырма жылында-ақ халқымыздың төрт миллионға жуығының (1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының қорытындысы мәліметтері бойынша есептелді) мемлекет тарапынан жасалған әртүрлі эксперименттердің құрбанына айналып, қырылуы зор қасірет еді[7, 72-83бб.].

Қазақстан аумағы жаппай қуғын-сүргінге ұшырағандар мен жер аударылған әлеуметтік топтар мен «сенімсіз» халықтардың көшірілу нысанына айналды.Бұл қасіреті қазақ халқының тарихында  мәңгі қалатыны даусыз. Өйткені саяси репрессияның салдарынан қаншама жазықсыз азаматтар «халық жауы» деген атпен атылып, олардың отбасы ойран болды. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік-тоталитарлық идеология үстемдік құрып тұрған кезде, бұл тақырып зерттелгенімен де оның төңірегіндегі ақтаңдақтар толық ашылмағаны бәрімізге мәлім.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі түбегейлі өзгерістер қоғамда мүлдем жаңа жағдайды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы тұмшаланған ақиқат ашылып, шынайы тарихи зердені біртіндеп қалыптастыру жүзеге асырылуда. Саяси қуғын сүргінгі ұшыраған қазақ зиялылыры мен сол тақырып төңірегіндегі ақтаңдақтарға тарихи  шындық тұрғыдан  зерттеулер  жүргізілуде.

1993 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы»  заңға қол қойды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылды- «Жаппай ұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» - деп, жариялау туралы Жарлығы шықты. Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау тек Қазақстанның өз тәуелсіздігі мен егемендігін алғаннан соң мүмкін болды. Сондықтан саяси қуғын-сүргін құрбандары мен  ел бостандығы мен гүлденуі  жолында құрбан болған қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдерін, тарихи тұлғаларды ардақтау, олардың  есімдерін халық есінде  мәңгі қалдыру мақсатында республикамызда саяси қуғын –сүргін музейлері құрылды[8, С.266-268]. Аталмыш мақсатта Қарағанды облысында, Ақмола облысында және Оңтүстік Қазақстан облысынд саяси қуғын –сүргін құрбандарының музейлері құрылды. Біз жоғарыда көрсетілген музейлердің ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында ашылған саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі мен оның бүгінгі тыныс тіршілігін қарастырамыз. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жыл толуына орай 2001 жылы 2 қарашада Шымкент қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі ашылды[9, 3б.]. Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау тек Қазақстанның өз тәуелсіздігі мен егемендігін алғаннан соң мүмкін болды.

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін қазақ халқының тарихында  қасіретімен мәңгі қалатыны даусыз. Кеңес өкіметі құрылған алғашқы жылдарынан бастап қазақ даласында жаңа тұрпатты мемлекет құруға қадам жасады. Ал оның жемісті дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерілеуіне барынша ат салысқан қазақ зиялылары, қоғам қайраткерлері сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді. Оларға «буржуазияшыл», «ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, жер аударылды. Сол қанды да қасіретті зұлматқа келесі жылы 80 жыл болады. Осындай ауыр қасіреттің, нәубеттің тарихын, маңызын білмей, тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, құндылығын түсіне алмаймыз. Қазақтың басына түскен қаралы да қасіретті тарихын халыққа жеткізуде  Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргін құр­бандарына арналған музей экспозициясының орны ерекше.Музейдің сыртқы келбеті сәулеттік дизайнмен ерекше салынып, қызыл, қара, сұр түспен боялған. Музейдің ішкі залы киіз үйдің бейнесін береді, ал сыртқы көрінісі аспаннан түскен найзағайды бейнелейді. Сұр түс НКВД-нің шинелін, яғни киімін меңзесе, қызыл түс-жазықсыз төгілген қанды, қара түс еліміздің басына түскен нәбует-қара күнді еске түсіреді. Музейдің екі залы бар, бірі:экспозициялық зал ал келесісі екінші қабатта орналасқан «Тағзым» залы. Музей экспозициясының түп қазығы «Репрессия» деп аталатын синтездік формадағы мүсіндер композициясы болып табылады. «Репрессия» деп, аталатын скульптура ешкімді де бей-жай қалдырмайды. Көзіңе жас алдыратын, кеудесін халық үні кернеген, тоталитарлық жүйеге қарсы, оққа кеудесін тосқан «Алаш» азаматтары, олардың аяғына оралып: «кетпеші, көке» деп, жылаған жас бүлдіршіндердің аяулы халі шындығында да аяныш туғызады[9,4б.].

Шымкенттегі саяси қуғын – сүргін құрбандарының музейі тарихымызбен етене байланысы бар мекеме, сондықтан мұнда  қаңқұйлы  жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдері, қазақ зиялыларының демократиялық мәндегі еңбектері мен ұлттың мәдени құндылықтарымен толық танысуға негіз бар.

Музей экспозициясының орталығында Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандары:Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Шоқай, Т. Рысқұлов, М. Тынышпаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Қожанов,Н.Төреқұлов, С.Мендешев, С.Садуақасов, С.Сейфуллин, І.Жансүгүров, Б.Майлин, С.Асфендияров, Т.Жүргенов, О.Жандосов, Ш.Құдайбердиев, Қ.Жұбанов сынды тұлғаларға арналған портреттерден құралған галерея орналасқан. Портеретер голереясындағы тұлғалар ХХ ғасырдың басында бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты өркениеттің төріне сүйреген, олардың басты қасиеті жан-жақты «сегіз қырлы, бір сырлы» болған. Саяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы-халқымыздың маңдай алды қаймақтары болғандығының айғағы. Саяси қуғын сүргін құрбандарының музейі –ХХ ғасырда бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты өркениеттің өріне сүйреген қазақ зиялылары- тарихи тұлғалар болған саяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі азаматтарының тоталитарлық идеология тұрғысынан «халық жауы» деген жасанды жаламен жойылған қазақтың ұлттық кәсіби саяси элитасының өмірі мен қызметі жайында мәлімет береді. Себебі, музей қойылымдарына орналасқан әрбір мұраның астарында сол жеке мұра тарихы ғана емес, осыған байланысты оқиғалардың ізі, тарихы жатыр. Өткен ғасыр басында қалыптасқан қазақтың ұлттық кәсіби саяси элитасы «халық жауы» деген жасанды жаламен жойылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазды: «Қазақ халқының кейбір данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында тұншықты, ұлттың амандығы үшін олар тарихтың тәлкегіне көнуге мәжбүр болды»[10,187б.].

Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған музейдегі  қазақ  зиялылары мен олардан қалған мұралар жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі маңызы мен мәні ерекше екенінде дау жоқ. Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіндегі саяси репрессияға ұшыраған қоғам қайраткерлері, қазақ зиялыларының қоғамдағы орны мен рөліне, олардың еңбектеріне тарихи тұрғыдан талдау жасау,қазақ зиялыларының педагогикалық идеялары арқылы жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, өз елінің тарихын құрметтеуге, елжандылық қасиеттерін қалыптастыруда септігі мол болып табылады.

Музейдің басты атрибуттары – Голощекиндік «Кіші қазан» саясатының дүмпуі, яғни байларды тап ретінде жою, мал-мүлкін тәркілеу арқылы қазақ халқын қолдан ұйымдастырған айтулы жұтқа әкеліп тіреу; шаруаларды күштеп ұжымдастыру, бай-батырақтарды жер аудару, өзге ұлт өкілдерін тоғытып әкеліп Қазақстан жеріне қоныстандыру; 1935-38-жылдардағы қазақ зиялыларын қуғын-сүргінге салып, атып-азаптап өлтіру; ең соңғы саяси қуғындау – 1986-жылғы желтоқсан көтерілісімен, ондағы саналы жастар қозғалысымен аяқталатындығы. Осы атрибуттардың астарындағы қазақ тарихының ақтаңдақтарына қысқаша тоқталатын болсақ, Қазақстанда 1926-1933 жылдарда Голощекиннің «Кіші қазан» бағыты жүзеге асырылды. Оның мәнісі: ұжымдастырамын деп малын, жерін, дүние-мүлкін тәркілеген соң қудалау, жер аудару, соттау, ату т.б. болды. Қазақ даласында «киіз үйден қала орнату» саясаты жетті. Қазақ халқына ойына келгенін істеп, тағдырын тәлкек етті. Бұл саясат жергілікті халыққа қарсы жасаған, азап әкелген, соңы зұлматқа ұласқан әртүрлі науқандар арқылы жүргізілді. Оның  ауыр салдарынан ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі шаруашылықты, қазақ халқының байырғы тұрыс-тіршілігін өзгерту мәселесі тұрды. Көшпелі қожалықтарды отырықшыландыру,ұжымдастыру, қолдарындағы малдарын қоғамдастыру болды. Орталықтың жүргізген әкімшілік-әміршілдік саясаты барлық малынан айырылған қазақ халықын ашаршылыққа ұшыратты. Тоталитарлық жүйе тұсында Қазақстанның өнер-білім саласы орталықтың саясаты мен идеологиясына сай деңгейде дамытылды. Қатаң бақылауда болғаны өз алдына, үздіксіз қуғын-сүргіне ұшырап отырды. Кеңестік дәуірде ғана қазақ мәдениеті қуғын-сүргіннің дүркін төрт толқынын бастан кешті: 1. 1929-1932 жылдары алаш зиялылары түрмеге қамалды, сотталды, атылды; 2. 1937-1938 жылдары «халық жауларын» жою науқаны өтті;3.19461953 жылдары «буржуазиялық ұлтшылдар», космополиттер жазаланды; 4.1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен кейін қазақ «ұлтшылдығын» тезге салу қолға алынды[11,37б.].

1.  Қазақ зиялыларының тағдырына ауыр соққылар, тоталитаризмнің кешірілмес қылмыстары Голощекиннің 1925 жылы өлкелік партия комитетіне келуімен басталды. Артынша ол Алаш қозғалысының басшыларына қарсы күресті қолға алып, 1929-1931 жылдары ұлт зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратқан репрессияның бірінші толқынын ұйымдастырса,1932 жылы қолдан ұйымдастырған аштықпен халықтың жартысын қырып жіберуге қол жеткізді. Әмірші-әкімшіл жүйенің барша мәнді белгілері-саяси куғын-сүргін, шаруаны меншіктен ажырату, еш кінәсі жоқ адамдардың өмірін қию, ұлттық мәдени құндылықтарын аяқ асты қалдыру, бір адамның шексіз билігін орнату, тағы басқалар Голощекин басқарған жылдары Қазақстан үшін қалыпты тәртіпке айналады. 1930 жылғы 19 ақпанда БК (б) П Орталық Комитеті Қазақстанда «Қуатты шаруалар мен байларға қарсы күрес жүргізу туралы» шешім қабылдады[12.87б.]. 87 Қозыбаев М. Ақтаңдықтар ақиқаты.-Алматы: Қазақ университеті,-1992.-2 б. Осы шешім негізінде Қазақстан аумағында қуатты шаруа және байларға қарсы күрес науқаны басталды. Күштеп зорлықпен ұжымдастыруға жергілікті халық қарсылық көрсетті. Сондай шаруалардың ірі көтерілісі Оңтүстік Өңірінде болған Созақ көтерілісі болды.Көтеріліске қатысты құжаттар көшірмесі.еңбектер, естеліктер,фото суреттер музейдің экспозиция залына қойылған. 1932 жылы Қазақстандағы жаппай ашаршылық, одан қырылған қазақтар саны 2 миллионға жуық болса,қазақ даласынан шет жерлерге (Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран) көшіп кеткен босқындар саны 1 млн 100 мыңдай шамасында болды.  Ал, 1937 жылы жүзеге асырылған «халық жауларына» қарсы күрес белгілі қоғам, мемлекет, ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлерімен қатар сан мыңдаған қатардағы азаматтарды қамтып, оларды ұзақ мерзімдерге ГУЛАГ лагерьлеріне айдады, түрмелерге жабты, ату жазасынакесілді. Қазақстанда Карлаг, Степлаг, АЛЖИР сияқты лагерьлер жүйесі жасалды. 1937 жылдың куғын-сүргінінде жазықсыздан жала жабылып, қазақ азаматтарын «халық жауы» есебінде атылып қана қоймай, олардың туған-туыстары да репрессияға ұшырап жатты. Осы жантүршігерлік оқиғалар заңдылық жүйелердің бірі НКВД басшысы Н.Ежовтың 1937 жылдың 15 тамызындағы №00486 жасырын бұйрығы. Мұнда әскери трибунал Отанға опасыздық жасады, тыңшылдық-диверсиялық ұйымдардың мүшесі болды деп есептеген, сөйтіп ату жазасына кесілген немесе он жылға сотталған қылмыскерлердің отбасын жауапқа тарту көзделген [13, 3б.]. Жаппай қуғын-сүргін мен террор кеңестік жүйенің сұрақы саясаты болды. «Жүгенсіз» идеология мен таптық күрестің әдісі, үкімет билігін бір қолға жұмылдыру адам өмірінің бағасын құлдыратып жіберді де халықтар мен әлеуметтік топтардың, әртүрлі таптардың сан алуан мүдделері мен пікірлерін аяқасты еткені тарихтан белгілі.Осындай зұламаттық саясаттың салдарынан екі миллионнан аса халқымыздан айырған ашаршылық нәубеті; бір миллион бір жүзден аса қазақтың жан сауғалап Қытай, Ауғанстан, Иранға шетел асып кетуі; Сталиннің жеке басына табынудан туындаған 30-шы жылдардағы 25 мың қазақстандықтар, оның ішінде 2500 оңтүстік өңірінің азаматтары тоталитарлық тәртіптің қуғын-сүргін құрбандары мен  олардың  АЛЖИР-де, яғни Ақмола отан сатқандардың әйелдерінің лагері) тұтқында болған адал жарларының қиын тағдыры туралы құжаттар көшірмесі, еңбектер, естеліктер мен экспонаттарды музейдің экспозиция залында көруге болады. Сонымен қатар 1986 жылдың желтоқсан көтерілісіне қатысқан, құрбан болған қазақ жастарына арналған экспозицияда мұрағат деректері, ақталғаны жөнінде анықтамалар және суреттер мен құжаттар қойылған. Мұражайдың «Тағзым» залында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша отызыншы жылдары атылған 2500 адамның тізімі жазылған ескерткіш тақталар қойылған[14,98б.]. Азалы Кітап - книга скорби. Атылғандардың тізімі. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша / Құраст. Оразбекұлы Қ. – Шымкент: Зерде баспасы, 1998.  – 293 б.Музей басшысының мәліметтері бойынша бұл нәубетте Республика бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған 113000 адамның 25000-ы атылған. Оңтүстік Қазақстан облысында (Ол кезде Әулиеата, Қызылорда, Оңтүстік бір өлке болған) 7000 адам тұтқындалып, 2500-і оққа байланды. Өкінішке орай, бұл тізім бүгінге дейін жалғасып, дерексіз кеткендердің құжаттары іздестіру арқасында әлі де табылуда [15,9б.]. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тізімдері мен фото  суреттері бар.

  Музей қоры – музейдің бaсты бaйлығы, құндылықтaры, жәдігерлері болып тaбылaды. Музей функциялaрының көптігіне қaрaмaстaн оның негізгі міндеті музейлік жәдігерлер қорын сaқтaу мен қорғaу болып тaбылaды.Қорлaрды жинaқтaу музей қызметінің ең негізгі бөлігі болып тaбылaды. Ол музейдің өмір сүрген уaқытынaн бaстaп, бaрлық кезеңдерінде жүргізіліп отырaды. Музей осы бaғытты дaмытa отырып, қоғaм дaмуының әр түрлі сaлaлaры мен оның әр түрлі кезеңдерін зерттейтін ғылыми пәндердің толық жиынтығы негізінде aлынғaн зерттеулер мен білімдерге сүйенеді. Осы зерттеулермен қaтaр  музей өз бетінше өткен ғасырдың саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы бүгінгі күнге дейін сыры ашылмаған зерттеу жұмыстaрын жүргізіп, әлеуметтік шынaйылықты деректендіруде, тaнып білуде өзіндік қaдaм жaсaп келеді. Сондай қадамдардың бірі Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласынан саяси қуғын-сүр­гін құрбандары мұражайының қызметкерлерінің әкелген қазыналары. Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының мамандары  «Шолпан» журналының сегіз нө­мірін, «Ақ жол» газетінің 25 нө­мірін анық та нақты етіп түсіріп әкеліпті. Әрине, оп-оңай, тектен-текке емес. Журналда да, газетте де құнды мақалалар мен қымбат суреттер аз емес[16,2 б.].

Музейдің терең тағы­лымды тірлігі түгел-тұтас осынау отаншылдық мазмұнда, Алаш ар­дақ­тыларының мұраттары негізінде жүргізіліп келеді.Бүгінде шамамен 11 мыңнан астам тарихи, деректер, құжаттар жинақталған.. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, белгісіз боп қалып қойған, іздеуші-сұраушылары жоқ, тиісті тізімдерге кірмеген адамдар анықталуда. Музейге келушілер «Пікірлер кіта­бына» қол­таң­балар қалды­рады. ­Республикамыздың қайрат­керлері, репрессия құр­бандарының ұрпақ­тары жазған пікірлерді оқығанда тебіреніске түспеу мүмкін емес. Поскеңестік көршілес республикадан және Еуропа бірнеше мемлекеттерінен, АҚШ-тан, Қытайдан, Жапониядан кел­гендердің ой-пікірлері, ұсыныстары жазылған.Ук­раинаның елшісі Игорь Иванченко қа­зақ­тардың қасиетіне, іл­герідегі зиялыларға ба­сын иетінін жет­кізген. Аяулы әкесі саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған, ал Ау­ған­стандағы соғыста ерлік көр­сеткен Кеңес Одағының Батыры, Қавқаздың жаужүрек ұланы Руслан Аушев: “Шейіт кет­кендердің аруа­ғын ардақ­таған­дарыңыз үшін мың алғыс. Мұнда кіріп шыққан жан­ның қай-қай­сысы да қайырымды, төзімді және мейірбан бола түсер. Аралап жүріп көзіме жас келе берді», деген тебіренішті ойын білдірген [15,2 б.]. Музейде:А.Байтұр­сынов, М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов, Т.Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров, С. Айтқожин, Н.Дияров, Ә. Досов, Қ. Күлетов, Е. Ал­тынбеков, Д. Алтын­беков сынды көптеген қайраткер­лерді еске алуға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып өтеді. Осындай іс- шараларға көрнекті ғалым­дар, белгілі қайраткерлер, репрес­сияға ұшыраған жазықсыз жан­дардың ұрпақтары, Астанадан, Ал­матыдан, республиканың өзге де облыстары мен қалаларынан көптеген қонақтар арнайы шақырылған. Музейдің  ғылыми-aқпaрaттық жұмыс бөлімі қызметінің мaқсaты еліміздің ұлттық мәдениет қaзынaсын зерттеу және қолдaну процесін әдістемелік жaғынaн қaмтaмaсыз ету.Музейдің ғылыми-жинaу, ғылыми-әдістемелік қызметі саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы туралы тың деректерді жинау ғылыми іссaпaр көмегімен іске aсырылaды. Олaр кейіннен зерттеліп, мәдени-тaрихи құндылықтaрдың этномәдениеттік aтрибуциясы жaсaлып, ғылыми құжaттaндыру, кaтaлогтaндыру, aльбомдaрды, буклеттерді және өзге де  мұрaжaй бұйымдaрын  дaйындaу іске aсырылaды.

Көрме жұмыстaры және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі, бөлім ғылыми концепция негізінде сәулеттік көркемдеу шешімін есепке aлa отырып, музейде  көрмелер ұйымдaстырумен және құрумен aйнaлысaды. Экспозициямен жұмыс жaсaу үшін оны ұйымдaстыруғa қaжетті құжaттaрдың қaтaрын дaйындaп aлaды: ғылыми тұжырым, кеңейтілген тaқырыптық құрылым немесе тaқырыптық жоспaр, мәтіндік, көмекші мaтериaлдaр, тaқырыптық экспозициялық жоспaр, сәулет көркемдік шешім, этикетaж дaйындaлaды. Бөлімнің негізгі міндеттері келушілерді музейдің экспозициялық залдарымен таныстыру; экскурсия бaғдaрлaмaлaрын жетілдіру мен ұйымдaстыру және әдістемелік құжaттaндыру; экскурсиялaр, кеңестер, дәрістер, бұқaрaлық мерекелік шaрaлaр ұйымдaстыру; жaрнaмaлық-хaбaрлaндыру жұмысын жүргізу, көрмелер, кездесулер өткізуге БAҚ-ты қaтыстыру; мұрaжaйлық aудиторияны зерттеу; мәдени мерекелік іс-шaрaлaрдың тұрaқты жоспaрын жaсaу.Бөлім өз жұмыс бaрысындa ОҚО саяси қуғын –сүргін музейінің жaрғысын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін және музей директоры Ханбибі Есенқарақызының бұйрығы негізінде бaсшылыққa aлып қызмет aтқaрaды. Қор бөлімі музей директорының әдістемелік кеңесте бекіткен жоспaр негізге aлa отырып, жұмыс істейді. Музей шығарған азалы кі­таптар, кітапшалар жұрт жадынан ешқашан өшпейтін, ұрпақтар үрейі боп қалған қуғын-сүргінді еске салып, етегіңді жасқа толты­рады: “Қан жүректі қайғылым», «Ат!» деген кім?», «Алаш қайрат­керлері», «Шыдам бер, сабыр қылайын...» [17.2б.].

Ұлттық сана мен ұлтжандылықты Қазақстан халқының бойына дарыту үшін Ұлы дала тарихын ұрпақ санасында сіңіру керек. Осыған орай, ғылыми, ағартушылық-біліми, мәдени мекеме ретінде музейлердің рөлі өте зор. Ендеше бүгінгі таңдағы Саяси қуғын- сүргін құрбандары музейлері арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртатын орталыққа айналдырып, музей экспозициясына қойылған  зиялыларымыздың  ұлттық тарихымыз бен қайталанбас мәдени туындылары арқылы жастарымызды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу басты міндет болып табылады.

Әдебиеттер:

2.  Казахстан: 1991-2002 годы. Информационно-аналитический сборник. //Под редакцией А.Смаилова.,  – Алматы., – 2002.  –.С– 142.

3.  Қозғамбаева Г.Б.,. Қазақстан музейлері. Оқу құралы.– Алматы: Қазақ университеті, 2016. -96 бет.

4.  Алтаев Б.Е. Место музеев Казахстана в мировом сообществе // Қазақстан музейлері. – 2003. 2(3). – С. –13–17.

5.  ҚР ''Мәдениет туралы'' заңы, 24 желтоқсан 1996 жыл. N56-1. 24-бап.

6.  Санақұлова Б.Қ. Қазіргі музейлер: Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.  Qazaqstandık patriotizmdı kalıptastıru//Mejdunarodnyi forum pervieNazarbayevskye çtenie «Novyi Qazaqstan v novom mire». N. Nazarbayevistroitelstvo sovremennogo gosudarstvo. Sbornik dokladov. -Astana.-2012. -296-303 bb.

7.  Райымханова К.,Қатран Д. Музей ісінің теориясы мен практикасы.– Алматы.– 2002., – 91 бет.

8.  7Мұсағалиева А.С. Қазақстандағы кеңестік саяси репрессиялар мәселесінің зерттелуі (1980-ж. аяғы - 1990 ж.) // Тағдырларды біріктірген Қазақстан. - Астана: «Алжир» музейлік – мемориалдық кешені, 2010. – 72-83 бб.

9.  Мұсағалиева А.С.Политические репрессии в отражении музейных экспозиций // Музейные ценности в современном обществе: Материалы Международной научной конференции, посвященной 130 - летию Омского государственного историко - краеведческого музея.– Омск,2008.– С. 266-268.

10.  Қан жүректі  қайғылым. / Құраст.Ханбибі  Есенқарақызы/. –Шымкент:«Ордабасы», –2006. –208 б.

11.  Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 240 б.

12.  Әбжанов Х., Назарбаева Г. Қазақстан:тарих пен тағдыр.–Алматы:Кітап баспасы.– 2003.- 37 б.

13.  Қозыбаев М. Ақтаңдықтар ақиқаты.-Алматы: Қазақ университеті,-1992.-2 б.

14.  Кәкен.А. Зұлмат жылдардың запыраны немесе саяси куғынға ұшыраған қазақзиялыары туралы ой-толғам.// Астана хабары.-2006.- 13 мамыр.-3 б.

15.  Азалы Кітап - книга скорби. Атылғандардың тізімі. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша / Құраст. Оразбекұлы Қ. – Шымкент: Зерде баспасы, 1998.  – 293 б.

16.  Есенқарақызы Х. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым // Ғылыми-практикалық конференция материалдары.– Шымкент, 2006. – 9-11 бб.

17.  Байғұт М. Қамалған, атылған, ақталған. //Егемен Қазақстан газеті. – №90(25939). -2010. – 12 наурыз.

18.  17.Оңтүстік Қазақстан облысының саяси қуғын-сүргін мұражайы. //Жолсерік.

19.  Шымкент . – 2006. –16 б. 

 

  References:

1.Qazaqstan: 1991-2002 gody. Informacıonno-analitişeskyi sbornik. //Pod redakcyi А.Smailova.,  – Almatı., – 2002.  –.b– 142.

2.KozğambayevaG.B.,.Qazaqstan muzeyleri. Оkukuralı.– Almatı: Qazaqüniversiteti, 2016. -96 b.

3.AltayevB.E. Mesto muzeev Qazaqstanav mirovom soobşestve // Qazaqstan muzeyleri. – 2003. 2(3). – С. –13–17.

4.KR ''Madenıyet turalı'' zanı, 24 jeltoksan 1996 jıl. N56-1. 24-bap.

5.SanakulovaB.K. Kazırgı muzeyler: Qazaqstandık patriotizmdı kalıptastıru//Mejdunarodnyi forum pervieNazarbayevskye çtenie «Novyi Qazaqstan v novom mire». N. Nazarbayevistroitelstvo sovremennogo gosudarstvo. Sbornik dokladov. -Astana.-2012. -296-303 bb.

6.Raymhanova К.,KatranD. Muzey isinın teoriyası men praktikası. – Аlmatı,  – 2002., – 91 bet.

7. MusağaliyevaА.S. Qazaqstandağı kenestik sayasi repressiyalar maselesinin zerttelui  (1980-j. ayağı - 1990 j.) // Tağdırlardı biriiktirgen Qazaqstan. - Аstana: «Аljir» мuzeylik – меmoriyaldık keşeni, 2010. – 72-83 bb.

8. MusağaliyevaА.S. Politıçeskye repressii v otrojenyi muzeynih ekspozicyi // Мuzeynie cennosti v sovremennom obşestve: Маteriali Mejdunarodnoi nauçnoi konferencii, posvyaşşonnoi 130 – letiyu Omskogo gosudarstvennogo istoriko-kraevedçeskogo muzeya. – Оmsk, 2008. – С. 266-268.

9. Kan jurekti kaiğılım. /Kurast. Hanbibı  Еsenkarakızı/.–Çimkent:«Оrdabası», –2006. –208 b.

10. NazarbayevN.A. Таrih tolkınında. – Аlmatı: Аtamura, 1999. – 240 b.

11.AbjanovH., NazarbayevaG. Qazaqstan: tarih pen tağdır.–Almatı: Kıtap baspası.– 2003.- 37 b.

12.Kozıbayev М. Аktandıktar akikatı.-Аlmatı: Qazaq üniversiteti,-1992.-2 b.

13. Kaken А. Zulmat jıldardın zapıranı nemese sayasi kugınga uşıragan qazaq zyialıları turalı oi-tolğam.// Аstana habarı.-2006.- 13 mamır.-3 b.

14.Azalı Kıtap– kniga skorbi. Аtılğandardın tızımı. Оntüstik Qazaqstan oblısı boyınşa / Kurast. Оrazbekuly K. – Çimkent: Zerde baspası, 1998.  – 293 b.

15.EsenkarakızıH. Sayasi kuğın sürgin kurbandarına tağzım // Ğılımi-praktikalık konferencıa materialdarı.– Çimkent, 2006. – 9-11 bb.

16.Bayğut М. Kamalğan, аtılğan, аktalğan. //Еgemen Qazaqstan gazeti. – №90(25939). -2010. – 12 naurız.

17.Оntüstik Qazaqstan oblısının sayasi kuğın-sürgin murajayı. //Jolserik. Çimkent. – 2006. –16b.


Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь