Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН
ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_3_93

Ә.Қ. Бәкір¹ID, С.Т. Тайман¹*ID, С.Т. Жарбулова¹ID
¹Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан, Қызылорда

*Автор-корреспондент

E-mail: abdizhalel_bakir1939@mail.ru (Бәкір), st-1968@mail.ru (Тайман), zharbul@mail.ru (Жарбулова)

Аңдатпа. Мақалада Мұстафа Шоқайдың саяси қайраткер ретінде қалыптасуындағы Алаш ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның тәлімгерлік рөлі қарастырылған. Алаштың болашақ екі алыбының өмірі мен саяси қызметінде ұқсас жайлар да аз емес. Мұстафа Шоқай Торғай датқаның немересі, Шоқай би-болыстың перзенті, Әлихан Бөкейхан Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Екеуі де сол кездегі молда оқуына қанағаттанбай, үш кластық мектептерде оқып, кейін бірі Ташкенттегі гимназияны тауысса, екіншісі Қарқаралы уезіндегі техникалық училищені бітіреді. Екі қайраткер де саналы бар өмірін, ақыл-парасатын, қажыр-қайратын ұлт тәуелсіздігі жолында күреске арнады. Екеуі де саяси күресте қатар жүріп, бірін-бірі қастерледі, олардың есімдері, қалдырған мұралары бүгінде тарихта өлшеусіз орны бар құндылықтар болып есептеледі.

Түйін сөздер: Бөкейхан, Шоқай, Ташкент, Петербург, Түркістан, Алаш, азаттық қозғалыс, автономия, эмиграция.

ХАЛИФА АЛТАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ
ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_3_79

О.Х. Мұхатова¹*ID

¹Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

Е-mail: Orazgul7@rambler.ru (Мұхатова)

Аңдатпа. Мақалада белгілі ғалым түркітанушы, теолог, жазушы, аудармашы, этнограф Халифа Алтайдың өмірі мен қызметі баяндалады. Алматы қаласы мемлекеттік архивінде сақтаулы жеке 284-қор құжаттары бойынша Халифа Ғақыпұлының дүниеге келуі, өскен ортасы, ата-анасы, білім алуы талданады. Кеңес өкіметінің озбыр саясатынан жан сақтау мақсатында Қытайға бет түзеген қазақтар, соның ішінде Халифаның отбасы туралы айтылады. Халифаның Үндістанға көшкен қазақтардың қасіреті туралы жазғандары көрсетіледі. Х. Алтайдың анасымен Үндістан, Пәкістан жерлерінде 12 жыл тұруы, одан әрі Түркияға қоныс аударуы архив құжаттары негізінде сипатталады. Түркиядағы кәсібі, ата жұрттан ауғаннан кейінгі басынан өткендерін, көріп-білгендерін қағазға түсіріп, кітап жазуы, діни кітаптарды қазақ тіліне аударуы баян етіледі. Жеті тілді жетік меңгерген, үш рет Меккеге барған, ірі діни орталықтармен байланысын күшейткен абыздың ірі қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілуі, ислам діні білгірлерінің бірі атануы, Құран кәрімді тұңғыш рет қазақ тіліне аударуы тарихи деректер бойынша көрсетіледі. Х. Алтайдың туған жеріне оралуы, Елбасының қабылдауында болуы, Қазақстан Республикасының азаматы атануы, отбасы, елдегі тұрмыс-тіршілігі сипатталады. Ғалымның жариялаған еңбектері, естеліктері талданады.

Түйін сөздер: жеке архив қоры,Халифа Алтай,өмірбаян, қоныс аудару, Үндістан, Пәкістан, Түркия, туған ел, Құран-кәрім, естелік, рухани өмір.

Н. СӘБИТОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ МЕН ӨМІРІНІҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_3_69

Ә.Қ. Шашаев¹ID, Н.Н. Құрманалина¹ID, А.Н. Қоңқабаева¹*ID
¹Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

E-mail: shashaevauezhan@mail.ru (Шашаев), nurgulca@mail.ru (Құрманалина), konkabayeva.arailym@mail.ru (Қоңқабаева)

Аңдатпа. Мақалада шығыстанушы, библиограф және этнограф-тарихшы Н.Сәбитовтың қоғамдық-ғылыми мұрасы мен өмірінің бастапқы кезеңі оның жеке архив қорында сақталған құжаттық деректері негізіндегі мәліметтер берілген. Н.Сәбитовтың өмір жолы кеңестік кезеңдегі ашаршылық, ұжымдастыру, индустрияландыру, мәдени революция мен қуғын-сүргін жылдарына тұспа-тұс келген еді. Орыс тілін жетік білгендігінің арқасында, қоғамдағы өзгерістерді жіті бағалағандығы мен сол кездегі жүріп жатқан қалыптасу кезеңінің қайнаған ортасындағы белсенді қызметі тарихи деректер бойынша талданады. Сонымен қатар, мақалада Н.Сәбитовтың өзінің алдындағы ғалымдар секілді энциклопедиялық білімі бар, араб-парсы, түркі және ағылшын тілдерін яғни кемінде жеті елдің тілін жете меңгерген, ірі қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілуі туралы, сондай-ақ соңынан қалдырған үлкен мұрасы жайлы баяндалады.

Түйін сөздер: Н. Сәбитов, шығыстану, дінтану, мәдениеттану, этнография, библиография, тарих, экспедициялар.

МОҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ
ҒТАМР 03.00.20 DOI 10.51943/2710_3994_2021_3_57

Ж.Ж. Жеңіс¹*ID
¹Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

Е-mail: zhozhengis@gmail.com (Жеңіс)

Аңдатпа. Мақалада Шыңғысхан құрған империяның алғашқы кезеңдеріндегі мемлекеттік-идеологиялық саяси бағыттың барысы қарастырылады. Дәстүрлі дүниетанымның идеологиялық жүйедегі алған орыны, идеологиялық күрес мәселелері қарастырылады. Түркілердің ортағасырлық мемлекеттерінде әртүрлі себептермен кейбір діни жүйелердің мемлекеттік идеология ұстыны дәстүрлі діни жүйені қыспаққа алуы баяндалады. Автор, бұл үдеріс барысында дәстүрлі дүниетанымның өзгергенін және ислам сияқты жаңа діндер жүйесінде белгілі бір элементтер өмір сүруді жалғастырғанын дәлелдейді. Шыңғысханның өзi жаулап алған жерлердегi бүкiл көне рулық-тайпалық жүйелердi бұзып, ыдыратып, халықтарды араластырып, жаңа рулық-тайпалық құрылымдық жүйелердi түзгені дәйектеледі. Жаңа жерлердi бағындырған түркi-моңғолдар Шыңғысхан Ясасы бойынша iс жүргiзіп, мұсылмандар iстерi шариғатпен іске асқандығы көрсетіледі. Мақала авторы, ұлдарына бөлiнiп берiлген аймақтарды қамтыған Шыңғыс хан империясының тағдыры өздерiнiң орналасқан аймақтарының ұлттық-мәдени және дiни ерекшелiктерiне орай қалыптасқандығын баяндайды. Мысал ретінде, қытай мәдениетiнiң әсерiмен будда iлiмiне мойын ұсынған моңғол көшпендiлерiнiң де көшпендiлерге тән дүниетанымы трансформацияға ұшыратқандығын көрсетеді.

Түйін сөздер: Шыңғысхан империясы, көшпенділер дүниетанымы, идеологиялық жүйе, ислам, мемлекеттілік, саяси күрес.

ПИДАХМЕТ БОБКИН И ЕГО ПОТОМКИ
МРНТИ 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_3_41

К.Н. Балтабаева¹*ID

¹Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы

*Корреспондирующий автор
Е-mail: Kulgazira_777@mail.ru (Балтабаева)

Аннотация. В статье рассматривается о лицах казахской национальности, подвергшихся политическим репрессиям в 20–50-е годы ХХ века. В частности, автор статьи остановился на месте и роли в казахской истории Пидахмета Бобкина (1863-1937 гг.) – известного гражданина и предпринимателя, занимавшегося с конца XIХ века торговлей в Восточном Казахстане, бизнес которого развивался на Иртыше и Поволжье, одного из богатейших купцов, поднявшегося своими силами. Автор, опираясь на некоторые исследования, воспоминания внучки Бекмухамедовой Халимы Адамовны и архивные документы, пытался раскрыть жизнь и общественную деятельность Пидахмета Бобкина и причины политических репрессий. П.Бобкин прославился в Восточном Казахстане не только своим богатством, но и меценатской, просветительской деятельностью в стране. Автор ставит своей целью дать историческую достоверную оценку личности на основе новых архивных документов.

Ключевые слова: политические репрессии, беженцы, Пидахмет Бобкин, биография, мемуары, купец, казахская интеллигенция, Восточный Казахстан.