Яндекс.Метрика
Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz»

Электронный журнал «edu.e-history.kz» № 3(19), 2019

Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, шығармалары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ахмед Йүгнеки – өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмед» деген атақты да иеленеді. Өзінің «Ақиқат сыйы» дастанымен даңқы жайылған ол ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет жұртшылығына өте таныс. Жалпы «Ақиқат сыйы» дастанының негізгі мазмұны өсиет пен ғибрат сөздерден құралғандығы баршамызға белгілі. Өткен кезеңнің мол мұрасы бүгінгі қоғам үшін үлкен табыс деп атауымызға болады. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі, орыс, қазақ, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Осы зерттеулер нәтижесінде қәзіргі таңда да, келешекте де Ахмед Йүгнеки мұраларымен танысып, кең дәрежеде пайдалана аламыз.
Мақалада Қазақстанның оңтүстік облыстарынан солтүстік өңірге қоныс аудару үрдістері қарастырылған. Сонымен қатар, Солтүстік облыстардағы демографиялық ахуалдың төмендігі мен еңбек күшінің жеткіліксіздігі көрініс табады. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан қолға алынып отырған арнайы жобалардың Солтүстікке қоныс аудару үрдісіне жалғасып отырғандығы беріліп отыр. Солтүстікке қоныс аудару жобасы еліміздегі ішкі миграциялық үрдістердің стратегиялық маңызы жоғары бағыты болып есептеледі. Түйін сөздер: миграция, солтүстік, Түркістан облысы, еңбек күші, жұмыссыздық, стратегия, демография, жастар
В статье приведены некоторые историко-культурные выводы и культурогенетические параллели по геродотовым рассказам о скифах. А так же, по рассказам Геродота были анализорованы культурно-генетические сходства, начиная с военного искусства, социально-бытовых состояний, погребальные обряды, обычай и традиций и веровании скифов. Автор отмечает что связь между саками и последующей древней, средневековой тюркской цивилизаций прослеживается не эпизодически, а системно.
Мақалада Кеңес Одағының Шыңжаңға қатысты саясаты және Шығыс Түркістан Республикасының құрылу тарихы мен Алтай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы болған Оспан батырдың тарихи тұлғасына қатысты ғылыми талдау жасалады. ХХ ғ. 20-30-жж. Қытайдың Шыңжаң аумағы толықтай Кеңес Одағының тікелей ықпалында болды. Кеңес Одағы басшылығының ХХ ғ. 30-жылдарында Шыңжаңға қатысты қабылдаған шешімдеріне қарап, Шыңжаңның толықтай КСРО дотациясына көшкенін көруге болады. Осындай жағдайда, жергілікті қытайлық билік өкілдерінің өзі Шыңжаңның КСРО-ға қосылуы туралы мәселені бірнеше рет көтереді. Кеңес Одағының арнайы жобасы ретінде 1944 ж. 12 қарашада жарияланған Шығыс Түркістан республикасы алғашқы күннен бастап КСРО-ның тікелей қамқорлығына алынды. Бірақ, КСРО фашистік Германияны талқандаған соң, Тегеран-Ялта-Потсдам конференцияларында мойнына алған міндеттемелеріне сәйкес Жапонияға қарсы соғыс ашуы тиіс болды. КСРО басшылығы тез арада Қытаймен қарым-қатынасын ретке келтіре бастады. 1945 ж. тамызда жасалған кеңес-қытай келісімінен кейін Шығыс Түркістан тағдыры толықтай шешілген болатын. Осындай жағдайда, Алтай қазақтарының басшысы Оспан батыр КСРО-ға да, Қытайға да бағынудан бас тартып, өмірінің соңына дейін азаттық үшін арпалысты.
Статья посвящена изучению статуса женщины в сакскую эпоху. Основным источником для данного периода являются археологические источники. Исследования возможны на изучении погребальных комплексов. Проблема тем, что в основном курганы были ограблены либо в древности, либо в более позднее время. В настоящее время в археологии раннего железного века по публикациям доступны данные только по трем курганам с контекстом погребального обряда, сохранившимся in situ. Это курган Иссык с мужским захоронением, таксайская находка и курган Тасарык, больше известный как «курган Урджар». В статье кратко обозначены некоторые проблемы, с которыми сталкиваются исследователи, изучая статус женщины.
Жер асты кендеріне аса бай Торлан асуы Ресей империясын ежелден қызықтырды. Соған сәйкес автор, Қаратауға арнайы мемлекеттік тапсырыстармен келген зерттеушілердің: геолог, биолог, тарихшы және баталист-суретші мамандарының жалпыимпериялық бағыттағы бірегейлік қызметін жан-жақты талдауға алады. Атамекеніміздің геологиялық тарихы және оның мемлекеттік бірегейлік тұрғысында зерттеуге алынуы - отандық тарихнамадағы жаңа ізденістердің бірі болып табылады. Зерттеу жұмысы ҚР БҒМ – нің бекіткен «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» (2018-2020) мемлекеттік бағдарламасы аясында даярланды.
В Российской империи награды для должностных лиц являлись знаком отличия и отражали их социальный статус в обществе. В статье представлена характеристика распространения наградной системы Российской империи для поощрения казахов в первой половине XIX века во внешних округах Западно-Сибирского генерал-губернаторства. Основное внимание уделено изучению практик получения военного чина казахами, вступившими в службу в административные структуры местного управления после введения Устава 1822 г. Источниковой базой послужили документы о награждении должностных лиц из числа казахов, вступивших на службу Российской империи в первой половине XIX века из Центрального государственного архива Республики Казахстан. Ключевые слова: казахские должностные лица, местное управление, военный чин, гражданский чин, внешний округ, Западно-Сибирское генерал-губернаторство, Российская империя, служба, 1822-1868 гг.
Патшалық Ресей империясының тұсында жүргізілген саяси-әкімшілік реформаларға қарсы қазақ даласында ұлт-азаттық көтерлістер болды. Бұл үдерістің XIX ғасырда күшейе түскендігі баршамызға мәлім. Соның нәтижесінде қазақ халқы көптеген сындарлы оқиғаларды басынан кешкен еді. Сол уақыттарда Қазақстан территориясында жергілікті қазақ халқы өзінің тарихын, фольклорын мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеудің маңыздылығы зор. Бұл мақалада қазақ жерін сақтауды мақсат еткен ата-бабаларымыз бен даңқты қолбасшы, соңғы хан «Кенесары-Наурызбай» тарихи шындық баяндалады. Ғылыми мақаланың мақсаты – батыр бабаларымыздың ерліктерін тарихы мен фольклоры жағынан зерттеу. Осы мақалада Кенесары мен Наурызбайдың арасындағы оқиға айтылады. Сонымен қатар сол дәуірдегі ақын-жырауалардың, жыршылардың, айтушылардың, жеткізушілердің жырлары туралы мәліметтерді талдау болып табылады. Түйін сөздер: ұлт-азаттық, қазақ халқы, қазақ даласы, Қазақстан территориясы, салт-дәстүр, ақын-жыраулар.
С.И. Сәкеннің «Едіге туралы жыр-аңыздар және тарихи шындық» атты мақаласында аталған тұлға жөніндегі фольклорлық туындылардың тарихилығы қарастырылған. Мақаланың жазылуына халық шығармаларының әртүрлі нұсқаларындағы кейіпкерге қатысты өмірбаяндық, тарихи оқиғалардың сәйкес келе бермеуі себеп болды. Оның үстіне кейінгі кезде онда бейнеленген қақтығыстарға қатысқан тұлғаларға берілген халықтық бағаның дұрыстығына күманданушылар да табылып отыр. Соны ескерген автор фольклорлық туындыларды тарихи дереккөздерімен салыстыра отырып өз пайымдауларын ортаға салуға талпынған. Соған орай еңбекте соңғы кезде жарық көрген еңбектер бұрынғы зерттеулермен салыстыра пайдаланылған. Мақалада Едіге туралы эпикалық шығармалардың барлығына аталған қайраткер мен Тоқтамыстың арасындағы арасындағы күрес тақырыбы арқау болуының себебі де ашып көрсетіледі. Бұл жұмыс бүгінгі күндері рухани мұраларымызды жаңаша зерделеудің өте қажет екенін ескерудің нәтижесі болып табылады. Түйін сөздер: тарихилық, дереккөз, фольклор, жыр, аңыз, шындық, тұлға.