Бұл мақалада авторлар қазақ дәстүрлі қоғамында атқарылатын міндеттері мен қызметтеріне қарай белгілі этикет дәстүрлері қоладанылуы мәселесін зерттеген. Батыр тұлғаның сөйлеу мәнерінде, өзін-өзі ұстауында тіпті киім үлгісі мен атрибуттарында да айқын көрінетінін мысалдармен келтірген. Жоғары әлеуметтік беделге ие тұлғалар шағатай, араб тілін кей жағдайларда парсы және орыс тілдерін меңгерген жағдайда Қазақ хандығы мен көрші мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарға қатысты. Жалпы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды хандар, қожалар, елшілер және әскери қолбасшылар жүргізген. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы қазақ батырларының өзіндік ұстанымдары, дәстүрлері, қасиеттері мен тұрмысы, салт-санасы, ар-намыс кодекстері, принциптері, портреті мен бейнелік тұлғалары, өзіндік мұраты, қоғамдық қызметі, этикалық ерекшеліктері, ырым-жоралғылары санадағы құндылықтар жиынтығы мен тоғысқан.
Түйін сөздер. хан, батыр, тарихи аңыз, ру, эпос, әулие