Мақалада Тәуелсіз Қазақстан баспасөзіндегі ұлттық тарихтағы ақтаңдақтардың зерттелуі қарастырылады. Аталған мәселені зерттеуде жалпыұлттық ресми «Егемен Қазақстан» газетінде, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналында жарияланған кәсіби тарихшы мамандардың тарихи тақырыптар төңірегінде көтерген мәселелері, өзекжарды ойлары мен мақалалары негізге алынды.
Түйін сөздер: Тәуелсіз Қазақстан тарихы, баспасөз, ұлттық тарих, ақтаңдақтар, «Егемен Қазақстан» газеті, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы, кәсіби тарихшы мамандар, мақалалар.