Яндекс.Метрика
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері

Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері

Данная статья посвящена изучению процесса формирования офицерства в Степи посредством подготовки их в Оренбургском кадетском корпусе (1825-1868). В статье рассматривается история открытия Оренбургского кадетского корпуса и включения казахских детей в образовательный процесс. Ключевые словa: учебные заведения XIX века, социальная история, офицеры, чиновники Российская империи, степная элита, политика царизма.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларын орындау аясында «тұлғаландыру сипатына ие болған» отан тарихын шынайы түрде талдау мақсатында біртуар қайраткерлердің мемлекеттіліктің, елдің ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесін зерттеу өзекті болып табылады. Бүгінде қазақ тарихы мен сол тарихты қалыптастырған ұлы тұлғалардың басым бөлігі терең және үлкен зерттеулерді қажет ететіні анық. Алаш арыстарының бірі, Алашорданың Батыс бөлімі жетекшілерінің басшысы Жаһанша Досмұхамедов сынды тұлғаны жан-жақты тереңдете зерттеу бүгінгі күні өзекті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында жұртшылыққа бүгін ұсынылып отырған бұл мақалада Жаһанша Досмұхамедовтың өмірбаяны, саяси қызметі туралы айтылады. Түйін сөздер: «Рухани жаңғыру», тұлға, зерттеу, сиез, буржуазиялық-демократиялық, дерек, қазақи орта.
Абулхаир Мухаммед Гази Бахадур-хан (около 1680 – 17 (?) августа 1748) – выдающийся военачальник, политический и государственный деятель, хан Меньшей орды (1710 – 17 (?) августа 1748), старший хан казахов Старшей, Средней и Меньшей орд (около 1719 – 17 (?) августа 1748), основатель новой казахской династии чингизидов. Относительно быстрое возвышение Абулхаира было связано в первую очередь с социальным значением ханов как военных предводителей. Личностный фактор сыграл свою решающую роль в обращении хана Абулхаира о принятии Младшей орды в подданство России. Ключевые слова: Казахское ханство, Старшая орда, Средняя орда, Меньшая орда, Россия, Джунгария, подданство, протекторат
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кеңестік кезеңдегі оқу-ағарту саласында жоғары лауазымды қызметтер атқарған білгір басшы, химик-ғалым, ұлағатты ұстаз, педагог Қали Біләлов (1918-1977) Қазақстандағы білім ісін ұтымды ұйымдастырып, ел құрметіне бөленген, ұрпақтар алғысын алып, республика тарихында ұмытпастай із қалдырған алаш азаматы ретінде жұртшылық оның есімін жақсы біледі. Өзінің бүкіл саналы өмірін жас ұрпаққа білім беру ісіне арнаған қажырлы ұстаз, педагог Қали Біләлов әсіресе, еліміздің жоғары білім саласында көп еңбек сіңір¬ген белгілі мемлекет қайраткері ретінде кеңінен танылды. Білікті басшының зор ұйымдастырушылық қызметінің нәтижесінде Қазақстан өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары жоғары білім бе¬ру жөнінде бұрынғы Кеңес Одағы одақтас республикалары арасында алдыңғы орын¬дардың біріне көтерілді. Ол Қазақ КСР-інің жоғары және арнаулы орта білім министрі болған жылдарда республикамыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқу-материалдық жағдайын жақсарту, оларды педагогикалық ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету және оқытушылардың біліктіліктерін жетілдіру бағытында бірқатар оң шешімдер қабылданып, жүзеге асырылды, жаңа мамандықтарды оқытуға бағытталған бірнеше институттар ашылып, жергілікті ұлттық Түйін сөздер: тарих, оқу, жоғары білім, ғылым, академия, институт, педагог, студент, маман
Есмағамбет Исмайлов, жиырмасыншы ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен қазақ зиялыларының үшінші буынының өкілі. Кез-келген шынайы ғалым сияқты оның шығармашылық қызметі де өмір сүрген кезеңі мен сол кезеңге тән қоғамдық мәселелермен тығыз байланысты жүрді. Е. Исмайлов екі мәрте, яғни 1933 жылы және 1951 -1954 жылдары саяси репрессияны басынан кешірді. Біздің зерттеуіміз басым түрде осы аталған жылдардағы сот процесстерінің материалдарына негізделді. Түйін сөздер. Әдебиет, саяси қуғын-сүргін, ұлтшылдық, архив, деректер.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақтың жазушылар қауымы үшін шығармашылықтағы ұстаным мәселесі аса маңызды мәнге ие болды. Биліктегі идеология тарапынан телінген соцреализм концепциясы шығармашылықтағы ұлт зиялыларын бүтіндей қанағаттандыра алған жоқ. Бұл ретте оған ең алдымен алаштық зиялылар қарсылық танытты. Мағжан Жұмабаевтың қаламынан туып «Табалдырық» аталған құжат олардың ортақ ұстанымы-тын. Мақалада бұл құжаттың (біз оны мазмұнына сәйкес манифест деп атадық) өмірге келген уақыты мен авторлығы жөнінде зерттеу, манифестің графикасындағы фотокөшірмесі, сондай-ақ құжатқа тікелей қатынасы бар мұрағаттық материалдар берілді. Түйін сөздер «Алқа», манифест, ұлттық әдебиет, Алаш зиялылары, соцреализм