Яндекс.Метрика
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы

«edu.e-history.kz» электрондық журналы № 2(06), 2016

Мақалада ең алдымен «би» сөзінің қазақ халқының ұғымындағы мағынасына тоқталамыз, одан соң Сүйінбай Aронұлының ақындығы мен жыршылығынан бөлек ел басқару ісіне араласқандығы жөнінде баяндалады. Жиырма үш жыл ауыл биі болғандығы және сол кезеңдердегі шығармаларынан үзінді келтіріледі. Сүйінбай ақынның сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқандығын мысалдар арқылы дәлелдеуге тырысамыз.
Мақала авторы Орта Азия мен Қазақстанның аймағында ежелгі арийлықтар өркениетінің отаны болғанын және ежелгі біртұтас Жерорта теңізінің іздері қазіргі Каспий мен Арал теңіздерінде болуы мүмкін деген гипотезаны дәлелдеу үшін арнайы ғылыми мақсатпен келген американың белгілі географы, археолог -ғалымы, Гарвард университетінің тау кен-геологиясының профессоры Рафаэль Пампеллидің жасаған саяхатына қысқаша шолу жасауға тырысады. Оның «Түркістанға саяхат» атты ағылшын тілінде жазылған үлкен кітабының Қазақстанға байланысты бөлімдеріне сүйене отырып, автор қазақтардың орналасу орындарын нақтылайды жердің физикалық-географиялық құрылым өзгерістерін сипаттайды.
К ВОПРОСУ ОБ ИДЕНТИФИКАЦИИ ПОГРЕБЕННЫХ В КОМПЛЕКСЕ АБАТ БАЙТАК
Статья посвящена к некоторым вопросам изучения архитектурного памятника Абат Байтак в Западном Казахстане. Мавзолей Абат Байтак вместе с одноименной некрополю представляют собой уникальный комплекс народного зодчества в данном регионе. Несмотря на детальные исследования последних лет некоторые вопросы по происхождению мавзолея все еще остаются открытыми. Поздние каменные стелы некрополя наряду с главным сооружением составляют прекрасный ансамбль памятников в комплексе. Вопросы их изучения и идентификации также являются актуальными.