Яндекс.Метрика
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы

«edu.e-history.kz» электрондық журналы № 2(18), 2019

Бұл мақалада ұлттың тағдырын ойлаған қазақ зиялылары қауымының ХХ ғасырдың 20 жылдың соңы мен 30 жылдың басында патша үкіметі тұсындағы орыс үкіметінің отаршылдық саясатына, кеңестік жүйе кезіндегі большевиктік биліктің қыспағына қарсы шығып қуғын-сүргінге ұшырау тарихы зерттелген. Қазақ азаматтарын қуғындау 30 жылдары қатты өршіп, мерзімді баспасөзде кеңестік жүйеге қарсы шығушылардың қатарын жұртшылыққа жариялауға белсене кіріскендігі, тұтқындалып, істі болғандар, мерзімдерін өтеп келгеннен кейін де үкімет тарапынан мұқият бақылауға алынып, олардың үстінен 1937-1938 жылы қайтадан іс қозғалып, ақыры қуғын-сүргін құрбанына айналғаны мәлім. Қазақстандағы бұл кездердегі қуғындау барысына қазақтың ұлт зиялыларымен қатар қарапайым жұмысшы да, шаруа да ілініп кетті. Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының анықтамасында бұрынғы алашордашылар мен қазақ ұлтшылдарының революцияға қарсы әрекеттері келтірілген. Халық жауы ретінде айыпталғандарға қателіктерін жариялы түрде мойындауларын талап еткен. Қысым көрсету, қорқыту нәтижесінде көпшілігі өзіне жабылған жала айыпты мойындауғамәжбүр болды. 1937-1938 жылдары «халық жауы» ретінде қамауға алынған азаматтардың арасында 30-жылдары жаламен сотталып келгендер, ату жазасына кесілгендердің тағдыры қарастырылған. Түйін сөздер: ұлт интеллигенциясы, патша үкіметі, отаршылдық саясат, большевиктік билік, буржуазиялық-ұлтшылдар, қуғын-сүргін, ұлтшылдық, жікшілдік.
Мақалада XIX ғасырдың 50-60 жылдардағы Жетісудың саяси жағдайы баяндалады. XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап бұл мәселеге тарихшылардың назары арта түсті. Егер кеңестік тарихнамада бір жақты ғана бағасы беріліп келсе, тәуелсіздік жылдарынан бастап отандық тарихшылар мен шетелдік зерттеушілер Жетісу жерінде орын алған саяси-экономикалық мәселесіне жаңа көзқарастар мен зерделеу жүргізе бастады. Осы мәселе бойынша алғашқыларының бірі болып шетел зерттеушілері М.А Терентьев, В.Е. Недзвецский, П. Пичугиннің берген бағаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар, мақалада әр түрлі архивтік құжаттар, тақырып бойынша жарияланған материалдар талданды.
Бұл мақалада қазақ-үнді әдебиетіндегі ұлттық ерекшелік сипатталады. Характер терминінің шығу тарихымен қатар, отандық және шет ел ғалымдарының ұлттық характерге берген тұжырымдамалары беріледі. Әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық характерін оның ерекшеленген мінез-бітімі, ойлауы, сөйлеуі арқылы белгілі бір халықтың өкілі екендігін тануға болады. Ұлы жазушы М. Әуезов «Абай жолы» романында әйелдердің образын сомдау арқылы қазақ халқының әйелдеріне тән ұлттық характерін тамаша шеберлікпен жеткізгендігі айтылады. Сонымен қатар, мақалада дүниежүзілік әдебиет қазынасының бір бөлшегі болған көне үнді эпосы «Махабхарата» жырында да әйел образы ерекше жоғары қойылып, адалдық пен пәктік символы ретінде қарастырылғандығы жайлы айтылады. Үнді жазушысы Деваприя Рой өз шығармаларында үнді әйелінің характерін көрсетеді. Ұлттық мінез этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір ұлттың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болады.
Мақала ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдерінің бірі, Алаш Орда көшбасшыларының бірі Асылбек Сейтовтың өмірі мен шығармашылығын талқылайды. Автор осы дәуірдегі көрнекті қайраткерлердің есімдерімен бірге оның есімі де аталуға тиіс деп есептейді. «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Сейітов Асылбектің халыққа қызмет етуі қазіргі қазақстандық ұрпаққа үлгі болып табылады.
В статье авторами исследовано этно-демографическое развитие населения Казахстана за двадцатилетний промежуток времени. Проанализированы численные изменения в составе основных этнических групп Казахстана. После обретения независимости отчетливо наблюдался отток разных этносов на свои исторические родины, а к концу 90-го года эта тенденция ослабла, но внесла кардинальные изменения в национальный состав населения Казахстана.
Аннотация Мақалада тарихи тұлға – Райымбек батырдың ата тегібаяндалады. Онымен қоса, батырға сенімді серік бола білген батырлар, атап айтқанда, Аралбай батыр, Қапай батыр, Сатай батыр, Бөлек батыр жайлы мәліметтер берілген. Райымбек 1705 жылы қазіргі Алматы облысының аумағында дүниеге келген. Ұлы жүздің албан руынан шыққан. Атасы – Ханкелді жазбаша дереккөздерге сәйкес, көшбасшы және дипломат ретінде белгілі. Бала кезінен Райымбек Отан қорғау рухымен өсіп, туған жерін Жоңғар құлдығынан босатқан.
Қазіргі таңда қазақ диаспорасының мәселесі мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселердің бірі болып отыр. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді. Жұмыстың мақсаты Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихына тоқталып, олардың әлеуметтік, мәдени, демографиялық мәселелерін айқындау. Аталған мақсатқа жету барысында бұған дейін осы тақырып төңірегіндегі зерттеулерге шолу жасалып, ой түйінделеді (зерттеу тәсілі).
Мақалада ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Ертістің оң жақ жағалауын бойлай орналасқан Семей ішкі округының әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайының зерттелу тарихнамасы қарастырылады. Семей ішкі округі құрылуының алғышарттары XVII-XVIII ғасырлардан бастау алады. Мақалада Батыс Сібір аймағы туралы XVII-XVIII ғасырларда пайда болған алғашқы зерттеулерден бастап саяхатшылар мен арнайы құрылған экспедициялар, революцияға дейінгі, кеңестік,тәуелсіз кезеңдегі отандық және шетелдік зерттеулерге тарихнамалық шолу жасалған.
Ғылыми жұмыста авторлар Шығыс Қазақстан территориясындағы Қалба-Нарым жоталарының археологиялық ерекшеліктері мен зерттелу тарихына шолу жасаған. Ежелден-ақ адамдардың қызығушылығын пегматиттер, түсті тастар, тарғын мөлдір-тас, азурит, малахит сынды минералдар туғызғанын археологиялық зерттеулерге сүйене отырып айтуға болады. Аталған минералдарды шығыс Қазақстан территориясында жүргізілген қазба немесе тау-кен жұмыстары орындарынан көптеп кездестіруге болады. Жекелеген ғалымдардың осы өңірде жүргізген зерттеу жұмыстары, олардың атқаратын рөлі және де аталған аймақтың да еліміздің тарихында алатын орны көрсетілген. Мақалада Қалба-Нарым өңіріндегі ірі металлургия ошақтары мен қорымдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері және ежелгі тау-кен өндірісінің әр түрлі технологиялары жайында деректер қарастырылған. Атап айтқанда Сарыкөл көлі бойындағы қорымдар, Жаңажұрт ауылы маңындағы ескерткіштер сынды ірі ескерткіштердегі зерттеу жұмыстарының қорытындылары орын алады. Ғалымдардың зерттеуі нәтижесінде қола дәуірінде халықтардың шаруашылығы, тау кен ісі, әлеуметтік қарым-қатынастары, тұрмыс-тіршілігі, физикалық бейнесі жайлы көптеген тың деректер ашылды.
Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы аса маңызды сенімді одақтас ретінде Мажарстан Республикасын есептейді. Екі елді ортақ тарихи тамырлар, көптеген сыртқы саяси мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар байланыстырады. Осы қысқа тарихи өлшеу кезеңі бойынша екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынас серпіні тараптардың өзара мүдделерге сүйене отырып, Қазақстан-Мажар ынтымақтастығын дәйекті дамытуға деген ұмтылысын айқын көрсетеді. Мажарстан Қазақстанмен экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытуға, ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге ерекше мән береді. Екі ел арасындағы серіктестіктің 27 жылы ішінде сауда-экономикалық байланыстар дамыды, бірлескен экономикалық жобалар табысты іске асырылды. Соның ішінде экономикалық ынтымақтастық саласындағы мүдделердің түйісу нүктелері - ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау, екі елдің көліктік-логистикалық әлеуетін пайдалану, туризм, құрылыс және инновациялар болып табылады. Екі мемлекеттің геосаяси жағдайы әлемдік аренада маңызды рөл атқаратынын айтып өткен жөн. Мәселен, егер Қазақстан Орталық Азия аймағының жетекші елі болып табылса, онда Мажарстан Орталық Еуропада стратегиялық орынға ие. 2016 жылы Мажар-Қазақстандық стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің құрылуы арқасында Мажарстан мен Қазақстан арасындағы серіктестік қарым-қатынас одан да жоғары деңгейге көтерілді.