Яндекс.Метрика
Home » Materials » ӘОЖ 94(574); 930:37.016 К. НҰРПЕЙІСҰЛЫ - ПЕДАГОГ - ҒАЛЫМ (К. Нұрпейісұлының жеке қор құжаттары бойынша)

Ғ.З. ИСКАКОВА, PhD доктор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 94(574); 930:37.016 К. НҰРПЕЙІСҰЛЫ - ПЕДАГОГ - ҒАЛЫМ (К. Нұрпейісұлының жеке қор құжаттары бойынша)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 3(15), 2018

Tags: ЖОО, Отан тарихы., оқулық, іс, тізімдеме, мaтериaл, Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс, құжaт, жеке тектік қор
Author:
Мақалада Алматы облысының мемлекеттік мұрағатының 2009 жылы құрылған № 1099 «Академик К. Нұрпейістің» жеке қоры материалдары негізінде ғалым, ұстаз Кеңес Нұрпейісұлының ұстаздық қызметі жан-жақты қарастырылған. К.Нұрпейісұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мектеп оқушылары үшін жазылған Қазақстан тарихы бойынша алғашқы оқулықтарды жазуға ат салысып, мектеп оқулықтарының сапасын арттыруға, жастардың патриоттық санасын қалыптастыруға өзінің орасан зор үлесін қосты. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық тәжірибесі нәтижесінде ұлағатты ұстаз өскелең ұрпақты ғылымға баулып, белгілі ғалымдар қатарын тәрбиелеп шықты. Аталған мақалада ғалымның ұзақ жылдардағы еңбектерінің мазмұны мен нәтижелері мұрағат құжаттары материалдары негізінде талданды. Түйін сөздер: жеке тектік қор, құжaт, Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс, мaтериaл, іс, тізімдеме, оқулық, ЖОО, Отан тарихы.
Text:

К.Н. Нұрпейісұлы ғалым, тарихшы, академик, тарих ғылымының докторы өмірін отандық тарих ғылымы мен жоғары мектепке арнаған болатын. Ол тарих ғылымының қайраткері ғана емес, оның шынайы жанашырларының бірі еді. Ғалым тарих ғылымын халық арасында насихаттауға, халықтың жаңа тарихи санасын қалыптастыруға белсенді қатысты. Ұстаз ретінде ғалым өзін бар қырынан таныта алған болатын.

Ол жоғары оку орындары мен мектептер үшін Қазақстан тарихы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене қатысып келді. Оның қатысуымен жазылған орта мектептердің 9-10-11 сыныптарына арналған оқулықтары мыңдаған таралыммен қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде жарияланды. Атап айтқанда, Б. Аяған, Жақсыловқовпен бірге «Қазақстан тарихы» атты 11 сыныпқа арналған оқулык және 2001 жылы 9-сыныпқа арналған оқулықты академик М. Қозыбаев пен К. Жүкешевпен бірлесіп жазған. Бұл тәуелсіздік алған Қазақстанда «Қазақстан тарихы» оқулықтарының алдыңғы қатары болды десек болады. Сондықтанда қоғамда бұл оқулыққа үлкен кызыгушылық туындады. Оқулық екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бастап 1994 жылға дейінгі уакыт аралығын қамтыды. Бір кезде отарлық езгіде болған, қазақдаласының ахуалы оқулықтан көрініс тапты. Олардың ішінде республиканың ядролыққарулардың сынақ полигонына айналуы, халыққұрамының өзгеруі, экономиканың дамуы және басқа да мәселелер қамьтылды. Халықтың қоғамдық-саяси өміріндегі құбылыстар, КОКП-ның әкімшілдік-әміршілдік саясаты сыни көзқараспен жазылған еді [1, 57]. Содан бері Қазақстанда 10-11 сыныптарға арналған Қазақстан оқулыктары қайта-қайта басылып шыққан болатын, ғалымның бұл кітабы соларға бастама болды десек қателеспес едік. Мамандар мен жалпы оқырман қауым қабылдаған бұл оқулык екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі уақытты камтиды. Онда жаңа көзқарас тұрғысынан елеміздің өткен жолы дәуір кұжаттары негізінде баяндалады. Бір кезде отарлық езгіде болып, империяның шикізат шылауына айналған қазақ даласының ахуалы оқулықтан анық көрініс тапқан болатын. Олардың ішінде республиканың ядролықжәне ракеталық қарулардың сынақ полигонына айналуы, халық құрамының дамуы және басқа да мәселелер бар. Елдің саяси-қоғамдық өміріндегі құбылыстар, КОКП-ның әкімшіл-әміршілдік сыни көзқарас пен дұрыс жазылған. Оқулықтың соңғы бөлімі Қазақстанның егемендік алуына, тәуелсіз мемлекет ретіндегі алғашкы қадамдарына арналған болатын. Әрине кемшіліксіз дүние жоқ. Әсіресе бұл қазақтілінде кездескен қателіктер болды. Оның үстіне орысша басылымында бар дәуір құжаттарының көлемі екі баспа табақтай бөлігі қазақша аудармасында түсіп калған болатын [1, 58-б.]. Оқулықшыққан соң бір жарым жыл өткеннен кейін осы оқулыққа «Қазақ тарихы» журналы ерекше назар аударып, 1995 жылғы 2-3 сандарында екі түрлі рецензия жарияланған болатын. Жалпы қоғамда оқулық жақсы лебіздерге ие болды деп тұжырым жасауға болады.

Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептер үшін Қазақстан тарихы оқулықтарының мән-жайы туралы ғалым қашанда хабардар болып, өз ой тұжырымдарын соған байланысты сұқпаттарда білдірген болатын. Кітаптардың сапасы туралы мынадай ой-білдірген болатын: «Қазақстандық төл оқулықтардың мазмұнында артық айтылған немесе кем айтылған тұстар бар. Республиканың білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде Президент Н. Назарбаев кейбір оқулықтарғасын айтты. Аталған оқиғадан кейін оқулықты сынаушылар күрт көбейді. Сол сынға байланысты кейбір оқулықтар қайтадан жазылып, түзетулер мен өзгерістер енгізіліп жатыр [2].

Ғалымныңойы бойынша отандық тарихтың қайта саралап, екшелеп алатын тұстары да көп еді. Қазақстанда идеологтардың жазған тарихы бар, әркімнің жинаған фактологиясы мен өзінше қорытулары бар, ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған тарих жоқ. Сондықтан ғалым мектепте оқытылатын Отан тарихының мазмұны қайта қаралуы керек деп тұжырым жасаған болатын.

Қазақ тарихының жарқын беттері де аз емес еді, біздің ата-бабаларымыздың жалпыадамзаттық өркениетке қосқан үлесі де қомақты. Қазақстан жеріндегі көне мәдениет, далалық немесе көшпелілер, қалалық немесе отырықшылар өркениеті байланыстыра зерттелуі керек. Соның ішінен мектеп оқулығына енгізілуге тиісті материалдарды іріктеуге мұқият қараған жөн деген корытындыларды автор жасаған еді.

Тарихи айғақтың бәрі бірдей зерттеушіүшін ақиқат болғанымен, оқушы үшін тәрбие құралы бола алмайды. Зерттеуші айғақтысаралай отырып, қоғамның бұдан былай ондай келеңсіздіктерді қайталамай алға басуын қамтамасыз ететін тұжырымдарды қорытып шығаруға міндетті. Ал мектепте оқытылатын тарихтың міндеті мүлдем басқа: тарихтың жаркын беттерін, халықтың рухы өрлеп тұрған тұстарын, адамзат өркениетіне қосқан қомақты үлесін сипаттауға мейлінше көп орын бере отырып, баланы отаншылдыққа тәрбиелеу керек. Ал тарихи дағдарыстар, әлеуметтік катаклизмдер, коғамның статикалық күйі, кері кетулер мен тоқыраулар мөлшерімен берілуі керек және олардың себептері айқынырақ көрсетілуі және сол кездегі тарихи дамудың баламалы жолы болғаны тарихтан сабақ алу мақсатында алға тартылуы керек [3].

Сонымен катар К. Нұрпейсұлы қазақ және орыс тілдерінде жарияланған бір томдық «Қазақстан тарихы. Очерктер» кітабы авторларыньң бірі де болды.

Студенттердің көптеген буыны үшін тарихи білім Кеңес Нұрпейісұлының тамаша дәрістерімен байланысты болды. К. Нұрпейісұлы 1996-2003 жылдар аралығында ҚызПИ және Қайнар жоғары оқу орындарында тарих және тарих емес факультеттерінің 1-2 курс студенттеріне көне дәуірден бастап қазіргі дәуірге дейінгі уақыт кеңістігін қамтитын Қазақстан тарихынан дәрістер оқыды [4, 496-б.].

Тағыда бір мәселелердің бірі ретінде ғалым мектепте және жоғары оқу орындарында көп талқыдан өткен тарих оқулығы тапшылығы туралы жазды. Оқушы қалағанын оқысын деген «демократия» бар. Бұл әлгі дүмбешелер жазған дүмбілез оқулықтарға жол ашты. Әр оқулықта дерек көзі әр түрлі. Қиял-ғажайыптар көп. Оның зардабын оқушылар мен мұғалімдер тартып, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін білмей дал болып жүр деп мәселенің көтерген еді.

Көптеген сынақтардың өткізілуі оқушылар біліміне әсер еткенін де ғалым жазған болатын. Гуманитарлық пәндерден, оның ішінде тарихтан сынақты тестпен алатын үрдіс қалыптасты, бұл жаратылыстану пәндеріне ыңғайлы болса да тарих пәніне ыңғайсыз екендігін тұжырымдады. Тарих ғылымының дамуы оның мектеп деңгейінен бастап жолға қойылуы ілгері дамуының кепілі ретінде ғалым қарастырды.

Академик К.Н. Нұрпейісұлы жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлау ісіне зор көңіл бөлді. Профессор ретінде К.Н. Нұрпейісұлы 1973 жылдан бастап Қазақмемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының тарих факультетінде қызмет істеді. Оның ғылыми жетекшілігімен 38 кандидаттық, 9 докторлық диссертациялар қорғалды [5].

К.Н. Нұрпейісұлы бірнеше жыл Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының докторлықдиссертациялар қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңесінің төрағасы болды, кейін осы кеңестің және Қазақстан тарихы бойынша ғылыми-проблемалық кеңестің мүшесі қызметін атқарған. 1992-1996 жылдары ол Жоғарғы аттестациялық комитеттің тарих ғылымдары бойынша сараптау кеңесінің төрағасы қызметін атқарды [6, 39-б.].

К. Нұрпейісұлының шәкірттері көп. Оның ғылыми жетекшілігімен 9 докторлық, 40-қа жуық кандидаттықдиссертациялар қорғалды. Шәкірттері ғылыми дәрежелерге ие болып, ғылыммен айналысып, ұстаздық қызмет атқарып келеді. К.Нұрпейісұлының жетекшілігімен Қазақ тарихын зерттеуге сүбелі үлес қосып келе жатқан ғалымдар докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғады. Олар: Н.Э. Алдабек, Қ. Ахметов, С. Д. Дильманов, Т. Омарбеков, Қ. Атабаев, Г.М. Какенова, А.Т. Капаева [7, 7-б.] т.б.

  Өмірінің соңғы 20 жылында XX ғасырда елімізде орын алған саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеуге, тоталитарлык саяси-мемлекеттік жүйенің құрбаны болған ондаған, жүздеген Алаштың жақсылары мен жайсаңдарының есімін ақтау ісіне зор үлес қосқанын ерекше атап өту керек. А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, Т. Рысқұлов, М.Тынышбаев, X. Досмұхамедов, О. Жандосов, С. Сәдуақасов өмірі мен шығармашылығын зерттеп, Жетісу өңірінің арғы-бергі тарихына да жете мән беріп, осы өңірден шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметін қалың жұртқа таныстырып, жас ұрпакпен табыстырған.

К. Нұрпейісұлы «заманына карай адамы демекші, алашордашылар туралы әр түрлі жаздым»- деп, мойындап, «темір құрсау сыр беріп, сыры ашыла бастағанда сол қатені түзетуге тырыстым»-деп, тағы жазған болатын. 1989 жылдан бастап Алаш азаматтарына телінген қара дақтың бәрі жала екенін зерттеп зерделеуге үздіксіз қатысты.

Кеңес Нұрпейісұлы 460-тан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбек жазған. Олардың ішінде 20-дан астам монография мен мектептерге арналған окулықтар бар. 10-нан астам құжат жинақтарын құрастыруға қатысып, олардың көпшілігінің ғылыми жэне жауапты редакторы болды. Көптеген ұжымдық еңбектерді, олардың қатарында академиялық 5 томдық Қазақстан тарихының 2 басылымын жазуға қатысқан. Ғалым республикадағы археография ісінің дамуына да көп үлес қосты. 15 жыл бойы «Қазақ КСР ҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы» журналы редакция алқасының жауапты хатшысы болды, Швецияда шығатын «Центральная Азия и Кавказ » қоғамдық-саяси журналы редакция алқа мүшесі міндеттерін үш жыл атқарды. 2003 жылдан бастап «Туған өлке» журналының бас редакторы. Республикалық тарихи-ағартушылық «Әділет» қоғамының (1989 ж. құрылған) құрылтайшысының бірі және вице-президенті болды. Кеңес Нұрпейісұлы 1989-2005 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандары болған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, Т. Рысқұлов, М.Тынышбаев, X. Досмұхамедов, О. Жандосов  мұраларын жариялап, бағалауға қомақты үлес қосты [8].

Егемендігін алған Қазақстанның шынайы қазақ тарихын жазуда, жаңа ұрпақты тәрбиелеу жолында К. Нұрпейісұлының қалдырған мұраларының ғылымда алар орны ерекше. Мұрағат материалдарына жүгіне отырып К. Нұрпейісұлы әсіресе Алаш козғалысы және XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қызметіне, аграрлық және шаруалар тарихы, 1917 жылғы қос революция т.б. көкейкесті уақиғаларға байланысты мол зерттеулер қалдырған және олар отандық тарихнамада іргелі зерттеулер катарына жаткызылады.

Қазақстанның тарих ғылымы бастауында тұрған ғалымдардың қажырлы еңбектерінің арқасында калыптасты. Олардың арасында танымал ғалым -Кеңес Нұрпейісұлының орны ерекше. Ол Қазақстан Республикасында тарих ғылымының дамуына өзінің табиғи дарынымен, еңбек сүйгіштігімен және туған Отанға, Қазақ тарихына деген махаббатымен орасан зор үлес қосты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  Асылбеков М. Тарих оқулықтарына әділ сын болсын // Қазақ тарихы. -1995. - №1.

2.  Жүкеш Қ. Еуроцентризм, жаһандану және ұлттық рух хақында // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 23 наурыз.

3.  Өмірбек О. Тарихты терең зерттеу - уақыт талабы // Егемен Қазақстан. - 1998. - 8 сәуір.

4.  К. Нұрейісұлының дәрістер дәптерлері. 1996-2003 // Алматы облысының мемлекеттік архиві. 1099-қ., №1-т., № 164-іс, парақ 496-п.

5.  Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс. Қазақстан ғалымдарының библиографиясына материалдар. - Алматы.-2005.

6.  Ахметов Қ., Кәкенова Г. Дарынды зерттеуші, ұлағатты ұстаз // Жаңа Сарыарқа. - 2005. - №6.

7.  Мұқтар Ә. Зиялылар шоғырындағы жұлдыз // Мұнайлы Астана. -2005ж. - 11 наурыз.

8.  Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс. Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясына материалдар. – Алматы. 2005.

References

1. Asylbekov M. Tarikh oқulyktaryna Adіl sin bolsyn // Kazak tarihy. -1995. - №1.

2. Zhukesh K. Eurocentrism, zhahandanu zhane ultytyk rukh hakynda / Kazak adebieti. - 2007. - 23 nauryz.

3. Omirbek O. Tarikhty teren zertteu - uakyt talaby // Egemen Kazakstan. - 1998. - 8 sauyir.

4. K.Nurpeisulunin darister dapterlerі. 1996-2003 // Almaty, oblisinin memlekettik muragaty. 1099-q., 1-t., 164-іs, 496-p.

5. Kenes Nurpeisulu Nurpeis  Kazakstan galymdarinin bibliographiyasina materialdar. - Almaty. 2005.

6. Akhmetov K, Kakenova G. Darynda Zertteushi, ulakatty ustaz // Zhana Saryarka. - 2005. - №.6.

7. Mutar Ә. Ziyalar shohyryndagy zhyldyz // Munayly Astana. - 2005. -11 Nauryz.

Искакова Г.З. PhD доктор

Казахский Национальный Университет имени аль-Фараби

К. Нурпейсулы  – педагог-ученый.

(на основе материалов личного фонда К. Нурпейсулы)

В данной статье всесторонне рассмотрена педагогическая деятельность известного ученого, педагога Кенеса Нурпейсова на основе материалов личного фонда № 1099 «Академика К. Нурпейсова», хранящегося  в государственном архиве Алматинской области, сформированного в 2009 году. Кенес Нурпейсов с первых лет независимости принимал активное участие в написании  учебников по истории Казахстана и внес весомый вклад в совершенствование школьных учебников и формирование патриотического сознания обучающихся. Огромный опыт  работы  выдающегося ученого и педагога в высших учебных заведениях помог привить любовь к науке у подрастающего поколения, воспитать  известных в стране ученых. Также в статье проанализированы содержание и результаты многолетних трудов ученого на основе архивных материалов.

Ключевые слова: личный фонд, документ, Кенес Нурпейсулы Нурпейс, мaтериaл, дело, учебник, ВУЗ, Отечественная история.

Iskakova G.Z. PhD

Al-Farabi Kazakh National University

K. Nurpeysulu - Teacher and Scholar

(based on the materials of the personal fund of K. Nurpeysulu)

This article comprehensively reviewed the pedagogical activities of a scientist, teacher KenesNurpeisov on the basis of the materials of the personal fund No. 1099 “Academician K. Nurpeyisov” of the state archive of the Almaty region formed in 2009. From the first years of independence, Kenes Nurpeys was involved in writing textbooks on the history of Kazakhstan and made a significant contribution to the improvement of school textbooks, the formation of patriotic consciousness. As a result of pedagogical experience in higher educational institutions, an outstanding teacher instilled a love for science in the younger generation, trained famous scholars. The article analyzes the content and results of many years of work of the scholar based on archival materials.

Keywords: personal fund, document, Kenes Nurpeisulu, material, case, textbook, university, national history.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 2807

No reviews

Download files

НУРПЕИСОВ ПЕДАГОГ.docx 0.03 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ӘОЖ 94(574); 930:37.016 К. НҰРПЕЙІСҰЛЫ - ПЕДАГОГ - ҒАЛЫМ (К. Нұрпейісұлының жеке қор құжаттары бойынша) 94(574);930.25 КЕҢЕС НҰРПЕЙІСҰЛЫ НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (К. Нұрпейісұлының жеке қор құжаттары бойынша) ӘОЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ Ш ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ (1946-1955) ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ XVIII Ғ. СОҢЫ МЕН XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ҒТАМР 16.01.45 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХЫ

Author's articles

94(574);930.25 КЕҢЕС НҰРПЕЙІСҰЛЫ НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (К. Нұрпейісұлының жеке қор құжаттары бойынша) ӘОЖ 94(574); 930:37.016 К. НҰРПЕЙІСҰЛЫ - ПЕДАГОГ - ҒАЛЫМ (К. Нұрпейісұлының жеке қор құжаттары бойынша)