Яндекс.Метрика
Home » Materials » Ерейментау ауданындағы жаңа археологиялық объектілерді анықтау мақсатындағы барлау жұмыстары

Шайхыгалиев Е.А., Изтелеуова Л.И., Елюбаев Р.Б., Ержанов Р.Р.

Ерейментау ауданындағы жаңа археологиялық объектілерді анықтау мақсатындағы барлау жұмыстары

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 4(08)

Ерейментау ауданындағы жаңа археологиялық объектілерді анықтау мақсатындағы барлау жұмыстары
Tags: ауданы, Ерейментау, экпедиция, жұмыстары., археология, барлау, ескерткіштер
Author:
Бұл мақалада Ақмола облысы мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының Ерейментау ауданының археологиялық ескерткіштерін анықтау мақсатындағы жүргізілген экспедицияның қорытындылары берілген. Мақалада Ерейментау ауданында орналасқан мәдени ескерткіштердің атаулары және олар туралы қысқаша сипаттама кездеседі. Экпедиция нәтижесінде, сол аймақтың әр кезеңдегі тарихын сипаттайтын 70-тен аса жаңа археологиялық объектілер анықталды. Түйін сөздер: археология, экпедиция, Ерейментау ауданы, ескерткіштер, барлау жұмыстары.
Text:

Мазмұны. Ақмола облысы мәдениет басқармасы «Траихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі Қазақстан Ркспубликасы Ұлттық музейі «Халық қазнасы» ғылыми зерттеу институтымен бірлесіп Ақмола облысының «Тарихи-мәдени мұра объектілерінің кадастырын құру және геоақпараттық картаграфиясын жасау» атты иновациялық проектіні іске асыру мақсатында, 2016 жылдың 20 – 31 мамыр аралығында Ерейментау ауданының оңтүстік және шығыс бөліктеріне, жаңа археологиялық ескерткіштерді анықтау мақсатында кешенді барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, сол аймақтың әр кезеңдегі тарихын сипаттайтын 70-тен аса жаңа археологиялық объектілер анықталды.

Бұл аймақтың географиялық және гидрологиялық локализациясын ескере отыра, алдын-ала белгіленіп алынған бағыт бойынша, Ерейментау қаласының оңтүстік-батысында орналасқан Павловка ауылынан басталып, солтүстік-шығыстағы Қойтас және Ажы аулдарына дейін, әр селолық округтерінің аралары, аласа шоқылар, өзен жағалары мен Павлодар, Қарағанды облыстарының шекаралары бойымен жүргізілді.

Бұған дейін Ерейментау ауданы 2009 жылы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» ММ-сі «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында, ғылыми-зерттеу жұмыстары жағынан тәжірибелік білімдері бар –  А. Досымбаева, В.Ф. Зайберт сынды ғалым тарихшыларды назарын аудару арқылы зерттелді. Нәтижесінде, ауданның солтүстік, солтүстік-батыс аймақтары зерттеліп, жалпы саны 49 археология ескерткіші анықталды. Бұл ескерткіштерді түбегейлі сақтап, қорғау мақсатында жер қатынастар бөлімі бастығы Е.К. Ахметовтың атына географиялық координаттары бар мәліметтер жіберілді [1].

Сол кезде ерекше деп, Қарағайлы елді-мекенінің маңында, Құмай өзенінің оң жағалауында анықталған кешенді ескерткіштер тобын атап айтуға болады. Кейіннен, Қарағайлы І, ІІ, ІІІ және ІV деп аталған мемореалдық діни-ғұрыптық кешен, осы аймақты қола ғасырынан ерте түркі дәуірі кезеңінде өмір сүрген этностардың жерлеу дәстүрін сипаттайды. Қазақстан аумағында мұндай кешенді археологиялық ескерткіштерінің топтасқаны әзірше екеу ғана, Тараз және Жайсан аймақтарында анаықалғанын ескере отыра, тасты антропоморфты балбалдары бар құрбандық шалу храмының кешені табылған жерде, болашақта Ұлттық табиғи паркін құру жоспарланды. Атақты түркі танушы, тарих ғылымының ккандидаты, Президенттік мәдени орталығының лаборатория меңгерушісі М.А. Досымбаеваның өзі де осы жерден табылған ескерткіштердің сөзсіз құндылығын нақтылап, дәлелдеп берді де, жоғарыда атап кеткен территорияда аспан астындағы ландшафтты мұражайын ашу керектігі жайлы ұсынысын білдірді.

Алайда, Қарағайлы 1 діни-ғұрыптық кешенінің балбал тасын 2009 жылдың қыркүйек айында варварлық түрде орнынан ұрлаған «Алтын Орта» ЖШС-нің директоры В.С. Волошин А.Х. Марғұлан атындағы археология институтының ешбір ұсынысын алмай, рұқсатсыз Астана қаласындағы Заманауи өнер музейне апарып сатқаны белгілі болды. Ал, ескерткіштің қазба жұмысы кезінде В.С. Волошин барлық археологиялық қазба технологиясының - әдістемелік негізін сақтамай, сонымен қатар, қазба жұмыстарынан кейін ескерткішті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбеген.

Мұндай жағдайды, яғни, тереңнен сыр шертетін құнды мәдени ескерткіштің жоғалып кетуіне жол бермеу мақсатында, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» ММ-нің қызметкерлерімен Ақмола облысы прокуроры атына хат жіберіліп, ұрланған балбал тасты орнына қою жөнінде ықпал жасауларын сұрады.

Бірақ та, еңбектің көзі, 2009 жылдың қазан айында, «Нұр Отан» ХДП-ның орталық аппараты араласып, бірлесіп жасалған жұмыстың нәтижесінде жанданды, қайтсе де аталмыш ескерткіштің балбал тас өз орнын тапты [2].   

Бүгінгі таңда, Қарағайлы мемореалдық діни-ғұрыптық кешенде қорғау-құтқару, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп болған соң,  ғылыми мақалалар жарияланып, аспан асты мұражай құру жобалары ұсынылып, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мақсатында маңызды туристік бағыттарының біріне еңгізілді. 

Алайда, барлау жұмыстары Ерейментау ауданының археологиялық локализациясының даму тарихы бойынша нақты нәтиже шығару мүмкіндігі болмады. Сол үшін, ауданды толығырақ зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет болды.

Осған орай, ауданның тарихи-археологиялық дамуын нақтылауы және әрі қарай зерттеуі, инновациялық проектіні іске асыру мақсатында өз мәресіне жетті.  

Археологиялық барлаудың кешенді жұмыстары, аймақтың ежелгі және ортағасырлық мұрасын зерттеу, жаңа анықталған объектілерді толық құжаттау мен тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдаланудың алдын-ала есеп тізіміне алуға бағытталған. Ғылыми ізденістер археология әдістемесіне сай, топографиялық зерттеу, геодезиялық координатын алу, фотофиксация жасау, географиялық схемаға түсіру және объект жайлы толық сипаттама жазу бойынша жүргізілді. Барлау жұмыстарының нәтижесінде, анықталған барлық археологиялық объектілер кадастрға енгізіліп, жеке-жеке құжаттамалары келтірілген, ескерткіш жайлы толық мәлімет беретін паспорттары мен картографиясы жасалып, геоақпараттық базаға енгізіледі. Әр паспорт ескерткіш жайлы қысқаша сипаттама, есептік карточка, топоплан және фотосурет сияқты негізгі құжаттардан тұрады. Ал геоақпараттық база, ескерткіштің атауы, типі, субтипі, нұсқауы, кезеңі, толық сипаттама мен топопланнан және әр ауылдық аймақ шегарасы бөлектенген карта сияқты толық мәліметтен тұрады.

Геоақпараттық жүйе базасы, ХХІ ғасырдағы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен ІТ-технологиялардың арқасында Ақмола облысында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің жағдайын бақылап, мониторинг жасаудағы мүмкіндіктерін пайдалану болып табылады. Мұндай база құрудың мақсаты, облысымызда тарихи-мәдени мұра нысандарының геоақпараттық базасы негізінде ескерткіштерді қорғау, ғылыми зерттеу мақсатында түрлі карталар жасау.

Иновациялық технологиялардың арқасында толық автоматтандырылған геоақпараттық база Ақмола облысында орналасқан тарихи-мәдени мұрасына қатысты нақты деректерді жүйелеу, мәліметтер базасын құру, түрлі мақсаттағы карта жасау және тұрақты мониторинг жүргізу сияқты міндеттерді атқарады.

Кешенді барлау жұмыстар негізі, табиғи-географиялық жағдайға байланысты алдын-ала дайындалып белгіленген екі бағыт бойынша жүргізді. Павловка – Ордабай бағыты Ерейментау ауданының оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аласа шоқылар тізбектері мен қылқан жапырақты ормандардың және өзен жағалауларының алаптарынан өтеді. Ал, Ордабай – Ерейментау бағыты ауданның оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс бөлігі күмбезді, пролювийлі үшкілді төбелер мен жондардан және аккумуляттық жазықпен алмасады [3].

Жоғарда аталған барлық ғылыми зерттеу этаптары мен жазбалары, тарихи білімді насихаттау, жаңадан анықталған объектілерді сақтау және пайдалану мақсатында сақталады. Ескерткіштер жайлы ғылыми мәліметтер Қазақстанды ежелгі және ортағасыр дәуірінде мекендеген халықтардың мәдени дамуын теориялық түпнұсқасы ретінде пайдалануға болады. Ал, Қарасу, Тұрғынбай, Қарабұлақ, Жартас, Жарық, Қумая және Өленті өзендерінің табиғи географиялық ландшафтында жаңадан анықталып ғылыми айналымға енгізілген ескерткіштерді зерттеу мен сақтау, Солтүстік және Орталық Қазақстан этностарының өмірлік қызметін жан-жақты қалпына келтіруге айтарлықтай мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Жаңадан анықталған объектілер еліміздің тарихи-мәдени мұрамызды насихаттау мақсатында лобороториялық тәжірибие жағынан да, туризмды дамыту жағынан да кең түрде пайдаланылу мүмкін.

Пайдаланылған әдебеиттер тізімі

1. Зайберт В.Ф., Потемкина Т.М., Хотинский Н.А. К вопросу о мезолите лесостепной части Тоболо-Иртышского междуречья // СА. 1981. № 3.

2. Ақмола облысының тарихи және мәдени мұрасы. Ескерткіштер жиынтығы. Алматы: «Қазқалпына келтіру» РМК ҒЗЖФ, 2008. – 496 б., карталар.

3. «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-нің 2016 жылғы есебі.  

References

1. Zaybert V.F., Potemkina T.M., Hotinskiy N.A. K voprosu o mezolite lesostepnoy chasti Tobolo-Irtyishskogo mezhdurechya // SA. 1981. # 3.

2. Akmola oblyisyinyin tarihi zhane madeni murasyi. Eskertkishter zhiyintyigyi. Almatyi: «Kazkalpyina keltiru» RMK GZZhF, 2008. – 496 b., kartalar.

3. «Akmola oblyisyinyin tarihi-madeni muranyi korgau zhane paydalanu ortalyigyi» MKM-nin 2016 zhyilgyi esebi.

Шайхыгалиев Е.А., Изтелеуова Л.И., Елюбаев Р.Б., Ержанов Р.Р.


Археологические разведочные работы по выявлению новых археологических объектов Ерейментауского района

Аннотация

В этой статье отражены итоги археологической экспедиции, которые были проведены КГУ «Центром по охране и использованию историко-культурного наследия» департамента культуры Акмолинской области совместно с научно-исследовательским институтом при Национальном музее «Халык казынасы» Республики Казахстан. В статье указаны культурные памятники Ереументауского района и дается краткое описание этих памятников. В результате деятельности археологической экпедиции, были обнаружены около 70 новых археологических объектов, который характеризует разновременую историю данного региона.

Ключевые слова: археология, экспедиция, Ерейментауский район, памятники, разведовательные работы.

Archaeological prospecting works on identification of new archaeological objects of Ereymentau District

Annotation

In this article are reflected the results of the archaeological expedition, which were held at KSU "Center for the Protection and Use of Historical and Cultural Heritage" of the Department of Culture of Akmola region together with the Research Institute of the National Museum "Halyk kazynasy" the Republic of Kazakhstan. The article listed cultural monuments Ereymentau district and gives a brief description of these monuments. As a result of activity of an archaeological expedition, about 70 new archaeological objects were found, which characterizes history of this region occurring at different times


Keywords: archeology, expedition, Ereymentau district, monuments, intelligence work.





No comments

To leave comment you must enter or register